Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆
  1. Жошы ұлысы Ақ Орда

  2. Тың игерудің нәтижелері мен салдары. Ауыл шыруашылығының одан әрі дамуы

  3. 20Ғ басындағы Қазақстанға қоныс аударудың кең құлаш жоюы

  1. 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ.

  2. Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды.. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді.

  3. XX ғасырдың басы Қазақстан халқы санының жедел өсуімен сипатталады. Ол жергілікті тұрғындардың табиғи өсуі, сондай-ақ ішкі ресейлік губерниялардан келген миграциялық толқын арқылы жүрді. Тек 1897—1917 жылдар аралығында, яғни Ресей империясында жүргізілген алғашқы жалпы халық санағынан кейінгі жиырма жылдың ішінде Қазақстан тұрғындарының саны 25,7%-ға өсті.Мұндай өсу қарқыны жалпы өлке тұрғындарына тән болғанымен, оның негізгі жергілікті халқының жағдайы өзгеше-тін. Жиырма жыл аралығында қазақтардың Ресей империясы халықтары құрамындағы үлес салмағы төмендеп кетті. Ал Қазақстандағы қазақтар саны жиырма жылда 231 мың адамға ғана өсті.

25-билет

1.Тас ғасырындағы Қазақстан