- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
Сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға арналған сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтініш екі тарап берсе, немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды іске қатысуға тарту соттың бастамасы бойынша жасалса, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді.
Егер жасалған жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстар үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптар арасындағы келісім бойынша сот белгілейді.
Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені, не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын адамның маман ретінде процеске қатысқаны үшін төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот сараптамасы органының шотына алдын ала төлеуге тиіс.
Бір, немесе тараптардың екеуі де шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Республикалық бюджет басқа да төлемдер бойынша төлем көздері болуы мүмкін. ҚР АІЖК 109 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес, куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі самаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін депозиттік шоттан сот төлейді. Соттың бұл депозиттік шоты бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес ашылады.
Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін істі қараған сот тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып белгілейді.
§7 Сот шығындарын бөлу
Тараптар арасында сот шығындарын бөлу мәселесін сот (судья) азаматтық дау бойынша шешім кімнің пайдасына шыққанына қарай шешеді. Бұл сұрақ ҚР АІЖК 110-шы бабымен реттелген және ол екі тарап үшін де маңызды болып табылады, себебі бұл шығындардың іс бойынша жалпы мөлшері көп болуы мүмкін. Сонымен қатар істі талқылау барысында тек тараптар ғана емес, басқа іске қатысушылар, мысалы үшінші тұлғалар да шығындарды төлеушілер ретінде танылуы мүмкін.
ҚР АІЖК 110-шы бабының 1 бөлігіне сәйкес, пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тарптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге – қойылған талаптарының қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігіне бара-бар беріледі.
Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе, немесе іс жаңадан талқылауға берілсе, онда сот шығындарын бөлуі де өзгереді.
Өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығындарды өтеуде тек іс жүргізу ережелері ғана емес, заңи қызметтер көрсету нарығының да заңдары ескерілуі керек. Іс жүргізуге қатысушы әрбір адам, талап қоюшы, иә жауапкер болсын өз ісін жүргізуді, кәсіби заң саласында аты белгілі, дауласу барысында өз ұстанымын қорғап шыға алатын, заңмен белгіленген шекте өзге адамдардың көзін шындыққа жеткізе білетін жоғары білікті маманға тапсыруға тырысады. Мұндай біліктілік қасиеттері жылдар бойы жинақталады, өмір шындығы көрсетіп отырғандай істі жүргізу тапсырылған маманның имиджі артқан сайын ол корсететін заңи қызметтердің өтемақысы да жоғарылайды.
Клиенттің төлем қабілетсіздігі немесе жеткіліксіз төлем қабілетсіздігі салдарынан жоғары төлемді талап ететін адвокат жалдауға әркімнің шамасы келмеуі мүмкін. «Клиент – адвокат» қатынастарына құқықтық тұрғыдан араласу мүмкін емес, себебі бұл қатынастардың екі тарапы да келісімдегі сомаларды жария етуді көбінесе қажетсіз деп таниды. Тараптар өз өкілдерінің қызметтеріне ақы төлеп, ол қаржылық шығындарды сот арқылы өтетіп алуды да қажетсіз деп санайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл – олардың құқығы, сондықтан егер мүдделі тараптар ондай талап қойып, тиісті растаушы төлем құжаттарын ұсынбаса, шығындарды өтеу жөнңнде шешімді сот қабылдай алмайды.
Аталған сұрақтардың нормативтік (тек нарықтық қана емес), яғни кешенді түрде реттелуі бұл салада іс жүргізу (процессуалдық) нормалары, салық құқығының нормалары, адвокаттар қызметін ретке келтірушы заңнама нормалары басшылыққа алынуы керек екендігін көрсетеді. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу ережелері ҚР АІЖК 111-ші бабында анықталған. Бұл баптың Кодекстің 110-шы бабының ережелеріне сәйкес келетіндігін байқауға болады: пайдасына шешім шығарылған тарапқа процеске қатысқан оның өкілінің көмегіне төленген шығындарды сот басқа тараптан алып (өндіріп) береді. 61
Іс жүзіндегі шығындар тек өкілдің көмегіне төленген ақыдан басқа оның (өкілдің) жол жүру шығындарын және т.б. құрайды. Әдетте мұндай шығындарды өтеу талап етілмейді, бірақ өкілдер оларға төленген ақы есебінен ол шығындарды өздері өтейді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттырылған бөлігінің он процентінен аспауы тиіс.
Заң консультациясының (жеке адвокаттық кеңсесінің) адвокаты сотта заң көмегін тегін көрсетуі мүмкін. Алайда оның «көмегінің тегіндегі» (заңмен көзделген жағдайларда) тек оның клиентін ғана (мысалы талапкерді) адвокаттық қызметінің шығындарын төлеу міндетінен босатуды білдіреді. Ал қарсы тарапқа бұл ереже таралмайды. Сонымен, егер адвокат заң көмегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісім-шарт бойынша жұмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді.
61ҚР АІЖК 111-ші бабының 1 б. нормативтік редакциясы: Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екенші тарап келтірген шағындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді.
