- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
§1 Соттың құрамы
Соттың бірінші сатысындағы істерді соттың атынан әрекет ететін судьяның жеке дара қарауы туралы ереже Қазақ ССР-нің Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгеріс енгізу жолымен 90-шы жылдары қабылданған. Отандық заң шығарушының осы бағыттағы қадамдары шала және бірізділіксіз сипатқа ие болып, тәжірибелік қызметкерлер тарапынан түсінбеушілік туындатты.
Осылайша, алдымен судьяның жеке дара шешім шығаруына болатын біршама шектелген істер тізімі бекітілді;
олардың қатарында мыналар болды:
алимент өндіру туралы істер (егер талап арызда әкелігін анықтау туралы сұрақ қойылмаса);
некені бұзу туралы істер (егер іс бойынша жұбайлардың балаларына қатысты дау туындамаса);
меншік құқығы жөнінде істер (осы сипаттағы істердің қайсысы екендігі заңда нақты анықталмады).
Ал қалған сипаттағы істер, ескіше, яғни істің талқылауына міндетті түрде халық заседательдерінің26 қатысуымен қарастырылды.
«Соттың құрамы» процессуалдық термині дәл осы реформаға дейінгі заңнама негізінде пайда болды, ол реформа қолданыста болған кезде барлық сот сатыларында азаматтық істер де, қылмыстық істер де судьямен жеке дара қарастырылмайтын. Реформаға дейінгі заңнама бойынша соттың құрамы төмендегідей болатын (азаматтық істердің көпшілігі бойынша): төрағалық етуші – аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы (халық судьясы) және өз жұмыс орындары бойынша еңбек ұжымдарымен сайланып, қоғамдық негізде соттарда қызмет ететін екі халық заседателі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы АІЖК 37-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке дара қарайды. Істерді кассациялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады. Төрағаның тапсыруымен олардың біреуі немесе тиісті алқа төрағасы өзі төрағалық етуші міндетін атқарады. Азаматтық іс жүргізу кодексіне ҚР 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №227-IV Заңымен өзгеріс енгізілгенге дейін апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау алқалық құрамда жүзеге асырылатын (төрағалық етуші және облыстық /оған теңестірілген/ соттың екі судьясы)27.
26Қолданыстағы ҚР АІЖК қабылданған уақытта (1999 ж.) Қазақ ССР-нің АІЖК 6 бабының 1 тармағы мынадай редакцияда берілген еді:
"Азаматтық істер бірінші қатардағы сот сатыларында соттармен жеке дара қарастырылады". Қазақ ССР-нің АІЖК-нің бұл бабына өзгерістер келесі заңдармен енгізілген:
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 21 қарашадағы Жарғысымен;
1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР-нің Заңымен;
ҚР 1992 жылғы 24 маусымдағы, 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңдарымен;
ҚР Президентінің 1995 жылғы 4 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығымен.
271999 жылғы ҚР АІЖК 37-ші бабының алғашқы редакциясы:
Азаматты әрекет қабілетсіз деп тану туралы істерді бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық саты соттарында соттың атынан әрекет етуші судья жеке дара қарастырады.
Азаматты әрекет қабілетсіз деп тану туралы істерді бірінші сатыдағы сотта қарау, сондай-ақ апелляциялық және қадағалау сатыларындағы барлық істер соттың алқалық құрамымен қарастырылады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кірулері тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.
