- •Кестелік процессор Excel. Негізгі түсініктер және Excel – мүмкіндіктері.
- •Microsoft Excel программасын іске қосу және жұмыс терезесімен танысу
- •Жұмыс кітабын сақтау.
- •Жолдар, бағандар, ұяшықтар және олардың адрестері.
- •Ұяшық көлемі мен пішінін өзгерту.
- •Берілгендерді және формулаларды көшіру.
- •Ұяшықтар блогын автоматты түрде толтыру.
- •Стандарты функцияларды қолдану
- •Функция категорияларының құрамы
- •Абсолютті және салыстырмалы (относительный) адрес (сілтеу).
- •Автотолтыру кезінді сілтеуді жаңарту ережелері
- •Массив формуласы.
- •Фирманың саудалық шығыны
- •Пплат-қаржы функциясы.
- •Вндох(ішкі айналымның жылдамдығы) – функциясы.
- •Тапсырмалар:
- •4.2. Мәліметтерді сүзгіден өткізу
- •4.3. Автосүзгіні пайдалану
- •4.4 Кеңейтілген фильтр
- •4. 5. Мәліметтерді сұрыптау
- •27.2. Жұмыс парактарының өзара байланысы
- •Әдебиеттер.
Стандарты функцияларды қолдану
Excel-дің Кірістіру мәзірінің функциялар пункітіне көптеген стандартты фукциялар енгізілген. Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Функцияларды қолдану үшін курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып, келесі жағдайлардың біреуін орындағанда Функция шебері сұхбаттық терезе шығады.
стандартты панельдегі [fx] батырмасын басамыз;
Кірістіру – Функция командасын орындаймыз;
<Shift> +<F3> тетіктерін басамыз.
5-сурет. Функция шеберінің терезесі
Әрбір функция категориясы үшін оның құрамы терезенің оң жағына жазылып қойылады. Категория мен оның құрамындағы қажет функцияны үнсіз келісім бойынша таңдап, ОК түймесін шерту керек. Формула панелі көрінеді. (6-сурет). Панельге функция аргументін енгізіп, ОК түймесін шерту жеткілікті. Мысалы Математика категориясының Сумм функциясын қолдану үшін Число1 ұяшығына В4:В14 деп жазып, ОК батырмасын бассақ, автоматты түрде В4:В14 ұяшық диапазонындағы сандарды қосып, қосындыны В15 ұяшыққа орналастырады. Бұл амалды стандартты аспаптар панеліндегі Σ белгісі арқылы да орындауға болады.
Функция категорияларының құрамы
Логикалық функция |
Тағайындалуы |
Математикалық функция |
Тағайындалуы |
ЕСЛИ |
Берілген шарттың ақиқат не жалған блуын тексеру |
ABS |
Санның абсолют шамасын беру |
МАКС |
Ұяшықтар блогынан максимум мәнді табу |
ACOS |
Санның арккосинусын табу |
МИН |
Ұяшықтар блогынан минимум мәнді табу |
ASIN |
Санның арксинусын табу |
НАЙТИ |
Ізделіндіні табу |
ATAN |
Санның арктангенсін табу |
ОКРУГЛ |
Санды дөңгелектейді |
COS |
Санның косинусын табу |
ПИ |
РІ=3,14159265... |
EXP |
Санның экспонентін табу |
ПРОИЗВЕД |
Аргумент көбейтіндісін табу |
LN |
Санның натурал логарифмін табу |
РИМСКОЕ |
Санды рим цифрына турлендіру |
LOG10 |
Санның ондық логарифмін табу |
СРЗНАЧ |
Орташа мәнді табу |
SIN |
Санның синусын табу |
СУММ |
ұяшықтардың қосындысын табу |
TAN |
Санның тангенсін табу |
ЦЕЛОЕ |
Санды бүтінге дейін дөңгелектеу |
КОРЕНЬ |
Санның квадрат түбірін табу |
=СУММЕСЛИ
|
Берілген шартты қанағаттандыратын сандардың қосындысын табу |
МОБР |
Кері матрицаны табу |
ОСТАТ |
Қалдықты табу |
МУМНОЖ |
Матрицалардың көбейтіндісін табу |
СУММЕСЛИ |
Белгілі бір шарт бойынша ұяшықтардың қосындысын табу |
СЧЕТ |
Диапазондағы сандардың санын табу |
ЕГЕР – функциясы.
Бұл логикалық функция.
