- •№1 Есеп
- •№2 Есеп
- •№3 Есеп
- •№6 Есеп
- •№7 Есеп
- •№8 Есеп
- •№9 Есеп
- •№11 Есеп
- •№12 Есеп
- •№10 Есеп
- •М.Ғ.Д., профессор Тұрланов к.М.
- •№13 Есеп
- •№14 Есеп
- •№15 Есеп
- •№16 Есеп
- •№17 Есеп
- •№18 Есеп
- •№19 Есеп
- •№20 Есеп
- •№21 Есеп
- •№22 Есеп
- •№23 Есеп
- •№24 Есеп
- •№25 Есеп
- •№26 Есеп
- •№27 Есеп
- •3 Жастағы науқас бала з.
- •№28 Есеп
- •№29 Есеп
- •№30 Есеп
- •№31 Есеп
- •№32 Есеп
- •№33 Есеп
- •№34 Есеп
- •№35 Есеп
- •№36 Есеп
- •№37 Есеп
- •№38 Есеп
- •№39 Есеп
- •№40 Есеп
- •№41 Есеп
- •№42 Есеп
- •№43 Есеп
- •№44 Есеп
- •№45 Есеп
- •№46 Есеп
№13 Есеп
Науқас К., 45 жаста.
Шағымы басының шүйде-желке аймағында басып, қысып ауру сезімі, жүрек тұсының шаншып ауруы, ашушаң, мазасыз ұйқы, тез шаршағыштық.
Анамнезі: 6 жыл бойы ауырады. Оқтын-оқтын АҚ 190/110мм.сб.бғ. жоғарылайды. Жағдайының кейінгі нашарлауын психоэмоционалды күштемемен байланыстырады. АҚ 130/80 мм.сб.бғ өзін жақсы сезінеді. Эналаприл, нифекард қабылдайды. Мектепте мұғалім болып істейді.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары қалыпты түстес, құрғақ. Беті ісінген. Екі қолдың саусақтары ісінген. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үндері айқын, ырғақты. Жүрек шекарасы солға ортаңғы бұғана сызығына дейін кеңейген. Пульс минутына 90рет, қатты, жоғары. АҚ 180\100 мм.сб.бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы сирек, көлемі азайған.
ЭКГ: синусты дұрыс ырғақ минутына 90 рет. ЖЭО солға қарай ығысқан. R V6> R V5, RV4. Сол жақ кеуде әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы 20 мм.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№14 Есеп
Науқас А. 34 жаста.
Шағымы: Бастың самай бөлімінде тамыр соғуы сияқты ауру сезімі, бас айналуы, жүрек соғуына, денесінің тітіркенуі,әлсіздік.
Анамнезі: 3 жыл бойы АҚ көтеріледі, жағдайының нашарлауы 2-3 сағат ішінде. Психоэмоциональды стресспен байланыстырады. Адельфан қабылдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа аурылықта. Науқас қозулы. Тері жабындылары гиперемияланған, құрғақ. Аяқ-қолдарында діріл. Көз ақ қабығының (склерасы) тамыры қызарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 20. Жүрек үндері айқын, қатаң, қолқада (аортада) ІІ үннің акценті. Ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 110 рет, пульсі кернеулі. АҚ 220/120 мм.сб.бғ. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы жиі, көп мөлшерде.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№15 Есеп
Науқас 58 жаста.
Шағымы: сол аяқ-қолының кенет әлсізденуі, бас ауруы, бас айналуы, басында шу, құсу, жүрек айну.
Анамнезі: жағдайының нашарлауы 1 апта бойы: бас ауруының күшеюі, сол аяқ -қолының әлсіздігінің үдеуі. Бүгін таңертең төсектен тұрып құлаған. АҚ көп жылдар бойы көтеріңкі. Күнделікті ем қабылдамайды. Капотен, тромбоасс, зәр айдағыш дәрілерді оқтын-оқтын қабылдаған.
Объективті: жағдайы ауыр. Есі айқын. Тері жабындылары қалыпты. Оң мұрын ерін үшбұрышы тегістелген, жоғарғы оң қабақ- птоз. Сол аяқ қол бұлшық еттерінің күші кенеттен төмендеген. Жүрек үндері айқын, қатты. АҚ 190/100 мм.сб.бғ. Өкпеде қатаң дыбыс, сырыл жоқ, ТЖ минутына 22рет. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
