- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
Қытайлық – оңтүстіккореялық байланыстардың, әсіресе, экономикалық тұрғыдағы қатынастарының кеңеюі және екі жаққа қолайлылығына қарамастан, екі мемлекеттің мәдени өміріне қатысты көрініс берген бірқатар оқиғаларды да айта кеткен жөн ғой деп ойлаймын. Осыдан біраз бұрын осы оқиғалар ҚХР мен Корея Республикасының идеологиялық және тарихи сипатта мәні бар мәселелер бойынша бір-біріне наразы болуы әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударды.
Шығыс Азия елдеріндегі кез келген тарихи мәселе экономика немесе саясаттағы нақты өзгерістер сияқты маңызға иелік ететінін естен шығармаған абзал. Дегенмен, «Солтүстік шығыстық жобаны» (корей тарихының когурелік кезеңіне байланысты Пекинні ойластырылған деректерді жалғандауға қатысты науқан) дайындаған қытайлық идеологтарының әрекетіне қатысты Оңтүстік Корея өре түрегеліп, қатты қарсылық танытады деп жорамалдамаған еді[56,3].
Солтүстіккореялық өкілдер 2001 жылдың шілдесінде ЮНЕСКО-ның Парижде өткен конференциясында Когуре фрескалары мен Квангэтхован стелласын тіркеуге талпысын жасаған болатын. Алайда, онда қытай тарапының қарсылығы кесірінен ойларын жүзеге асыра алмаған еді. 2002 жылдың қаңтарында КХДР ЮНЕСКО-ға қазіргі кездегі Оңтүстік Маньчжурияда аумағында орналасқан және табылған қабырлердің ішкі қабырғасындағы 16 фресканы қоса алғанда, Когуре дәуіріне жататын 63 қорымды «әлімдік мәдени мұра» тізіміне енгізуге қатысты өтініш тапсырды. Қытай бұған жауап ретінде «№ 3 Анак уезіндегі қабір» деген атауға ие болған, қабырғаларында аса керемет өрнектері бар ІҮ-ҮІ ғасырлардағы ең белгілі қабірді қытай мәдениетінің жетістігі деп мәлімдеді. Жоғарыда айтылған «Солтүстік шығыстық» жобаны да басты міндеті де қосымша зерттеулер жүргізу арқылы даулы аймақтың ежелден Қытайға тиесілі екенін дәлелдеу болатын. Дәл бүгінгі күні Оңтүстік Маньчжурияда аумағында корей диаспорасының таза кәріс тілінде сөйлейтін 2 миллондай өкілі тұратынын да атап өткен жөн[55, 19].
Корея Республикасында Қытайдың биліктің осы әрекеттеріне аса үлкен наразылықтар білдірді. «Солтүстік шығыстық» жобаға қарсы әрекет мақсатында жиі-жиі түрлі шаралар өткізіледі. Мәселен, «Кореяның ежелгі тарихы қоғамы (Хангук кодэса хакхве)» 2002 жылдың 2 қарашасында жедел отырыс өткізіп, өзінің барлық жұмысын Когуре туралы қытайлық тұжырымды жоққа шығару мақсатына жиналу туралы шешім қабылдады. Осылармен бірге «Кореяның рухани мәдениетін зерттеу академиясы (Хангук чонъсин мунхва енгувон, The Academu Of Korean Studies)» 2002 жылдың 15 желтоқсанында «Солтүстік Шығыс Азияның ежелгі тарихын зерделеудің тенденциялары» тақырыбында конференция ұйымдастырды, сондай-ақ Когуре мен Бохай мәселелеріне арналған дербес ғылыми орталық құрудың мүмкіндіктерін қарастыруда[55,20].
Түрлі бағыттағы үкіметтік емес азаматтық ұйымдар да аса үлкен жұмыстар атқаруда. Бұрындары корейлік студенттермен интернет арқылы Корей түбегі мен Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың тарихындағы негізгі проблемаларға оңтүстіккореялық көзқарасты таратумен шұғылданатын VANK (Voluntary Agency Network of Korea) «кибер дипломатия» қоғамдық ұйымын құрған болатын. VANK шетелдік тарихшылардың пікірлерін жоққа шығару және тарихи шындықты қорғап қалу мақсатында Когуре мәселесі туындағанға дейін де белсенді жұмыстар жүргізген. VANK өзінің алты жылдық жұмысы барысында арнайы сайтта National Geographic журналы мен бірқатар америкалық университеттердің оқулықтарында көрініс тапқандарда қоса алғанда, түрлі басылымдар мен телебағдарламаларды орын алғандығы анықталған 300-ден астам тарихи деректерді бұрмалауды орналастырды.
