Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи 5 К ОМ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
726 Кб
Скачать
☆

№43 Есеп

Науқас К, 40 жаста, оң жақ мықын аймағындағы ауру сезіміне, құсу, көңілі айнуға шағымданады. Ауру жедел басталды, 10 сағат бұрын эпигастрий аймағындағы ауру сезімі және құсу мазалаған. Но-шпа таблеткасын қабылдағаннан соң ауру сезімі басылды. Кейін ауру сезімі оң мықын аймағына ауысты. 10 жылдан бері асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруымен ауырады. Амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қан қысымы 120/80мм сын бағ, пульсі минутына - 88 рет. Тері жабындылары бозғылт. Тілі ылғал, жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кебулер жоқ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауру сезім анықталады. Оң жақ мықын аймағында және қасаға үстінде бұлшық еттер қарсылығы артқан, Щеткин-Блюмберг белгісі оң.

Диагнозы және сіздің тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№44 Есеп

Науқас В, 56 жаста. Өзін 7 күннен бері аурумын деп есептейді. Жедел ауырған, кіндік аймағында ауру сезіммен басталған, кейін оң жақ мықын аймағына ауысқан. Ертеңгі күні ауру сезімі басылған. Медициналық көмек шақырмаған, бірақ іштің төменгі бөлігінде түзіліс анықталған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлы. ҚҚ 140/80мм сын бағ, пульс -84 рет минутына. Қызуы қалыпты. Нәжісі қалыпты. Тілі ылғал, жабындымен жабылған. Іші ісінбеген, жұмсақ, оң жақ мықын аймағында 12-7см айқын ауру сезімі бар, қозғалуы шектелген түзіліс анықталады. Зәр бөлуі қалыпты. Лейкоциттер 8,6 мың.

Диагнозы және сіздің тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№45 Есеп

Науқас С, 32 жаста. Іштің барлық аймағында ауру сезімі және құсуға шағымданады. 3 күн алдын ауру жедел басталған, оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімімен. Үйде анальгин қабылдаған және мед көмек шақырмаған. Жалпы жағдайы ауыр. Ентігу, ҚҚ 100/60 мм сын бағ, пульс 140 рет минутына. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші ісінген, тыныс алуға қатыспайды. Пальпациядан іштің барлық аймағында айқын ауру сезімі. Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Кіші дәреті еркін, күніне 500мл мөлшерде. Нәжісі 3 күннен бері анықталмайды. Дене қызуы 38,4 С.

Диагнозы және сіздің тактикаңыз?

Зав. кафедрой СНМП

Д.м.н., профессор Турланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР