Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың нег...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510 Кб
Скачать
☆

1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы

Тынық мұхит өңірінде көптеген мемлекеттер орналасқанымен, осы аймақтағы, оған қоса Солтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі қауіпсіздік жүйесі төрт ірі держава: АҚШ, Жапония, Ресей және ҚХР арқылы құрылатыны анық. Сондықтан да халықаралық қауіпсіздік саласындағы жағдайды бағалау оның бірінші қай жақтан жасалатындығына байланысты болады.

Жалпы Шығыс Азия АҚШ сыртқы саясатындағы Еуропа аймағынан кейінгі барынша стратегиялық маңызы бар аймақ. Вашингтонның бүкіл ресми тұлғалары осы аймақтағы қауіпсіздікті сақтауды аса маңызды мақсат деп санап отыр. Мысалы, бұрынғы АҚШ Сыртқы істер министрі У.Перридің айтуынша: «Қазіргі таңда Азия Тынық Мұхит өңірі тарихтағы ең гүлденген және даму мүмкіндігі мол аймаққа айналып отыр. Бұл өңірдегі қауіпсіздік болашақтағы қарқынды дамудың кепілдігі болып табылады». Б.Клинтон қолдаған 1997 жылғы «Жаңа ғасырдағы ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы» баяндамасында да аталған аймақ болашағынан мол үміт күттіретін өңір деп танылып, АҚШ соңғы 4 жылда өзінің осы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосты деп айтуға болады. Осы тұста АҚШ ендігі кезекте Жапония, Оңтүстік Корея, Австралиямен қарым-қатынастарды дамыта отырып, Солтүстік Кореяның атом қаруын ауыстыруын қадағалау керек. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, Пхеньянмен бірігу мәселесі бойынша бейбіт келіссөздер, кездесулер жүргізуде Қытайдың қауіпсіздік мәселесіндегі орнының орасан зор екендігін айта түсті[11].

Корей түбегі Ресейдің геосаясатында бұрын да, қазір де маңызды орынның бірін алады. Өйткені баяғыдан бері Ресей сыртқы саясаты Қиыр Шығыспен, әсіресе Корей түбегімен тығыз байланысты. Бұл байланыстың сипаты төрт ірі мемлекет: Қытай, Ресей, АҚШ және Жапонияның екі Кореяға қарым-қатынасымен түбегейлі байланысты болып келеді. Ресейдің Корей түбегімен қатынасы екі мемлекеттің сонау ортағасырлық тарихынан бастау алады. Географиялық тұрғыдағы жақындық, 20-шы ғасырдан басталған Солтүстік Корея мен КСРО-ның тығыз қарым-қатынасы Ресейді Корей түбегіндегі болып жатқан жағдайға араластырмай қоймайды[12].

Жапонияның қауіпсіздік мәселесіндегі орны «қырғиқабақ» соғыс жылдарымен тығыз байланысты. АҚШ-тың КСРО-мен қарсыласу кезеңінде соғыстан жеңіліп, Америкаға барынша арқа сүйеген Жапония Американың жанды қуыршағына айналып кетті деп айтсақ да болады. Алайда, Корей түбегі шалғайда жатқан Жапон аралдары үшін құрлықтағы Қытай өркениетінің ғылыми-техникалық жетістіктері мен рухани құндылықтарын тасымалдаушы өткел қызметін атқарған. Осылайша, уақыт өте келе Корей түбегі Жапония үшін барлық сала бойынша аса үлкен маңызы бар аймаққа айналды[12].

20 ғасырда көптеген Азия мемлекеттері Батыс державаларының отарына айналғанда, Корей түбегін Жапония басып алды. 35 жыл Жапонияның отары болған Корея әлі күнге дейін сол жылдардың зардаптарын ұмыта алмай отыр. Корея екіге бөлінгеннен кейін Жапония екеуінің біреуін қолдап, біреуіне қарсы шығуға мәжбүр болды. Ендігі, Жапонияның Корей түбегіндегі саясаты бейтараптықты сақтап қалуға бағытталған. Корей түбегіндегі түбегейлі өзгерістер қақтығыстар мен тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін. Бірақ біріккен Корея АҚШ, Ресей немесе Қытай ықпал ететін аймақ болса ғана, Жапонияда қауіпсіз жағдай қалыптасуы мүмкін. Сондықтан да Жапония Корей түбегіндегі біртұтас мемлекеттің қалыптасуына бейтарап көзқараста. Жапонияның екі Корей мемлекетімен де қарым-қатынасы ұқсас болып отыр.

ҚХР-ның корей мәселесіне араласу саясатының түпкі мақсаты өзінің шекарасына жақын, және әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіріп тұрған КХДР тарапынан өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Дәл осы себепті де шығар, Қытай Оңтүстік Кореяның территориясында Америка әскерінің орналасуына үндемей отыр. Өйткені, америка әскері де осы өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, Қытай үшін Корей түбегін ядролық қарудан тазарту да ұстанған саясатының маңызды бөлігі болып саналады. Өйткені, өзімен көршілес мемлекеттің күшейіп кетуін Қытай да қаламайды. Осыдан сан ғасырлар бұрын ұстанып келген саясаты сияқты Қытай Корей түбегінде өзінен басқа мемлекеттің әскери, саяси және экономикалық әсерінің күшейіп кетуін қаламайды. Бұл саясатты Қытай сонау Силла мемлекетінің тұсынан бастап келе жатыр, қазіргі таңда жұмсақ түрге ауыстырды десек те болады [13].

Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы байланыстарға талдау жасайтын болсақ, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, Корей түбегінде екі мемлекет орнағаннан кейін Қытай 1961 жылы Кеңес Одағымен бірге Солтүстік Кореямен достық, серіктестік және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімнің негізінде әскери одақ құрудың мақсаты жатқаны анық. Корей түбегі үшін Қытай және Солтүстік Корея арасындағы осы келісім Кеңес Одағымен орнатқан келісімге қарағанда қауіпті деп айтуға болады. Мысалы, Кеңес Одағымен орнатқан келісім «достыққа» жақын болса, Қытай келісімі сол сан ғасырдан бері келе жатқан «үлкен ағалық» (қытайша айтқанша «сюнди») түсінігіне жақын. Сонымен қатар, Кеңес Одағымен орнатқан келісім он жылға ғана жасалса, Қытаймен орнатқан келісім мерзімсіз болған. Осы ерекшеліктерге қарап-ақ, Қытаймен жасалған келісім Солтүстік Корея үшін үлкен маңызы бар деуге болады. Бір жағынан алып қарағанда, Солтүстік Корея үшінші мемлекет тарапынан қауіп төнген жағдайда Қытайдың көмегіне жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл келісімді тағы да Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы келісімшартқа жауап ретінде де қарастыра аламыз[13].

XX-шы ғасырда Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынаста көптеген келіспеушіліктер байқалды. Мысалы, Қытайда сол кезеңде қабылданған «нарықтық социализм» стратегиясын Солтүстік Корея түсінбеді. Содан кейін Қытай 1992 жылы Оңтүстік Кореямен дипломатиялық байланыс орнатты. Сол уақыттан бастап екі мемлекет арасындағы байланыста дағдарыс орын алды. Өзінің басты серіктестігінен айрылдым деп ойлаған Солтүстік Корея ядролық қарумен Солтүстік-Шығыс Азия өңірін қорқыту саясатына көшті. 1991 жылы Дж. Буш тактикалық ядролық қарудың санын азайту туралы мәлімдеме жасап, Оңтүстік Кореядан барлық қару көздерін шығарғандығын жариялағаннан кейін, 1992 жылы Солтүстік Корея МАГАТЭ ұйымына ядролық нысындарды тексеруге рұқсат берді. 1991 жыды 13 желтоқсанда Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында өзара бейбітшілік және серіктестік туралы келісімге қол қойылды [13].

Корей түбегі ҚХР-ды мазалайтын мәселелердің бірі екені анық. Дегенмен, Коммунистік Қытай пайда болғаннан бергі уақыттағы түрлі кезеңдерді «корей мәселесіне» байланысты өз мүддесін жиі өзгертіп отырды және соған сай саясатын да құбылтумен болды. Тоқсаныншы жылдары Корей түбегінде мүлде жаңа жағдай қалыптасып, сол кездегі Ресей Президенті Б. Н. Ельцин 1992 жылдың қарашасында КСРО мен КХДР арасында 1961 жылы жасалған одақтастық келісімшарт «мүлде жойылуға немесе өте үлкен түзетулерге жатады» деп мәлімдегеннен кейін Қытай іс жүзінде КХДР-ның бірден-бір одақтасы болып қалды. Дәл осы ҚХР-дың Пекин тарапынан тәуелділігін барынша күшейту саясаты ұсталынғаны, КХДР-мен қарым-қатынастағы Қытайдың «монополдық құқығы» «корейлік мәселенің» түрлі жағдайларын реттеуде аса маңызды міндет атқарды.

1993 жылы Ли Пэн Қытайдың Корей түбегіне қатысты өзіне түбектің ядросыз статусын және екі Кореяны да тануды қосқан жаңартылған саясатының қағидаттарын жариялады.

Формалды түрде алғанда Қытай Кореяның екі бөлігінің бірігуіне ешқашан нақты қарсылық көрсептеген. Сталин мен Мао Цзедуннің қолдауымен КХДР жетекшілігі тарапынан туындаған 1950-1953 жылдардағы корей соғысының іс жүзіндегі мақсаты да елдерді қарудың күшімен біріктіруге жасалған ұмтылыс болатын. Осы ұмтылыстың сәтсіздікке ұшырауы, «мәдени төңкерістегі» жеке тәжірибе мен содан соң біраздан кейін басталған реформалар ҚХР басшыларының санасында жаңалықтарды мойындауға сүйенген, Кореяны біріктіру мүмкіндіктерінің тың көріністері бекіді.

Кореяның бірігуінен Қытайдың қандай артықшылықтар мен жоғалтуларға ие болатынын салыстырып көргеннің артықшылығы жоқ.

Болуы мүмкін артықшылықтар:

  • Қытайдың мың шақырымдық шекарасындағы оның өмірлік мүдделері тоғысқан аймақтағы аса күрделі қауіп-қатердің түйіні тарқатылып, ол өз кезегінде ҚХР үшін елді қайта жаңғырту міндеттерін жүзіеге асыру жолында аса қажет болып табылатын Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ пен Солтүстік-Шығыс Азиядағы тұрақтылықты қалыптастыруға ықпал етер еді;

  • Біріккен Корея болашақта (міндетті түрде болатын аса ауыр өтпелі кезеңнен соң) ҚХР экономикасы үшін аса ірі экономикалық серіктес бола алар еді; қытайлық-корейлік экономикалық ынтымақтастық пен Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ пен Солтүстік-Шығыс Азиядағы интеграциялық процестерге үйлесімді түрде қатысуға мүмкіндік ашылмақ; аймақта айтқанын өткізу үшін Жапонияға қарсы арасалмақта артықшылық пайда болмақ;

  • Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ пен Солтүстік-Шығыс Азиядағы елдердің әрекеттеріне келесімі қажет болатын Кореяның бейбіт түрде бірігуі осы әрекеттерді үйлестіруші ретіндегі ҚХР-дың рөлін арттыруы, оның халықаралық деңгейдегі беделін одан ары нығайтуға қызмет етуі әбден мүмкін.

Болуы мүмкін жоғалтулар:

  • Қытай КХДР-мен қатынасының ерекшелігіне байланысты қолынды болған Кореядағы жағдайға әсер ету тетіктерінен айрылып қалуы мүмкін;

  • Біріккен Кореяда америкалық қатынастың сақталып қалуы АҚШ-тың аймақтағы ықпалық барынша күшейтеді және ол құрғақтағы шекарасы бойынша Қытайға жақындай түседі;

  • Бірегей Корей мемлекеті болашақтағы нарықта Қытайдың салмақты бәсекелесіне айнала алады.

Алдағы кезде жоғарыда аталған артықшылықтар мен жоғалтулардың балансы қалай қалыптасатындығын болжау мүмкін емес. Дәл қазіргі қалыптасып отырған жағдайда Солтүстік Корея – ол түбекте АҚШ әскерінің болуы мен Қытайдың арасына қойылған қорғаныс қалқаны іспетті. Біріккен кезде бұл мәселе қалай шешімін табатыны белгісіз. Бірігудің қандай үлгісі қалыптасатыны да беймәлім. Бір жағында біріккен Кореядағы америкалық қарулы күштердің сақталуы тұрса, басқа жағында олардың елден кетуі орналасқан[15].

Иә, соғысқа қабілетті реформаланған армиясы, 800 миллиард доллар ішкі ұлттық өнімі және аса тәртіпті диаспорасы мен 85 миллион тұрғыны бар біріккен Корея Азияның және одан басқаның да геосаясаттық ландшафтына айтарлықтай әсер етуі әбден мүмкін.

Алайда, ол кімге қарап, ой түзейді, қалыптасады? Оның армиясы қандай болады? Қытай егер, бірегей Корея Пекинмен экономикалық, саяси және әскери тығыз байланысты сақтаса және елінде америкалық қарулы күштердің болуына жол бермесе қос Кореяның жедел бірігуін қуана-қуана қолдар еді. Қытай жетекшілері Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы келіссөздерді қолдағандарымен, күн тәртібіне Кореяның бірігуі мәселесін енгізуге ұмтылыс танытпаулары арқылы барынша ойластырылған ұстанымды сақтап отыр. Қытайлықтыр үшін ең бастысы – Корей түбегінде тұрақты әрі бейбіт жағдайды қамтамасыз ету.

