- •Естайдың әні
- •Біржан сахнаның арғы жағынан
- •Сахнаға Біржан шығады. Біржанның әні
- •(Үйден Жанбота, Жиенқұл нөкерлерімен шығады. Олар көрінікті жерге отырып Біржан мен Сараның айтысын тыңдайды.)
- •Жанботаның нөкерлері
- •(Қожағұл, молдалар, олармен бірге Алтынай келеді)
- •Ашу кернеген Жанбота Біржанға ұмтылады
- •(Халық Жанботаны келемеж қылады. Келемежге ренжіген Жанбота шығып кетеді)
- •(Бурабай көлінің жағасында Біржанның ауылы. Көлдің жағасында ойға шомып Біржан отыр.) Біржан Ариозасы және дуэт
- •(Үйден Аналық шығады) Аналық пен Біржан сценасы
- •Алтынай мен Біржан сценасы
- •Алтынай кетеді
- •Жастардың Біржанға келген сценасы
- •Сара мен Біржан дуэты Жастар үйге кіреді. Біржан Сараның даусын естіп, кідіріп қалады. Қайықпен Сара келеді.
- •(Жанбота, Жиенқұл мен молдалар келеді, жастардың ойыны тоқтатылады.)
- •Жанботаның ариясы
- •(Жанбота және оның нөкерлері топты қуады. Сара қайықта жасырынады. Біржан жалғыз қалады.) Біржанның қортынды ариясы
- •(Жиенқұлдың ауылы. Қыздар үй тігіп, тойға дайындалып жатыр.)
- •Серік келеді
- •(Серік пен қыздар кетеді. Алтынай Сараны тосып үйдің артында тасаланады.) Алтынайға
- •Сараның Ариозасы
- •Сараның ариясы
- •(Той. Сахнаға халық тола бастайды.)
- •Қортынды сцена
- •(Жиенқұл мен сараны оңаша қалдырып, жұрт тарқайды.) Жиенқұл мен Сараның сценасы
- •Сара мен Біржанның сценасы (Біржан кіреді. Жиенқұл қорқып шығып кетеді.)
- •(Жиенқұл, Жанбота жігіттерімен кіреді. Біржанның қолын байлайды.)
- •(Жанбота мен Жиенқұлдың ауылы. Біржан зыңданда. Серік жігіттерімен зыңдан қасыңда ойын бастайды.)
- •(Күзетші жігіттерімен шығып кетеді) Біржан сценасы (зыңданда)
- •(Жанбота, Жиенқұл және олардың адамдары кетеді.) (Біржанның достары, олармен бірге Естай, Сара және Біржанның анасы Аналық келеді. Олар зынданнан өлім халінде жатқан Біржанды алып шығады.)
- •Біржан ариясы.
- •Ананың жоқтауы
Қортынды сцена
Серік: Ал, халайық, халайық,
Той тарқарға салайық.
Қалсын жастар оңаша,
Той тарқады, тарайық,
Қалсын жастар оңаша,
той тарқады, тарайық!
(Жиенқұл мен сараны оңаша қалдырып, жұрт тарқайды.) Жиенқұл мен Сараның сценасы
Жиенқұл: О, ерке қыз! О, ерке қыз!
Ерке қыз, бері қара, құлағың сал,
Жас емен еңбектеген, еңкейген шал.
Сүйсең де, сүймесең де, ерке шора,
Амалсыз Жиенқұлға боласың жар.
Кел бері, құшағыңды аш, сұлу Сара,
Ақ бата бұзылмайтын берік қамал.
Сара. Қосылмайды арамыз, жақын етер жоқ амал.
Жар емен, жатқа санаңыз, берікпін етпес тас қамал.
Зорлама!
Жиенқұл: Олай деме, Саражан, Саражан»
Жансыз деп сен қорлама, менің де бар жүрегім.
Білмес деп сүйе ойлама, адал жарым, Сара, Сара,
Сара. Көне алмаймын ешқашанда, жолама, аулақ, аулақ
Жиенқұл: Мені ая! Олай деме, ерке Сара. Сара, сара,
Сара мен Біржанның сценасы (Біржан кіреді. Жиенқұл қорқып шығып кетеді.)
Біржан: О, саражан! Келіп тұрмын сені іздеп Көкшетаудан,
Жүрсем де тағы болып жаннан безіп, күн қайда сенсіз маған,
Сенсіз маған, Сара қалқам? Арманым сенсің, Сара, жан сәулем,-а
Сара. Біржан! Біржаным. Келші, сәулем, Біржан!
Келші сәулем, Біржан, келші сәулем Біржан.
Сәулем Біржан!
Біржан: сәулем Сара!
Толқынға бөгет бола алмай,
Ит қорлыққа көне алмай,
Оқжетпес пен Көкшені,
Кетіп едім қаңғырып.
Енді білдім, саражан,
Ер сыналар жерінде,
Қораны жауып,
Қойымды кеткен екем алдырып,
Сарасыз, домбырасыз өмір бар ма?
Сабақтас қызық өмір сүйген жарға.
Ғашыққа бақ құсындай қол жетпесе,
Шын ләззат айналғаны мұң мен зарға.
Толқынға бел байласаң, қолыңды бер,
Ал кеттік сұлу көкше, қия жарға,
Кеттік Сара!
Сара. Біржансыз, домбырасыз өмір бар ма?
Сабақтас қызық өмір сүйген жарға. Ғашыққа
Бақ құсындай қол жетпесе, шын ләззат айналғаны мұң мен зарға.
Жолыма көр қазса да, жерді топан басса да,
Тәуекелге бел буып, ердім Біржан соңыңа, соңыңа!
Біржан. О, Саражан, шын жүректен
Сүйдік деп серт берелік,
Екеуміз не көрсек те, бір көрелік.
Дін, ғұрып, бар бөгетке қарсы тұрып,
Қарсы тұрып, махаббат туын көкке
Көтерелік! Кеттік Сара!
Сара: О, Сал Біржан, шын жүректен
Сүйдік деп серт берелік, екеуміз не көрсек те,
Бір көрелік. Дін, ғұрып, бар бөгетке
Қарсы тұрып, қарсы тұрып, махаббат туын
Көкке көтерелік! Кеттік Біржан!
(Жиенқұл, Жанбота жігіттерімен кіреді. Біржанның қолын байлайды.)
Кіріспе
Серіктің әні
(Жанбота мен Жиенқұлдың ауылы. Біржан зыңданда. Серік жігіттерімен зыңдан қасыңда ойын бастайды.)
Серік: Ақсақалы ауылдың Ақпай, Тоқпай,
Ақ тайлаққа мінемін бұйда тақпай.
Үйде отырып мен өзім не бітірем,
Осы ауылдың қыздаырн қойдай бақпай?
Ой, қыздарай, қыздарай, жанба жаныс,
Жаңа таныс болғанда, кеттің алыс.
Е-ей, Ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс.
Айналайын, өзімнің алты өлеңім,
Жігіттер: ақ тісі жоқ аузында қарт өлеңім,
Серік: Қарт өлеңім дегенге іренжіме,
Етегінен қыздардың тарт өлеңім.
Ай, қыздарай, қыздарай,
Жанба жаныс жаңа таныс болғанда,
Кеттің алыс. Е-ей, ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс!
Жігіттер: Қарт өлеңім дегенге іренжіме,
Етегінен қыздардың тарт өлеңім.
Ай, қыздарай, қыздарай,
Жанба жаныс жаңа таныс болғанда,
Кеттің алыс. Е-ей, ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс!