Оңтүстіккореялық қоғам үшін аталған мәселенің аса маңыздылығы неде? Мұндағы басты мәселе қытайлық тарап әрекетінің бір мезетте Когуреның бұрынғы аумағының тарихи тұрғыда кімге тиесілі туралы мәселемен қоса корей диаспорасының «кіші отанымен» байланысының пробеламын қозғағанында жатыр. Бұл екі жағдай негізі тамыры жапондық отаршылдық кезеңіндегі ұлттық тәуелсіздік жолындағы қозғалысқа кететін буржуазиялық ұлтшылдық болып табылатын Оңтүстік Кореяның идеологиялық саясатының базалық элементтері еді. Өзіне мемлекет пен қоғамға берілген табынушылықттығымен бірге аса бай конфуцийшілдік мұраны алған, Пак Чонхидің басқару кезеңіндегі әскерилермен қайта жаңғыртылған тура осы идеологияның тұрғындарды ортақ іске жұмылдырудың аса күшті тетігі болғанын және азаматтық соғыстар кесірінен құлазып қалған, экономикалық жағынан тұралаған елді азғана мерзімде «азиялық жолбарыстардың» біріне айналдыра алғанын да атап өткен жөн[23].
Когуре проблемасы қытайлық биліктің қадамын аумақтық наразылықтар үшін негіз дайындауға ұмтылыс деп есептеген «қытайлық қауіп теориясы» жақтастарына тағы бір себеп тауып берді.
Қытай үкіметі корей тіліндегі China Daily жаңалықтар веб-сайтына тосқауыл қойып тастаған 2005 жылдың күзінде тағы бір жанжал тіркелді. Аталған веб-сайт ол кезде Қытайдағы корей дисапорасы мен барлық корейлердің арасында кеңінен танымал болатын. Осы түсінбестік алдында Оңтүстік Кореяның кең таралған газеттерінің бірі Chosun Daily-дің қытайлық тұжырымының веб-сайтына да тосқауыл қойылған еді.
Dailychina.net – Қытай 2005 жылдың 25 қыркүйегінде интернет-жаңалықтардың мазмұны туралы жаңа ереже белгілегенге дейін тосқауыл қойылған алғашқы корейлік веб-сайт. 2005 жылдың 19 наурызында ашылған кезінен бастап сайт Оңтүстік Кореядағы БАҚ-тың назарын өзіне аудара білді. Веб-сайттың пайдалннушыларының саны бір кездері 10 мыңнан асып жығылған. Сол кезде Оңтүстік Кореядағы ең ірі веб-сайттардың бірі DAUM Қытай Коммунистік партиясын сынайтын суретті мақалаларды қайта басып шығарған болатын. Dailychina.net-тің негізгі ақпарат көздері – Қытай туралы шындықты хабарлайтын The Epoch Times, Observe China сынды шетелдегі қытайлық БАҚ пен тағы басқа да қытайлық веб-сайттар. Бұл әлемді пайда болған, адамдардың кез келген партия қатарынан шығуы мен Коммунистік партияның мәнін жағымсыз түрде сипаттайтын «Коммунистік партия туралы тоғыз түсініктеме» атты кітап туралы хабарлаған алғашқы корейлік веб-сайт[55,23].
Веб-сайттың негізгі назары 4 маусымдағы Тянь-Ань-Мэнь алаңындағы қырғын, Фалуньгунмен құпия ұйымындағы адамдарды қудалау, солтүстіккореялық босқындарды қытайға күшпен жер аудару және адам құқын бұзуға қатысты тағы басқа да өткір проблемалар мен мәселелерге шоғырландырылан. Сонымен бірге веб-сайтта Пекинде Олимпиадалық ойындар өткізуге қарсылық білдіруге байланысты қол жинау науқаны да жүргізілген.
