- •Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар
- •1.Тақырып: Казақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi, мiндеттерi, жүйесi, қайнар көздерi және қағидаттары
- •1.Қазакстанның қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі.
- •2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көзі.
- •3. Қазақстанның қылмыстық құқығының қағидаттары.
- •2 Тақырып: Қылмыстық заң
- •1.Қылмыстық заңның түсінігі және оның маңызы.
- •2. Қылмыстық заңның құрылымы.
- •3.Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •4. Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.
- •3 Тақырып: Қылмыстың ұғымы
- •1.Қылмыстың ұғымы және белгілері.
- •2. Қылмыс санаттары.
- •4 Тақырып: Қылмыстық жауаптылық және оның негiздерi. Қылмыс құрамы
- •1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.
- •2. Кылмыстык жауаптылықтың негіздері.
- •3.Қылмыс құрамының түсінігі және оның мәні.
- •4. Қылмыс құрамының элементтерi мен белгiлерi.
- •2. Қылмыстың объектiлерiнiң түрлерi.
- •6 Тақырып: Қылмыстың объективтiк жағы
- •1. Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігі.
- •1.Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігi
- •2.Қылмыстың объективтiк жағының түрлерi.
- •4.Қоғамдық қауiптi салдардың/зардаптың/ түсiнiгi.
- •6.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк белгiлерi.
- •7 Тақырып: Қылмыстың субъектiсi
- •1. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi.
- •2. Есi дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты. Есi дұрыстықтың түсiнiгi.
- •3. Жасқа толу – қылмыс субъектiсi белгiлерiнiң бiрi.
- •4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi.
- •8 Тақырып: Қылмыстың субъктивтiк жағы
- •2. Кiнәнiң түсiнiгi және нысандары.
- •3. Қасақаналық және оның түрлерi.
- •4. Абайсыздық және оның түрлерi.
- •5. Қылмыстық ниет және мақсат.
- •6. Кiнәнiң қосарланған (аралас) нысаны.
- •9 Тақырып: Iс-әрекеттiң қылмыс екенiн жоятын мән-жайлар
- •2. Қажеттi қорғану.
- •3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру.
- •4. Аса (мәжбүрлi) қажеттiлiк.
- •5. Орынды тәуекел ету.
- •6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
- •7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.
- •10 Тақырып: Қылмыс iстеу сатылары
- •1. Қылмыс iстеу сатыларының түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi.
- •2. Қылмыс iстеуге дайындалу.
- •3. Қылмыс iстеуге оқталу.
- •4. Аяқталған қылмыс.
- •5. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту.
- •11 Тақырып: Қылмысқа қатысу
- •2. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi.
- •3. Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •12 Тақырып: Қылмыстардың көптiгi
- •1.Қылмыстардың көптiгiнiң түсiнiгi және олардың жекелеген қылмыстардан айырмашылығы.
- •2. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы.
- •3. Қылмыстардың жиынтығы.
- •4. Қылмыстардың қайталануы.
- •Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •4.Көп қылмысты бірқатар актілерден құралатын жеке қылмыстардан,ұзара созылған және созылмалы қылмыстардан ажырату.
- •13 Тақырып: Жазаның түсiнiгi және мақсаттары
- •1. Жазаның түсiнiгi.
- •14 Тақырып: Жазаның жүйесi мен түрлерi Мақсаты: Жазаның жүйесi мен түрлерiн студенттерге түсіндіру
- •15 Тақырып: Жаза тағайындау
- •2. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi.
- •3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
- •4. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
- •5. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау.
- •6. Аяқталмаған қылмыс үшiн, қатысып жасалған қылмыс үшiн және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
- •7. Шартты түрде соттаудың түсiнiгi.
- •16 Тақырып: Қылмыстық жауаптылықтан босату
- •2. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •3.Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •7.Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •17 Тақырып: Қылмыстық жазадан босату
- •1.Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi.
- •2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.
- •3. Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру.
- •4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
- •5. Айыптау өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату. Үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң
- •6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
- •7. Сотталғандықтан арылу және жою.
- •18 Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелерi.
- •Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады.
- •3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.
- •19 Тақырып: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
- •1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсiнiгi және оларды қолдану негiздерi мен мақсаттары
- •2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi.
- •3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату.
2. Кылмыстык жауаптылықтың негіздері.
Кылмыстык жауаптылықтың негіздері мәселесінің үлкен теориялық және тәжірибелік мәні бар. Өйткені бұл құқық қорғау қызметіндегі заңдылықтың сақталуымен, қоғамдық қатынастардың реттелуімен, адамның құкықтары мен бостандықтарының қорғалуымен, сот әділдігінің жүзеге асуымен тығыз байланысты.
Қылмыстық жауаптылықты талдай келе онын негізін былайша тұжырымдауға болады: Адамның қоғамға қауіпті әрекеті заңмен карастырылған мән-жайларға байланысты қауіпті деп танылып, қылмыс кұрамының белгілері анықталса, сотпен кінәлі деп табылып қылмыстық құқықтық шара қолданылады.
3.Қылмыс құрамының түсінігі және оның мәні.
Нақты қоғамға қауіпті әрекетті кылмыс ретінде сипаттайтың қылмыстық заңда белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс кұрамы деп атау қабылданған.
Егер қылмыс, яғни оны жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3-бабына сәйкес заң шығарушы да, теория да, тәжірибе де қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі ретінде қарастырады. Бұл қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды дегенді білдіреді.
4. Қылмыс құрамының элементтерi мен белгiлерi.
Заң әдебиеттерінде қылмыстың әрбір құрамында оның мынадай міндетті төрт элементі: объектісі, объективтік жағы,субъектісі және субъективтік жағы болады деп көрсетілген.
