- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
Қырғи-қабақ соғыс кезінде халықаралық байланыстың негізі саяси идеология мен әскери күш болып келді. Алайда 1980 жылдардан бастап осы уақытқа дейін бір-біріне суық қабақпен қарап келген елдер арасында серіктестіп байланыс дамып, бейтіт жағдай қалыптасты. Мемлекет арасындағы байланысты орнататын саяси идеология мен әскери күштен гөрі саяси экономиканың жиынтығымен толықтыратын тенденция айқын байқала бастайды. Бос саясаи идеологиялық бәсеке немесе әскери текетірестен гөрі мемлекеттік пайда мен дамудың маңызы артып, халықаралық байланыста жаңа кезең басталды десек те болады. Бұл себептер корей-қытай экономикалық байланысында да айрықша көрініп, 80 жылдардан кейінгі байланысты жаңа бір кезеңнің ашылуы деп айтсақ болады.
Халықаралық байланыстағы экономикалық пайда пен экономикалық күш елдің орны және мәртебесін көрсетіп қана қоймай дипломатиялық байланыста да өзінің маңызды рөлін атқарады. Әсіресе, сыртқы экономикалық сауда мемлекеттің экономикасында үлкен орын алған сайын сыртқы саясат та нығайа түскен. Сыртқы экономикалық байланыста пайда болатын текетірес пен қарсылық сыртқы экономиканың өзіне ғана емес, ел ішіндегі саяси байланысқа да өзінің әсерін тигізеді. Экономикалық сауда байланысының дамуы саяси құрал ретінде қолданып, екінші елдеп дипломатиялық сыйластың пен серіктестікті талап ете алады. Халықаралық байланыста саяси-экономикалық байланыс деген сөз халықаралық экономиканың маңыздылығына қайта екпін түсірмей қоймайды[9,327].
Саяси-экономика деген сөздің бірге қолдануын алғаш енгізген Карл Маркс болатын. Бұдан кейін бұл сөз коммунистік әдебиеттерде жиі қолданатын болды. Дәл қазіргі таңда халықаралық байланыстағы экономикалық серіктестік пен өзара алмасудың маңыздылығы одан сайын арта түскен заманда бұл сөз әлемдік қолданысқа ие болды деп айта аламыз. Мысалы, 1980 жылдардан кейін Корея пен Қытай құрлығының экономикалық байланысы қарқынды дамып, бұл екі жақтың саяси-экономикалық байланысының жақсаруына бірден-бір себеп болды.
Қытай Халық Республикасының ашық реформа саясатына тоқталып өтсек. 1980 жылдардан кейін Қытай Халық Республикасының Сыртқы саясатты да саяси идеологиядан гөрі өз мемлекетінің пайдасын маңыздырақ санап, мұндағы экономикалық байланыстарды нығайту әрине басты мақсаттардың біріне айналады. Дэн Сяо Пин ашық реформа саясатын ұсынып «4 жаңарту» атты экономикалық құрлысты мемлекеттің басты стратегиясы ретінде жариялайды. Бұл реформа бойынша экономикалық фактор ең маңызды орынның бірін алады.
Осы кезеңде Оңтүстік Корея үкіметі де социалистік мемлекеттермен байланыс орнатуға бағытталған Солтүстік бағыттағы саясатқа сүйеніп Қытай Халық Республикасымен ғана емес, сонымен қатай КСРО және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жаңа байланыс орнатуға қадам жасайды. Бұл жағдай Корея мен ҚХР арасындағы экономикалық алмасу байланысына жаңа түр береді.
Оңтүстік Корея 1960 жылдан кейін жаңа экономикалық реформалар енгізуге талпынып, 1970 жылдары қарқынды экономикалық дамуға қол жеткізеді. 1980 жылдары Корея, Тайваньмен және Гонг-Конгпен, сонымен қатар Сингапурмен, Азияның төрт кіші экономикалық айдаһарымен аттанады. Тайвань Корея Республикасы, Сингапур және Гонконг кіретін Шығыс Азияның «төрт кіші экономикалық айдаһары» жаңа индустриялы елдер (ЖИЕ) тобына жатады және Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикасындағы елеуі рөлі күннен күнге артуда. Қытай Халық Республикасы Тайвань мен Оңтүстік Корея экономикасының қарқынды дамуын сынға алғанымен Гонконг, Тайвань және Оңтүстік Корея Қытаймен салыстыруға да келмейтін экономикалық даму деңгейіне жетеді. Әсіресе Қытай Халық Республикасында 1960 жылдан бастап 1970 жылға дейін жалғасқан солшылдардың социалистік құрылыс курсы , «мәдени револция» елдің экономикалық негізін құлдыратып жіберді[9,329].
1952 жылы Тайванның ұлттық пайдасы 50 доллар болса, ҚХР-ның пайдасы 47 доллар шамасында болған. Алайда 1986 жылы Тайвань 3,784 доллардан 1, 192 долларға өссе, Қытайдың қалалық өңірлеріндегі табыс тек 400 долларды ғана құрайды. 1970 жылға дейін таптың ұрыс идеологиясымен жасағысы келген социализмнің мінсіз мемлекетін құру солшылдар курсындағы «мәдени революция», саяси рефолюция үндеулері еш нәтиже әкелмейді. Мао Цзэдун қайтыс болғаннан кейін 1978 жылы билікті қолға алған Дэн Сяопин экономикалық мәселелерді шешуді мемлекет стратегиясының басты мақсаты етіп қояды. Өйткені Тайвань мен Гонконгтың қарқынды дамып келе жатқанын айқын көре тұра қалып бара жатқан Қытайдың бұрынғы ұлылығы жайлы енді айту қиын, әрі ұят болатын[9,329].
