Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvet_2_list_1-_40_surak.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

22.Гераклдың алтыншы ерлігі бойынша бүгінде ел ішінде қолданылып жүрген фразаны жазыңыз.

Алтыншы, Элида патшасы Авгийдин табын-табын малы, аппак аякты 300 бука,кып-кызыл 200 бука, аккудай аппак 12 бука, жулдыздай жаркыраган 1 бука мекендеген омири тазаланбаган мал корасын 1 кунде тазалап береди, Геракл коранын 2 кабыргасын кулатып,Алфей жане Пеней озендеринин арнасын бурып акелип,коранын ишимен агызып жибереди. Сойтип каты агыспен 1-ак кунде кораны тазалап береди де ,кабыргасын кайта тургызады. Геракл Элида патшасына қатты ашуланды. «Кінәліні жазасыз қалдыруға болмайды» — деп ойлады Геракл.

Сарай күзетшілерін қуып жіберіп, Геракл жекпе-жекте Авгийді өлтіреді. Элиданың тұрғындары жеңімпаздан Авгийдің тағын иемденіп, патша болуды сұрады. Бірақ Геракл бұл өтініштен бас тартты. «Мен Авгийді оның патшылығын тартып алу үшін жеңген жоқпын, — деді ол. – Оның құдайлар алдында күнә жасамаған ұлы бар. Елді сол басқарсын.

23."Бүлік алмасы" тіркесінің мәні. Батыр Пелей мен теңіз құдайы Фетида некелесіп, олар ұлан-асыр той жасайды.

Тойға Олимп құдайларының барлығы жиналады. Аполлон алтын кифарасымен ғажайып әуендер төгілтіп, әсем саздың аясында Афина, Артемида, алтын шашты Афродита асқан сұлулықтарымен отырған жұртшылықты таң қалдырды. Тойға тіпті қанды қырғынның бәрін ұмытып, соғыс құдайы Арес те қатысты. Тойға келгендер Пелей мен Фетидаға керемет сыйлықтар табыс етті. Осындай бұрын-оңды болып көрмеген керемет тойға барлық құдайлар шақырылғанда, тек дау-жанжал мен ұрыс-керістің құдайы Эрида шақырылмай қалады. Себебі қандай той болмасын шырқын бұзып отыратын Эрида құдайдың тойға келмегенін басқа құдайлар қалаған болатын. Эрида әрине тойға шақырылмай қаламын деп мүлде ойлаған жоқ. Басқа құдайлар секілді ол да тойға дайындалып жүреді. Ал өзінің шақырусыз қалғанын түсінгенде, Хирон үңгірі маңында жападан-жалғыз қалып, әбден ойланып, кек алуға бекінеді. Барлық құдайлар жиналып, шарап ішіліп, тойдың әбден қызған шағында Эрида келеді де, ешкімге байқатпай, столдың үстіне қып-қызыл, әдемі алманы тастап жібереді. Бұл алманы Эрида Гесперидалар бағындағы алтын ағаштан алған болатын. Қызыл алма домалап барып, столдың нақ ортасына тұра қалады. Алманың бір бүйірінде «ең сұлу әйелге» деген жазу бар еді. Манадан бері бір-бірін мақтап, мадақтап, ерекше қуанышпен, ерекше сыйластықпен отырған тойшыл қауым жым-жырт бола қалады. Себебі тойға жиналған әйел-құдайлардың әрқайсысының көкейінде «бұл алма маған ғана тиесілі» деген ой болатын. Тойдың шырқы бұзылды. Себебі, көптеген әйел-құдайлар бұл алмаға таласа бастады. Таласып ұрысып-керісіп, бір-бірін жеңе алмаған әйелдер ренжіп тойдан кетіп қалды. Бір келісмге келе алмаған, бір-біріне жеңістік бермеген, алма маған ғана тиесілі деп ойлаған үш әйел-құдай ғана қалды. Олар отбасы мен неке құдайы – Гера, махаббат пен сұлулықтың құдайы – Афродита, қалаларды қорғаушы, батыр құдай – Афина болды. Үшеуінің алмаға таласқаны соншалық олар «төрелігін айт» деп Зевске барады. Зевс өзінің бұл дауды шеше алмайтындығын білді. Себебі бірі – әйелі, екеуі – қыздары. Қай-қайсысына берсе де, оларды ренжітіп алатынын түсініп, әділдігін айтуды Троя қаласының әміршісі Приамның ұлы бақташы Париске жібереді. Үш әйел-құдай ұшып отырып, Трояның іргесіндегі тоғайда мал бағып жүрген Париске келеді. Олар Париске алманы беріп, әрқайсысы өзінің ерекшелігін айта бастайды. Гера тұрып: «Егер осы алманы маған берсең, мен отбасы мен неке құдайы, сені жер бетіндегі ең бақытты адам етемін» дейді. Әрине, ең бақытты адам – өз отбасына сүйікті де қажетті адам екені түсінікті. Афина болса: «Егер осы алманы маған тиесілі деп тапсаң, мен сен үшін адам баласы естіп көрмеген жойқын ерліктер жасап, сенің даңқыңды шығарамын. Сен атақты боласың» дейді. Афродита өз кезегінде: «Егер алма менікі болса, онда мен саған жер бетіндегі ең сұлу әйелдің махаббатын сыйлаймын» дейді. Парис көп ойланбастан алманы Афродитаға береді. Қалған екі әйел-құдай Париске қатты ренжіп, Троя қаласын жер бетінен мүлде жоқ етіп, жермен-жексен етіп жіберуге анттасып, кетіп қалады. Міне, Пелей мен Фетиданың тойының шырқын бұзып қана қоймай, құдайлардың өзін бір-біріне өшіктіріп қойған, соның салдарынан Троя түбіндегі соғыстың болуына әкелген алма осылайша «бүлік алмасы» деп аталды. Эрида өз мақсатына жетті, құдайларды жанжалдастырып, өш алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]