Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 Дәрістер Өсімд.систем..doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.

Негізгі сұрақтары:

  1. Плаун тәрізділердің жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Классификациясы. Өкілдері.

  2. Плаундар класы (Lycopodioosida). Изоэтопсидалар класы (Isoetopsida). Практикалық маңызы.

Қазіргі кезеңде жер бетінде плауындардың тек шөптесін түрлері ғана сақталған. Спорофиттері сабақтан, жапырақтардан және тамырдан тұрады. Спорадан пластинка түріндегі, кейде жіпше тәрізді гаметофит дамиды. Изоспоралы формаларында бір үйлі, ал гетроспоралы формаларында екі үйлі гаметофит тән. Isoetales қатарына жататын өкілдерінен басқаларында мүктердегідей екі талшықты спермотозоидтар түзіледі. Сонымен қатар, бұлар дене бөліктері арқылы вегетативтік жолмен де көбейе алады. Плаун тәрізділердің негізгі ерекшеліктері олардың тамырлары мен сабақтарының дихатомиялық типте тармақталуы.

Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.

Шоқпарбас плаун өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. Бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылына бір рет түзіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар өркендерде жетіледі. Плаунның спора түзетін өркенінің ұшына көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер (грекше «спорос» - екпе, сеппе, «филлон» - жапырақ, спорангиі бар жапырақ) бекиді. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий - споралар дамитын орын. Олардың ішінде көптеген ұсақ, сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп жетілген споралар спорангийлер жарылғанда жерге шашылады.

Жынысты көбеюі жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі: жерүсті және жерасты типі белгілі. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелер жартылай сапрофит (грекше «сапрос» - шірінді, «фитон» - өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза) ретінде қоректенеді. Олардың жерге төселіп өскен ашықтау-жасыл түсті өскіншелерінің астында саңырауқұлақтардың жіпшумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жіпшумағынсыз өскіншелер өспей, құрап қалады. Осылай жартылай жерге еніп жататын өскіншелер бір жаздың өзінде пісіп жетіледі. Плаундардың өскіншелері - қосжынысты, ұзындығы 20 миллиметрден аспайды. Өскіншенің үстіңгі бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан - нағыз тамыр, сабақшадан - нағыз сабақ, ал жапырақшадан нағыз жапырақ қалыптасады. Соның нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады. Жерасты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жіпшумақтарымен селбесіп өсіп, қосжынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған жасушалардан келешекте жас плаун өсімдігі пайда болады.

Плаундар барлық жасыл өсімдіктер секілді фотосинтез үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзіп, ауаға оттегін бөліп шығарады. Плаундар жердің бетіне қаптай өсіп, топырақ түзу үдерісіне қатысады. Олардың іс жүзінде маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданады.

Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.

Плаундар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте плаун сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.

Тропиктегі биік тауларда өсетін плаун полушниктің кейбір түрлерінде ерекше қасиет бар. Олар фотосинтезге қажетті көміртегін ауалан емес, тұнба материал - әктастардан алады.

Плаундар өкілі селагинелла құрғақта өсуге бейімделген. Оның денесінің суға шылығуы ауаға және топырақтың ылғалдығына тәуелді. Құрғақшылық жыл кезеңінде ол құрғақ ауадан кеберсиді. Алайла жаңбыр жауса-ақ өсімдік сыртқы көрінісі мен ішкі құрылысын толық қалпына келтіреді.

Плаун өте баяу өседі. Мәселен, кейбір саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп өсетін өскінше 15-18 жыл өседі.

Жер шарында кең таралған түрлерге: Түйреуіш тәрізді плаун - плаун булавовидный (Lycopodium ciavatum), жылдық плаун- плаун годичный (Lecopodium annotinum), баранец плауыны- плаун баранец (L.complanatum), селаго тәрізді селагинелла - силегинелла селаговидная (Selaginella selaginoides), қабысқан плауын-плаун сплюснутый (L. Complanatum) тағы басқалары жатады.

«Практический курс ботаники» – атты еңбегінде В.Х Хржановский плауындарды анықтауда споралы масақтарының саны, орналасуы, сабақ пен бұтақтарының формаларына көп көңіл бөлу қажет деп көрсетеді. Гербарийлеу плауындардың спора түзу мерзімінде жүргізілуі қажет. Сол сияқты, селагинелланың табиғатта өте сирек кездесуіне байланысты оны қолдан өсіруді ұсынады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Плауынтәрізділердің анатомиялық және морфологиялық құрлыстары.

  2. Түйреуіш тәрізді плауын мен селагинелланың даму циклін салыстырыңыз.

  3. Споралы масақтарының құрлысы.

  4. Плауынның сабағының құрлысы.

  5. Плауындардың аталық және аналық өскіншесінің құрлысы. Селагинелланың аталық өскіншесінің құрлысы.

