Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен сурактары ГИС дайыны.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆
  1. Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз.

ESRI фирмасының бағдарламалық  өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог  түрінде құрылған, яғни мәліметтерді  өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі  бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің  жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік  талдау, мәліметтерді редакторлау  және оларды геоөңдеуден өткізу  сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы  ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік  береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың  үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен  байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді  және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді  қамтитын ақпараттық жүйе. Географиялық немесе кеңістіктік  мәліметтер нысандардың кеңістікте таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын ұйымдар  пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің  жартысынан астамын құрайды. ГАЖ  кеңістіктік мәліметтерді талдаудың  негізіндегі оңтайлы басқару  шешімін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау - ГАЖ-ды анықтаудағы түйін сөздер болып  табылады. ГАЖ келесі сұрақтарға жауап  бере алады:

  • берілген облыста не орналасқан?

  • берілген шарт жиынтығын қанағаттандыратын облыс қайда орналасқан?

Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі  графикалық мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың  сапалық және сандық сипаттамаларын мәліметтер базасы түрінде қолдануды  кеңейтті.

  1. Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз.

Геоақпараттану - классикалық география жэне картография дәстүрлері мен эдістерін, теориясын, қолданбалы математика, инфор- матика жэне компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтас- тыратын ғылым ретінде XX ғасырдың 60-жылдарында, ақпараттьщ технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды эскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда болған, кейіннен географиялық ақпараттық жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды. Әсіресе бұл технология климат пен ауа райындағы  өзгерістердің  (циклондар мен ауа массаларының  қозғалысы және т.б.), жер қыртысы мен оның ете терең қойнауларындағы түрліше қозғалыстардың туындауының себептерін түсінуге жағдай жасайды.Алғаш ГАЖ Канадада ЭЕМ базасында 1960ж пайда болды.Ол картаға анализ жасау ж/е инвентаризация үрдісін жеңілдетті. ESRI – геоақпараттық технологиялар алқабында бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялық шешімдер нарығындағы дүниежүзілік жетекші. 1969 жылы негізделген Қоршаған ортаның жүйесін зерртеу институты (Environmental Systems Research Institute, ESRI Inc) ГАЖ алқабында стандарт орнатып, қазір геоақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өрісіндегі дүниежүзілік жетекшілікке қолдау көрсетеді. Аспаптық ГАЖ ARC/INFO. ARC/INFO бағдарламалық өнімі – ең алғашқы кәсіби ГАЖ, мәліметтер базасында сақталатын, кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған.ARC/INFO бағдарламалық өнімінің  модульдері:

  • ARC/INFO COGO – бұл модуль ГАЖ технологияларын жер кадастрын басқаруда, геодезиялық түсірілім мәліметтерінде, жер телімдерінің паспорттарын бақылауда, инженерлік және кадастрлық мақсаттағы карта-негіздерді құрастыруда пайдаланылатын бағдарламалық құралдармен тікелей байланысты;

  • ARC/INFO GRID – бұл модуль ARC/INFO жүйесіндегі растрлық үлгілеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін арналған және оны интеграцияланған растрлық-векторлық ГАЖ айналдырады. GRID гидрологиялық талдау, геологиялық болжам жасау, арақашықтықты талдау, кеңістіктік мәліметтердің көпөлшемді статистикалық талдауы, құндық бетті пайдалану көмегімен трассаларды таңдауды оңтайландыру салаларында қолданылуы мүмкін;

  • ARC/INFO TIN – үздіксіз географиялық құбылыстарды, мысалы жергілікті жердің жер бедері, сондай-ақ шуыл деңгейі, халық тығыздығы, геофизикалық өріс сияқты физикалық беттерді көрсету және талдау үшін топографиялық беттерді үлгілеудің функционалдық толық жүйесі болып табылады.

  • ARC/INFO NETWORK – типологиялық жағынан байланысқан (құбырлар, коммуникация сызықтары, суағындары және жолдар) торлармен жұмыс жасау үшін арналған, бұл тор бойынша таралған және осындай торлардағы процесстердегі ресурстарды тиімді бағалау және басқаруды барынша жақсартады;

  • ARC/INFO ARCSCAN – сканерлерден картографиялық мәліметтерді енгізуге арналған;

  • ARC/INFO ARCPRESS – векторлық, растрлық немесе аралас векторлық-растрлық графиктерді растрлық құрылғы форматына, берілген мүмкіндіктегі және көлемдегі растрға айналдырушы жүйе;

  • ARC/INFO ARCSIDE – көп қолданушыларды үлкен көлемдегі кеңістіктік мәліметтермен қамтамасыз етеді.

 ARCVIEW GIS бағдарламалық  пакеті

ARCVIEW GIS – көрсетуге, редакциялауға,  кеңістіктік талдау жасауға, іздеуге  және геокеңістіктік мәліметтерді  басқаруға арналған.

AutoCAD Map

Сандық карталарды құру және геоақпараттық талдау үшін қажетті  жоғары дәлдікті бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі, AutoCAD базалық өнімінің барлық функционалдық мүмкіндіктеріне ие

 Autodesk Map

Autodesk Map географиялық немесе  геологиялық карталардың, жерді  пайдалану карталарының, қоршаған  ортаны талдау, көліктік, коммуникациялық  схемаларды және қор және инфрақұрылымды  басқару схемаларын, сондай-ақ нысандарды  құру, редакциялау және талдау  топологияларының графиктік мәліметтер  базасын құру, көру, редакциялау  және басқару үшін арналған.

MapInfo бағдарламалық  өнімі

Қазіргі күнде MapInfo компаниясының  негізгі бағдарламалық өнімдеріне: MapInfo Professional – толық функционалдық  геоақпараттық жүйе, MapBasic - MapInfo Professional-дың  бағдарламалау аясы, MapInfo SpatialWare – SQL Server/Informix мәліметтер базасының кеңістіктік  ақпараттарын басқару технологиясы, MapInfo MapX – қосымшалар әзірлеушілердің  кітапханасы, MapXtreme – Intranet немесе Internet үшін картографиялық қосымшаларды жасау  үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету.

GTX бағдарламалық  өнімі

GTX әлемдегі векторизация  жүйелерін әзірлеушілердің негізгі  компаниясы болып табылады. GTX бағдарламалық  өнімінде векторизация екі серия  түрінде кездеседі

 Қолдану аясы

  1. Муниципалдық басқару міндеттер сферасында:

  1. Жедел қызмет көрсету басқармаларының штабтары үшін оперативтік жағдайлардың картасын шығару

  1. ГАЖ технологияларын бизнес міндеттерді шешу үшін бизнес процесінде ГАЖ-дың талдау жүйесін пайдаланатын фирмалар бәсекелестерінің алдында әлдеқайда көп жетістіктерге ие болады

  2. GPS-навигация және мобильді нысандарды аңду жүйелер;

  3. Статистикалық және демографиялық талдау;

  4. Жерді пайдалану үшін кадастрлық міндеттерді шешу;

  5. Ғарыштық суреттерді пайдалана отырып геоақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінде шешім қабылдау;

  6. Мұнай және газ саласындағы картографиялауда геоақпараттық технологияларды кешенді енгізу;

  7. Ауылшаруашылық саласында мониторинг, талдау және жоспарлау жүйелерін геоақпараттық қамтамасыз ету;

  8. Геобағыттағы электрондық оқыту жүйелері мен энциклопедияларын құру.