Кез келген жағдайда солтүстіккореялық режимнің жедел құлауы нәтижесінде Кореяның тез әрі асығыс бірігуі (Германияның қосылуы сияқты) Қытайдың мүддесіне сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда осы аталған режимді жарты ғасырдан астам уақыт қолдап келген Қытайдың халықаралық мәртебесіне айтарлықтай нұсқан келеді. Солтүстіктегі коммунистік режимнің күйреуі елде жүргізіліп жатқан нарықтық реформаларға байланысты онсыз да аса күшті қысымды бастан өткеріп отырған Қытай мемлекетінің идеологиялық ұстанымына аса ауыр соққы болары сөзсіз. КХДР-дың күйреуі және одан соң іле-шала болатын дағдарулар қазіргі кездің өзінде қытайлық биліктің бас ауруына айналып отырған корейлік босқындар проблемасын одан ары ушықтыра түсері анық. Қытайдың пікірі бойынша Кореяның Сеулдің айтуы бойынша бірігуі – ең нашар нұсқа. Ол АҚШ-тың Корей түбігенде болуын одан ары күшейте түседі. Ал Қытай болса Тынық мұхит ауданында, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан америкалық қарулы күштердің қоршауында қалғандай сезінеді.

Қытайдың мүдделеріне Кореяның бірігу процесінің біртіндеп эволюциялық жолмен дамығаны сәйкес келеді. Бұл жол – мақсатқа елдің Солтүстігіндегі режимді трансформациялау мөлшері бойынша кезеңнен кезеңге жету арқылы жылжу. Қытайлық билік оның барлығы Қытайдың өзінде жүзеге асқан реформалар үлгісінде болғанын да құптайды. Қазіргі кезде қытайдың кореялық қос мемлекетпен қатынысы негізінен тең жағдайда. Бұл өз кезегінде Қытайға АҚШ-тың КХДР-ға қатысты қауіпті саясатын тежей және Корей түбегіндегі ішкі процестерге сүйене отырып, екі мемлекеттің өзара жақындасуына әсер етуге мүмкіндік береді. Қытай Ресейге қарағанда КХДР-дағы өзінің шебін барынша нығайтты және советтек қатаныс кезінде барынша асқынып кеткен Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қарама-қайшылықтарды ретке келтіру арқылы ондағы КСРО-ның орнын ептілікпен баса алды. Сонымен бірге ол солтүстік-оңтүстік қарсылығының өткірлігін жұмсартудың арқасында Оңтүстік Кореяда өзімен құрастырылған саяси аумақта орынды иеленді[16].

Қытайдың Кореяны біріктіру мәселесіне қатыстылығы жөнінде айтылатын пікірлер де сан алуан. Мәселен, белгілі саясаттанушы З. Бзежинский өзінің «Великая шахматная доска» атты кітабында былай деп жазады: «Заманында Қытайға салық төлеп тұрған біріккен Корея америкалық ықпал кең тараған (жанама түрде жапондық ықпал) аймақ ретінде Пекин үшін төзе алмайтын соққы болады. Мұндай жағдайда Қытай біріккен Корея Қытай мен Жапония арасында бейтарап қорғаныс қалқаны болуы керек деген талап қана қоя алмақ. Сонымен бірге Кореяның Жапонияға қатысты тарихтағы тамыры тереңге кеткен, ежелден келе жатқан жаулық көзқарасы Кореяны өзінен өзі қытайлық ықпалға итермелейді деп үміттене алады. Алайда, әзірге Қытайға бөлінген Корея барынша тиімді. Сондықтан Қытай солтүстіккореялық режимнің сақталуын жақтайды дегенннің де жаны бар.»[17, 183-184 беттер].

Корей түбегіндегі қауіпсіздікті қарулы күштердің араласуымен нығайту мүмкін емес. Корей мәселесін шешу кезінде Корей түбегіндегі нақты жағдайға, атап айтқанда, онда екі бірдей тәуелсіз мемлекеттің – Корей Халықтық Демократиылық Республикасы мен Корея Республикасының өмсір сүріп отырғандығын көңіл аударып, соған сүйенген жөн. Дәл осындағы жағдайда сыртқы саяси күштердің әсерінің маңызы барынша артып кетеді. Қытай, Корей түбегі аумағында асдаған болса да геосаясаттық мүддесі бар кез келген басқа мемлекет сияқты түбектегі жағдайдың өздеріне қолайсыз бағытта дамуына жол бермеуге тырысып бағады[18,77]. ҚХР үшін шекарасы маңында туындауы мүмкін кез келген қақтығыстың 1950-1953 жылдардағы оқиғаларды еске түсіретінін ескерсек, мұны да түсінуге болады.

