- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
Дәріс мақсаты -кәсіпорынның өнімінің өзіндік құнын қарастыру
Дәріс сұрақтары:
1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
2 Өнімнің өзіндік құны
3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар деп өнімді өндіру үрдісінде қолданылған табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстарының, сонымен бірге өнімді өндіруге және өткізуге кеткен басқа да шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Кәсіпорын шығындары олардың экономикалық қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1) Өнімнің өзіндік құнын құрайтын, оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар. Бұл ағымдағы шығындар, ол айналым капиталының ауыспалы айналымы арқасында өнімді өткізуден түскен түсім арқылы жабылады;
2) Өндірісті кеңейту мен жаңартуға кеткен шығындар. Ол негізгі қорға күрделі жұмсалымнан, айналым құралының норматив өсімінен, жаңа өндіріс үшін қосымша жұмыс күшін қалыптастыруға кеткен шығындардан тұрады. Олардың арнайы қаржыландыру көздері бар: амортизациялық аударым пайда, бағалы қағаздар шығару, несие т.б
3) Әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық және т.б кәсіпорын шығындары. Ол тікелей өндіріспен байланысты емес, арнайы қорлардан, көбіне бөлінген пайдадан қаржыландырылады.
бірмезгілдік
Сурет 10.1 – Шығындардың түрлі белгілер бойынша жіктелуі
Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар мынадай белгілер бойынша жіктеледі:
Өндіріс үрдісіндегі атқаратын рөліне қарай негізгі және қосымша шығындар деп бөлінеді. Негізгі шығындар тікелей өндірілетін өнімді қалыптастырады: материал, шикізат, жартылай фабрикаттар, негізгі жұмысшылардың жалақысы, технологиялық үрдісте қолданылатын энергия және отын т.б. Қосымша шығындар өндіріске қызмет көрсетумен, оны ұйымдастыру, басқаруға байланысты шығындар, мысалы жалпызаводтық персоналға кеткен шығындар, ғимараттарды жылыту мен жарық беру, олардың амортизациясы, т.б.
Өнімнің өзіндік құнына ену тәсіліне қарай тікелей және жанама деп бөлінеді.
Өнім бірлігіне кеткен шығындардың калькуляциясын жасағанда оларды тікелей және жанама шығындар деп бөледі.
Тікелей шығындарды әрбір бұйым бірлігінің өзіндік құнына жатқызуға болады: шикізат, материалдар, технология, энергия, негізгі жұмысшы еңбек ақысы, т.б. Тікелей материалдық шығындар өнімнің өзіндік құнына берілген ресурстарға қойылған шығын нормасы мен бағасы негізінде кіреді. Өндірістік жұмысшының негізгі еңбек ақысы қолданылып жүрген еңбек мөлшері (өнімділік, уақыт нормативі) мен кесімді баға (кесімді еңбек ақыда) немесе нормативтік ставкада (мерзімді еңбек ақыда) есептеледі.
Тікелей шығындарды анықталып болғаннан соң қалған барлық шығындар жанама шығындарға жатқызылып, таңдап алынған бағаға пропорционалды түрде өнімнің барлық түрлері арасында бөлінеді. Мысалы, қосымша еңбек ақы және әлеуметтік қажеттерге аудару негізгі еңбек ақыда пропорционалды бөлінеді. Цехтық және жалпы өндірістік шығындар не тікелей шығынға қатысты, не жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындарындағы үлесіне қатысты бөлінеді. Жанама шығындардың көлемін анықтау үшін алдын-ала қосымша және қызмет көрсететін цехтардың, басқаруға кеткен шығындар сметалары жасалады.
- Шығарылатын өнім көлемінің өзгерісіне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы деп бөлінеді. Айнымалы шығындар шамасы өнім көлемінің өсуіне және азаюына байланысты өзгеріп отырады: (шикізат, материалдар, өнім шығаратын жұмысшының жалақысы, т.б.) Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес, мысалы, басқаруға кеткен шығындар, ғимаратты жылытуға, жарықтандыруға кеткен шығындар, жалға беру ақысы, т.б. Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындар қосылып жалпы шығындарды құрайды.
Өндірісте пайдалану мерзіміне қарай күн сайынғы немесе ағымдағы және бір мезгілдек (бір реттік) шығындар деп бөлінеді.