  6. Селагинелланың даму циклі.

  7. Плауындардың мүктерден негізгі айырмашылықтарын атаңыз.

  8. Плауындардың классификациясы.

  9. Қазбалардан табылған(сигиллярия,астероксилон т. б.) плауын тәрізділердің негізгі қасиеттері.

Дәріс № 7

Тақырыбы: Қырықбуынтәрізділер( Equisetales) бөлімі.

Негізгі сұрақтары:

1.Қырықбуын тәрізділердің жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Даму циклы. Практикалық маңызы.

Қырықбуындар (Equisetales) қатары. Қырықбуындар (Equisetataceae) тұқымдасы.

  • Гиениялар немесе гиениопсидтер (Hyeniopsida) класы.

  • Сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер (Sphenophyllopsida) класы.

  • Қырықбуындар (Equisetales) класы.

Қырықбуындар сабақтары буын және буын аралықтарынан тұратын, тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары ұсақ, сабақтарының буын аралықтарын қоршап орналасады. Спорофит гаметофиттен басымырақ болады. Спрофиттерінде үш вегетативтік органдары (тамыр, сабақ, жапырақ) бар.

Қырықбуын тәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған. Қазіргі кезде кездесетін қырықбуын тәріздестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі — далалық қырықбуын. Ол - ұзын, тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20 cм, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Далалық қырықбуынның көктемгі өркендері споралары пісіп жетілген соң қурап қалады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол - өсімді өркен. Жапырақтары болмайтындықтан, фотосинтез үдерісі осы жаздық өркендері арқылы жүзеге асады. Көктемгі өркендері - көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Сабақтың сыртын жұқа өң қаптайды. Ол бірқатар түссіз жасушалардан тұрады. Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады. Өзекте өткізгіш ұлпалары бірнеше ұсақ шоқ түзеді. Кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады.

Сабақ қырларының астында - тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі. Хлорофилл дәндері бар фотосинтездеуші ұлпаның әр бөлігінің астында айқын байқалатын қуыс болады. Тірек ұлпасының астында өткізгіш ұлпалар шоқ түзіл орналасады. Өткізгіш ұлпалар қоректік заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ағзалық заттар фотосинтез үдерісінің нәтижесінде өсімдіктің жербеті өркендерінде түзіледі. Бұл заттарды өткізгіш ұлпалардың бір тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткізгіш ұлпалардың екінші тобы су мен минералды заттарды тамырдан жербеті өркендеріне жеткізеді. Осылай өткізгіш ұлпалары өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.

Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі - тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Ал споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлі. Бір споралардан - аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде - аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жыныс жасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.

Қырықбуындар - егістік арамшөптері. Олар топырақты бүлінуден сақтайды. Қырықбуындардың бірқатар түрлері - улы өсімдіктер. Далалық қырықбуын - дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келеді. Дәрілік шикізат ретінде жасыл сабақтарын жинап, келтіреді. Дәрілік шикізаты қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданылады. Сонымен бірге қырықбуынның споралар түзетін масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.

Қырықбуын тәріздестер өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі болып табылады. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте көп болғандықтан, өсімдік «қырықбуын» деп аталған. Қырықбуын тәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде ағаш тәрізді орман түзген.

Қырықбуын - ылғалды топырақ өсімдігі. Көбірек таралған өкілі - далалық қырықбуын. Қырықбуындар көпжылдық, қатқыл сабақты, тамырсабағы дамыған шөптекті өсімдіктер болып табылады. Қырықбуынның жаздық және көктемдік өркендері болады. Жаздық өркенде фотосинтез үдерісі жүріп - өсу, ал көктемгі өркені көбею қызметін атқарады. Көбею суда өтеді. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Қырықбуындар - дәрілік өсімдіктер, улы түрлері де бар

Гаметофит аумағы 1 сантиметрдей тарамдалған пластинка түрінде болады. Қазіргі қырықбуындардың споралары біркелкі болғанымен, гаметофиттері көбінесе екі үйлі болып келеді. Сперматозоидтары көп талшықты. Жер асты өркендерінің бөліктері арқылы вегетативтік жолмен де көбейе алады. Кең тараған түрлеріне: қысқы қырықбуын- хвощ зимующий (Equisetum hiemale) , орман қырықбуыны – хвощ лесной ( E. silvaticum), батпақ қырықбуыны-хвощ болотный (E . palustre) тағы басқада түрлерін атауға болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қырықбуындылардың морфологиялық және анатомиялық құрлыстарының ерекшеліктері.

  2. Қырықбуының споралы масағын, спрофиллі, спорангиясы, спорасы және элатерасын.

  3. дала қырықбуынының гаметофитінің құрлысын қарап, суретін салып белгілеу қажет.

  4. Дала қырықбуынының даму циклінің схемасы.

  5. Қырықбуындар түрлері.

