- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
Кәсіпорында кадрлар саны тұрақты өлшем емес. Бір жұмыскерлер жұмыстан шығып жатса, екінші бірі жұмысқа қабылданып жатады. Кәсіпорындағы жұмыскерлердің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер Мыналар:
Кадрларды қабылдау коэффициенті (Кқ) белгілі бір уақыт бірлігінде кәсіпорынға қабылданған жұмыскерлер санын сол кезеңдегі персоналдың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады:
Кқ=Рқ/Рорт (6.3)
Рқ - жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны, адам;
Рорт - персоналдың орташа тізім саны, адам.
Жұмыстан шыққан кадрлар коэффициенті (Кш)
Барлық себептер бойынша жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің барлық санын, сол кезеңдегі орташа тізім санына қатынасы:
Кш=Рбос/Рорт (6.4)
Рбос- кезең ішінде кәсіпорыннан босаған жұмыскерлер саны, адам.
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті (Кт) жалпы кәсіпорын бойынша, сондай -ақ жеке бөлімшелеріндегі өндірісті басқаруды ұйымдастыру деңгейін анықтағанда қолданылады:
К т = Р тұр / Рорт (6.5)
Бұндағы Р тұр – кәсіпорынның тұрақты жұмыскерлер саны.
Кадрлардың айналым коэффициенті
К айн = (Р бос + Рқаб) / Рорт (6.6)
Кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті - белгілі бір мерзімде еңбек тәртібін бұзып немесе өз қалауымен жұмыстан шыққан адамдар санын сол кезеңдегі кадрлардың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады.
К тұрақсыз = Р шық / Рорт (6.7)
3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
Персоналға қажеттілікті анықтау персоналды басқарудағы маңызды бағыт болып табылады. Персоналдың қажетті санын анықтау үшін қажетті мәлімет олардың кәсіби және біліктілік құрамы, өндірістік бағдарлама, өнімділік (уақыт) нормасы, еңбек өнімділігінің жоспарланған өсуі, жұмыс құрылымы болып табылады. Кәсіпорынның персоналға деген жалпы қажеттілігі (А) өндіріс көлемін (К) жоспарланған өнімділікке (Ө) бөлу арқылы табады.
А =К / Ө (6.8)
Адам санын дәл жоспарлау үшін есептеуді кесімді еңбек ақы алатын, мерзімді еңбек ақы алатын жұмысшылар, маман-қызметкерлер, қызмет көрсету персоналы бойынша саны есептеледі.
Еңбек қабілеттілігі бойынша жұмысшылардың санын анықтау.
Жұмысшылардың санын жоспарлауда бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс уақытының балансы жасалады, сағат-адам, сағат-күнмен өлшенеді.
Өндірістік бағдарламаның жоспарлы еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне еңбек шығынының жоспарлы нормативін жоспарланған өнімге көбейту арқылы табылады.
Осы мәліметтер бойынша кесімді еңбек ақы алатын негізгі жұмысшылардың саны есептеледі:
Акж = Тжос,тех/ Қж х Кө.н (6.9)
Мұндағы Ак.ж-кесімді еңбек ақы алатын негізгі жұмысшылардың саны
Тжос,тех - жоспарлы технологиялық еңбек сиымдылығы:
Қжос - бір жұмысшының жұмыс уақытының балансы
Көн -жұмысшының өнімділік (уақыт) мөлшеріның жоспарланған орындалу проценті
Мысалы: Жұмыстардың өндірістік еңбек сиымдылығы бір жылда 2100 мың норма-сағат, бір жылдағы бір жұмысшының жоспарланған жұмыс уақытының қоры - 1870 сағат, өнімділік мөлшеріның жоспарлы орындалуы - 110%
Кесімді еңбек ақы алатын өндірістік жұмысшылардың санын анықтау қажет.
Шешуі: Ак.ж.=2100000 x100 /1870 х 1,1 = 1021 адам.
Жұмысшылардың санын қызмет көрсету нормасы мен жұмыс орны саны бойынша анықтау.
Қызмет көрсету нормасы бойынша жұмысшылардың саны мына формула бойынша есептеледі.
Аж =(М х С / Ну.н) х Кауыс., (6.10)
Мұндағы Аж - жұмысшылар саны;
М-қызмет көрсету обьектілер саны;
С- тәулігіне сменаның саны;
Ну.н- қызмет көрсету нормасы;
Кауыс - келгендер санын тізім санына ауыстыру коэффициенті.
Мысалы: Цехта қызмет көрсетілетін станоктар саны-120, қызмет көрсету нормасы-8 станок, смена саны-2, бір жылдағы бір жұмысшының номинал жұмыс уақыт қоры-262 күн, нақты 232 күн. Қызмет көрсететін жұмысшылардың қажетті тізім санын анықтау қажет.
Шешуі: Аж= М хС /Нқ.к х Кауыс= 120 х 2 /8 х 1,13 =34 адам
Жұмыс орны саны бойынша жұмысшылар санын табу:
Аж = М х С хКауыс (6.11)
Мұндағы: М-жұмыс орындарының саны.
Басшылардың, мамандар мен қызметкерлердің санын анықтау
Олардың санын жоспарлау нормативтік әдіс негізіне жүзеге асады.
Әкімшілік- басқару персоналының санын анықтау үшін Розенкранц формуласы қолданылады:
п
А= ∑ х mі-tі /Т х Квн +tp/T х Кқ.у.б,/Кн.у.б. (6.12)
і=1
Мұндағы: А- белгілі бір кәсіп, мамандық, бөлімшедегі әкімшілік-басқару персоналының саны;
n- белгілі бір категориядағы мамандардың жүктемесін анықтайтын ұйымдастырушылық-басқару жұмыстарының саны;
mі-тағайындалған уақыт ішінде (мысалы 1 жыл ішінде) і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі белгілі бір іс-әрекеттердің орташа саны
tі-і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі m жұмыс түрін орындауға қажет уақыт;
Т- маманның есептеуде алынған календарлық уақыт аралығындағы еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс уақыты;
Кқ.у.б -қажетті уақытты бөлу коэффициенті
Кн.у.б.- нақты уақытты бөлу коэффициенті
tр-алдын-ала (жоспарлы) есептеуде ескеру мүмкін емес әртүрлі жұмыстарға кеткен уақыт.
