- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
Инвестициялық жобаның табыстылығын талдау отырып, екі болашақ баламалы жағдайды салыстырған дұрыс:
- фирма өзінің жобасын жүзеге асырды,
- фирма өзінің жобасын жүзеге асырмады.
Оны мына формуламен көрсетуге болады:
Р инв = Р ж – Сж (9.1)
Мұндағы Р инв – инвестициялық жобаның табыстылығы;
Р ж – жобадан алынған табыстағы (пайдадағы) өзгеріс;
Сж – жобаны енгізгеннен кейінгі шығындардың өзгерісі.
Практикада пайда алдын ала берілген, бірақ оны ақшалай өлшемде бағалау қиын жағдайлар кездеседі. Ондай жағдайда ең аз шығын әдісін қолданады. Айталық, кәсіпорын алдында мынандай міндет қойылады: кәсіпорын жұмыскерлерінің балаларын балабақшамен қамтамасыз ету. Бұл міндетті орындау үшін және сол арқылы кәсіпорын табысқа жетуде (оны теңгемен есептеп көрсету қиын) бірнеше баламалы жобалар жасалады. Мысалы, кәсіпорын
бір үлкен балалар бақшасын салып, оны қамтамасыз етіп тұру;
қаланың әрбір ықшам аудандарында шағын балалар бақшасын ашып, оны қамтамасыз ету;
қаладағы балалар бақшасына кәсіпорын қызметкерлерінің балалары үшін төлеп тұру.
Енді осы қарастырылған барлық жоба бойынша балаларға көрсетілетін қызмет сапасы бірдей делік, онда осы жобалардан алынатын пайда да бірдей. Ал шығындар әртүрлі, оны ақшалай қатынаста өлшеуге болады.
Бұдан шығатын қорытынды: кәсіпорын алдына қойылған міндетті орындау үшін ең арзан жобаны, яғни ең тиімді шығын жұмсалатын жобаны таңдау қажет.
Дисконттау әдісі. Жобалық талдаудың қағидаларының бірі - әртүрлі уақытта туындайтын шығындар мен табыстарды салыстыру. Жобаны дайындау мен оны жүзеге асыруға кететін шығындар уақыт бойынша созылады, ал жобадан алынатын табыс уақыт бойынша созылумен қатар, әдетте, шығынды жұмсағаннан кейін алынаты белгілі. Айталық, қазір 1 теңге жұмсаудың орнына кәсіпкер оны тағы бір жылға қалдырып, орнына қарыз міндеттемесін алады делік. Нәтижесінде кәсіпкер өзін 1 теңгені қазір жұмсау мүмкіншілігінен айырады. Алайда ол бір жылдан кейін 1 теңге емес, одан көп етіп қайтарады деп есептейік, өткені қазір жұмсаған 1 теңге бір жылдан кейін одан көп тұрады. Сондықтан, белгілі бір уақыттағы ақшаның құны деген ұғым қолданылады. Инвестициялық жобаны экономикалық және қаржылық талдауда ақша өлшемінің ағымдағы және болашақ құнын өлшеу үшін арнайы техникалық әдіс қолданылады, мұндай әдісті дисконттау деп атайды.
Дисконттау әдісі күрделі пайызды есептеу әдісіне кері үрдіс. Күрделі пайызды есептеу деп пайызды жинақтау арқылы салымның негізгі сомасының өсу үрдісін айтады. Пайызды жинақтау нәтижесінде алынған сома уақыт өткеннен кейінгі салым сомасының болашақ құны деп аталады, ал салымның бастапқы сомасы ағымдағы құн деп аталады. Күрделі пайызды есептеуде болашақ құнды былай табады: ағымдағы құнды есептеу неше рет жүргізілсе, сонша рет оны 1+ пайыздық ставкаға (1+ r) көбейтеді, яғни
FV = PV (1+ r)n (9.2)
Мұндағы, FV – болашақтағы құн;
PV – ағымдағы құн;
r – пайыз ставкасы;
n – жыл саны.
Айталық, үшінші жыл аяғында салынған салым 100.000 теңге болу үшін пайыз ставкасы жылына 10 % болғандағы бастапқы ақша салымының сомасын анықтау керек. Белгісіз салым болашақ құны 100.000 теңге болатын ағымдағы құн деп аталады. Осы ағымдағы құнды анықтау үрдісі дисконттау деп аталады.
Мысалы : егер біз бүгін инвестицияға 100,0 мың теңгені жылына 10 % ставкада жұмсасақ, онда бір жылдан кейін 100,0 мың теңгеге (100 %+10%) немесе, сол сияқты 100000 теңге (1+0,1)=110000 теңгеге өседі. Екі жылдан кейін : 100000 теңге * (1+0,1)* (1+0,1)= 121000 теңге т.с.с. әрі қарай жыл сайын қосылады. Ол инвестицияны қайтару мерзіміне тікелей байланысты болып келеді.
Дисконттауда ағымдағы құн болашақтағы құнды 1+ пайыз ставкасына есептеу неше жыл жүргізілсе, сонша жылға бөледі:
PV = FV / (1+ r)n (9.3)
Болашақтағы ақша сомасын және пайыз ставканы (біздің мысалда 10%), қазіргі ақша сомасының құнын төмендегі формуланы қолдана отырып, бұрынғы айтқаннан осы қорытынды шығады:
FV 121000
PV
= = = 100000 теңге
(1+ r ) n (1+0,1)2
Екі талдауда да дисконттау – болашақтағы табысты бүгінгі мезгілдегі (ағымдағы) сомаға келтіру дегенді білдіреді.
Инвестициялаудың тиімділігін есептеу әдістерінде төменгі мәселелерді білу қажет:
• өтеу мерзімін;
• жай табыс мөлшерін;
• компаундинг (кеңейту) көлемін;
• дисконттауды (алдағы табысты қазіргі таза бағаға қатынасын белгілеу әдісі).
Өтеу мерзімі – жобаланған пайданың толтыру мезгілі деуге болады.
Сонымен, таза пайда дегеніміз – табыстан, төлемдерден, одан қоса шығындардан пайыздар мен амортизацияны алып тастағаннан кейінгі сома.
Мысалы: 120,0 мың теңге инвестиция салынса, одан жылына 40,0 мың теңге түседі делік. 120:40 =3 жылда өзін-өзі өтейтін көрінеді.
Жай табыс мөлшері деп пайданың негізгі инвестициялық пайдаланған толық жай жылдардағы шығын қатынасын айтамыз.
Компаундинг (кеңейту) деп базалық ағымдағы табысты болашақ тапсырылған мезгілге есептеп келтіру әдісін айтамыз.
Мысалы: 10,0 мың теңге 10% өсімге салынады. Жылына 10% - 5 жыл мерзімге, 5 жылдан кейін ол 16105 теңге болады ( 10,000 теңгені бес рет 1,1 – ге көбейту керек: 10,000*1,1*1,1*1,1*1,1*1,1= 10000* 1,611= 16105 теңге.
