Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЛЫҚ ЕСЕБІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆
  1. Салықтардың салық есебі.

САлықтық қаржылық есебі «Ағымдағы активтер» немесе «ағымдағы пассивтер» бөлімінде көрсетіледі баланстағы дебеттік және кредиттік қалдықтарды салықтардың әр түрлері бойынша тұқырту рұқұсат етілмейді.Бухгалтерлік есептің салық есебінен айырмашылығы мемлекет бюджетіне төленген салықтардың аударылған шегінде ғана,мыналардан басқа есептен шығыруға жатады:

-жылдық жиынтық табысты (ҚҚС,акциз) анықтағанға дейін шығарып тасталатын салықтар

-ҚР аумағанда және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтік жылдық салық пен табысқа салық ;

-үстеме пайдаға салық;

Бюджетке төленген салықпен жинау сомаларын төлем туралы түбіртек және төлем тапсырмасы негізінде , сондай-ақ салық төлеушінің дербес шотында карточкасы бойынша анықтайды.Бюджетке енгізілетіннен басқа айыппұлдар мен өсімақыны қосқандағы есептелу шегіндегі төленген тұрақсыздық төлемі, шаруашылық келісім шарты және «Ақшалай қаражаттар» шоты бойынша шығындар операциялары кассалық құжаттар төлем тапсырмалары мен басқа да құжаттар жолымен анықталады.Өткен салық кезеңі үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар , төлемі болған,сол салықтық кезеіге есептен шығаруға жатады.Жылдық табыс жиынтығы алумен байланысты берілген және танылған айыппұлдар, өсімақылар,тұрақсыздық төлемдерінің сомасын анықтау үшін есептен шығарылуға жататын сомаларын анықтау үшін керектері және декларацияның 21-қосымшасын толықтыру үшін пайдаланылатын «Салықтардың,алымдардың,тұрақсыздық төлемінің,айыппұлдардың,өсімақылардың және шығын өсімақысының салықтық есебінің тізімдемесінің» пайдалану ұыснылады.

№ 13 емтихан билеті

  1. Уақытша айырмашылықтар негiзiнде салық әсерiн анықтау.

Есептеу кезең үшін салықтардың төлемі бойынша шығындар міндеттеме әдісі мен мен кейінге қалдыру әдістерін қолданумен уақытша айырмашылықтың салықтық тиімділігінің есебі негізінде анықталуы тиісті. «Табыс салығының есебі» 12- ХБЕС талаптарына сәйкес бюджетке табыс салығы бойынша қарыз сомалары, міндеттеме әдістерінің негізі арқылы анықталады. УАқытша айырмашылықтың салық нәтижесі – бұл уақытша айырмашылықтың пайда болу нәтижесінде келешекке төлемге жататын немесе ағымдағы кезеңде алдын ала төленген салық төлемінің сомасы.

Салық салынатын табыс =Бухгалтерлік табыс ±Тұрақты айырмашылық±Уақытша айырмашылық

Бухгалтерлік табысты анықтау кезіндегі бухгалтерлік есеп шеңберінде шығындардың бір бөлігі есептік кезеңнің шығындарына қатысты болады, бірақ салық салынатын табысты анықтау кезіндегі салық есебінің шеңберінде осы есептік кезеңде шагарімге жатпайды. Мұндай шығындар салық есебі шеңберінде шартты түрде келесі кезеңдегі салық шегерімі деп аталады.Салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыс арасындағы уақытша айырмашылық есептік кезеңдегі табыс салығы бойынша салық төлемі мөлшерінің өзгеруіне алып келеді.Табыс салығы бойынша салық төлемінің мөлшерінің өзгерістерінің бұл нәтижесі уақытында уақытша айырмашылықтың салық нәтижесі тиімділігі деп аталады.

  1. Кері курстық айырмалар бойынша шегерімдер.

Шетел валютасындағы шетел валютасы төлем сапасы ретінде пайдаланылатын,құны шетел валютасымен және міндеттемелермен көрсетілген,мүлік операциялары, операцияларын бухгалтерлік және салықтық есепте көрсету тәртібі Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартының ережесімен және «Шетел валютасындағы операциялар есебінің»

9- бухгалтерлік есебімен және «ХҚЕС», «Валюта бағамына ықпал ету» 21- шотымен реттеледі.

Валюталық операциялар – бұл доминацияланған шетел валютасындағы немесе компанияда пайда болатын , оған есепті талап ететін операйияларды қосқандағы операциялар:

  1. Бағасы шетел валютасында көрсетілген тауар мен қызметтерді сатады және сатып алады;

  2. Төлемге немесе алуға сомасы шетел валютасында белгіленген қағазды алады немесе ұсынады.

  3. Орындалмаған валюталық шарттың жағы болады;

  4. Қалайда басқалай тәсілмен ативтерді сатып алады және өткізеді, өзіне шетел валютасында көрсетілген міндеттемені қабылдайды немесе жабады.

Бухгалтерлік есеп шотының жұмыс жоспарындағы бағамдық айырмашылық сомасын көрсету үшін келесі шоттар қарастырылған: «Бағамдық айырма бойынша кірістер»-6250, «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»-7430 шоттары , бірақ салық есебінің ұйымында тану ережесі болғандықтан ,абсолютте көрсетілген соманы тануды салық есебінде көрсету мүмкін емес.Салық есебінде бағамдық айырмашылықты көрсету үшін Декларацияның 100- нысанындағы «Бағамдық айырмашылықтың» 9- қосымшасы құрастырылады.

Салық есебінде пайдаланылатын түсініктер:

  • Бағамдық айырмашылық бойынша табыс – бұл жағымды бағамдық айырмашылықтың терістен артығы

  • Бағамдық айырмашылық бойынша есептен шығару – теріс бағамдық айырмашылықтың жағымдыдан артуы

  • Шетел валютасындағы операциялар- салық салу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеде операцияның өткізілген күніндегі валютаның нарықтық айырбас бағамын қолданумен, қайта есептеледі.

№ 14 емтихан билеті