- •Орталық Азия мен Еуропадағы ғұн мемлекеті
- •Ақтабан шұбырынды жылдары
- •Қазақстандағы 1916 ж ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, сипаты және барысы.
- •2. 1881 Ж. Петербург келісімі.
- •Жоңғарларға қарсы қазақ халқының азаттық күресі
- •1.Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •2.19 Ғ. Қазақстанның Шыңжаңмен байланысы. 3.Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
- •Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі
- •Қазақстанның алғашқы қауымдық құрылыс мезгілі. Тас ғасыры
- •Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •Ұйғырлар мен Дуңгендердің Жетісуға қоныс аударуы
- •18 Ғ. Ортасында қазақ жеріне әскери шептер салу
- •Қола дәуірдегі Қазақстан
- •1870 Ж Маңғыстаудағы котеріліс
- •Ортағасырлық қалалар
- •Тмд құрылуы. Ксро-ның ыдырауы
- •Қр Президентінің 2005ж 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы
- •Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Батыстүрік қағанаты
- •Абылый хан- саяси және мемлекет қайраткері
- •20 Билет
- •1723Ж. Ұлы күйзеліс жылдары жоңғарлардың жо»қын шабуылдары
- •1867-1868Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •Түркеш қағанаты
- •Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы
- •Махамбет Өтемісұлының өмірі мен ақындық өнері
- •1)Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яассауи орта ғасырлардың ұлы ғұламалары
- •2)Хиуа, Қоқан феодалдарының қазақтарға қысым көрсетуі
- •3)Қазақстан тарихындағы Әбілқайыр ханның алатын орны
- •Қарлұқ мемлекеті
- •Сырым Датұлының басқаруымен болған кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі
- •Ы. Алтынсарин – ағартушы және педагог
- •Қазақ хандығын билеген хандар
- •Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның зардаптары
- •Қазақстан Тәуесіздік жолында
- •Сақтардың материалдық мәдениеті мен әлеуметтік дамуы
- •1872 Ж Сібір қырғыздарының жарғысы. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы
- •А. Құнанбайұлы – ақын, қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы
- •1465-1466Ж.Ж Қазақ хандығының құрылуы
- •Верный қаласының салынуы
- •1986 Жылғы оқиғалар
- •Ұлы жібек жолы. Басты бағыттары саяси- экономикалық маңызы
- •1824 Ж Орынбор қырғыздарының жарғысы. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы
- •Индустрияландыру бағыт алу және оның барысы
- •Үгедей ұлысы
- •Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
- •Тоқырау кезіндегі рухаги өмір. Білім және ғылым
- •Қыпшақ пен Қимақ мемлекеттері
- •Қазақстан 1941-1945 ж.Ж Ұлы Отан соғысы кезінде
- •19Ғасырдың 2 жартысындағы музыка мәдениеті
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қр Ата Заңы 1995ж 30 тамыз
- •1218 Ж Шыңғысхан әскерлерінің Жетісу жеріне басып кіріу
- •1836-1838 Ж Ішкі Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі
- •Шағатай мемлекеті 14ғ ортасындағы Моғолстан мемлекеті
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1950Ж. Қазақстанның мәдениеті
- •Отырар апаты
- •Кеңесары сұлтан басқарған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі
- •Ш. Уалихановтың өмірі мен қызметі
- •Жошы ұлысы Ақ Орда
- •Тың игерудің нәтижелері мен салдары. Ауыл шыруашылығының одан әрі дамуы
- •20Ғ басындағы Қазақстанға қоныс аударудың кең құлаш жоюы
- •1.Тас ғасырындағы Қазақстан
- •2. 1869. Орал Торғайдағы көтеріліс
- •3. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Сақтардың материалдық мәдениеті мен әлеуметтік дамуы
1872 Ж Сібір қырғыздарының жарғысы. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы
А. Құнанбайұлы – ақын, қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы
Сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды.
АбайҚұнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
17-билет
1465-1466Ж.Ж Қазақ хандығының құрылуы
Верный қаласының салынуы
1986 Жылғы оқиғалар
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
1854 жылдың 24 қарашасында Верный бекінісінің негізі салынды.Верный Алматы шатқалында орналасты. Бұған дейін бұл жерде орналасқан Алматы қонысының орнына қара-қырғыздардың шабуылынан қорғану мақсатында құрылды. Бекініс басында Семипалатинск облысы Алатау округінің әкімшілік орталығы болды. Кейін Түркістан әскери округінің бекітілуімен және Семиреченск облысының құрылуымен облыстың әкімшілік орталығы етілді және Верный қаласы атауына ие болды.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
9-билет
