Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283 Кб
Скачать
☆

1.Қазакстанның қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі.

Қылмыстық құкық дегеніміз — құкық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардын жиынтығы.

Қылмыстық кұқықтың өзгешеліктері мен мазмұны оның алдында тұрған мiндеттерімен шарттасып, байланысып жатыр. ҚР ҚК-нің 2-бабының бірінші бөлігінде осы кодекстің мынадай міндеттері айқындалған: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардын құқықтары мен заңды мүдделерің, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу.

Қылмыстық құкықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім Қазақстан Республикасы қылмыстық заң нормаларының міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс пен жаза ұғымын, қылмыстық заңнын түсінігін анықтайды; қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың түсінігі, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы және нысандары, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындау немесе кылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және қылмыс құрамдары бар әрекет жасағаны үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көзі.

Қылмыстық құкықтың бірден-бір жалғыз формальды қайнар көзі — Қылмыстық кодекс болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды қамтиды (өлім жазасын қолдану тәртібі, қажетті қорғанудың шарттары, заңның кері күші, қылмыстық заңды ұксастығы бойынша қолдануға жол бермеу және т. б.).

Қылмыстық құқықтың келесі материалдық кайнар көзі болып халықаралық құкықтың жалпы жұрт таныған нормалары танылады.

3. Қазақстанның қылмыстық құқығының қағидаттары.

Бірінші кезектегі кағидат — заңдылык қағидаты, яғни қылмыстылық және жазалылық тек қана қылмыстық заңмен анықталатындығы қағидаты.

Кылмыстық құкықтын келесі бір басты кағидаты болып — азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігі танылады.

Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі-жауаптылықтан құтылмайтындық принципі.

Кылмыстық кұқыктың маңызды кағидаттарының бірі қылмысы үшін кінәлі жауаптылық — қағидаты болып табылады.

Кінәлі жауаптылық қағидатымен тікелей байланысқан және одан туындайтын қағидат — жеке кінәлі жауаптылық қағидаты.

Қылмыстык құкықтағы түпқазық қағидаттын бірі — әділеттілік кағидаты.

Қылмыстық құқыктын тікелей Конституциядан туындайтын келесі бір қағидаты — ізгілік қағидаты болып саналады.

Жеке талдауды қажет ететін қылмыстық құқыктың тағы бір қағидатына — қылмыстық жауаптылық пен жазадан құтылмайтындық қағидатын жатқызуға болады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақстанның қылмыстық құқығының түсiнiгi, оның әлеуметтік мәні.

  2. ҚР Қылмыстық құқығының нарықтық экономика жағдайы мен жаңа экономикалық қарым катынасы, құқықтық мемлекетті құрудағы атқаратын міндеттері.

  3. Қылмыстық құқық жүйесі.

  4. Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздерi.

  5. Қазақстанның қылмыстық құқығының қағидаттары.