- •Кестелік процессор Excel. Негізгі түсініктер және Excel – мүмкіндіктері.
- •Microsoft Excel программасын іске қосу және жұмыс терезесімен танысу
- •Жұмыс кітабын сақтау.
- •Жолдар, бағандар, ұяшықтар және олардың адрестері.
- •Ұяшық көлемі мен пішінін өзгерту.
- •Берілгендерді және формулаларды көшіру.
- •Ұяшықтар блогын автоматты түрде толтыру.
- •Стандарты функцияларды қолдану
- •Функция категорияларының құрамы
- •Абсолютті және салыстырмалы (относительный) адрес (сілтеу).
- •Автотолтыру кезінді сілтеуді жаңарту ережелері
- •Массив формуласы.
- •Фирманың саудалық шығыны
- •Пплат-қаржы функциясы.
- •Вндох(ішкі айналымның жылдамдығы) – функциясы.
- •Тапсырмалар:
- •4.2. Мәліметтерді сүзгіден өткізу
- •4.3. Автосүзгіні пайдалану
- •4.4 Кеңейтілген фильтр
- •4. 5. Мәліметтерді сұрыптау
- •27.2. Жұмыс парактарының өзара байланысы
- •Әдебиеттер.
Жұмыс кітабын сақтау.
Стандартты
аспаптар панелінің
сақтау
– тетігін шертеміз
немесе
мәзір
жолынан файл
командасын таңдап, сақтау
(сохранить)
батырмасын
басамыз. Егер бұрын сақталған болса,
сұраусыз тез сақталады, ал сақталмаса
құжатты сақтау терезесі шығады. Қайда
сақтау керек екенін көрсетеміз де, файл
атын жазып, сақтау
батырмасын
басамыз. Кітап .xls
кеңейтілуімен
сақталады.
Жолдар, бағандар, ұяшықтар және олардың адрестері.
Электронды кестенің жұмыс аймағы өз аттары бар жолдар мен бағандардан тұрады. Жол номері 1-ден басталып 65536 аяқталады. Баған аттары – 256 латын алфавитінің бас әріптерінен A-дан Z-қа дейін, сосын AA -дан AZ, BA, BZ-қа дейін, т. с. с. тұрады.
Жолдармен бағандардың қиылысуы ұяшықтарды құрайды, екеуінің бірігуі оның адресі болып есептелінеді. (Мысалы, 2- сурет, С5). Адрестерді білу үшін сілтеулер жасалады. Бағанды немесе жолды таңдау үшін сәйкес түрде олардың тақырыбы мен жол нөмірін шерту жеткілікті.
2- сурет
Екі немесе екіден көп ұяшықтар жиынтығын диапазон немесе ұяшықтар блогы деп аталады да, ұяшық адрестерінің арасына қос нүкте таңбасы қойылады. Мысалы, В3:Е6; С2:С7.
Ұяшықтар блогын таңдау үшін блоктың сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан ұяшығын ағымды етіп, көрсеткіштің ұяшық ішінде ақ крест түріне айналуын күту керек. Одан әрі, оны блоктың қарсы шетіне дейін жылжытып әкелсе болғаны.Таңдалған блок ұяшықтары қара күрең түске боялады. Іргелес емес ұяшықтар блогын таңдау үшін алдымен іргелес бөлігін таңдап, одан әрі Ctrl пернесін басып тұрып, келесі бөліктерін таңдау керек.
Ұяшыққа
мәтінді, санды, және формуланы енгізуге
болады. Мәтін
– 32000-ға дейінгі кез-келген символдар
тізбегі. Мысалы, «y=x^2-1 функциясын есептеу»
деген мәтінді А2 ұяшығынан бастап жазсақ,
ол D2 ұяшығында аяқталады. Сондықтан
А2:D2 ұяшық блогын белгілеп,
-ұяшықтарды біріктіріп, центріне
орналастыру батырмасын басу керек. Егер
мәтін саннан басталса, онда оның алдына
дәйекше (‘) белгісі қойылады.