Дәріс №8

Тақырыбы: Папоротник тәрізділер бөлімі Pteropsida немесе Polypodiopsida.

Негізгі сұрақтары:

1.Папоротник тәрізділердің жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Өкілдері. Практикалық маңызы.

Папоротник тәрізділердің классификациясы:

  • Кладиоксилопсида ( Cladoxylopsida) класы.

  • Зиготеридопсида (zygopteridopsida) класы.

  • Офиоглоссопсидтер немесе жылантіл папоротниктер (Ophioglossopsida) класы.

  • Мараттиопсидтер (Marattiopsida) класы.

  • Полиподиопсидтер (Polypodiopsida) класы.

Біздің флорадағы папоротник тәрізділер шөптесін формадағы өсімдіктер қатарына жатады. Әдетте көріп жүрген папоротниктер олардың спорофиттері яғни жыныссыз генерациясы болып табылады. Сонымен, спорофиттері сабақ,жапырақ және тамырдан тұрады.

Папоротник тәрізділер жер бетінде қаулап даму кезеңі мезозой дәуірінің басы, палеозой дәуірінің соңғы кезеңдері болып саналады. Қазіргі кезде папоротниктердің 300-ге жуық туысы мен 10 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстан территориясында 14 туыстың 30-ға жуық өкілі кездеседі. Әсіресе тропиктік ормандарда көп жылдық шөптесін формаларымен қатарағаш тәрізді түрлері де кездеседі. Жаңа Зеландияда сүректі папоротниктер мұздықтарға көршілес өседі. Суыққа төзімді, бірақ жоғарғы ылғалдылықты қалайды. Далалы, шөлді аймақтарда папоротниктер кездеспейді. Папоротниктер тәрізділердің негізгі қасиеттеріне макрофиллия құбылысы тән; камбий мен стробилдары болмайды. Көлемі жағынан үлкен жапырақ тақталары – макрофиллдер, оларды көбінесе вайялар деп те атайды. Папоротниктердің мүктерге қарағанда жапырақтарының анатомиялық , морфологиялық құрылысы күрлһделі келеді.

Қарапайым түрлерінің спорангийлері спорофиттерінің ұштарында, ал прогрессивті, күрделі түрлерінің спорангийлері сорустар түзіп спорофильдердің төменгі жағында топтасқан күйде дамиды. Споралары бірдей, немесе әртүрлі болуы мүмкін, осыған орай спорадан түзілетін гаметофиттері бір, немесе екі үйлі болады.

Гаметофиті жасыл түсті, ризоидтері бар, фотосинтезге қаблетті пластинка тәрізді өскінше, немесе оны протенема деп атайды. Кейбір түрлерінің гаметофиттерінің сыртқы пішіні құрт немесе жіпше тәрізді болады. Антеридийлері мен архегонийлері гаметофит тканіне кірігіп орналасқан. Сперматозоидтері көп талшықты.

Папоротник тәрiздiлер тең споралы және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Қазақстанда кездесетiндерi көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың кең тараған өкiлдерiнiң бiрi еркек усасыр папоротнигi(щитовник мужской – Dryоpteris filix — mass).

Оранжерияларда жиі кездесетін өсімдіктердің қатарына радди адиантумы- адиантум радди (Adiantum raddianum), шаштәрізді асплениум- асплениум волосовидный ( Asplenium trichomanes), аналық кочедыжник- кочедыжник женский (Athyrium filix-femina ) жатқызсақ, табиғатта жабайы кездесетін түрлеріне жүзгіш сальвиния- сальвиния плавающая ( Salvinia natans), кәдімгі орляк- орляк обыкновенный ( Pteridium aquilinum), еркек папоротник –щитовник мужской( Dryopteris filix-mas) тағы басқаларын жатқызуға болады.

4-сурет. Еркек папоротник.

1-сорусты жапырақ бөліктері; 2- сорусты жапырақ бөліктерінің қимасы: плацент, спорангиилер және жабындысы; 3-шынжыр шеңберлі спорангий; 4-протонема немесе өскінше: ойыс бөлігіне тақау архегониялар, ризодтарынан жоғары антеридиилер орналасқан; 5-антеридийдегі сперматозоидтардың шығуы; 6-архегоний жұмыртқа клеткасымен; 7-гаметофитпен байланысын үзбеген жас спорофит.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Папоротниктің спорофитінің құрлысы және экологиясы.

  2. Гаметофитінің құрлысы.

  3. Жүзгіш сальвинияның негізгі ерекшеліктері және көбейу жолдары.

  4. Сорустарының құрлысы.

  5. Сабағының анатомиялық құрлысы.

  6. Тең және әртүрлі споралы папоротниктердің даму циклі.

  7. Орляқ,костенец, адиантум, щитовник сияқты туыстарға қысқаша сипаттама

  8. Сальвинияның микро-мегасорустарының құрлысы.

