- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
Бұл класс өкілдеріне тән қасиеттердің қатарына экзархты ксилемалары мен спорангийлерінің бүйір бұтақтарында орналасуы жатады. Спорангийлері дөңгелек немесе жоғарғы жағында саңылауы бар сопақша пішінді. Бұл кластың 3 туысы жақсы зерттелген. Госслингия (Gosslingia) туысының дихатомиялық типті тармақталған бұтақтарында селягинелланың ризоморфы тәрізді жанама бұтақ түріндегі өсінділері түзіледі. Олардың жанама қысқа бұтақтарында бүйрек тәрізді спорангий орналасқан. Жоғарыда көрссетілген ерекшеліктеріне байланысты, бұл зостерофиллдер мен плаун тәрізділерге жақын туыс ретінде қарастырылады. Савдония (Sawdonia) туысының бұтақтарында тікенек тәрізді өсінді эмергенциялар (түк) түзілген. Сонымен қатар спорангийлері қысқа және жуан тұғырлары арқылы бұтақтарында орналасқан. Ең көне түрлердің қатарына зостерофиллум туысы жатады. Өсімдіктің биіктігі 15-17 см. Дихотомиялық типті бұтақтары жерге төселе өседі, олардың вертикальді бағытта көтеріле өскен теломдарының ұшында қысқа тұғырда орналасқан масақ тәрізді, көп мөлшерде топтанып спорангийлері орналасқан. Спорангийлер бір түрлерінде спиральді, екінші бір түрлерінде бір немесе екі қатар түзіп орналасқан. Девон дәурінің бас кезінің өзінде зостерофиллиялардың спорангийлерінің орналасуы әр түрлі болған. Жер бетінде бірінші пайда болғанөсімдіктерге полиморфтық қасиеттер тән болған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге тән қасиеттер.
2. Риниофит өсімдігінің тіршілік ету, тән белгілер.
3. Риниялар қатары жалпы сипаттама.
4. тримерофитон қатарының жалпы сипаттамасы.
Зостерофиллосида өсімдігінің жалпы сипаттамасы.
Дәріс №5
Дәріс тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta).
Негізгі сұрақтары:
Мүк тәрізділер бөлімінің жалпы сипаттамасы. Классификациясы.
Мүктердің практикалық маңызы.
Жоғарғы сатыдағы шөптесін өсімдіктердің ішіндегі қарапайым құрылысты өсімдіктер. Ботаниктер арасында мүк тәрізділерді зерттеушілерді – бриологтар, ал ғылымды – бриология деп атайды.Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктер төменгі сатыдағы талломдылар мен жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктерді байланыстыратын топтарға жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ішінде ең қарапайым өсімдіктер. Бұлардың даму циклінде гаметофиті басым болып келеді. Төменгі формадағы қарапайым өкілдерінің денелері дорзовентральді тканьдерден тұратын таллом немесе слоевища болып келсе, қалған өкілдерінің денелері екі вегетативтік органдар- жапырақ пен сабақтан тұрады. Мүктердің тамырлары жоқ, тамыр қызыметін бір немесе көп клеткалы резоидтары атқарады. Жыныс органдары гаметофиттің сыртқы бетінде, төбесінде, кейде бүйір жағында орналасады.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк — көкек зығыры мен шымтезек мүгi.