2-кесте. Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі
№ р/с |
Жіктеу тобы |
Шығындар |
1 |
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша |
|
2 |
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі Бойынша |
|
3 |
Құрамы бойынша (біртектілік) |
|
4 |
Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша
|
|
5 |
Пайда болу кезеңі бойынша
|
|
6 |
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша) |
|
7 |
Тиімділігі бойынша
|
|
8 |
Бақылау мүмкіндігі бойынша
|
|
9 |
Орташалау деңгейі бойынша
|
|
10 |
Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет-ретімен көшіру
|
|
Өндіріс шығындарын жіктеу.
Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратын (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар)
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
2 Өнімнің өзіндік құны
Өзіндік құн деп өнімнің бір өлшем бірлігін өндіруге кеткен өндірістік шығындардың ақшалай формасы. Өнімнің өзіндік құны мынадай қызметтер атқарады:
1.Шығындардың есебін жүргізу.
2.Баға қалыптастырады.
3. Инвестиция салу үшін экономикалық негіздеме жасайды.
4. Кәсіпорынның ұтымды көлемін анықтайды.
Өзіндік құнның екі түрі бар: өндірістік өзіндік құн және толық өзіндік құн.
Өндірістік өзіндік құн өнімді өндіруге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығынан тұрады. Толық өзіндік құн өндірілген шығынға өнімді өткізу шығынын қоса есептейді.
Шығындар өскен сайын өнімнің бағасы да өседі. Ал ол нарықтағы бәсекелестік деңгейіне әсер етеді. Сондықтанда кез-келген кәсіпорын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге тырысады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорын үшін маңызы бар:
1.Тауар бағасын төмендетуге көмектеседі;
2.Кәсіпорын пайдасын ұлғайтуға жол ашады;
3.Кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандырады;
4.Кәсіпорын бәсекелестігін көтереді.
Өнімнің өзіндік құны өнімді өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары т.б. шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Өзіндік құн ағымдағы шығын шамасын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық мазмұны бойынша былай топталады:
материалдық шығындар;
еңбек ақы төлеу шығындары;
әлеуметтік қажеттілікке аудару;
негізгі қор амортизациясы;
басқа шығындар.
«Материалдық шығындар» халық шаруашылығының барлық саласында (қазып шығаратын өндірістен басқа) өзіндік құнның негізгі бөлігін құрайды. Оның құрамына: шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, сырттан сатып алынған отын, энергия, тағы басқа шығындар кіреді (ыдыс, орау материалдары, құралдар, бөлшек заттар, т.б).
«Еңбек ақы төлеу шығыны» өнімнің өзіндік құнына қажетті жанды еңбектің қатысын білдіреді. Оған негізгі өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың еңбек ақысы кіреді. Атап айтсақ, кесімді баға бойынша, тарифтік ставка және қызмет бағасы бойынша есептелінген жұмысшылардың, инженер-техник жұмыскерлердің, қызметкерлердің еңбекақысы немесе оларға натуралдық төлеу, қосымша төленген ақы, өндірістік нәтиже үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыс алып қызмет еткен мерзімі үшін төленетін төлем, қызмет еткен жылдарына төлем, т.б шығындар кіреді.
Өзіндік құнға мыналар кірмейді: материалдық көмек, ардагерлерге төленген ақы, емделуге немесе демалуға берілген жолдама ақысы, дивиденттер, өтемақы, жол ақысы т.б.
«Әлеуметтілік мұқтаждылыққа аударым». Бұрын зейнеткерлік қорға, Мемлекеттік жұмыспен қамту қорына, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру органдарының қойған нормасы бойынша аударымдар кірген болатын. Бюджеттен тыс қорлар, мақсатты қорлар деп аталды. Қазір зейнетақы жинақтау жарнасы, әлеуметтік сақтандыру жарнасы, медициналық сақтандыру жарнасы, салалық сақтандыру тарифі кіреді.
«Негізгі қор амортизациясына» негізгі өндірістік қорлардың тозуын қалпына келтіру үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасы кіреді, ол негізгі қордың баланстық құны мен тағайындалған нормадан есептеледі.
Жоғарыда келтірілген шығын элементтеріне кірмеген шығындар «басқа да шығындар» элементіне жатады. Олар - салықтар, алымдар, арнайы қорларға аудару, несие бойынша төлемдер, іс-сапарға кеткен шығындар, байланыс қызметіне төлеу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, негізгі қорды жалға алу, т.б.