Корей мәселесін дәл қазіргі түрінде, нақтырақ айтқанда, Корей түбегін Солтүстік Шығыс Азиядағы жарылыс қаупі бар аймақтар қатарынан алып тастау арқылы түбегейлі «жабу», екі корей мемлекетін біріктіруі әбден мүмкін еді. Алайда бұл – бүгінгі немесе ертеңгі күннің міндеті емес. Белгілі болып отырғандай, оның шешу ұзақ мерзімді қажетсінеді және қазіргі кезде іс жүзіндегі саясаттың күнтәртібінде тұрған жоқ. Корея Республикасының Президенті Но Му Хен айтқандай, әзірге «-бұл – біздің арман» [19].

Кореядағы қазіргі жағдайдың мәселесі – әлемдегі «қырғиқабақ соғыстың» тұтастай алғанда тарих қойнауына кеткендігіне қарамастан, Корей түбегінің әлі күнге сол кездегі заңмен өмір сүріп келе жатқандығында. Солтүстіккореялық басшылық «қырғиқабақ соғыс» уақытындағы тірі қалудың ескі қисыны бойыншы әрекет еткуге ұмтылады. Ал корейлік оқиғаларға қатысы бар, Қытай Халық Республикасын қоса алғандағы елдер осынау ескі қисынға қосыла алмай отыр.

Дегенмен, Кореяның бірігуі қалай болатындығы көп жағдайда Қытайға байланысты деген пікірлерге мен де қосыламын. Өйткені, осы заманғы Қытайдың экономикалық тұрғыдағы өркендеуіндегі табыс негізінен Корей түбегіндегі жағдайдың тұрақтылығына тәуелді екенін ешкім жоққа шығармайды. Соған сай КХДР мен Корея Республикасы арасындағы қатынастарда үлкен міндет атқаратын табыстырушы ретіндегі Қытайдың ықпалы мен мүмкіндігі аса жоғары дегенді батыл түрде айтуға болады[20].

Қалай болғанда да, Қытай үшін Солтүстік Кореядағы жүйенің тез құлдырауы ешқандай пайда әкелмейді. Егер де Солтүстік Корея құласа қаншама жылдар бойы осы жүйеге қолдау көрсетіп келе жатқан Қытайдың да мәртебесі төмендері сөзсіз. Сонымен қатар, солтүстіккорейлік жүйе құлдыраса, Қытай жеріне ауып келетін корейлік босқындар саны да өсері анық. Онсыз да, Қытай қазір босқындардан көп зардап шегіп отыр. Қытайдың ойынша, екі мемлекет бірігіп, оны Оңтүстік Корея басқаратын болса, бұл Қытайға жақсылық әкелмейді. Өйткені, бұл кезде Корей түбегінде АҚШ-тың әскері көбейіп кетуі мүмкін. Қытай қазір онсыз да жан-жақтан қаптаған Америка әскери күштерінің әсерін сезіп отыр[9,235].

Қытай үшін Корей түбегінің кезең-кезеңдерден өтіп барып бірігуі маңызды. Дәл осындай жолмен біріккен Кореяның жүйелік ағымы бір Қытайлық жүйеге ұқсас болуы керек. Қазіргі таңда, Қытай екі мемлекетке қатысты бірдей саясат ұстанып отыр десек те болады. Осы арқылы КХДР-ге көмек беріп, АҚШ әсерінің жайылып кетуіне жол бермей отыр. Ресейге қарағанда Қытай КХДР-дің тілін тез тауып, бір кездегі Кеңес Одағының орнын басты.

Әскери күш арқылы Корей түбегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде қазіргі таңда, Корей түбегінде екі мемлекет, яғни Корея Республикасы және Корей Халықтық Демократиялық Республикасы бар екенін ескеру керек. Сол себепті, бұл екі мемлекеттің бірігуіне қалай болғанда да сырт мемлекеттер араласуы қажет. Сырт мемлекеттер Корей түбегінде өз әсерінің басымдығын орнатқысы келеді. Қытай да солардың қатарына жатады. Бір жағынан Қытай қаншама жылдар бойы Корей мемлекетіне басымдық саясат жүргізіп келген. Енді одан айрылғысы келмейді. Тіпті, бұл жерде бір тұрақсыз жағдай болған кезде де Қытай араласпай қалмаған.