Кореяның азаматы әрі Dailychina.net бас редакторы Сюй мырзаның мәлімдемесіне сәйкес, веб-сайтқа тосқауыл қойылуының басты себебінің бірі – Қытайдың интернетті бақылауда ұстауға ұмтылысына байланысты. Корейлер мен Қытайдағы корей дисапорасының арасындағы желілік форумдардағы белсенді әрі қызуқанды талқылауларға жол бермеу.
Сюй мырза, аталған жанжалға қатысты ресми өкінішін білдірді. Ол China Daily корейлік диаспораның Коммунистік партия тарапынан орнатылған бақылаудан құтылуына, Қытайға капитал салуды жоспарлап отырған корейлерге Қытайдағы дәл қазіргі жағдай туралы білуге көмектеседі деп үміттенеді. Сюй мырзаның айтуына қарағанда, көптеген корейлік кәсіпкерлер, шетелдік студенттер мен корейлік иммигранттар Қытайдан электронды поштамен хаттар жіберіп, оларында China Daily веб-сайтына қор жеткізу үшін қытайдағы интернет тосқауылды бұзуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалар жайында сұрайтын көрінеді.
Дегенмен, осы және осыған ұқсас тағы басқа жанжалдардың артында тұрған саяси күші мұндай қолжетімділікке рұқсат беруге мүдделі болатындығы күмән тудырады[24].
Мұндай оқиғалар халықаралық қатынастарда жиі кездеседі. Ал аса күрделі жалпы саяси тарихтары байланыстағы екі елдің өзара қатанасында осы тектес түсінбестіктің алдан шығуына таң қалудың қажеті жоқ.
Дегенмен, ҚХР мен Корея Республикасының аса жоғары деңгейдегі қатынастарының дамуына көз жүгірте отырып, діл қазіргі кездегі қарым-қатанастың болашағына сенім артуға әбден болады. Ал екі ел территориясындағы қытай, корей диаспораларының өмір сүріп жатуы да екі мемелекет үшін саяси және экономикалық маңызы зор сияқты.
ҚХР өкіметі шет елдік қытайлық - хуацяолардың гуманитарлық, қаржы және басқа да мүмкіндіктерін барынша белсенді және үлкен үмітпен пайдаланатыны зертеушілерге бұрыннан белгілі. Қытайдағы өз ұлт өкілдерінің елге тигізер пайдасын да қарастырып қойған. ҚХР-дағы барлық 56 қытайлық аз ұлт өкілдерінің шет елдерде тұратын ағайындары бар және олардың қаржылық көмектерін және шет елдік байланыстарын кеңінен қолданады. Олар туыстары арқылы өздері тұратын артта қалған шеткі қытай аймақтарына инвестиция тартады[55,23].
Мұндай әрекеттер орталық үкіметтің аз уақыт ішінде артта қалған аудандардың экономикалық даму деңгейін көтеру үшін тұрғындардың тұрмыстық деңгейін Қытайдың экономикалық жағынан дамыған батыс ауданына жақындату жоспарымен сәйкес келеді. Пекин жергілікті биліктің аз ұлт өкілдерінен тұратын жұмысшы күшін табыс табуға экспорттау саясаты жергілікті халықтың шет елден гуманитарлық және қаржылай көмек алып отыруына тарту мұндай шаралар жұмыссыздық деңгейін әрі сол арқылы әлеуметтік қысымды төмендету мақсатын көздейді.
Осындай қытайлық трансшекаралық саясаттың басында тұрған Қытайдың Яньбян Корей автономиялық округы. Мұндағы корей тұрғындары округ территориясына оңтүстіккорейлік капиталды тартуға және Оңтүстік Кореяның шет елдік валютаны тауып, үйге оны жіберетін отбасылардың туыстары шет елде жұмыс істейтін мүшелері тұрмыстық жағдайын түзеп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуының арқасында бұл аудандарда тұратын ханзулардың тұрмыс жағдайының көтерілуіне көмектеседі.
Яньбян Корей автономиясының әкімшілік органдары бұл артта қалған ауданның болашақтағы даму мақсатына түрлі оңтүстіккорейлік ресурстарды жұмылдыру келешегін қарастырады. Автономиялық аудан әкімшілігінің қасында шет елдіктермен, соның ішінде негізінен оңтүстіккорейліктермен тікелей жұмыспен айналысатын арнайы орган құрылды. Яньбян автономиясының жергілікті билігі Корея Республикасына этникалық топтың еңбек миграциясына қолдау көрсетеді, өйткені бұдан окгруктағы корей тұрғындары арсындағы жұмыссыздық төмендейді[49,213].
