Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. Ғылыми-іскерлі, ғылыми техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды шегерімдерге жатқызу

Негізгі қорларды сатып алу мен оларды орнату және капиталдық сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда ғылыми зерттеу және ғылыми техникалық жұмыстарға шығындар шегерімге жатады. Мұндай шығындарды шегеруге жатқызуға жобалық сметалық құжаттар орындалған жұмыстар туралы акт және ғылыми зерттеулік және ғылыми техникалық жұмыстардың жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар негіз болады. ҒЗЖҒТЖ-ға шығындар –бұл жаңа немесе өндірілетін өнімдерді жетілдіруге,оның ішінде жаңалық ашуға жатқызылатын шығындар.Салық төлеушімен өз бетімен немесе басқа ұйыммен осындай зерттеулердің немесе әзірлеудің тапсырыс беруші санатына енетін сондай- ақ келісім –шарт негізінде бірге жүргізілген ҒЗЖҒТЖ әзірлеуге шығындар осы зерттеулер немесе әзірлеулер аяқтағаннан кейін немесе екі жақпен өткізу қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін танылады.Егер ҒЗЖҒТЖ-ға шығындалған шығындар нәтижесінде салық төлеуші ұйым төлеушіинтеллектуалдық қызмет нәтижесіне айрықша құқық алса ,ол құқық материалдық немесе активтер деп танылады және өтелімге жататын тіркелген активтер құрамына қосылады.Жоғарыда көрсетілген шығындар бойынша есептен шығарудың салықтық себебі үшін « ҒЗЖҒТЖ-дың шығындары бойынша ЖЖТ –тан шығарудың салықтық себебінің тізімдемесін» пайдалану ұсынылады.Тізімдемедегі барлық жазбалар қатаң құжатталады және бухгалтерлік есептің тіркелімдегі жазбалармен бірге болады.Бухгалтерлік есептегі ғылыми-зерттеу жобалық және тәжірбиелік конструкторлық жұмыстарға шығындар әр түрлі шоттарда:

«Аяқталмаған құрылыстың»-2930, «Басқа да материалдық активтердің »-2730, «Келесі кезең шығындары»-1620, «Негізгі өндіріс»-8100 шоттарында есептеуге болады.

№ 12 емтихан билеті

  1. Тұрақты және уақытша айырмашылықтардың пайда болу себептерi және олардың шаруашылық субъектiнiң қаржылық нәтижесiне әсерi.

Салық салынатын және есептік табыс арасындағы пайда болу себептерінің бірі ,белгілі бір баптар бір есеп айырысуға қосылса,екіншісінен шығарылатыны болып табылады. Мысалы, кейбір шығындар салық салынатын табысты анықтау кезіндегі рұқсат етілетін шегерімдер болып табылмайды , бірақ бұл шығындар табысты есептеу кезінде шегерілетін болады.Мұндай айырмашылықтар тұрақты айырмашылық деп аталады. Тұрақты айырмашылықтар- бұл есептік кезеңдегі салық салынатын және есептік табыстар арасындағы арасындағы айырмашылық.Олар ағымдағы есептік кезеңде пайда болады және келесі кезеңдерде жабылмайды.Рұқсат етілген және шектеулермен заңдастырылып қарастырыдған тұрақты айырмашылықтар бухгалтерлік табыс есеп айырысумен байланысты экономикалық, саяси немсе әкімшілік тұжырымдамамен шартталған.Тұрақты айырмашылықтар оның қызметі процесінде ұйыммен төленуге тиісті жиынтықты табыс салығының есеп айырысуына байланысты.Тұрақты айырмашылықтар тек жиынтықты салыққа ықпал етеді және табысқа салықты бөлу кезінде , не тәжірбиелік, не теориялық мәселелер туындатпайды.

Уақытша айырмашылықтар- бұл есептік кезең уақытынан тыс, бірақ есептік табысқа қосылатын, салық салынатын және табыс пен шығынның кейбір баптары қосылатын және есептік кезеңдегі есептік табыс арасындағы айырмашылық.УА-тар бір немесе бірнеше келесі кезеңдерде күшін жояды.УА пайда болуы мен оның күшін жою бірнеше есептік кезең ішінде өтуі мүмкін.Бұл УА-тардың сомасы және түрлері туралы ақпараттар қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін жиі пайдалы болады.Шаруашылық операциялары бір есептік кезеңнің салық салынатын табысының көлемінде және басқаның есептік табысында көрсетілген жағдайда , есептік кезең арасында пайдаға салықты бөлу қажеттігі пайда болады.

Мұндай УА-тардың келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін :

  1. Егер кейбір сомалар салық салынатын табыстан шегерілсе және ағымдағы есеп беру кезеңіндегі келесі кезеңнің шығындарына қатысты болса.

  2. Егер сомалар ағымдағы кезеңнің шығындары ретінде қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп ьеруде көрсетілсе,бірақ келесі кезеңдегі салық салынатын табыстан шерерімге жатқызылса.