Сандық деректер- жеке сан, дата, ақша, т.б.болуы мүмкін. Ұяшыққа сан енгізу тәсілі әдеттегідей. Егер арнайы күйге келтірілмесе, ондық бөлшектің бүтін бөлігінің соңына үтір таңбасы қойылуы тиіс. Нүкте қойылса, Excel оны мәтін не дата түрінде қабылдайды. Мәтін ұяшықтың сол жағынан, сан оң жағынан бастап орналастырылады.Өте үлкен және өте кіші сандар ұяшыққа экспоненциалды түрде көрсетіледі. Мысалы, 0,0000000008 санының көрсетілу түрі:8Е-10. Енгізілетін және есептелінелетін сандық мәндер форматталмаған. Нәтижелердің дұрыс көрінуі үшін сандық деректердің стандартты форматта көрсетілуі тиіс. Форматтау үшін сол ұяшықты ерекшелеп, ФорматҰяшықтар командасын беру керек. Ұяшықтар форматы сұқбаттық терезесі көрінеді. (3-сурет). Шыққан терезеден «Сан» қондырмасын ашып, сандардың қай шамасы керек болса, соны таңдаймыз. Сандық шамалардың мынандай түрлері бар:
Жалпы;
Сандық;
Ақшалық;
Қаржылық;
Даталық;
Уақыттық;
Пайыздық;
Бөлшектік;
Экспоненциальдық;
Мәтіндік – санды мәтін ретінде қабылдайды;
Қосымша – почта индексі, телефон нөмері, табель нөмері;
Барлық формат – бұл өз форматыңды құруға мүмкіндік береді.
Форматты қолдан өзгерту үшін «Сандық» форматын таңдап, ондық белгілер өрісіне 2-ні енгізу; Түр қондырмасын ашып, ұяшық фонының түсін таңдап, өзгертуге болады.
3-сурет. Ұяшықтар форматы сұқбаттық терезесі
Формула – міндетті түрде алдында “=” – таңбасы жазылған, мәні есептелетін өрнек.. Ұяшыққа енгізілген деректер “=” таңбасынан басталып жазылса, ол Excel –де формула блып қабылданады. Өрнек құрамына сандар, операторлар, функциялар және басқа ұяшықтардың адрестері енгізілуі мүмкін. Логикалық операторлар да қолданылады, шығындысы логикалық мән Ақиқат немесе Жалған арқылы беріледі.
Бір формулада бірнеше операция біріктірілсе, онда олар мынандай ретпен орындалады:
процент (%);
дәрежеге шығару (^);
көбейту және бөлу (*, /);
қосу және азайту (+, -);
салыстыру операторлары (=, < >, >, <, >=, <=).
Есептеу ретін өзгертуге болады. Ол үшін сол бөлікті жақшаға алу керек. Жақшаға алынған амал бірінші орындалады.
Формуланы ұяшыққа енгізіп, Enter пернесін басқаннан кейін ұяшықта есептеу нәтижесі пайда болады, ал жазылған формула формулалар жолында тұрады. Формуламен есептегенде бір ұяшыққа формуланы жазып, нәтижесін шығарып, қалған ұяшықтарға маркер арқылы автоматты түрде толтырамыз.
Мысалы, у= х2-1 функциясын -5;5 интервалында 1 қадаммен есептеу үшін:
А3 ұяшығына х –ті енгіземіз;
В3 ұяшығына у –ті енгіземіз;
А4 ұяшығына -5 –ті енгіземіз;
А5 ұяшығына =А4+1-ді енгізіп, Enter пернесін басамыз. Сонда А5 ұяшығында
«-4» деген мән шығады;
А5 ұяшығын ағымды етіп, тіктөртбұрыштың оң жақ төменгі бұрышында пайда болған + белгіні (маркер белгісі) мауспен ұстап, автоматты түрде 5 саны шыққанша тартамыз;
В4 ұяшығына =А4^2-1-ді енгізіп, Enter пернесін басамыз. Сонда В4 ұяшығында
«24» деген мән шығады;
В4 ұяшығын ағымды етіп, тіктөртбұрыштың оң жақ төменгі бұрышында пайда болған маркер белгіні мауспен ұстап, В14 ұяшыққа дейін тартамыз. Сонда х аргумент мәніне сәйкес у функциясының мәндері автоматты түрде шығады;
Мәндер орналасқан кез-келген ағымды ұяшыққа сәйкес формула – формула жолында жазылып тұратынын байқаңыздар;
4.1-сурет 4.2-сурет
Формуламен есептегенде ұяшықта ######## - белгісі пайда болса, нәтиже үлкен сан деген сөз яғни бағанды үлкейту керек.
Мәндерді ұяшыққа енгізгенде мынандай кателер кетуі мүмкін:
# ДЕЛ/0! – сан нөлге бөлінбейді.
# ИМЯ? – берілген ат оқылмайды, яғни ұяшықтағы функция аты немесе ұяшық адресі анықталмаған.
# ЧИСЛО ! - функцияға қабылданбайтын мән берілген.(Мысалы : түбір астында теріс сан, т. с. с.)
# ССЫЛКА ! – сілтеу дұрыс жасалмаған.
# ЗНАЧ! – аргумент типі дұрыс емес. Мысалы: сан орнына мәтін терілген.
