Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283 Кб
Скачать
☆

1.Қылмыстың ұғымы және белгілері.

Қылмыстың тусінігі ҚР ҚК-нің 9-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес «Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдык қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік)» кылмыс деп танылады.

Қылмыстың бірінші белгісі — оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік).

Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық — яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жасау болып табылады.

Құқыққа қайшылықпен байланысты қылмыстың екі белгісі: кінәлілік және жазалылық болып табылады. ҚК-тің 19-бабыны,үшінші бөлігіне сәйкес, қасакана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.

Қылмыстың ендігі бір міндетті белгісі — қылмыстық жазаланушылық болып табылады.

2. Қылмыс санаттары.

Қылмыс санаттары негіздеріне әр түрлі критерийлер (өлшемдер, айырым белгілер) жатқызылуы мүмкін. Санаттаудын бірінші критерийі — қылмыс объектісі. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі қылмыстың объектісіне байланысты біртектес объектілерге қол сұғатын қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін нормалар топтастырылған тараулардан тұрады. Осылайша, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар қылмыстың объектісі бойынша бірнеше санатқа бөлініп, объектінің маңыздылығына қарай бірінен кейін бірі орналасқан, мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар т.б.

Қылмысты санаттаудың екінші критерийі—кінәнің нысаны болып табылады. Барлық кылмыстық әрекеттер жасалуына қарай к а с а қ а н а және а б а й с ы з д а жасалған әрекеттер болып бөлінеді.

Кылмыстарды санаттаудың негізіне жататын ушінші критерий — эрекеттің қогамга қауіптілік сипаты мен дәрежесі болып табылады.4. 20 б..

ҚК-тін Ерекше бөлімінде көзделген барлық әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай:

— онша-ауыр емес;

— ауырлғгы орташа;

— ауыр;

— ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Қылмыс белгілері мен олардың қылмыстық құқықтағы мазмұны.

2.Қылмысты қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша жіктеу.

4 Тақырып: Қылмыстық жауаптылық және оның негiздерi. Қылмыс құрамы

Мақсаты: қылмыстық жауаптылық ұғымын түсіндіру, қылмыстық жауаптылықтың құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен ажырату білу. Қандай жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жоспары:

  1. Қылмыстық жауаптылықтың түсiнiгi.

  2. Қылмыстық жауаптылықтың негiздерi.

  3. Қылмыс құрамының түсiнiгi және оның мәнi.

  4. Қылмыс құрамының элементтерi мен белгiлерi.

  5. Қылмыс құрамының түрлерi.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.

Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай анықтама тек қылмыстық құқық ғылымында ғана айқындалған.

Кылмыстық жауаптылық — бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен катар, қылмыстык-құкықтық шараны қолдану нәтижесінен болған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен тұратын және мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы.