Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан-Бакытжанов.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

5.1. Бу турбиналардың түрлері мен олардың стандартпен белгіленуі.

Жылу процессінің сипаттамасына байланысты бу турбинаның төмендегідей негізгі түрлері бар:

  1. Шықтық бу турбина. Бұл кезде барлық свежий будың шығыны (регенерацияға алынған будан басқасы) ағымдық бөліктен өтіп, атмосфералық қысымнан төмен қысымға ұлғайып, шықтағышқа түседі және жұмыс істеп біткен будың жылуы салқындатқыш суға беріледі де пайдалы жұмсалмайды.

  2. Қарсықысымды турбина. Бұл кезде жұмыс істеген бу жылу тұтынушыларға қарай жылжиды да жылыту мен өнеркәсіпке жылуын береді.

  3. Буды реттелетін алымы бар шықтық турбина. Бұл жағдайда будың бір бөлігі тұрақты қысымда жылу тұтынушыға барады да ал қалған бөлігі келесі сатыларда жұмыс істеп, шықтағышқа барады.

Буды реттелетін алымы бар және қарсықысымды турбина. Осы кезде будың бір бөлігі тұрақты қысымда аралық сатыларға алынады да ал қалған бөлігі сатылардан өтіп, жылу тұтынушыларға төмен қысыммен беріледі.

5.2Бу турбина қуатын жылжымалы қысыммен реттеуінің артықшылықтары.

Қуатты қазанмен реттеген кезде, яғни турбинаның реттегіш клапандары барлығы ашық болған кезде және жүктеме свежий будың қысымымен пропорционалды өзгереді. Төмен қысыммен ұзақ уақыт жұмыс істеу турбинаға баратын қазанның беттік қызуы мен буқұбырларының сенімділігін жоғарлатады. Сонымен қатар, турбина алдында бу қысымы жылжымалы өзгергендіктен, ал температура тұрақты ұсталынып тұрса, яғни барлық клапандардың ашық кезінде, турбинаның барлық жауапты элементтердің температуралары тұрақты болады. Бұның арқасында жүктеменің өзгермеуінің нәтижесінде: температура өрістері біртексіздігі болмайды; ротордың салыстырмалы жылулық ұлғаюы болмайды.

5.3.Турбина роторының сыңғыштықтан (морттықтан) қирауының себебін айтыңыз?

Ротор - турбинаның ең маңызды бөлшегі болып саналады. Роторда дисклер мен жұмыстық қалақшалар орнатылған, сондықтан бу энергиясы роторды айналдырады. Турбина роторының айналым күші генератордың роторын айналдырады, сонымен электр энергия өндіріледі.

Ротор құрамына кіретін вал, дискі әлде барабандар, жұмыстық қалақшалар, лабиринттық түрді тығыздағыштар, муфталар, май ұстағыштар және т.б.

Турбина роторы статикалық және динамикалық күштермен жүктелген. Статикалық күш жұмыстық қалақтарының әр қатары айналу моментін тудырады да әр диск арқылы білікке беріледі. Моменттердің қосындысы муфта арқылы роторға түседі. Ал ол біліктің материалында жанама кернеу тудыртады. Ротордың өз салмағының нәтижесінде білік майысады да айналу кезінде айналу кернеуін тудырады. Сонымен қатар, осьтік күштіің арқасында біліктің материалы сығылу немесе кеңею кернеуіне ұшырайды. Жанама кернеу төмендегідей есептелінеді:

𝝉=M/2W,мұндағы W-айналуға қарсы білік кедергісінің моменті.

Ал ротор салмағынан пайда болған біліктің майысуы мен осьтік күштің әсерінен п.б. сығылу кернеуі:

𝝈=Mизг/W +P/f.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 6

6.3. Бу шығысын реттегіш

клапандарының құрылысы және оларға қойылатын талаптар.

Турбогенератор электр жүйеде қуат реттеуге (тоқ жиелігін реттеуге) пайдаланса, оның жүктемесі өзгеріп тұрады, ол реттеу тәртібінде жұмыс атқарады деген сөз. Егер турбогенератордың жүктемесі тез өсе бастаса, бу генератор өнімділігі жеткіліксіз болады. Сондықтан, реттегіш клапандардың қосымша ашылуын ұйымдастыру қажет, бұған байланысты қысым төмендеп, бу генератор қосымша бу өнімделеді. Бұдан басқа тәсіл төмен қысымды жылытқыштарға бу беруін ажыраты.

Егер турбогенератордың жүктемесі төмендесе, бу шығысы артық болып оның қысымы жоғарлап, турбина жұмысына қауіптік туғызады, бұл кезде артық буды БРОУ арқылы конденсаторға жіберуге болады. Сондықтан, реттеу жүйесінің жұмысы өте сенімді болуы қажет, егер жүктеме өзгерсе, реттегіш клапан бу шығысын тез өзгертуі қажет. 1-ші суретте қайраттық құраманың реттеу жұмыс тәртібінің екі түрі көрсетілген:

1) Реттегіш клапан арқылы турбина қуатын реттеуіне келетін негізгі сигнал (дабыл) – тапсырма бойынша қуат N3 (1-ші сурет, б-реттеу түрі). Бу генератордың жылу жүктемесін реттейтін, қоректі су шығысын Dп.в өзгертетін реттегішке, қысым Рп.п және дифференцаторлардан шығатын екі сигнал hкл , Dп.в келеді (мұнда hкл – реттегіш клапанының орналасуы; Dп.в – қоректі су шығысы, реттеу жүйесінің жұмыс сапасын көтереді).

2) Турбина қуатын реттеуіне келетін негізгі сигнал (дабыл) – тапсырма бойынша қуат N3 пен деректі қуат Nф айырмашылығы (1-ші сурет, в-реттеу түрі). Бұл сигна екі қысым айырмашылығымен (Рр - Рпр) сипатталады. Электрлік жүктеме өзгерген кезде N3 – Nф сигнал пайда болады, турбинаның қуат реттегіші іске кірісіп осы айырмашылығын кетіруге тырысады, реттегіш клапандар арқылы, куат айырмашылығы нольге теңестіріледі, N3 – Nф = 0. Бұл реттеу жүйе электр-гидравликалық реттеу жүйе деп аталады.