Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆
  1. Қарлұқ мемлекеті

  2. Сырым Датұлының басқаруымен болған кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі

  3. Ы. Алтынсарин – ағартушы және педагог

  1. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды.Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді.755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.

  2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-97) - Кіші жүздегі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған азаттық күрес. 18 ғасырдың 80-жылдарының басына қарай Кіші жүздегі жағдай қиындай түсті. Саяси шектеулер мен көпе-көрінеу тонау арқылы жүргізіліп отырған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары көшпенділердің дәстүрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа қазақтардың өтуіне тыйым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігі енді патша үкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады. Саяси сахнада билердің, батырлардың салмағы арта түсті. 1783 жылы Жайықтың арғы бетіне өткен қазақтардың 4 мың жылқысын орыс-қазактар айдап әкетті. Көтерілісшілер бұқарасының басшысы Сырым Датұлы болды. Ол Верхнеуральск бекінісі мен Елек қалашығы арасындағы шепке шабуыл жасады. Осы шабуыл барысында Сырым батыр Орал казактарының түтқынына түсті. Оны Нұралы хан 70 жылқы жэне 350 сом толеп босатып алды. Нұралы ханның мұндай қадамға баруына Сырым батырдың халық арасындағы беделі ықпал етті.

  3. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп

күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды.

18-билет

  1. Қазақ хандығын билеген хандар

  2. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның зардаптары

  3. Қазақстан Тәуесіздік жолында

  1. Керей хан 1465—1474 жылдары билеген.Әз-Жәнібек хан 1474—1480 жылдары билеген.Бұрындық хан 1480—1511 жылдары билеген.Қасым хан1511—1522 жылдары билеген.Момыш хан 1522—1523 жылдары билеген.Тайыр хан1523—1533 жылдары билеген.Бұйдаш хан 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.Тоғым хан1533—1537 жылдары билеген.Ахмет хан 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.Хақ-Назар хан 1538—1580 жылдары билеген.Шығай хан1580—1582 жылдары билеген.Тәуекел хан 1582—1598 жылдары билеген.Есім хан 1598—1628 жылдары билеген.Жәнібек хан 1628—1643 жылдары билеген.Салқам Жәңгір хан 1643—1652 жылдары билеген.Батыр хан 1652—1680 жылдары билеген.Тәуке хан 1680—1715 жылдары билеген.Қайып хан 1715—1718 жылдары билеген.Болат хан 1718—1729 жылдары билеген.Әбілмәмбет хан 1729—1771 жылдары билеген.Абылай хан, 1771—1781 жылдары билеген.Кене хан 1841—1847 жылдары билеген.

  2. 1734 ж 10 маусымда Анна Иоанновна Әбілхайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап ,қала салатын жерге И. К. Кириллов А.И.Тевкелеевті жіберді . Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып , олар біртіндеп қалаларға айнала бастады . Сол кездердің өзінде –ақ Жайық өзенінің бойынан 14 қамал салынды . Мұндай әскери бекіністер салу , сол кездегі патша үкіметіне отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты . Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында маңында қазақтардың көшіп қонуына тиым салынды .Ертіс , Тобыл ,Есіл Үй , өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып оңтүстікке ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұхара мен Ташкент түбіне келіп , қоныстануға мәжбүр болды . 1740 ж Орынбор экспедициясы В .А . Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтандармен келіссөз жүргізіп , онда Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөнінде шарртқа қол қойды . Осы шарттан кейін патша үкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды . Сонымен қатар 1743 жылдың өзінде ғана Кіші жүз бен Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан көптеген жаңа бекіністер салынды.

  3. 1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

8-билет