Шет елге еңбек миграциясын реттеу үшін жұмысқа алу пунктары құрылды. Ең табысты қытайлық корейлер бірнеше жыл ішінде Кореяда 1 млн юаньға дейін (122 мың долл.) табыс тапқан және оны Яньбян Корей автономиясының экономикасына салуға дайын. Бірақ жергілікті билікте әлі оларды тиімді қолданудың экономикалық механизмдері жоқ. Сондықтан Оңтүстік Кореядан табысты болып бірінші оралғандар қаражатын жеке өмірлерін түзеуге жұмсады – жаңа үй, машина, мебель, т.б. сатып алуға, балаларын оқытуға жұмсады. Осы тақырыпты қарастырған кейбір автор оны - қытайлық аз ұлт өкілдерінің қаржысын барынша тиімді пайдалануға Қытайдың осы ауданындағы экономиканы басқарудағы икемсіз жүйесі және оларды жаратпайтын, тіпті биліктің жоғарыдан менсінбей қарайтын қарым-қатынасынан дейді[49,214].
Яньбян Корей автономиясына әкелініп жатқан қытайлық корейлік тердің қаржыларының оң және теріс жақтары да бар. Біріншісіне қытайлық корейлер аймақтың экономикалық дамуына маңызды фактор болды. Кіші және орта бизнесте инвесторлар болды, өз туыстары үшін ғана емес, жергілікті қытай ұлты үшінде жұмыс орындарын құрды. Қытайлар өз корей таныстары арқылы Оңтүстік Кореяға табыс табу үшін баруға мүмкіндік алды. Ал теріс жағына келетін болсақ аз ұлт өкілдері жергілікті қытайлармен салыстырғанда әлеуметтік тұрғыда өсуі, аз ұлтқа жоғарыдан қарап үйренген қытайлардың наразылығын тудырды деп есептейді. Дегенмен Яньбян Корей ауданында этникалық қақтығыстардың болу мүмкіндіктері аз, өйткені Оңтүстік Корея қытай кәрістерін нағыз корейлік санамайтынын және болашақта оларды оңтүстіккорей қоғамының толықұқылы мүшесі ретінде қарастырғылары келмейтінін білдірген. Сондықтан қытайлық корейлер Корея қоғамының толық мүшесі бола алмағандықтан «Қытай азаматы» болу да құрметті деген оймен көңілдерін жұбатып, Яньбян Корей автномиясына қайта оралуға мәжбүр болды. Сонымен қоса Қытай кәрістерінің КР-на табыс табуға баруы олардың Қытайға ниеті түзу қарым-қатынасын қалыптастырады, нәтижесінде Яньбян Корей автономиясы экономикалық жағынан гүлденіп қана қоймайды, қытай шекараларының бекуіне әкелді[49,215].
Сонымен қоса яньбяндік корейлер КХДР мен КР арасындағы түрлі байланыстың орнауына делдал болды, әсіресе екі мемлекеттің арасында корейаралық экономикалық жобалардың жүзеге асуына байланысты Яньбяндағы қытайлық корейлер корейаралық КХДР территориясындағы жұмыстарға шақырылды. Өйткені солтүстіккорейлік үкімет өз азаматттарының оңтүстіктермен тікелей байланыс орнатуын шектеді. Сондықтан қытай корейлерін КХДР-дағы құрылыс обьектілеріндегі жұмысқа, «Раджин-Санбон» - еркін экономикалық зонасында оңтүстіккорейлік фирмаларда қызмет көрсетуге, автобус, такси жүргізушілері болуға, Кымгансан туристік жобасына жүзеге асырылады деген 2001 жылы ғана мыңдаған яньбяндік корейлер КХДР-ға ресми каналдар арқылы оңтүстіккорейлік фирмаларда жұмысқа жүберілді[49,216].
