Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен сурактары ГИС дайыны.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆
  1. Шейп файл мен кеңістіктік объектілер класы арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі.Географиялық мәліметтерді сақтауда шейп файлдар мен мәліметтер базасы жасалған. Шейп файлдар географиялық мәліметтерді сақтау үшін керек. Өзінің атқаратын қызметіне байланысты шейп файлдар манызды жұмыстар атқарады, соның бірі мәліметтерді ауыстырумен  танымал.Шейп файлдар тек қарапайым  географиялық мәліметтерді сақтау үшін ғана жасалса,қазіргі таңда маңызды  жұмыстарды атқаратын бағдарламанның біріне айналып отыр. Шейп файлдар  қолданыста қарапайым және оңай болғанымен,  геомәліметтермен жұмыс атқаруда оларда шектеулер кездеседі. Мыналар:

Географиялық мәліметтер тек шейп файлда кеңістік обьектер мен атрибуттарды сақтап қоймай,басқа  да жұмыстар атқарады. Мысалы аннотаци, атрибуттық байланыстар, топологиялық байланыстар мен координаталық  дәлділікпен, оны шешу жолдары, атрибутық  домендер сияқты қызметтер көрсетеді. Бірақ бұл географиялық мәліметтерді сақталатын ақпараттар,олар шейп файлға еш қатысы жоқ.

Шейп файлдар алмастыру  жұмысымен айналысқандықтан , олар ашық форматтағы бағдарлама болып саналады. Бірақ шейп файлдар әр форматтағы жұмыстарды сақтай бермейді,егер дұрыс  болмаған жағдайда шейп файлдарды зақымдап немесе жарамсыз етіп алуға болады.

Шейп файлдар dBASE форматында сақталынады,Ол 1980 жылдарда кестелер мен атрибуттарды сақтау үшін ойластырылған. Бірақ дами келе Unicode, форматтары қолданлы басталды,олар әр тілде сақтауға мүмкіндік берді.Бірақ шейп файлдар ағылшын тілінде жұмыс атқарған.

  1. Мәліметтер базасына және оның қолданылуына анықтама беріңіз.

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәліметтердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арнаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты.Мәліметтер базасының басқару жүйесі - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу

  • кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою

  • кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту

  • берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу

МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.