- •Естайдың әні
- •Біржан сахнаның арғы жағынан
- •Сахнаға Біржан шығады. Біржанның әні
- •(Үйден Жанбота, Жиенқұл нөкерлерімен шығады. Олар көрінікті жерге отырып Біржан мен Сараның айтысын тыңдайды.)
- •Жанботаның нөкерлері
- •(Қожағұл, молдалар, олармен бірге Алтынай келеді)
- •Ашу кернеген Жанбота Біржанға ұмтылады
- •(Халық Жанботаны келемеж қылады. Келемежге ренжіген Жанбота шығып кетеді)
- •(Бурабай көлінің жағасында Біржанның ауылы. Көлдің жағасында ойға шомып Біржан отыр.) Біржан Ариозасы және дуэт
- •(Үйден Аналық шығады) Аналық пен Біржан сценасы
- •Алтынай мен Біржан сценасы
- •Алтынай кетеді
- •Жастардың Біржанға келген сценасы
- •Сара мен Біржан дуэты Жастар үйге кіреді. Біржан Сараның даусын естіп, кідіріп қалады. Қайықпен Сара келеді.
- •(Жанбота, Жиенқұл мен молдалар келеді, жастардың ойыны тоқтатылады.)
- •Жанботаның ариясы
- •(Жанбота және оның нөкерлері топты қуады. Сара қайықта жасырынады. Біржан жалғыз қалады.) Біржанның қортынды ариясы
- •(Жиенқұлдың ауылы. Қыздар үй тігіп, тойға дайындалып жатыр.)
- •Серік келеді
- •(Серік пен қыздар кетеді. Алтынай Сараны тосып үйдің артында тасаланады.) Алтынайға
- •Сараның Ариозасы
- •Сараның ариясы
- •(Той. Сахнаға халық тола бастайды.)
- •Қортынды сцена
- •(Жиенқұл мен сараны оңаша қалдырып, жұрт тарқайды.) Жиенқұл мен Сараның сценасы
- •Сара мен Біржанның сценасы (Біржан кіреді. Жиенқұл қорқып шығып кетеді.)
- •(Жиенқұл, Жанбота жігіттерімен кіреді. Біржанның қолын байлайды.)
- •(Жанбота мен Жиенқұлдың ауылы. Біржан зыңданда. Серік жігіттерімен зыңдан қасыңда ойын бастайды.)
- •(Күзетші жігіттерімен шығып кетеді) Біржан сценасы (зыңданда)
- •(Жанбота, Жиенқұл және олардың адамдары кетеді.) (Біржанның достары, олармен бірге Естай, Сара және Біржанның анасы Аналық келеді. Олар зынданнан өлім халінде жатқан Біржанды алып шығады.)
- •Біржан ариясы.
- •Ананың жоқтауы
(Жанбота, Жиенқұл мен молдалар келеді, жастардың ойыны тоқтатылады.)
Жанбота: Бұл не, не думан?
Күнде базар, күнде той.
Жын шайтанның ойнағын, дәріптеуші кім мұнда?
Айтыңдар!
Біржан: Бастаушы мен Жанбота
Қожағұлға
Жанбота: Тый балаңды, өшір үнін, домбырасын отқа жақ.
Тыңдамаса әкесін, ит жеккенге айдалмақ.
Не өмір, не домбыра екінің бірі!
Қожағұл (Жанботаның аяғына жығылады): Болыс еке кешіңіз, тыңдамайды ол мені
Біржан: Тұр, әке! Опасыз, ездік өмірден,
Ерлікпен өлу мың артық,
Тұр, әке, көтер басыңды,
Намысыңды қорлама!
Бас кесер болса, тіл кеспес
Таразыға түскенде
Білерміз кімнен кім артық,
Білерміз кімнен кім артық тұр, әке, тұр!
Молдалар: ойнама бала болыспен!
Ойнама, бала, болыспен!
Жанботаның ариясы
Жанбота: Ойнағы жын шайтанның күлкі,
Жиын қорладың дін, құдайды, хақтың үйін.
