Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи 5 К ОМ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
726 Кб
Скачать
☆

№25 Есеп

Науқас А., 19 жаста.

Шағымы: теріде бөртпе және терінің қышынуы.

Анамнезі: биологиялық қоспаны қабылдағаннан соң, жоғарыдағы көрсетілген шағымдар мазалаған.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 80 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№26 Есеп

Науқас П., 23 жаста.

Шағымы: тыныштық жағдайында ентігу, беттің, қабақтың, құлақтың ісінуі, кеуде тұсының күйдіріп ауруы, ауа жетпеу және үрейлену сезімі, дене қызуының жоғарылауы.

Анамнезі: ;жоғарыда көрсетілген шағымдар балды жегеннен соң пайда болған. Науқастың жағдайы нашарлағаннан соң туыстары жедел жәрдем шақырған.

Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқандары, мойнындары ісінген. Денесінде майда нүктелі бөртпелер бар, кей жерлерінде бөртпелер қосылған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 26 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм с.б.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№27 Есеп

3 Жастағы науқас бала з.

Бала бірден пайда болған басының ауруына, тыныс алуының қиындауына, дененің барлық бөлігінде терінің полиморфты бөртуіне және терінің қышуына шағымданады.

Анамнезі: жоғарыдағы көрсетілген шағымдар 20 минут бұрын пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы келерден жарты сағат бұрын екі жақты майда ошақты пневмонияны емдеу үшін 0,5 ампициллиннің бірінші инъекциясы бұлшық етке салынған. Бір жыл бұрын оспен препаратына аллергиялық реакция - есекжем болған.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Денесінде аяқ қолдарында бозғылт теріде уртикарлы бөртпе пайда болған. Суық, жабысқақ тер басқан. Тыныс шығаруы қиындаған. Тынысы алуы минутына – 46 рет. Аускультацияда тынысы пуэрильді, екі жағында бірдей. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, тондары тұйықталған. АҚҚ- 60/20 мм с.б., пульсі - 160 рет/минутына, жіп тәрізді. Іші ауру сезімсіз. Бауыры + 1 см қабырға доғасынан төмен түскен. Соңғы сағатта зәр шығару болған жоқ.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР