- •№1 Есеп
- •№2 Есеп
- •№3 Есеп
- •№6 Есеп
- •№7 Есеп
- •№8 Есеп
- •№9 Есеп
- •№11 Есеп
- •№12 Есеп
- •№10 Есеп
- •М.Ғ.Д., профессор Тұрланов к.М.
- •№13 Есеп
- •№14 Есеп
- •№15 Есеп
- •№16 Есеп
- •№17 Есеп
- •№18 Есеп
- •№19 Есеп
- •№20 Есеп
- •№21 Есеп
- •№22 Есеп
- •№23 Есеп
- •№24 Есеп
- •№25 Есеп
- •№26 Есеп
- •№27 Есеп
- •3 Жастағы науқас бала з.
- •№28 Есеп
- •№29 Есеп
- •№30 Есеп
- •№31 Есеп
- •№32 Есеп
- •№33 Есеп
- •№34 Есеп
- •№35 Есеп
- •№36 Есеп
- •№37 Есеп
- •№38 Есеп
- •№39 Есеп
- •№40 Есеп
- •№41 Есеп
- •№42 Есеп
- •№43 Есеп
- •№44 Есеп
- •№45 Есеп
- •№46 Есеп
№46 Есеп
Науқас С, 24 жаста, оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, дене қызуы 38,6-39С, қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 1 апта болды. Алғашында оң жақ мықын аймағында ауру сезімі басталған, кейін ертесі басылған. Кейінгі 3 күнде іште айқын ауру сезімі, құсу және көңіл айнуға шағымданады. Кешке жақын дене қызуы жоғарылайды және қалтырау басталады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. ҚҚ-120/80мм сын бағ, пульс-120 рет минутына. Тілі ылғал, жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауру сезім анықталады, тығыз, қозғалысы шектелген 10-12 см өсінді анықталады. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Физиологиялық шығарылымдары қалыпты.
Алдын ала болжама диагнозы және сіздің тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№47 ЕСЕП
Науқас Г, 49 жаста, әлсіздік, басының айналуы, жүрек айну, құсуға, іштің шағымданады. Анамнезінде қантты диабет. Семіздіктің 3 дәрежесі. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарында ауру сезімі анықталады. Шап аймағында онша үлкен емес түзіліс пальпацияланады, ауру сезімді және тығыз.
Диагнозы және және сіздің тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№48 ЕСЕП
Науқас 70 жаста, соңғы үш жылдан бері кіші дәретке шығудың қиындауы мазалайды. Кіші дәретке әлсіз, сығырайған ағынмен әрең шығады, және жиі қыстайды. Қарап тексергенде оң жақ шап аймағында, ұманың түбі тұсында мөлшері 6 х 6см болатын, жатқан кезде жоғалатын, консистенциясы жұмсақ – эластикалық, пішіні домалақ келген түзіліс анықталады. Ұрық шылбыры түзілістің сыртында жатыр, сыртқы шап сақинасы 1,5см.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№49 ЕСЕП
Науқас сол жақ шап аймағындағы томпайған түзіліске, ұмасының сол жақ бөлігінің ұлғаюуына шағымданады. Қарап тексергенде, науқас тік тұрған халде шап каналы бойымен ұмаға дейін жететін томпайған түзіліс анықталады. Жұмыртқалар пальпацияда анықталады. Ұрық шылбырының элементтері түзілістің ішкі бетінде орналасқан; Жатқан кезде томпаю кішірейеді.
Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№50 ЕСЕП
Науқас К. 18 жаста, сол жақ шап аймағында ауыратын ісік тәріздес түзілістің пайда болуына, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Суықтау және физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Тексергенде сол жақ шап аймағында көлемі 4 х 5 см шығатын, тығыз, айқын ауыру сезімді ісік тәріздес түзіліс анықталды. Түзілістің айналасындағы тері гиперэмирленген, ісінген.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
№51 ЕСЕП
18 жасар науқас ауыр күйде. Сана есі сақталған. Сұрастырғанда қудалаушылардан қашып жүргенде құлап, байқамай, сорайып тұрған ағаш түбіріне ішімен ұрылғаны анықталған. Қарағанда: терісі мен көзге түсер шырышты қабықтары бозарыңқы, тері салқын. Тамыр соғысы минутына 120, толуы әлсіз, ырғақты, қан қысымы 70/40 мм сын. бағ., жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Ішінің алдыңғы терісінде, ақ сызық бойымен кіндіктен 2-3 см жоғары соққы тиген жерде қызару бар. Ішінің алдыңғы беті, әсіресе жоғарғы бөлімдері, тыныс алуға шала қатысады. Беткей пальпацияда ішінде қарқынды ауыру сезімі, етінің қатаюы анықталған. Ішастарының тітіркену белгілері оңтай әлсіз. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№52 ЕСЕП
18 жасар науқас биіктігі 10 метр трамплиннен жығылғаннан 1 сағат өткеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Науқас есінде. Ішінің жалпылай ауыруына шағымданады. Тері беттері бозарыңқы, пульсі минутына 96, қан қысымы 110/70 мм. сын. бағ. Іші кеппеген, тыныс алуға қатысады, бұлшық еттері қатаймаған. Щеткин-Блюмберг симптомы шүбәлі. Іштің бос қуыстарында топастық жоқ. Бауыр топастығы сақталған. Рентгендік зерттеуде іш қуысында өзгерістер табылмаған. Нб -128 г/л, Нт - 37%, лейкоциті -12 мың. Зәрінде еш өзгеріс жоқ. 1,5 сағаттан кейін науқастың күй-жағдайы тез төмендеген: қанды құсық, тынышсыздану пайда болған. Пульсі жиі, минутына 120 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ., терісі бозарыңқы, салқын тер.
Науқастың күй-жағдайының нашарлауы немен байланысты?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№53 ЕСЕП
23 жасар науқас хирургиялық бөлімшеге ауыр күй-жағдайында, ес-түссіз жеткізілген. Шапшаң көмек дәрігерінің сөзінен оны машина қағып кеткені белгілі болған. Қараған кезде басында, беттерінде сыдыру, оң жақ сирақ сүйектерінің төменгі бөлігінің жабық сынығы анықталған. Ауруханаға жол-жөнекей шокка қарсы шаралар жасалып, анальгетиктер енгізілген. Хирургияның қабылдау бөлімінде науқас есіне келген, ауызынан алкоголь иісі шығады, зақымдану жағдайы есінде жоқ. Қосымша байқауда ішінің алдыңғы бетінде сыдыру табылған. Терісі бозарыңқы, тамыр соғуы жиі, минутына 100 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ. Іш бетінің қозғалысы шектелген, бұлшық еті қатайған, палпацияда жайылмалы қатты ауырсыну бар, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуссияда іш қуысының бос жерлерінде тұйық дыбыс. Қан талдауы - эритроциттері 2 млн., Нб - 68 г/л ., гематокриті -30%., лейкоциті -10 мың. Қандай диагноз қоясыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№54 ЕСЕП
Науқас Р. 60 жаста. Шағымы: жалпы әлсіздік, басының айналуы, қара сұйық нәжіс. Соңғы тәулікте қатты әлсіреген, басы айналған. Науқаста 3 рет сұйық нәжіс болған және қысқа уақыт есінен айрылған. Үш тәулік бұрын аспирин ішкен. Науқас ұзақ уақыт созылмалы пневмониямен ауратын болып шықты.Сонымен қатар гиперацидті гастритпен ауырады. Жалпы жағдайы орташа.Терісі бозарған, мұздай тер ағуда.Тамыр соғуы 116 рет 1минутта. А/Д105/60 мм рт.ст. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ ,ауру сезімі жоқ. Алдын ала қандай диагноз қоясыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№55 ЕСЕП
Науқас Н 58 жаста, шағымы: 4-6 күн бойы қара нәжіс, жалпы әлсіздік, басының айналуы.Науқастың айтуы бойынша 20 жылдан бері 12-елі ішектің ойық жарасымен аурады. Науқасты жиі мазалайды, Бір апта бұрын мазалаған. Емханада тексерілгенде Нв-48 ед. ФГДС: 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы, көлемі 1,2см. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№56 ЕСЕП
Науқас А 70 жаста, 20 жылдай асқазан ойық жарасымен ауырған. Бірнеше рет ауруханада және амбулаторияда емделген. Өткен жылы жеңіл дәрежеде қан кету белгілері болған, консервативті емнен кейін тоқтаған. 4 сағат бұрын құсқан,түсі кофе тәрізді,қысқа уақыт есінен айрылған, мелена. Жағдайы ауыр.Терісі бозарған.А/Д80/40 мм.рт.ст. Тамыр соғуы 120 минутына. Эр-2,3 млн. Нв-62г/л. Қосалқы ауруы: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.
Диагнозы қандай? Сіздің тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№57 ЕСЕП
15 жастағы бала. Шағымы: қара нәжіс, әлсіздік. Науқас 3 күн ауырған. Жағдайы орташа. А/Д 100/60 мм.рт.ст. Тамыр соғуы минутына 100. Науқас гематолгта тізімде тұрған. Бұрын ФГДС жасалған - патология жоқ.
Диагнозы қандай? Сіздің тактикаңыз?
. ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№58 ЕСЕП
Жеке шарушылық күзетшісі жұмыс кезінде оң иық аймағынан оқ жарақатын алған Қарап тексергенде: оң иық аймағының алдыңғы бетінде аздап қанаған оқ жарасы бар, арытқы бетінде – дәл сондай көлемі үлкен, шеті біркелкі емес жара бйқалады. Анамнезінен – науқасты 30метр қашықтықтан пистолетпен атқан. Көрші кәсіпорнының денсаулық сақтау пунктінде кезекшілікте отырған фельдшерге қаралған. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№59 ЕСЕП
Қылмыскер пышақпен жаралаған науқас келіп түсті. Шағымдары: Кеуде қуысының оң жақ бөлімндегі және оң қол аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздігіне, бас айналуына. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, науқас қызбаланған жағдайда, Пульсі ритмді, 90 мин АД -100/70 мм.рт.бғ. Терісі бозғылт, оң қар (тоқпан жілік) аймағының ішкі бетінде кесілген жарасы 2,5-3см бар, қатты және солқылдап қан ағып жатыр. Кеуде қуысының оң жақ бөлімнде көптеген кесілген тері жарақаттары бар, қан ағыу шамалы. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№60 ЕСЕП
10 жасар баланы алып келд, қолдан жасалған жарылыс құралының салдарынан оң көзі мен оң қол басы жарақаттанған Шағымдары: Оң көз және оң қол аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздігіне, бас ауруы, лоқсу, көз назарының төмендеуі. Объективті: Жағдайы ауыр, , Пульсі ритмді, 90 мин АД -100/70 мм.рт.бғ. Терісі бозғылт, екі көз қабағында көптеген ұсақ кесілген жаралар, оң көзінің қарашыгынан жоғары 8-10 сағатаумағында тесіп өткен ұзындығы 10мм жара байқалады. Көз қарашығы овальді, медиальді жаққа ығысқан. Оң алақан аймағында 3,5х 2 см шеттері тегіс емес жара, аздап қан ағады, ауруына байланысты саусақтарының активті қимылдары шектелген. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз, негіздеңіз. 3. Екі көзге дәкелік таңба салу әдісін фантомда көрсетіңіз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№61 ЕСЕП Заут асханасының аспазшысы, аяғы тайып, аяғына ыдыстағы қайнақ суды құйып алды. Сол жердегі фельдшер келіп жетті. Объективті: Жағдайы қанағаттанарлық, Пульсі ритмді, 90 мин АД -120/80 мм.рт.бғ. Екі аяғы аумағындағы күю ауру сезіміне шағымдалады. Жарақаттанушы қысқа шалбармен, аяғында тек жіңішке бауы бар сырғытпасы ғана болған. Қарап тексергенде: екі балтырының да алдыңғы бетінде және аяғының басында сырт жағында үлкен торсылдақтар пайда болған, ішінде сұйықтық жиналған. Торсылдақтар арасында гиперемирленген жерлер бар. Тапсырма
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№62 ЕСЕП
Тұрғылықты мекен жайы жоқ, орташа алкогольді мастану дәрежелі науқас келіп түсті. Далада температура 0 – ден төмен кезінде ол вокзал саяжайында ұйықтап қалған. Объективті: сол колының саусақтары көгеріп бозарған, қимылдары шектелген, сезімталдығы анықталмайды. Бірнеше минуттан кейін саусақ терілері көгеріп, ісініп, ауырсынуы үдей түсті және мрамор түсті болды, саусақ қимылдары байқала бастады. Тапсырма
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№63 ЕСЕП
50 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары – сол жақ сан аймағының ауру сезіміне және жүрген кезде күшейе түседі. Айтуы бойынша бір сағат бұрын жүк түсіріп жатқанда, ауыр қапшықпен ұрып алған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ортан жілік сыну белгілері байқалмайды Сол жақ санының алдыңғы бетінде теріастылық қан құйылулар байқалады. Сан аймағының әсіресе төменгі және ортаңғы бөліктерінің ұлғаюы байқалады.
Тапсырма
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№ 64 ЕСЕП
62 жастағы әйел адам қаралуда, шағымдары: сол тізе аймағының ауру сезімі, жүрген кезде ұлғаяды. Екі күн бұрын асфальтке тізісімен құлаған. Үйде компресс жасаған – көмегі жоқ. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Температура 36,7, сол аяғы жартылай бүгілген қалыпта. Тізе буыны ұлғайған, ісінген. Алдыңғы бетінде 4х6 см сырылған жара. Тізе буынында қозғалыс шектелген ауру сезіміне байланысты. Тапсырма
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№65 ЕСЕП Жүргізуші жол-транспорт оқиғасынан сансыз көп жұмсақ тіндерін соғып алды, беттің жұмсақ тіндерінің кесілген және соғылған жарақаты, науқас ГИБДД қызметкерлерінің здравпункітіне жеткізілді онда алғашқы медициналық көмек көрсетілді (50% анальгин2,0мл, кордиамин 2,0мл, И.П.П қолдана жараға асептикалық таңғыш қойылды). Фельдшер зақымданғанға қарап : науқас бозарған, сұраққа ақырын, қысқа сөзді жауап береді, бас айналуына, құлақ шуына, жүрек айнуына, көз бұлдырауына шағымданады.Тыныс алуы беткей, тыныс алу қозғалысы минутына 30-ға дейін, АҚҚ 90/50 мм рт ст. Қарағанда көкірек қуысы, аяқ-қол сынуының анық белгілері байқалмайды. Ішін қарағанда іш бұлшық етінің кернелу, тітіркену симптомы, іш қуысындағы сұйықтық белгілері жоқ. Экспресс анализде Hb 134г/л. Тапсырма 1.Тұжырымда жәнеболжамалы диагнозды негізде. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№66 ЕСЕП
Спорттық күрес кезінде күрескер сол жақ иық буыны аймағының жіті ауырғанын, қозғалуының шектелуін байқады. Обьективті; науқас жарқаттанған иығын сау қолымен ұстап, басы ауырған иығына қарай иіліп тұр, иық буыны деформацияланған,терісі бұзылмаған,пальпация кезінде иық сүйегінің басы қолтық шұңқырында анықталады, спортсмен ауыру сезімінен ыңырсып жатыр. Тапсырмалар: 1.Тұжырымда және болжамалы диагнозды негізде. 2. Алғашқы жәрдем көрсетудің алгоритімін дәлелде және құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№67 ЕСЕП
Спортпен шұғылдану кезінде көпір ағаштан 17 жасар жасөспірім жерге қону кезінде тайып кетіп, сол иығымен құлады, кенет ауырып, қысқа уақытқа есінен танды. Оянғанда әлсіздікке, бас айналуына, сол қолы салбырап, кәдімгі қалпынан ауытқыған. Мектептің медпунктіне барып қаралды, оны фельдшер қабылдады. Обьективті: қарағанда сол жақ иығы ісінген, басы жарақаттанған, иығына қарай иілген, сау қолымен сол иығын ұстап тұр, жарақаттанған қолы шынтақ буынына қарай бүгілген, ұзарған, иық буынының дөңгелек пішіні деформацияланған, буынның сыртқы беті қатайған, буынның активті қозғалысы жойылған. Тапсырмалар: 1) Тұжырымда және болжалмалы диагнозда негізде. 2) Диагнозды анықтау үшін қарағанда кезде байқалған, көрінген симптомдарды айтып бер. 3) Алғашқы жәрдем көрсетудің алгоритмін құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№68 ЕСЕП Науқас асфальтқа шалынып жазылған қолға оң иығына құлаған. Шағымы оң жақ бұғана үстіндегі ауру сезімі, оң иық буынын қозғалтқанда ауру сезімі. Объективті : Оң жақ иық үсті біраз төмен орналасқан, бұғананың ортаңғы үштен бірінде деформация және қан құю анықталады, пальпацияда деформация проекциясында патологиялық қозғалыс анықталады. Қолын алып кетуі қиын және ауру сезімді, иық буынында қозғалысы шектелген, науқас білегін ұстап денесіне қысып ұстап тұрады. Қолы ішке бұралған.
Тапсырма: 1. Болжам диагнозды қойып, негіздеңіз. 2. Жедел көмек көрсетудің алгоритмін құрып, негіздеңіз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№69 ЕСЕП
72 жастағы әйел мұзға шалынып, оң қолын жазылған күйінде қол басын тіреп құлады. Сол уақытта кәрі жілік білезік буын аймағы қатты ауырды. Қолын орамалға таңып, ауылдың фельдшеріне барды. Қарап тексеру: Жалпы жағдайы қанағатты, оң білек төменгі 3-тен 1 бөлігінің қатты ауруына шағымданады. Сол аймақта штик тәрізді деформациясы анықталады. Жай соққылауда және пальпацилауда ауру сезімі күшейді. Деформация аймағында патологиялық қозғалыс болуы мүмкін. Науқаста алақанында ісіну пайда болды. Қол саусақтарының ұштары басбармаққа қарай қисайған.
Тапсырма: 1) Болжам диагнозды негіздеп, құрастыру. 2) Жедел көмек көрсету алгоритмін құрастыру.
. ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№70 ЕСЕП
15 жастағы қыз бала мектепте дене шынықтыру сабағында оң иығымен темір металға құлаған. Оң иығында қатты ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: жарақатына байланысты қолын денесіне қарай, ыңғайлы қалыпта ұстайды. Пальпацияда жергілікті қатты ауру сезімі, крепетация сезімді. Тапсырма: 1) Болжам диагнозды анықта. 2) Жедел көмектің алгоритмін құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№71 ЕСЕП
Құрылыс алаңына жедел жәрдем шақырылды. Жұмысшы 28 жаста, оң сирағына ауыр темір құлаған. Зардап шегуші ауру сезімінен қиналады. Терісі бозғылт, салқын. Оң сирағының алдыңғы жоғарғы үштен бір бөлігінде 10х3 см көлеміндегі жара және сол жарақаттанған жерде пульсация жоғары алқызыл қанағу мен асықты сүйек сынықтары анықталды. Сирақ сүйегі деформацияланған және қысқарған. Тапсырма: 1. Мүмкін болған диагнозды анықтаңыз. 2. Жәрдем көрсетудің (алгоритмін) шараларын жасау реті қалай?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№72 ЕСЕП
Нәзік келген қарт әйелді машина соғып кеткен. Келіп жеткен ер адам әйелді қолтығынан көтеріп, көрші мектепке енгізді. Ауру кушеткеге жатқызылыды. Обьективті: есі анық, сол сирағының аумағында ауру мазалайды. Қ/қ 90/60 мм.рт.ст. пульс-100с/мин. Сол сирағының ө/з деформациясы байқалады, сүйектердің көлденең ығысқаны анық көрінеді. Тері қабаты бүтін, аяқтың қимылы жоқ – қозғалысы мүмкін емес. Шеткі артерия тамырларының соғылуы анық. Тапсырма: 1) Құрастырыңыз және болжама диагнозды дәлелдеңіз. 2) Жедел жәрдем көмегінің алгоритмін құрастырыңыз және нақтылаңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№73 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасы 29 жастағы әйелге келді. Науқастың шағымдары: кенет пайда болған ішінің төменгі аймағындағы қатты ауыру сезім; ауыру белі, шабы және тік ішекке таралып, тік ішекті басып тұрғандай болып сезіледі. Анамнезінен: етеккірі ретті, мезіглімен келіп тұратын. Соңғы етеккірі 1,5 бұрын келді. Науқас үйленген, 2 жастағы баласы бар. Жүктіліктен сақтанбайды. 6 ай бұрын жедел екі жақты сальпингит себебімен ем қабылдады. Объективті тексеру мәліметтері: жалпы жағдайы орташа, науқас бозарып кеткен, әлсіздік бар. АҚҚ 80/50мм с.б., пульсі – 100 минутына. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы қатаймаған, бірақ көк етінің тітіркену симптомы сол жақ қосалқылардың проекциясында оң .
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№74 ЕСЕП
23 жастағы науқастың шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезім, етеккір 3 аптаға кідіргеннен кейін пайда болған қанды бөлінділер. Ауыру кенет пайда болып, науқас бір рет құсқаннан кейін жағдайы жеңілденген сияқты болды. 15 минуттан кейін әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуы байқалғаннан кейін әйел жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігер науқасты тексергеннен кейін Жатырдан тыс жүктілік? Диагнозын қойып стационарға тасымалдау кезінде науқастың жағдайы нашарлағаны байқалды: АҚҚ 110/70 -ден 80/60 мм с.б. түсті, тахикардия (пульсі минутына 105рет), ентігу басталды, тері жабындысы бозарып кетті.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№75 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасының дәрігері келгенде науқас ес түссіз, жағдай ауыр, болғанын көрді. АҚҚ – 60/40 мм с.б., пульсі 110 рет минутына, жіп тәрізді, тері жабындысы бозғылт, ылғалды, аяқ-қолы салқын. Тынысы везикулярлық, жиілігі минутына – 22 рет. Жүрек соғысы тұйық, ретті. Тілі құрғақ, іші қатты, перкуторлық дыбысы – тұйық. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалады. Туған туыстарының айтуы бойынша бір сағат бұрын науқас ішінің төмен жағы ауырып, әлсіздікбайқалып, бір рет құсу болған. Науқастың жағдайы жақсармағандықтан жедел жәрдем шақыртқан. Гинекологиялық анамнезі белгісіз.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№76 ЕСЕП
Әйелдер консультациясында әйелге «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік?» диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау мақсатымен дәрігер науқасқа қосымша зерттеу тағайындады. Түнге қарай үйінде науқас ішінің төменінде ауыру сезім пайда болғандықтан жедел жәрдем бригадасын шақырды. Объективті тексеру мәліметтері: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсы – 88 минутына, толымы және кернелуі қалыпты. Тілі таза, ылғал. Іші сәл кернелген, пальпациялағанда – төменгі аймағында ауыру сезімі байқалады. Құрсақтың оң жағында тітіркену симптомы оң. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз . Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№77 ЕСЕП
Әйел жүктілігінің 28-29 апталығында босану әрекеті басталып, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Перзентханаға алып барар кезінде әйел көліктің ішінде босанды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз . Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы . .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№78 ЕСЕП
Ішінің төмен жағы ауырып, әйел жедел жәрдем бригадасын шақыртты. Босанушы әйелдің акушерлік анамнезінде екі кесар тілігі болған. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әйелдің толғағы басталып кетті. Әйелдің айтуы бойынша толғағы кенет, қатты ауырып басталды. Перзентханаға тасымалдау кезінде әйелде ауыру сезімі күшейіп кетті, мазасызданып, бозарды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз . Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№79 ЕСЕП
Пациент 35 жаста. Жүктілігі де, босануына да- үшінші. Жүктіліктің мерзімі жетілген. Анамнезінен: екінші баласын 3 жыл бұрын мерзімінен бұрын босанған. Осы жүкітілігі асқынусыз қалыпты өтті. Ретті толғағы басталғаннан кейін жедел жәрдем бригадасын шақырды. Жедел жәрдем бригадасы келгенше үйде қағанақ суы кетті.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз . Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№80 ЕСЕП
Әйел түнде жедел жәрдем щақыртты. Шағымдары: өршіген құсу. Әйелдің айтуы бойынша құсуы басталғанына бір апта болды: басында - күніне 4 рет, ал соңғы екі күнде – өршіп кетті. Әйелдің соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған. Жүктілік бойынша тіркеуге тұрмаған. Объективті: жағдайы орташа, қойған сұраққа кідіріп айтады. Әйел азып, сусызданған. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. АҚҚ 90\60 мм с.б., пульс 90 минутына. Жүрек соғысы ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз, тітіркену симптомы теріс. Зәр шығуы сирек, аз мөлшерде.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз . Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№81 ЕСЕП
Пациент 19 жаста. Шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы қатты ауыру сезім, жүрегі айнып құсу, нәжіс және желдің кідіруі. Айтылған симптомдар байқалғанына 40 минуттай өтті. Анамнезінен – 2 ай бұрын профилактикалық тексеру кезінде оң аналық безінде киста анықталған. Ем қабылдаған жоқ. Жедел жәрдем дәрігердің объективті тексеру мәліметтері: тері жабындылары боз, салқын тер басқан, сондықтан ылғал. АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсы 94 минутына. Тілі құрғақ. Іші кернелген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№82 ЕСЕП
Пациенттің жедел жәрдем бригадасын шақыруының себебі: іш аймағында қатты ауыру сезімі, әлсіздіктің пайда болып, дене қызуының көтерілді. Анамнезінен - бір жыл бұрын аналық без киста анықталып, гинекологиялық хирургиялық емнің керектігін айтты, бірақ әйел осы күнге дейін операциядан бас тартып жүрген. Объективті тексеру мәліметтері: Жағдайы орташа, іш аймағындағы ауыру сезімі қинайды. АД 90\60 мм с.б., пульсы – 90 минутына. Тілі құрғақтау. Іші сәл кернелген, төменгі аймағында ауыру сезімді, ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№83 ЕСЕП
Жедел жәрдем бригадасына спорттық орталығынан телефондық қоңырау түсті: бимен шұғылданып жүрген кезде 22 жастағы әйелдің ішінің төменгі аймағында кенет ауыру сезім пайда болды. Анамнезін анықтағанда – етеккір циклі ретті, соңғы етеккір болғанына 16 күн болған. Тұрмыста болмаған. Жыныстық қатынаста болмаған. Объективті тексеру мәліметтері – Науқас есінде, терісі және көрінетін кілегей қабаты бозғылт. АҚҚ – 80\40 мм с.б., пульс – 98 минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ашық, ырғақты, тахикардия. Тілі ылғал. Іші кернелген, пальпация кезінде іштің төменгі аймағында ауыру сезім байқалады, Щеткина-Блюмберг симптомы оң . Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№84 ЕСЕП
Науқас 26 жаста. Жүктіліктің 7-8 апталығында 5 күн бұрын әйелге медициналық аборт жүргізілген. Жедел жәрдем шақырғандағы шағымдары: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, ішінің ауыруы, кернелуі. Объективті тексергенде: тері қабаты бозғылт, тілі құрғақ, дене қызуы 38,9оС. АҚҚ 100/60 мм с.б., пульсі 96 минутына. Іші қатты, пальпация кезінде төменгі аймағында ауыру сезім байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды және иісті бөлінділер байқалады.
. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№85 ЕСЕП
Науқас бір-неше жыл екі жақты созылмалы аднекситпен ауырады. Қатты суықтанғаннан кейін (теңізде шомылған) ішінің төменгі аймағында ауыру сезім пайда болды. Өздігінен антибиотиктермен 4 күн емделген, бірақ кешке қарай дене қызуы көтеріліп, қалтырап, ішінің ауыру сезімі күшейген себебінен жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігер тексергенде – жағдайы орташа, дене қызуы 38,0оС. АҚҚ 110/70 мм с.б., пульсі 96 рет минутына. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Тыныс алу жиілігі – 18 минутына. Жүрек соғысы ретті, анық. Пальпация кезінде ішінің кіндіктен төменгі аймағында қатты ауыру сезім байқалады. Тітіркену симптомы оң. Жыныс жолдарынан бөлінділер байқалмайды.
Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№86 ЕСЕП
20 жастағы пациент криминалдық аборттан кейін 4 күннен соң, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Шағымы: әлсіздік, ентігу, дене қызуының жоғарылауы, ішінің төмен жағының ауру сезімі. Кіші дәретке баруы соңғы тәулікте азайып кеткен. Объективті: дене қызуы 39,0оС. Жалпы жағдайы ауыр., тері жабындысы бозғылт, құрғақ, жылы. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. жиілігі минутына 20 рет. Горизонтальді бағытта ентігуі күшейеді. АҚҚ 100/60 мм.с.б. пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тахикардия. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде іші кернелген, ішінің кіндіктен төменгі аймағында қатты ауыру сезім байқалады. Іштің төменгі жағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс мүшесінен көп мөлшерде иісті және іріңді бөлінділер байқалады. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№87 ЕСЕП
15 жастағы қыз балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Шағымдары: әлсіздік, басының айналуы, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету. Анамнезінен: етеккірі 13 жастан келеді, ретті емес. Соңғы 2,5 айда етеккірі кідіріп, 2 күн бұрын көп мөлшерде келді. Объективті тексергенде жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты. Тері жабындылары бозғылт, аяқ қол саусақтарының ұшы салқын. АҚҚ 80/60 мм с.б., пульсі минутына 90 рет., толымымен қатаңдығы қанағаттанарлық. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны ашық, ырғақты. Тілі таза, ылғалды. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетуде. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы .
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№88 ЕСЕП
Науқас Д. 42 жаста. Бүгін танертең үйде есінен танған. Жақындарының айтуы бойынша қант диабетімен ауырып, тері астына инсулин қабылдайды. Соңғы екі аптаның ішінде іс сапарға баруына байланысты дұрыс тамақтанбай, инсулин уақытында қабылдамаған. Соңғы аптада шөлдеу, әлсіздік, бас ауыру, іш ауыру, ауыз құрғауы және тері кебуі, 3 рет құсу анықталған. Объективті: науқастың жағдайы ауыр. Ес-түссіз. Ауыртқыш тітіркендіргішке - көзің ашады, қол-аяқтарында тоникалық бүгу анықталады. Сөйлеу реакциясы – түсініксіз сөздер. Тері жабындылары бозарған, құрғақ. Ауызынан ацетон иісі шығады. Өкпеде везикулярлы тыныс алу, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсіздеген, ырғағы дұрыс. Жүрек соғу жиілігі 100 рет 1 мин. АҚҚ 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр он жақ қабырға доға бойында. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№89 ЕСЕП
Науқас жас ер адам, европалық нәсіл, автобус айалдамасында ес түссіз жағдайда жатыр. Обьективті: науқастың жағдайы ауыр. Есі анық емес. Көзін ашуы – ауыру сезімді тітіркендіруде. Ақыл есі, сөзі анық емес. Қозғалыс активтілігі-ауыру сезіміне тоникалық бүгу. Терісі ылғалды, бозарған, қарашықтары аздап кеңейген, Д=S. Аяқтарында бұлшық ет тонусы төмендеген. Ауыз айналасында құсық іздері бар. Дем шығаруында алкоголь иісі шығады. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тондары түйықталған, тахикардия 108 рет мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Менингиальдық симптомдары байқалмайды. Кіші дәреті еріксіз. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№90 ЕСЕП
Науқас 25-30 жаста, үйдін кіреберісінде ес-түссіз жатыр. Жедел медициналық жәрдемді үй тұрғындары шақырған. Объективті: науқастың жағдайы ауыр. Ес-түссіз. Ауыртқыш тітіркендіргішке - көзің ашады, қол-аяқтарында тоникалық жазылу анықталады. Сөйлеу реакциясы – түсініксіз сөйлеу. Тері жабындылары бозарған. Көздін карашықтары аздап кенейген d=s. Бұлшық еттердің тонусы төмендеген. Ошақты неврологиялық белгілер жоқ. Менингиальды көріністер байқалмайды. Ауызынан алкоголь иісі шығады. Өкпеде везикулярлы тыныс алу, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсіздеген, ырғағы дұрыс. Жүрек соғу жиілігі 104 рет 1 мин. АҚҚ 100/60 мм с.б. Ауыз айналасында құсықтың іздері байқалады. Кіші дәреті еріксіз. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№91 ЕСЕП
Науқас Г 30 жаста, шет елдік. Жедел медициналық жәрдемді қонақ үй қызметкерлері шақырған. Олардың айтуы бойынша бөлмеге екі жас қызбен кірген, 10 минуттан соң олар тездетіп шығып кеткен. Тазалаушы науқастың жерде, ес-түссіз жатқанын байқаған. Столда басталған бутылка коньяк және 3 рюмка, оның біреуі бос. Обьективті: жағдайы ауыр. Ес-түссіз. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауап ретінде көзін ашады. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге аяқ-қолдары тоникалық жазылады. Тері жабындылары бозғылт, қарашығы құрғақ, тарайған. Өкпеде везикульярлы тыныс, тыныс алуы-16 рет мин, Ps=56, АҚҚ 90/50 мм с/б. Жүрек тондары тұйықталған. Менингиальды белгілер жоқ. ЭКГ-да синустық брадикардия. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№92 ЕСЕП
Науқас 64 жаста ер адам. Басының ауруына, шөлдеуіне, ішіндегі ауру сезімге шағымданады. Анамнезінде: бұл белгілер, тамақтануының бүзылуына байланысты соңғы бір аптада пайда болған. 15 жылдан II типті қант диабетімен диспансерлік есепте тұрады, маннинил қабылдайды. Объективті: науқастың жағдайы ауыр. Ес-түссіз. Ауыртқыш тітіркендіргішке - көзің ашады, қол-аяқтарында тоникалық бүгу анықталады. Сөйлеу реакциясы – түсініксіз сөдер. Тері жабындылары бозарған, құрғақ. Ауызынан ацетон иісі шығады. Өкпеде везикулярлы тыныс алу, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсіздеген, ырғағы дұрыс. Жүрек соғу жиілігі 100 рет 1 мин. АҚҚ 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр он жақ қабырға доға бойында. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№93 ЕСЕП
49 жастағы ер адам. Ес-түссіз. Туысқандарының айтуынша 5 жылдан астам уақыт артериальды гипертензиямен ауырған, тұрақты дәрі-дәрмек қабылдамайды. Қатты эмоциональды стресс және шаршаудан кейін науқас есінен танып, құлаған. Дәрі-дәрмек қабылдамаған. Объективті: науқас жағдайы ауыр, ес-түссіз арқасымен жатыр. Беті ассиметрленген, парус симптомы, оң жақтық гемипарез. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТСЖ- 24 рет 1 мин. Жүрек тондары анық, Аортада II тон акценті, ырғағы дұрыс. АҚҚ 250/120 мм сб. ЖСЖ-90 рет 1 мин. Қатты ауру сезімге көзін ашады. Аяқ -қолдарының бүгілуі, қозғалыс қимыл реакцияларына аурыртқыш тітіркендіргіштердің жауабы, бұнда буынсыз дыбыстар шығарады. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№94 ЕСЕП
69 жастағы әйел. Ес-түссіз. Қызының айтуынша: бақшада жұмыс істеп жүрген жерінде есінен танған. Науқас 20 жылдан астам уақыт артериальды гипертензиямен ауырады, емханада бақылауда тұрады, клофелин қабылдайды. Соңғы 2 апта клофелин қабылдауға үзіліс болған. Таңертеңнен бас ауруына шағымданған. Объективті: науқас гиперстеник, ауыр жағдайда ес-түссіз арқасымен жатыр. Беті ассиметрленген, сол жақта мұрынерін қыртыстары тегістелген, сол жақтық гемипарез. Өкпесінде қорылдаған, шулы дыбыстар. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс емес. АҚҚ 280/120 мм сб. ЖСЖ-110 рет 1 мин. Еріксіз акт дефекациясы. Қатты ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауабы: көзін ашу және аяқ-қолында қозғалыс реакциясы жоқ, бұнда буынсыз дыбыстар шығарады. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№95 ЕСЕП
22 жаста жасөспірім. Далада жатыр. Қоршаған адамдардың айтуынша: төбелестен кейін далада жатқан жерінен тауып алған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, есеңгіреген арқасымен жерде жатыр. Мұрын және құлағынан қан кетуде. АҚҚ 140/90 мм сб. Спонтанды көзін ашу, аяқ-қолдарында ауру сезімге тітіркендіргіш реакциясы жұлқыну түрінде, бұнда буынсыз дыбыстар шығарады. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№96 ЕСЕП
73 жастағы ер адам. Ес-түссіз. Туысқандарының айтуынша артериальды гипертензиямен 25 жыл ауырады, жергілікті жерде ем қабылдайды. Қатты эмоциональды стресс және шаршаудан кейін (бақшада жұмыс істеген) науқас есінен танып, құлаған. Объективті: науқас жағдайы ауыр, ес-түссіз арқасымен жатыр. Беті ассиметрленген, парус симптомы, оң жақтық гемипарез. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТСЖ- 24 рет 1 мин. Жүрек тондары анық, Аортада II тон акценті, ырғағы дұрыс. АҚҚ 230/110 мм сб. ЖСЖ-90 рет 1 мин. Сөйлеу тітіркендіргішке көзін ашу. Қол –аяқтарының бүгілу қозғалыс рекциясына ауыртқыш тітіркендіргіштердің жауабы, бұнда буынсыз дыбыстар шығарады. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№97 ЕСЕП 62 жастағы әйел. Ес-түссіз. Қызының айтуынша: бақшада жұмыс істеп жүрген жерінде есінен танған. Науқас 20 жылдан астам уақыт артериальды гипертензиямен ауырады, емханада бақылауда тұрады. Соңғы 2 апта үнемі қан қысымы көтерілуі басының ауыруы болған. Таңертеңнен бас ауруына шағымданған. Объективті: науқас гиперстеник, ауыр жағдайда ес-түссіз арқасымен жатыр. Беті ассиметрленген, сол жақта мұрынерін қыртыстары тегістелген, сол жақтық гемипарез. Өкпесінде қорылдаған, шулы дыбыстар. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс емес. АҚҚ 240/120 мм сб. ЖСЖ-100 рет 1 мин. Қатты ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауабы: көзін ашу және аяқ-қолында қозғалыс реакциясы жоқ, бұнда буынсыз дыбыстар шығарады. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықта? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№98 ЕСЕП
Науқас В. 78 жаста. Жедел медициналық жәрдемді туыстары шақырған, себебі науқас 40 мин.бұрын үйде құлап, тұра алмаған. Қысқа уақытқа естен танды. Анамнезінде: ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК 2. Қарынша үстілік жыпылықтаушы аритмия, тахисистоликалық түрі. Артериальді гипертензия 2 дәреже. Қан айналым жетіспеушілігі 2А. Емді уақытында қабылдамаған. Объективті көріністер: Науқас ұйқышыл, есі тежелген, берілген сұрақтарға бірнеше рет қайталаған соң іс қимыл әрекет түрінде жауап береді. Дауыс көтеріп бағытталған сөзге көзін ашады. Ауырту тітіркендіргішке бір жақтағы аяқ-қолын өзіне тартып алады. Түсініксіз сөздерді шығарады. Оң жақ аяқ-қолдарында бұлшық еттерінің күші азайған, табаны сыртқа ротацияланған. Мұрын-ерін қатпары он жақта тегістелген. Менингиальді белгілер жоқ. Қан қысымы 160/80 мм с.б. ЭКГ – жүрекшелердін жыпылықтауы, қарыншаның жиырылу жылдамдығы 112-ден – 122 дейін 1 мин. Сол жақ миокард гипертрофиясы. Миокардтың жалпы өзгерістері. Қандағы глюкозанын мөлшері – 9,2 ммоль/л. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№99 ЕСЕП
Науқас А. 80 жаста. Жағдайының 24 сағаттан бері нашарлап, бас айналуы, жүрек айнуы, сөйлеудің қиындауына, сол аяғында әлсіздік пайда болған. 1 сағат бұрын аз уақытқа есін жоғалтқан, аяқ-қолдарында аз уақыттық тонико-клоникалық тырысулар, еріксіз зәр шығару актілері болған.Обьективті тексергенде: АҚҚ – 210/110 мм с.б. тыныс алуы 18 рет мин. Терісі таза, құрғақ. Өкпеде везикульярлы тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, қолқада 2 тон акценті. Тізесі пастозды. Үлкен, кіші дәреті өзгеріссіз. Сұраққа дұрыс жауап береді, күрмеліп сөйлейді. Даыс көтеріп бағытталған сөзге көзін ашады. Ауырту тітіркендіргішке бір жақтағы аяқ-қолын өзіне тартып алады. Сол жақ аяқ-қолдарында бұлшық еттерінің күші азайған. Сол бөлігінде Бабинск симптомы оң. ЭКГ-де синустық ритм, ЖСЖ – 88 рет 1 мин. Гипертрофия VS. Миокардте диффуздық өзгерістер бар. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№100 ЕСЕП
Науқас С. 37 жаста. Науқас ес-түссіз контактіге түспегеннен кейін жедел медициналық жәрдем шақырған. Дәрігерге қаралмаған, емделмеген. Ұзақ уақыт ішімдік қабылдаған. Объективті: Науқас арық. АҚҚ 90/60 мм с.б. Жүрек соғу жиілігі – 62 рет 1 мин. Тыныс алуы – 20 рет. 1 мин. Тітіркендіргіштерге көзін ашпайды. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге аяқ-қолдары тоникалық жазылады. Буынсыз дыбыстар шығарады. Менингиальды белгілер жоқ. Тері жабындылар бозғылт, құрғақ, қасыған іздер анықталады. Көздің ақ қабығы сарғыштанған. Өкпеде тынысы қатаң, сырыл жоқ. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. Іш үлкейген, кіндік аймағында көк тамырлар көрінеді. Перкуссияда- бауыр оң қабырға доғасынан 4-5 см. Балтырлары ісінген. ЭКГ- ритм синусты, ырғағы дұрыс. Жүрек соғу жиілігі – 62 рет 1 мин. Жүрек электр осі горизонтальді. Миокардтың жайылған жалпы өзгерістері. Қандағы глюкоза мөлшері – 3,0 ммоль/л. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№101 ЕСЕП Науқас А. 46 жаста. Туыстары науқасты 40 мин. бұрын үйде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Анамнезінде – нефролог дәрігерде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, терминальды сатысы диагнозымен тіркеуде тұрады. Соңғы рет гемодиализ 3 тәулік бұрын жасалған. Объективті: Қатты ауыртқыш тітіркендіргішке - көзін ашады, аяқ-қолдарында тоникалық бұгу. Сөйлеу реакциясы жоқ. Менингиальды белгілер жоқ. Тері түсі бозарған, құрғақ, қасыған іздер анықталады. Өкпеде тынысы қатаң, екі жақтың төменгі бөліктерінде дыбыссыз майда көпіршікті сырылдар естіледі. Тыныс алу – 20 рет 1 мин. Жүрек тондары айқын әлсіреген, ырғағы экстрасистоламен үзіледі. Жүрек соғу жиілігі – 58 рет 1 мин. АҚҚ – 70/40 мм с.б. Құрсақ қуысында жиналған бос сұйықтыққа байланысты іші үлкейген. Пальпацияды бауыры анықталмайды. Беті, балтыр аймақтары ісінген. ЭКГ- синусті ритм. Жүрек соғу жиілігі 58 рет 1 мин. Жүрек электр осі горизонтальді. Миокард жайылған жалпы өзгерістер. Бірен-саран қарыншалық экстрасистолалар. Қандағы глюкоза мөлшері – 9,2 ммоль/л. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
||||||
№102 ЕСЕП
Науқас П. 39 жаста. Жұмыстағы әріптестерінің айтуы бойынша науқас 30 мин бұрын кенеттен көгеріп, есін жоғалтып құлаған. Аз уақыттық тонико-клоникалық тырысу болған. Еріксіз зәр шығару. Тәңертеңнен басының ауруына шағымданған. Обьективті: Ауырту тітіркендіруге көзін ашпайды. Аяқтарын ауырту тітіркендіргішке бүгеді. Сөйлеу реакциясы жоқ. Мойын бұлшық етерінің айқын тартылуы байқалады. Беті қызарған. Терісі цианозды, бозарған, ылғалды. Тынысы дизритмді, ТАЖ- 17-19 рет мин. АҚҚ – 160/70 мм с.б. Басқа мүшелер мен системаларда өзгеріссіз. ЭКГ – ритм синусты ЖСЖ – 55 рет 1 мин. Жүректің электр осі вертикальды. Қандағы қант – 4,4 ммоль/л. Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз? Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М. |
||||||
