- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
Айналым капиталы (айналым құралы) әрбiр өндiрiстiк цикл үшiн шикiзат, негiзгi және көмекші материал сатып алуға және кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу үшiн жұмсалатын ақшалай қаражат. Айналым құралы (нарықтық экономикалы елдердiң тәжiрибесiнде оны айналым капиталы деп атайды) кәсiпорынның ағымдық қызмет етуiн қамтамасыз етуде маңызды ресурс болып табылады.
Сонымен, айналым капиталы (айналым құралы) – өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларына авансыланған ақша қаражаттары.
Айналым құралының құрамы деп оны құрайтын элементтер жиынтығын айтады. Айналым құралы айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Ол өндiрiс сферасы мен айналыс сферасына қатысты анықталады.
Өндiрiстегi айналым құралының шамасы негiзiнен бұйымды жасаудың өндiрiстiк цикл ұзақтығымен, техниканың даму деңгейiмен, технология мен еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiрумен анықталады. Айналыс құралының сомасы өнiмдi өткiзу жағдайына және өнiмдi жабдықтау мен ұйымдастыру деңгейiне қатысты.
Айналым құралы
өндірістік айналым қоры
Айналыс қорлары
өндіріс-тік запастар (қорлар)
Аяқталмаған өндіріс
Болашақ кезең шығын
дары
Қойма-дағы дайын өнімдер
Тиелген немесе жолдағы өнім
Ақша-лай қара-жаттар
Дебитор лық қарыз
Нормаланатын айналым құралы
Нормаланбайтын айналым құралы
Сурет 5.1 – Айналым құралының құрамы мен құрылымы
Айналым құралының жеке элементтерi арасындағы процентпен берiлген қатынас айналым құралының құрылымы деп аталады. Айналым құралының құрамы мен құрылымы суретте берілген (Сурет 5.1).
Өнеркәсiп саласындағы айналым құралының құрылымындағы ерекшелiк көптеген факторлармен түсiндiрiледi, атап айтқанда:
өндiрiстiк процестi ұйымдастыру ерекшелiктерiмен,
жабдықтау мен өткiзу жағдайымен,
жабдықтаушылардың, тұтынушылардың орналасқан жерiмен,
өндiрiс шығындарының құрылымымен көрiнедi.
Өндiрiстiк айналым қорлары өндiрiстiк процестiң тұрақтылығын, ал айналыс қорлары өндiрiлген өнiмнiң нарықта өткiзiлуiн және кәсiпорынның қалыпты қызмет етуіне кепiлдеме беретiн ақша қаражаттарын алуды қамтамасыз етедi. Өндiрiстiк айналым қорына өндiрiстiк құрал-жабдықтардың бiр бөлiгi жатады, еңбек процесiнде заттық элемент әрбiр өндiрiстiк циклде жұмсалып, құны дайын өнiмге бiрден және тұтас берiледi.
Негiзгi қордан айналым қорының айырмашылығы – негізгі қор өндiрiс процесiне бiрнеше рет қатысса, айналым қоры бiр-ақ рет қатысады және құны дайын өнiмге бiрден аударылып, өзінің натуралдық – заттық нысанын жояды.
Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым құралының өнеркәсіпте 70-н, машина жасау мен металл өндеуде 80-н аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорының құрамы мыналардан тұрады:
Өндiрiстiк запастар (өндірістік қорлар) - өндiрiстiк процеске жiберiлу үшiн дайындалған еңбек заты, оған жататындар - шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, отын, жанар-жағар май, сатып алынған жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар, ыдыс, ыдыстық материалдар, негiзгi қорды ағымдағы жөндеу үшiн керек бөлшек заттар, бағалығы аз, тез тозатын заттар.
Аяқталмаған өндiрiс және өздерi жасаған жартылай фабрикаттар - өндiрiстiк процеске енген еңбек заты: өңдеу және жинау процесiнде болатын материалдар, детальдар, буындар, бұйымдар; бiр цехта толықтай өндiрiлiп болмаған, осы кәсiпорынның басқа цехтарында әлi де өңдеуге жататын өздерi жасаған жартылай фабрикат.
Болашақ кезең шығындары - айналым қорының зат емес элементi, осы кезеңде өндiрiле бастаған, болашақ кезеңде аяқталатын жаңа өнiмдi даярлау мен игеруге кеткен шығындар (жаңа өнiм технологиясын жасауға, конструкциялауға, жабдықтарды қайта қоюға кеткен шығындар).
Айналым қоры өндiрiс сферасына қызмет етедi.
Айналыс қоры айналыс сферасына қызмет етедi.
Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қаражаты, дебиторлық қарыз жатады.
Дайын өнім – техникалық бақылаудан өткен, сатуға шығарылған өнім. Олар өндіріс үрдісі аяқталған соң, әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.
Ақша қаражаты– кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.
Дебиторлық қарыз– заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы.
Дайын өнiм қорларына өндiрiсте аяқталған және өткiзуге дайын тауарлардың, сондай-ақ, қоймадағы дайын өнiмнiң қалдықтарының құны жатады.