Қытай жерінде ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқан корей ұлтының өкілдері көрші екі мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени және туристік байланыстарында өздерінің тарихи рөлін атқара білді деуге болады. Қытай да және Оңтүстік Корея үкіметі сыртқы саясаттарында осы жағдайды тиімді пайдалануға бар мүмкіндікті қолданды.
Ал енді Оңтүстік Корея жеріндегі қытай диаспорсының екі ел қарым-қатынасындағы рөліне және олардың Кореядағы ерекше жағдайына тоқталып өтсек. Кореядағы «хуацяолар» ХІХ ғасырдың соңында пайда болғандар. Қытайдағы түрлі саяси қақтығыстар мен табиғи апаттарда, қашып көрші жатқан Кореяға келген қытай шаруаларының бүгінгі ұрпағын «Соң» тегін иемденгендер деген болжам да бар.
ХІХ ғасырдың 80-жылдары Кореяда Инчхон, кейіннен Пусан, Ульсан қалаларында сауда жасауға, түрлі жұмыс жасауға қытайлардың қоныстануына рұқсат берілген. Осындай тарихи оқиларға сүйене отырып, Кореядағы қытайлықтардың өзге елдердегі қытайлықтардан ерекшеленетін тұстары бар екенін зерттеуші-ғалымдар мойындайды. Олардың айтуынша біріншіден, бүкіл әлемде қоныстанған қытайлықтар әуел бастан өз елі өздерінен бас тартқан, төмен деңгейдегі жұмысшылар болған. Ал Кореядағы қытайлықтар жаңа айтып кеткеніміздей 19 ғасырда Қытайдың саяси қолдауына ие болғандықтан, өзге елдердегі қытайлықтар тап болған қысымды бастан өткермеген. Екіншіден, әлемдегі қытайлықтар Қытайдың әлемдік капитализм жүйесіне еніп, капиталистік елдер мен қытайлық иммигрант қауымдастықтар арасындағы экономикалық ұмтылысқа сүйеніп, корейлық қытайлықтардың тарихы Корея мен Қытайдың сонау сауда-саттық, бауырластық қарым-қатынасына сүйеніп дамыған. Үшіншіден әлемдік қытайлықтар қоғамының қалыптасуы негізінен Қытай әлемдік капитализм жүйесіне енуін бастағаннан кейін бастаса, корейлік қытайлықтардың қоғамы Қытайға деген батыс держасалар өз талаптарын қойып, корей халқында «Қытай елі» және «қытайлық» деген түсінік қалыптасқаннан кейін 19 ғасырдың аяғынан бастап қалыптасады. Осы себепті корейлік қытайлықтар өзге елдердегі қытайлықтарға қарағанда өздерінің «ұлы халық» деген ойды еш тастамаған. Әрі Қытай елімен тығыз байланыстағы сезімдерінен әлі күнге дейін айрылмаған[9,456].
Корейлік қытайлықтардың өзге елдердегі қытайлықтардан ерекшеленуін екі жақтың әуел бастағы тарихи байланысы себеп болған. Яғни, көршілес екі елдің арасындағы ағайынды-туыстай қарым-қатынасы қаншама ғасырлар бойы інілік парызды мойындап, алым-салық төлеп келген Кореяның тарихы кейіннен сауда-экономикалық байланыстың қалыптасуындағы ҚХР-дың талап қоюы: осының бәрі кореялық қытайлықтардың ерекшеленуіне түрткі болады.
Корей үкіметі де жергілікті қытай қауымы үшін бар мүмкіндікті жасап берді. ХХ ғасырдың 70-жылдары Сеулде арнайы қытай балалары үшін мектеп ашылды. Қытай тілінде оқулықтар шығарды. Қытай мәдени орталыы жұмыс істеді. Қытайлықтар Кореяда жеке шағын кәсіпкерлікпен айналысты. Жер сатып алуағ рұқсат берді. Қытаймен дипломатиялық байланыс орнатығаннан кейін екі ел арасындағы сауда байланыстарын жандандырды. Қытайға Кореяның түрлі өнімдерін тасымалдады. Қытай инветициясын елге тарту үшін жергілікті қытай ұлты өкілдеріне қолдау көрстіп, қытайлық көшелер салды. Қытай диаспорасы Қытайдан, Тайваннан, әлемнің басқа да түкпірінен инвестор тартып, соларға жұмыс істейтін байланыс көпір қызметін атқарды.
