Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. Дивиденттер, пайыздар, ұтыстар, жалға беру, роялти нысанындағы және басқада табыс түрлерiнiң салық есебiнде көрсету ерекшелiгi.

Дивиденттер бойынша табысқа қатысушылар арасында заңды тұлғамен бөлінетін таза табыстың бөлігі жатады.Табыстар дивиденттер түрінде «дивиденттер бойынша табыстардың»-6120 кредит шотында көрсетіледі.Салық есебі үшін дивиденттер бойынша табыстардың есебі –ҚР-ның ішінде және одан тыс жерлерде алынған табыстар қимасында жүргізілуі керек. Дивиденттер төлеген заңды тұлға міндетті түрде төлем көзінен 15 пайыз мөлшерінде табыс салығын ұстауға міндетті.Дивиденттер бойынша , корпоративтік табыс салығы туралы Декларацияның қосымшасында дивиденттерді төлем көзінен аорпоративті табыс салығының ұсталғаны туралы құжатты растайтын берілген күні мен нөмерін көрсету қажет.

Салық төлеушімен мемлекеттік (ұлттық) лотерея ұтыстарынан басқа, конкурстардан, жарыстардан,фестивальдан,жинақтардан, лотериядан натуральды немесе ақшалай көрсетілімде алаынған ұтыстар.Ұтыстар бойынша табыстар сомасын анықтау үшін «Басқа да табыстардың»-6280-шотында, «лотерияға қатысудан алған ұтыстың» Дт 1030,Кт 6280 қосалқы шоттарында іріктеу жүргізіледеі,ұтыс түрі бойынша алынған табысты ажарататын тізімдеме жасалады.

Роялти.Бұл баптар бойынша табыстың деректерін «Басқа да табыстардың» (Роялти қосалқы шоты ) 6280- шотын іріктеу бойынша анықтайды.

  1. Резервтік қорларға болатын аударымдар шегерімдерінің салық есебі.

Заңға сәйкес келісілген шарт негізінде өз қызметін жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушы осы кен орнындағы жер қойнауын пайдалану бойынша орерацияларды аяқтауына байланысты кен орнын (резервтік қор) өңдеудегі залалды нәтижесін жою қорына аударылған соманы есептен шығаруға жатқызады.Кен орнын өңдеудің залалды нәтижелерін жою шығындарының жобалық сомасынан туындайтын білікті органмен кен орнын өңдеу нәтижелері бойынша шартқа салық талдауын жүргізу барысында кен орнын өңдеудегі залалды нәтижелерді жою қорына аудару мөлшері мен тәртібі жерді пайдалану жөніндегі шартпен кен орнын өңдеудің барлық аяқталу мерзіміне белгінеді.Кен орнын өңдеудің залалды нәтижелерін жоюдың резервтік қорын құру кезінде ол басқа да қысқа мерзімді бағалау міндеттемесі 7210,8100- шоттары дебеттеліп, «Кен орнын өңдеудің залалды нәтижелерін жоюдың резервтік қорының» -3440 –қосалқы шотында кредиттеуге болады. Егер кен орнын өңдеудің залалды нәтижелерін жою бойынша нақты шығындары көрсетілген қорға аударылса,жағымды айырмасын жер пайдаланушының салық салынатын табысына қосуға болады.Бухгалтерлік есепте артық есептелген резервтік сомасы сторнаға жатқызылады.

№ 11 емтихан билеті

  1. Салық төлемдерi бойынша салық әсерiнiң есебi.

Салықтар– бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.

Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан – табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектлерден –пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп –айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар — өздерінің табысынан төлейді. Салық төлеушілердің барлық саны- салық органдарында тіркелген заңды тұлғалардың; жеке азаматтардың, кәсіпкерлердің жиынтық санымен анықталады. Салықтар нақты және жеке салықтарға бөлінеді.

Нақты салықтар – Бұл мүлікке салынатын салықтар. Бұл салықтар мүліктен немесе кірістен алынады. Оның негізгі ерекшелігі салық салуда салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды.

Жеке салықтарға халықтың кірістерінен алынып, салық төлеушінің төлемқабілетттілігін ескереді.

Салықтың ұйымдастырушылық нысанына:

салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі болып табылады(табыс және мүлік және т.б.);

салықтың төлену көзі – салық төленетін қор немесе қаражат (ағымдық кіріс, несие және т.б.); салық базасы - салықсалду объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары; салық мөлшерлемесі– салық базасының өлшембірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді; салық салу субъектісі – салықты және басқа да төлемді төлеуші тұлға.

Әрбір салықтың келесідей құрамдас бөліктері (элементтері) бар:

Салық субъектісі немесе салық төлеуші – салықты және басқа да төлемді төлеуге міндетті заңды және жеке тұлғалар.

Салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі(табыс, өнім және мүлік т.б.). Салықтың саны мен аталуы объектіге байланысты қалыптасады. Мысалы, мүлік, табыс салықтары

Салық көзі – субъектінің салық төлейтін кірісі (еңбек ақы, пайыз, рента).

Салық өлшемі - есептеу үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б., жержің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді.

Салық салу тәжірибесінде салық мөлшерлемесінің тұрақты, үйлесімді, прогрессивті және регрессивті түрлері жиі қолданады. Тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді. Мысалы, мұнай тоннасына тұрақты мөлшерлеменің екітілуі.