  9. Папоротниктің гаметофитінің құрлысы.

Дәріс №9

Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Gymnospermae немесе Pinophyta).

Негізгі сұрақтары:

1.Жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері. Даму циклы. Классификациясы. Практикалық маңызы.

Жалаңаш тұқымдылар классификациясы:

  • Тұқымды папоротниктер (Pteridospermopsida немесе Iyginopteridopsida) класы.

  • Саговниктер немесе цикадалар (Cycadopsida) класы.

  • Беннеттитер (Bennettitopsida) класы.

  • Гиетумдар немесе гиетопсидалар (Gnetopsida) класы.

  • Гинко тәрізділер (Ginkgopsida) класы.

  • Қылқандылар немесе пинопсидалар (Pinopsida немесе Coniferopsida) класы.

  • Қылқан жапырақтылар (Pinidae) класс тармағы.

Жалаңаш тұқымдылар архегониаттардың ішінде құрлысы күрделі құрлықта ғана тіршілік ететін сүректі, сирек жағдайда бұталы өсімдіктер.

Төменгі формадағы өкілдеріне жапырақтары ірі, қауырсын тәрізді тілімделген; жоғарғы формадағы өкілдерінің жапырақтары тұтас, ине тәрізді қылқан түрінде, қабыршақ түрінде немесе жалпақ тақталы болып келеді.

Барлық архегонияттылар сияқты жалаңаш тұқымдыларға да екі генерацияның алмасуы тән. Жалаңаш тұқымдылардың спорофиті гаметофитінен басым болып келеді және басым көпшілігінде бүр, немесе стробилалар болады. Бүрлер аталық және аналық болып бөлінеді.Аталық бүрлер осьті айнала спираль бойымен орналасқан микроспофильдерден тұрады. Микроспорофильдерде екі немесе бірнеше микроспорангийлер жетіледі де , онда көп мөлшерде микроспоралар түзіледі. Түзілген микроспора тозаң деп аталады.

5-сурет.

1- жапырақтар орналасқан қысқа бұтақтар; сол жақта- микростробильдер топтары, бұтақтың жоғарғы жағында-екі аналық бүр, төменгі сол жағында-өткен жылғы түзілген аналық бүр, одан төмен –жетілген бүр орналасқан; 2-микростробил; 3-аналық бүр; 4-екі микроспоронгия орналасқан микроспорофилл; 5-аналық бүрдің көлденең кесіндісі; 6- тұқым қабықшасының үстіңгі және ішкі жақтары; 7-тұқым бүршігінің ұзындығынан кесіндісінде интегумент, микропиле, нуцеллус, екі архегониясы бар аналық гаметофиті көрсетілген; 8-үлкен вегетативтік және кішкентай генеративтік клеткалары бар тозаң; 9- тозаң түтігін түзген-тозаң; 10-тұқым қабықшасындағы екі қанатты тұқымдар; 11-тұқым қанатымен; 12- тұқым кесіндісінде интегумент, нуцеллус қалдықтары, эндосперм, ілмектегі ұрық көрсетілген.

Аналық бүрдің осінде орналасқан жабындық қабыршақтардың қойнауында тұқым қабыршақтары деп аталатын мегаспорофилдер түзілген. Аналық бүрдің тұқым қабыршақтарында немесе мегаспороспорофильдерінің қойнауында бір-екі сирек жағдайда бірнеше мегаспорангийлер яғни тұқым бүршіктері дамиды. Жетілген тұқым бүршігі интегумент, нуцеллус, микропиле, эндосперм және архегонийлерден тұрады. Аталық тозаң тұқым бүршігі бөліп шығаратын сұйықтық тамшыларына жабысып тозаң камерасына өтеді де, екі спермияның бірі жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Белгілі бір кезеңнен кейін онан тұқым түзіледі. Тұқымдары тұқым қабыршақтарында ашық орналасуына байланысты бұл өсімдіктер тобы жалаңаш тұқымдылар деп аталады. Тұқымынан спорофит дамиды. Жалаңаш тұқымдарға дейінгі жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерде тұқым болмайды.

Жалаңаш тұқымдылар жер бетінде ең кең тараған өсімдіктердің қатарына жатады. Орман түзетін жалаңаш тұқымдылардың қатарына араукария (Araucaria), агатис (Agathis), подокарпус (Podocarpus), торрея (Torreya), тсуга (Tsuga), секвойя (Sequoia), криптомерия (Cryptomeria) тағыда басқа туыстасрды атауға болады. Бұрынғы совет өкіметінің қоңыржай және суық аймақтарында үлкен орман түзетін туыстар қатарына шырша –ель ( Picea), балқарағай- лиственница (Larix), кедр (Cedrus) самырсын- пихта (Avies) тағы басқаларын жатқызуға болады.