Қылмыс объектісі дегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян келетін қоғамдық қатынастар.
Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Мұндай белгілерге адамның қоғамға қауіпті әрекеті (белсенді мінез-құлқы) немесе әрекетсіздігі (енжар мінез-құлқы) жатады. Қылмыстардың көптеген құрамдарының объективтік жағы қылмыстық әрекеттен немесе әрекетсіздіктен басқа қылмы-тық салдарды, (қылмыстың зардабын) онымен адам әрекеті арасындағы себепті байланысты да қамтиды. Бұл аталған белгілерден басқа, объективтік жаққа — қылмыстың жасалу жағдайы, уақыты, орны, тәсіл, және оны жасау қаруы мен қуралылы да жатады.
Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілер бар жеке тұлға. Ол белгілерге оның есінің дұрыстығы, белгілі бір жасқа жеткендiгi, ал кейбір жағдайларда, арнайы белгілер де (қызмет жағдайы, мамандығы, кәсібі т.б.) жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы адам мінез-құлкының ішкі, психикалық кейпін сипаттайтын белгілер жиынтығынан құралады. Мұндай белгілерге кінә, қылмыс жасаудағы ниет (себеп) пен мақсат жатады.
Теория жүзінде қылмыс құрамының негізгі (міндетті, жалпы, қажетті) және арнаулы (факультативтік, қосымша) белгілері бөлініп көрсетілген. Негізгі белгілер — әрбір қылмыстық құрамда болатын белгілер, олардың ең болмағанда біреуінің болмауы қылмыстық кұрамның жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыс кұрамының арнаулы белгілері дегеніміз заң шығарушы негізгі белгілерге қосымша ретінде қылмыстың кейбір жеке құрамдарын құрастырғанда пайдаланатын белгілер.
5. Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты қылмыс құрамдары:
Негізгі;сараланған (ауырлататын, саралаушы белгілері бар); артықшылықты (жеңілдететін белгілері бар) болып бөлінеді.
Қылмыстың негізгі құрамы — бұл белгілі бір түрдегі әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығы бар ққрам және ол жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін көтеретін немесе төмендететін қосымша белгілерді қарастырмайды.
Егер қылмыс құрамында осы тектес әрекеттің негізгі белгілерімен қатар жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы сараланған құрам деп аталады.
Негізгі белгілерінің болуымен қатар жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлары да бар қылмыс құрамы артықшылықты құрам деп аталады.
Қылмыс құрамының белгілерін занда сипаттау тәсіліне байланысты қылмыс құрамдары жай, күрделі жәнә балама (күрделі құрамға катысты) болып бөлінеді.
Қылмыстың жай құрамы дегеніміз құрамның қандайда бір элементінің күрделенуі болмайтын құрам.
Қылмыстың күрделі кұрамы дегеніміз құрамның қандай да бір элементінің (объектінің, объективтік жағының, субъективтік жағының) күрделенуі орын алатын құрам.
Күрделі кұрамның басқа бір түрі — балама құрам; онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бірнеше нұсқасы (варианты) болады, олардың әркайсысы қылмыстық жауаптылықтың негіздері бола алады.
Қылмыстың объективтік жағының құрылысына байланысты қылмыс құрамдарын жіктеудің практикалық маңызы зор. Осы критерий бойынша қылмыс құрамдары материалдық,, формальды және қиыған болып бөлінеді.
Қылмыстың салдары оның аяқталуының қажетті белгісі болып табылатын қылмыстың құрамдарын қылмыстың материалдық кұрамдары деп атайды.
Қылмыстың формальды кұрамдары дегеніміз қылмысты аяқталған деп санау үшін қылмыстық занда көзделген әрекетті жасау жеткілікті болатын құрамдар; бұл жерде салдардың қылмыстың міндетті белгісі болуы шарт емес.
Кей жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аякталу кезін алдын ала қылмыстық әрекет кезендерінің біріне — қылмысқа дайындалу немесе оқталу кезіне жатқызады. Мұндай қылмыс аяқталды деп танылу үшін қылмыстық зардаптың болуы да, оны тудыратын әрекетті аяғына дейін жеткізу де қажет емес. Қылмыстың мұндай құрамдары қиылған құрамдар деп аталады.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:
Қылмыстық жауаптылықтың құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы.
Қылмыстық жауаптылық негiздерi туралы нормаларды қылмыстық заңға еңгізудің маңызы.
Қылмыс құрамының түсiнiгi және оның мәнi.
Қылмыс құрамының элементтерi мен белгiлерi.
Қылмыс құрамының түрлерi.
5 Тақырып: Қылмыстың объектiсi
Мақсаты: қылмыс құрамының түсінігімен таныстыру, қылмыс объектісінің түрлерін, қылмыс заты ұғымын, қылмыс құрамындағы объектісін сипаттай тәсілдерін түсіндіру
Жоспары:
1. Қылмыстың объектiсiнiң түсiнiгi және оның мәнi.
2. Қылмыстың объектiлерiнiң түрлерi.
3. Қылмыстың заты.
Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:
негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]
1. Қылмыстың объектiсiнiң түсiнiгi және оның мәнi.
Объект — құрамның міндетті элементтерінің (жақтарының) бірi, сондықтан да объектісіз қылмыс жоқ.
Бұрынғы Одақ кұрамында болған елдердін көптеген теоретиктерінің пікірі бойынша қылмыс объектісіне қоғамдык қатынастар жатқызылған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында: "Осы Кодекстін міндеттері: адам мен азаматтың кұкыктарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардын кұкықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық кұрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады" делінген.
