- •1.Классикалық филологияның зерттеу обьектісіне тоқтала отырып, талдау жасаңыз.
- •2.Көне гректер мен римдіктердің әдет-ғұрпы, діни түсінігі, тұрмыс-тіршілігі қандай болды, оның біздің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен үндес келетін тұстары бар ма?
- •4.Көне мәдениетті оқытудың маңызы.
- •6.Көне Грекия мен ежелгі Римдегі қоғамдық-саяси жағдаят.
- •7.Көне гректер мен римдіктердің тұрмысы мен әдет-ғұрпы.
- •8.Жер асты Аид патшалығын сипаттаңыз.
- •9.Зевс патшалығы: құрылысы, мойралардың қатігездігі неде?
- •12.Көне гректер мен римдіктердің тұрмысы: қалалық мәдениет, қолөнер, ойын-сауық, мекені, киімі.
- •10.Құдайлар туралы мифтерден өзіңізге ұнаған бір мифті баяндаңыз
- •11.Мифология және дін.
- •13.Посейдон патшалығын сипаттаңыз.
- •14.Көне грек және рим мәдениетінің даму сатылары қандай болды?
- •15.Мысалшы Эзоп. «Эзоп тілінің» қазіргі ұғымы.
- •16.Геракл туралы мифтер циклын тарқатып жазыңыз.
- •17.Гераклдың бірінші ерлігінен ескерткіш ретінде тарихта қандай ойын түрлері қалды?
- •18."Ариадна жібі" тіркесінің мәні.
- •19.Гераклдың үшінші ерлігіндегі Стимфал құстары құрылысының бүгінгі техникамен қандай байланысы бар деп ойлайсыз.
- •20."Ахиллестің өкшесі" тіркесінің мәні.
- •21.Гераклдың бесінші ерлігіндегі кентаврларды сипаттаңыз.
- •22.Гераклдың алтыншы ерлігі бойынша бүгінде ел ішінде қолданылып жүрген фразаны жазыңыз.
- •23."Бүлік алмасы" тіркесінің мәні. Батыр Пелей мен теңіз құдайы Фетида некелесіп, олар ұлан-асыр той жасайды.
- •24.Гераклдың сегізінші ерлігінен соң шын мәнінде бой көтерген қала.
- •25."Троялық ағаш ат" тіркесінің мәні.
- •26.Ежелгі грек театры.
- •27.Гераклдың он бірінші ерлігі бойынша Аид патшалығын суреттеп жазыңыз.
- •28.Гераклдың он екінші ерлігі бойынша әлем жаралуы туралы өз ойыңыз.
- •29.Мойралар деген кімдер болды, олардың қатігездігі неде?
- •30.Тюхе не себепті адам баласының көзіне сирек көрінетін болды?
- •31..Грек құдайларының мекендейтін орны, өмір сүру салты қандай болды?
- •32.Атақты Троя қаласы жырда қалай бейнеленгендігіне тоқталыңыз.
- •33.Нестор, Диомед, Аякс, Ахил, Одиссей секілді батырлар образдары қалай сомдалған?
- •34.«Пенелопа - адалдықтың символы» дегенге пікірге қалай қарайсыз?
- •35.Одиссей образы батырлықтың, ерліктің үлгісі.
- •36.Орхестра дегеніміз не? Периакт дегеніміз не?
24.Гераклдың сегізінші ерлігінен соң шын мәнінде бой көтерген қала.
Сегизинши, Диомед патшанын гажайып сулу кушти, тек темир тусау гана салынатын, тек адам етимен гана коректенетин аттарын устап акеледи. Бирак булл сапарында да Геракл улкен трагедияга тап болады. Онын жанында журген Гермес баласы Абдерди Диомед аттары шайнап тастайды.Геракл онын курметине Абдер атты кала салдырады.
25."Троялық ағаш ат" тіркесінің мәні.
гректер ару - құдай Палладаға тарту еткен ағаш ат болатын және оның ішінде кейіп Трояны тас-талқан етіп қиратқан қарулы сарбаздар отырған. Ар заттын немесе адамнын ишинде не бар екенин билип алу артык болмайды. Сырты бутин,иши тутин! Алдамшы ис-арекеттер!
26.Ежелгі грек театры.
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалогэлементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.
Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және"одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай:1.Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы).2.Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы).3.Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.).4.Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі. Афиныда алғашқы қойылымдар қала алаңдарының бірінде қойылып, көрермендерге арнап уақытша тақтайша үстелдер (оның биіктігі бар болғаны 38 см болды) орнатылған. Бірақ театрға халық көп жиналғандықтан, ол көпке шыдамай қирап қалады. Бұл оқиғадан кейін халық жиналысының шешімі бойынша Афины қамалының оңтүстігінде, дәлірек айтқанда Акропольде үлкен театр салынады. Театрдың негізі диаметрі 27 метрден тұратын тапталған дөңгелек жерді алды. Ортада Диониске құрбандық шалатын жер болды. Ежелгі грек театры қорған қызметін атқарған қаланың жоғарғы бөлігі Акрополь аумағында орналасқан. Хорег трагедия үшін 12 адамнан (кейін 15 адамнан) тұратын, ал комедия үшін 24 адамнан тұратын хор орындаушыларды таңдап алды. Хор орындаушылар репитиция өткізетін ғимараттың, сайысқа қажетті костюмдерінің ақшасын хорег төледі. Қойылымның ерекше сәнді, салтанатты өтуі хорегтің жомарттығына байланысты болды. Драмада үш актер ойнаса, негізгі рөлді ойнайтын актер – протагонист, екінші актер – девтерагонист, үшінші актер – тритагонист деп аталды. Ақынның хорегі кім болатындығы, негізгі актеры кім болатындығы архонт басқарған халық жиналысында жеребе тастау арқылы шешіліп отырды. Ежелгі грек театры мынадай негізгі бөліктерден тұрды: орхестра, трибуна, проскения, скена. Драмалық және лирикалық хор орындалатын орхестра («пляскаға арналған алаң») театрдың негізгі бөлігі болып табылды. Демек, орхестрада хор орындаушылар мен актерлар өз өнерлерін көрсеткен.