Аяққа аямай-ақ басып жүрсің,
Халықтың әлпештеген болыс биін.
Сен! Қоймасаң бұл қылығың болғаның қор,
Жер Сібір, түрме, зындан тартар сыйың.
Не өмір, не домбыра таңдауыңды ал,
болмасын бірақ арты қиын, арты қиын.
Ойлан, ойлан Біржан, не өмір, не домбыра,
Таңдауыңды ал! Екінің бірі!
Хор: Болыс еке, кешіңіз,
Халық айтқан сөзді ұқта.
әнші, күйші ақынның,
ән мен жыры елдікі.
Еркіне сен қол сұқпа,
Халық айтқан сөзді ұқта.
Болыс, болыс.
Жанбота: Ұста Сараны!
Шығарма үйден! кілтке сал!
(Жанбота және оның нөкерлері топты қуады. Сара қайықта жасырынады. Біржан жалғыз қалады.) Біржанның қортынды ариясы
Біржан: Дариға-ай, толқын ұрған асау жаным,
Жиһанның көрем қашан атқан таның!
Ақ тоты, аяулы ерке түсті сорға,
Нешара босатуға бар ма амалым, ай?
Мен мәңгі, сүйген сәулем, айрылдым ба?
Аққуым қос қанатың қайрылды ма?
Тас кескен тауға салса ақ семсер ем,
Мұқалып мен де бүгін майрылдым ба?
Опасыз алды артың жоқ дүние жалған,
Жазылмас көкірекке қайғы салған!
Бездірдің, бездім бүгін, кеттім қаңғып,
Басқаны іздемеймін Саражаннан.
Көкшетау, құшағыңды аш, едің
Анам, бәрін де етті талақ ерке
Балаң. Домбырам, жан серігім,
ән мен өлең, оқжетпес
қия тасы болар панам, ай
болар панам. О, сара!
(Жиенқұлдың ауылы. Қыздар үй тігіп, тойға дайындалып жатыр.)
Қыздар хоры: Сараның құты болсын-ай,
Ақ ордасы, шалықтап,
Қатар өссін мал мен басы!
Күміс пен керегесін-ай
Нақыштатқан сап алтын
Сықырлауық босағасы
Туырлығы пірәннен,
Меруерт маржан уық бау
Отауы әшекейлі-ай
Гүл-гүл жанған бас құры
Ені бір кез зермен шалған.
Пірәннен туырлығын-ай,
Оюлатып, теріне түкті кілем
Төсеп салған. Дөдегең оймыш алтын зер,
Салтанатқа дарқанау. Ақнау
Серік келеді
Серік: Естідің бе, Алтынай
Жынданыпты, құтырыпты
Жан шошырлық түрінен
Зыр жүгіріп, ел ақтап,
Тыным таппай түнімен.
Екі иығын жұлып жеп,
Шарпиды елді тілімен.
Бақытсыздық басқа түссе,
Көнбеске не шара бар?
Алтынай. Не болыпты, жаным-ау?
Оныңыз кім, ағатай?
Жан шошырлық түрінен...
Бақытсыздық!
Хор: бақытсыздық!
Серік: Жай түскендей ауыр дерттің,
Айықпайтын түрі бар,
Тағылардай тау арасы мекені,
Елден безіп, мүлде кеткен деседі...
Алба жұлба киімі, жан шошырлық түрінен.
Кірпік қақпай күңренумен,
Шығад дейді түнімен, о, құдырет,
Тап болған ғой аруаққа,
өзімен кетсін бәлекет! Бәлекет! Бәлекет!
Аналық: аты, жөні кім екен?
Оныңыз кім, ағатай?
Серік: Домбырасын сүйретіп, кірпік қақпай күңреніп,
Естімесең, естіртейін, жынданыпты сал Біржан!
Сал Біржан! Сал Біржан! Сал Біржан!
Аналық: Сал Біржан? Сал Біржан, Сал Біржан!
Хор: қайран ақын, қор болған!
