- •Орталық Азия мен Еуропадағы ғұн мемлекеті
- •Ақтабан шұбырынды жылдары
- •Қазақстандағы 1916 ж ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, сипаты және барысы.
- •2. 1881 Ж. Петербург келісімі.
- •Жоңғарларға қарсы қазақ халқының азаттық күресі
- •1.Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •2.19 Ғ. Қазақстанның Шыңжаңмен байланысы. 3.Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
- •Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі
- •Қазақстанның алғашқы қауымдық құрылыс мезгілі. Тас ғасыры
- •Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •Ұйғырлар мен Дуңгендердің Жетісуға қоныс аударуы
- •18 Ғ. Ортасында қазақ жеріне әскери шептер салу
- •Қола дәуірдегі Қазақстан
- •1870 Ж Маңғыстаудағы котеріліс
- •Ортағасырлық қалалар
- •Тмд құрылуы. Ксро-ның ыдырауы
- •Қр Президентінің 2005ж 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы
- •Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Батыстүрік қағанаты
- •Абылый хан- саяси және мемлекет қайраткері
- •20 Билет
- •1723Ж. Ұлы күйзеліс жылдары жоңғарлардың жо»қын шабуылдары
- •1867-1868Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •Түркеш қағанаты
- •Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы
- •Махамбет Өтемісұлының өмірі мен ақындық өнері
- •1)Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яассауи орта ғасырлардың ұлы ғұламалары
- •2)Хиуа, Қоқан феодалдарының қазақтарға қысым көрсетуі
- •3)Қазақстан тарихындағы Әбілқайыр ханның алатын орны
- •Қарлұқ мемлекеті
- •Сырым Датұлының басқаруымен болған кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі
- •Ы. Алтынсарин – ағартушы және педагог
- •Қазақ хандығын билеген хандар
- •Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның зардаптары
- •Қазақстан Тәуесіздік жолында
- •Сақтардың материалдық мәдениеті мен әлеуметтік дамуы
- •1872 Ж Сібір қырғыздарының жарғысы. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы
- •А. Құнанбайұлы – ақын, қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы
- •1465-1466Ж.Ж Қазақ хандығының құрылуы
- •Верный қаласының салынуы
- •1986 Жылғы оқиғалар
- •Ұлы жібек жолы. Басты бағыттары саяси- экономикалық маңызы
- •1824 Ж Орынбор қырғыздарының жарғысы. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы
- •Индустрияландыру бағыт алу және оның барысы
- •Үгедей ұлысы
- •Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
- •Тоқырау кезіндегі рухаги өмір. Білім және ғылым
- •Қыпшақ пен Қимақ мемлекеттері
- •Қазақстан 1941-1945 ж.Ж Ұлы Отан соғысы кезінде
- •19Ғасырдың 2 жартысындағы музыка мәдениеті
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қр Ата Заңы 1995ж 30 тамыз
- •1218 Ж Шыңғысхан әскерлерінің Жетісу жеріне басып кіріу
- •1836-1838 Ж Ішкі Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі
- •Шағатай мемлекеті 14ғ ортасындағы Моғолстан мемлекеті
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1950Ж. Қазақстанның мәдениеті
- •Отырар апаты
- •Кеңесары сұлтан басқарған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі
- •Ш. Уалихановтың өмірі мен қызметі
- •Жошы ұлысы Ақ Орда
- •Тың игерудің нәтижелері мен салдары. Ауыл шыруашылығының одан әрі дамуы
- •20Ғ басындағы Қазақстанға қоныс аударудың кең құлаш жоюы
- •1.Тас ғасырындағы Қазақстан
- •2. 1869. Орал Торғайдағы көтеріліс
- •3. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Қыпшақ пен Қимақ мемлекеттері
Қазақстан 1941-1945 ж.Ж Ұлы Отан соғысы кезінде
19Ғасырдың 2 жартысындағы музыка мәдениеті
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады.Қимақтар Қазақстан аумағында — IX — X ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметгері бойынша, қумандар Батыс Қазақстан аумағында мекендеген және қимақ, қыпшақ, қуман тайпаларынын үш құрамды бірлестігінің батыс тармағы болған. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Алтай аймағын қумандар мекендеген негізгі өңір деп санау керек. VII ғасырдың ортасында Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін бірқатар түркі тілдес тайпалардың оқшаулануы және сонымен бірге олардың күрделі топтасу үрдісі жүріп жатты. Солтүстік-батыс Алтай мен Шығыс Қазақстан аумағында қимақтар мен қыпшақтардың этника- лық-мәдени қауымы пайда болады.
Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.
15-билет
11-13ғ Қыпшақ мемлекеті
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Қр Ата Заңы 1995ж 30 тамыз
Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады.
1966 жылы басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 пайызы жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызы артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық. Реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
11-билет