Дэн Сяопин билік тізгінін қолға алғаннан кейін «4 жаңарту» принципін енгізіп, оны іске асыру үшін ел ішінде ашық саясатпен қатар, сыртқы саясатқа басты назар аударып, шетелдік капитал, техника, құрал-жабдықтарды елге кіргізу үшін ашық есік саясатын қарқынды жүргізіп, нәтижелер көрсете бастайды.
Дэн Сяопин «әлемдік дамыту», яғни бейбіт жолмен даму мәселесі халықаралық стратегияның негізі деп айта бастайды. Бұл әскери жолмен бейбіт жүйені құрып, экономикалық дамуға жету халықаралық байланыстың негізі деп те айтқан болатын. Халықаралық қоғамда коммунизмдің революцияны насихаттап, таптық бөлі, соғыс ашу сияқты қайшылықтардың мәні жоқ деді.
Қытай Халық Республикасының халқы құлайын деп тұрған экономикалық жағдайды түзету үшін бар күшін салып, өндірісті арттыру керек деп үндеу тастаған болатын. Дэн Сяопин Қытайды батыс елдеріне қайта ашып қана қоймай, көршілес елдермен де қарым-қатынас орнатуға себепті болған. Осы ашық есік саясатының арқасында екі елдің, яғни Корея мен Қытайдың экономикалық байланысын дамыту мүмкін болды. Әсіресе, дәл осы кезеңде Корей үкіметі де батыс аймақтарға бағытталған саясат жүргізіп, екі елдің өзара қарым-қатынас жасауға бейімдігі тұспа-тұс келеді.
Дэн Сяопиннің ұстанған саясаты бойынша Қытай енді елдегі идеология мен жүйе мәселесін мемлекетаралық байланысқа еш араластырмай бейбіт халықаралық жағдай жасап, экономикалық дамуға пайда әкелу бағытын ұстанып отырды. Саяси биліктегі ұстанып отырған идеология және жүйе қанша қарама-қайшы болса да, осы уақытқа дейін осы айырмашылықтарға сүйетіп қанша рет байланыс орнатудан бас тартса да, енді бұл жолы Қытай бұның бәрін ұмытып, сынға алып келген мемлекеттермен де қарым-қатынас орнатуға кіріседі.
Осы уақытқа дейін Тайвань мен Оңтүстік Кореяны әскери диктатура деп сынап авторитаризм диктаторлық үкімет ұстанып отырған экономикалық дамудың жетістіктерін байқап Қытай Коммунистік Партиясы бір партиялы диктатураны ұстанып экономикалық жаңартуды жалғастыру керектігіне көзі жетті. Корей үкіметінің тарапынан да 1970 жылдан кейін Солтүстік бағыттағы саясат бойынша коммунистік мемлекеттермен жаңа байланыстар орнатты. Бұл тұста өзімен сол корей соғысынан кейін бәсекелесіп келе жатқан Солтүстік Коряның тарихи сахнадағы басты одақтасы Қытай Халық Республикасымен байланыс орнату Оңтүстік Корея үшін аса маңызды еді[9,330].
Экономикалық аспект бойынша осы уақытқа дейін Америка, Жапония сонымен қатар Батысқа арқа сүйеп келген Оңтүстік Кореяның сыртқы экономикалық қарым-қатынас жүйесін қайта қарастырып, осы уақытқа дейін географиялық тұрғыдан ең жақын, әрі халық саны бойынша алдыңғы кезектегі елмен экономикалық байланыс орнатып, Қытай нарығын ашу Корей еліне өте қажет еді.
Осы уақытқа дейін Қытай Халық Республикасы Солтүстік Кореямен байланыс ұстап, ал Оңтүстік Корея керісінше Тайванмен қарым-қатынаста болды. Оған қоса екі елдің саяси идеологиялық айырмашылығы мен жүйелік ұқсамайтындығы бар еді. Алайда осы аталып өткен мәселелерге қарамастан экономикалық байланыстың қажеттілігінен туындаған екі жақты байланыс 1980 жылдан бастап өте жылдам, әрі қарқынды дами түседі. Осы экономикалық байланыстардың белсенді түрде дамуы екі жақтың саяси байланысын ретке келтірді деп айтсақ та болады.
1985 жылы тек 2 0000000 доллар төңірегінде болған Оңтүстік Корея мен ҚХР-ның сауда айналымы, корей статистикалық мағлұматтарына сүйенсек 1990 жылы 38 000 0000 долларға жетіп, Қытай Кореяның төртінші ірі экономикалық серіктесіне айналады. Ал Оңтүстік Корея Қытайдың 10-шы серіктесі болады. 1992 жылы сауда айналымы 52 000 0000 долларға шарықтайды. Осындай екі жақты қарқынды экономикалық алмасулар екі елдің әртүрлі инфрақұрылымдары мен екі жаққа тасымалдайтын көлік кешендерін де дамытады. Осы жақсы қадамдардың нәтижесінде саяси байланысты жақсартуға боалтын достық қарым-қатынастар пайда болып 1992 жылдың 28 тамыз айында Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы дипломатиялық байланыс орнатады. Бұдан кейін сауда айналымы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен дамып дипломатиялық байланыс орнатқаннан кейін 8 жылдың ішінде корей статистикалық мағқұматтарына сүйенсек, 345 000 0000 долларға жетіп жығылады. Қытай Кореяның инвестиция құятын екінші еліне айналады. [9,330]