Форматы:
ЕСЛИ(логикалық теңдеу; мән егер шын; мән егер өтірік)
Мысалы: А1 ұяшығындағы мән А2 ұяшығындағы мәннен үлкен болса, оны 5 санымен ауыстыр. Жазылуы:
=ЕСЛИ(А1>А2;А1=5;А2=5)
Белгілі бір шарт бойынша ұяшықтардың қосындысын табу СУММЕСЛИ(диапазон; шарт; диапазондар қосындысы) – функциясы арқылы орындалады.
Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарына мән енгіземіз. Берілген сандардың ішіндегі 1000 –ға тең немесе үлкен сандардың қосындысын табу керек. Ол үшін мына формуланы қолданамыз:
=СУММЕСЛИ(А1:А5; “>=1000”).
Диапазондағы сандардың санын табу СЧЕТ(мән1; мән2;…..) – функциясы арқылы орындалады.
Мысал 1: В1= “сөз”, В2=2000, В3 = 400, В4=, В5=1500
Ол үшін мына формуланы қолданамыз:
=СЧЕТ(B1:B5).
Мысал 2: Бос емес ұяшықтардағы 1000-ға тең немесе үлкен сандардың санын есептеу үшін мына формуланы пайдаланамыз:
=СЧЕТЕСЛИ(B1:B5; “>=1000”).
Орта мәнді табу СРЗНАЧ(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.
Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің (арифметикалық) ортасын табу үшін мына формуланы пайдаланамыз:
=СРЗНАЧ(A1:A5) .
Ең үлкен мәнді табу МАКС(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.
Ең кіші мәнді табу МИН(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.
Орынды анықтау РАНГ(ұяшық адресі; диапазон) – функциясы арқылы орындалады.
Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің қандай орынды алатынын анықтау үшін мына формуланы енгіземіз.
=РАНГ(A1; $A$1:$A$5)
Санның пайыздық өлшемін анықтау ПРОЦЕНТРАНГ(диапазон; ұяшық адресі) – функциясы арқылы орындалады.
Мына тапсырманың орындалуын қарастырайық:
Microsoft Excel –программасын ашыңыз;
Файл- Ашу-Квадраттау кестесі – Открыт командасын таңдаңыз;
В4 ұяшығына =СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А4);2) формуласын енгізіп, Enter пернесін басыңыз;
В4 ұяшығында нөл саны шығады. Сол ұяшықты қайта шертіп, тіктөртбұрыштың төменгі оң жағына маус көрсеткішін апарғанда пайда болатын + белгісін ұстап, В13-ке дейін тартыңыз;
В4:В13 ұяшық диапазонында 5-суреттегідей мәндер шыққанын байқаңыз;
Суреттегі кесте бойынша 0-д ен 99-ға дейінгі бүтінсандарды квадраттау үшін қолданған функциямыз В3 –тегі нольге А4-тегі ноль санын қосып, қосындыны квадраттады. Нәтижесі дұрыс шықты. Сол нәтиже ұяшығын қайта шертіп, тіктөртбұрыштың төменгі оң жағына маус көрсеткішін апарғанда пайда болатын + белгісін ұстап, В13-ке дейін тартқанда В6:В12 диапазонында ұяшыққа сыймайтын өте үлкен сандар шыққан. Себебі Нәтиже ұяшығының формула қатары қате толтырылды.
1-кесте
Нәтиже ұяшығы |
Формула қатары |
В4 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А4);2) |
В5 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В4;А5);2)
|
В6 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В5;А6);2)
|
В7 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В6;А7);2)
|
В8 Т.с.с. |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В7;А8);2)
|
Квадраттау кестесі дұрыс толтырылу үшін А4 :А13 блогындағы мәндер жеке-жеке тек В3 ұяшығындағы мәнге қосылып, қосындысы квадратталу керек еді. Яғни, дұрыснәтиже ұяшығының формула қатары былай болуы қажет. Айырмашылығы 2-кестеде В3-тің өзгермеуінде.
2-кесте
Нәтиже ұяшығы |
Формула қатары |
В4 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А4);2) |
В5 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А5);2)
|
В6 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А6);2)
|
В7 |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А7);2)
|
В8 Т.с.с. |
=СТЕПЕНЬ(СУММ(В3;А8);2)
|
Мұндай қателіктерді болдырмау үшін ұяшықтың салыстырмалы және абсолютті адрестерін қолданамыз.
