Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан-Бакытжанов.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3.2. Бу турбиналы қондырғының пәк-не бу көрсеткіштерінің әсері.

Бу көрсеткіштерінің бу турбинаның ПӘК-іне әсерін қарастырғанда, Ренкин циклын Карно циклына ауыстыруға болады. Циклге келтірілген жылу мөлшерін төменгі теңдеу арқылы анықтауға болады:

q1 = =Tэ(S2 –S1).

Мұндағы Тэ –эквиваленттік температура.

Бұл температура Ренкин ПӘК-ін Карно ПӘК-іне теңестіру арқылы табуға болады:

ηт=ηk=Тэ – Tk/Tэ

Tэ=Tk/1- ηт

Енді әр түрлі көрсеткіштердің жылулық циклге әсерін қарастырайық:

  • Бастапқы будың температурасы То. Бастапқы будың температурасын жоғарлатқаннан жылу циклының үнемділігін жоғарлатады. 3.1-сурет бойынша екі циклдың айырмашылығы тек бастапқы будың температурасында. Көрініп тұрғандай бастапқы температурасы жоғарырақ циклдің ПӘК-і жоғары болады. Бастапқы және соңғы қосылған циклдың соңғы температурасы бірдей болғандықтан, қосылған циклдің ПӘК-і жоғары болады.

Бірақ ро-ды көтергенде t0=const кезінде будың турбинада ұлғаю процессінің соңында ылғалдылықтың жоғарлауына алып келеді, ал ол ішкі ПӘК-ті төмендетеді.

Бастапқы будың қысымы ро. Бастапқы қысымды көтеру ,қанығу температурасы мен эквиваленттік температураның жоғарлауына алып келеді. Сонымен қатар оның әсерінен циклдің де үнемділігі өседі. Бірақ ро-ды көтергенде t0=const кезінде будың турбинада ұлғаю процессінің соңында ылғалдылықтың жоғарлауына алып келеді, ал ол ішкі ПӘК-ті төмендетеді.

Буды аралық аса қыздыру да ПӘК-ке өз әсерін тигізеді.

Сонымен қатар буды парциал кіргізудің арқасында ПӘК-тің кемуі байқалады. Парциалды кіргізу дегеніміз ло буды барлық шеңбер бойынша емес, тек решетка арқылы кіргізу. Парциалды кіргізу кезінде қосымша энергия шығындалады, сатылардың үнемділігі төмендейді. Ал барлық шеңбер бойынша кіргізсе сатылардың барлық каналдары бойынша тұрақты бу ағыны п.б. (е=1),ал парциалды кезінде (e<1), мұнда е- парциалдық дәреже.Сонымен буды парциалды кіргізу кезінде сатының ПӘК-і мына мәнге кемиді:

Δη=𝝃парц=𝝃в+𝝃сегм.

7.3. Газ турбиналы қондырғының қарапайым сүлбесі.

Ашық типті, тұрақты қысымда жануы бар газ турбина төмендегі суретте келтірілген. Компрессор(сығымдағыш) 1 атмосферадан ауаны сорады да белгілі қысымға дейін сығып, жану құтысына(камера сгорания) 4-ке береді. Оған отын сорғысы 3 және форсунка 5 арқылы отын шашыратылады. Түзілген газ тәрізді жану өнімдері газ турбинаға 8 барады. Айтып кететін жайт, компрессормен сорылған ауның тек 20-40% ғана активті жану зонасына 6 барады. Бұл біріншілік ауа деп аталады. Ал қалған ауаның 60-80%-ті ағынға активті зонадан кейін қосылады. Жану өнімдерімен қосылып, бұл ауа екіншілік ауа д.ат. және бұл турбина алдында газдардың температурасын белгілі температураға дейін төмендетеді. Өйткені турбинаның кірісінде газдың температурасы 900-1400 К болса, ол сенімдірек істейді. Ал активті зонада бұл температура 1800-2300 К-ге дейін жетеді. Турбинаның 8 өндірген қуатының бір бөлігі компрессорға 1 жұмсалса, ал қалған бөлігі генератор 2 арқылы электр энергиясына айналады. Газ турбинаны іске қосу электрқозғалтқыш 7 арқылы іске асады.