Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283 Кб
Скачать
☆

4. Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.

ҚК-тін 4-бабында әрекеттін қылмыстылығы мен жазалану-шылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.

Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.

5. Қылмыстық заңды түсіндіру.

Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Қылмыстық занды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Яғни ол:

Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы органның өзінің заңға түсініктеме беруі.

Легальды/ресми түсіндіру — заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі.

Соттық түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз.

Доктриналдық/ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, зангер-ғалымдардың, құкық қолдану және құкық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.

Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен заң нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.

Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қоддануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.

Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — занға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру.

Грамматикалык, (филологиялык) түсіндіру — заңньң мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің көмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.

Жуйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа зандармен және мазмұны жағынан ұксас зандармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді.

Тарихи түсіндіру — қылмыстық занды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қылмыстық заң ұғымы,оның негізгі және айрықша белгілері мен маңызы.

  2. Қылмыстық заңның құрылымы және жүйесі.

  3. Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы.

  4. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы..

  5. Қылмыстық заңды түсiндiру субъектісіне,әдістері мен көлеміне байланысты түсіндіру түрлері.

3 Тақырып: Қылмыстың ұғымы

Мақсаты: студенттерді қылмыс ұғымымен таныстыру, қылмыс белгілерін, қылмыстың басқа да құқық бұзушылықтан айырмашылығын, қылмыс санаттарын түсіндіру

Жоспар:

  1. Қылмыстың ұғымы және белгiлерi.

  2. Қылмыс санаттары.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]