- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
§2 Азаматтық істердің соттылығы
Азаматтық істердің соттылығы мүдделі тұлғамен ведомстволық бағыныстылық сияқты іс жүргізу заңына сәйкес анықталады. Өз құқықтарын сот арқылы қорғауға ниеттенген адам тиісті юрисдикцияға ие сотқа жүгінеді, ал сот дәл осы сот органына жүгінудің қаншалықты заңды екенін шешуі тиіс.
Ведостволық бағыныстылыққа қарағанда азаматтық істің соттылығы туралы сұрақ екінші кезекті болып табылады. Сот ведомствосына бағынысты емес дау сот органдары жүйесіндегі иерархиялық жағдайына немесе мамандану деңгейіне қарамастан, ешбір сот қарауына жатпайды.
Жалпы іс жүргізу ережелері бойынша істің ерекшелігі мен даулы құқықтың субъектілік құрамына қарай анықталатын соттылық нұсқалары ҚР АІЖК 3-бөлімінің ережелерімен реттеледі. Сонымен қатар арыз берушінің (талапкердің) келісімінсіз заңмен белгіленген соттылық өзгертіле алмайды. бұл ереже сонымен қатар жоғарғы сатыдағы сотқа да таралады, ол төменгі сатыдағы сот қарауындағы істі алып, өз қарауына қабылдауына жол берілмейді.
Отандық сот жүйесі қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдерінде аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар азаматтық істердің ең көп бөлігін қарастырып келген. Бұл дәстүр әлі күнге дейін сақталып келеді, төменгі сатыдағы соттардың мамандануына орай, жоғарғы сатыдағы соттар қарауына жататын істер саны заңнамалық деңгейде барынша азайтылған. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің алғашқы редакциясына азаматтық істердің облыстық және оларға теңестірілген соттарға соттылығын (Кодекстің 28-бабы) және азаматтық істердің ҚР Жоғарғы Сотына соттылығын (Кодекстің 29-шы бабы) анықтайтын баптар енгізілген болатын. Кейіннен 2001 жылы ҚР АІЖК баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ал 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №227-IV заңымен аталған баптар алынып тасталды20.
Түрі ауыстырылған қалпында ҚР АІЖК 27-ші бабы қазіргі кезде қолданылады, оған сәйкес азаматтық істердің аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттың қарауына жататындығы анықталған. Бапта істер санатының нақты тізімі берілмеген: онда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-шы бабының 8-ші тармағында және 66-шы бабының 3-ші тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-ші бабының 5-ші тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.
20Қараңыз: Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №227-IV Заңы.
§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
Соттар қызметін құқықтық реттеу тарихы сот құрылымдарының нақты иерархиясы, олардың юрисдикциясының аумақтық анықтылығы болғанда, сонымен қатар соттардың өкілеттігі шектері мамандандыру аясымен нақтыланғанда ғана сот әділдігі тиімді жүзеге асырылатындығын көрсетіп отыр.
Кеңестік кезеңде азаматтық және қылмыстық юрисдикция жүйесінде бірінші сатыдағы азаматтық істердің басым бөлігін қарастыратын аудандық және қалалық халық соттары21 болған еді. Сонымен қатар мемлекеттік арбитраждар бар болатын, олар бірыңғай сот жүйесіне кірмейтін, бірақ мемлекеттік арбитрлер іс жүзінде судья қызметтерін жүзеге асыратын22.
Қазақ ССР-нің кейбір аймақтары мен өзге одақтас республикалардағы режимдік (құпия) объектілері бар қалаларда «арнайы соттар» – облыстық деңгейдегі соттардың тұрақты сессиялары қызмет ететін. Олар мемлекеттік құпия материалдары бар істерді қарастыратын. 1994 жылы ондай соттар таратылып, олардың қызметтері аудандық (қалалық) деңгейдегі соттарға берілді.
Соттардың мамандануына қатысты проблемалық мәселелер 90-шы жылдардың соңына қарай көкейтесті мәселеге айналды. Нарықтық айналым белсенділігінің артуына байланысты елімізде нарықтық бағыттағы бірқатар маңызды жаңа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Соттардағы істер саны артып, азаматтық істердің уақтылы және сапалы қарастырылуына байланысты көп қиындықтар туындады. Даулардың мазмұны күрделі бола бастады, сондай-ақ қажетті нормативтік база мен сот тәжірибесін талдауға бұрынғыға қарағанда барынша көп уақыт қажет болды. Осындай жағдайда соттардың мамандандырылу қажеттілігі (әсіресе төменгі саты соттары үшін) нақты айқындалды.
90-шы жылдардың соңына қарай туындаған жағдайды Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің қолданысқа енгізіліп қоюы, жеке құрылым ретінде шаруашылық соттарының қолданыстан шығып қалу жағдайлары одан әрі күрделендіріп жіберді. Осыған дейін таратылып кеткен соттарда қаралған істердің басым бөлігі аудандық соттардың қарауына берілді. Осының бәрі сот төрелігінің сапасына кері әсерін тигізіп, аудандық (қалалық) деңгейдегі соттардың жүктемесі артып кетті.
Басқа бағыттар бойынша да мамандандыруды енгізу қажет болды, әсіресе шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы даулар бойынша азаматтық істерді қарастыруда жеке құрылымға бөлуге басымдық берілді.
Алғашында аталған субъектілер арасындағы дауларды қарастыру үшін Алматы және Қарағанды қалаларында эксперименталды соттар құрылды23. Бұл соттардың ерекшелігі сонда, олар ауданаралық сот ретінде құрылғандықтан, аудандық буындағы соттар орналасқан барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде оларды құру қажеттілігі болмады.
ҚР АІЖК 30-шы бабының 1 бөлігіне сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар жөніндегі, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.
Іс жүргізу заңымен әкімшілік юрисдикциядағы соттардағы істердің соттылығы кейінірек мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттар қалыптасқан соң реттеле бастады. Қазіргі кезде ол ҚР АІЖК 30-шы бабының 1-ші бөлігінде бекітілген; мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы істерді қарайды.
Кодекстің 30 бабының 1-2 бөлігімен әскери соттардың азаматтық істерді қарау мүмкіндігі қарастырылған. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.
Республика соттарының жүйесінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қызмет етеді. Олар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар; ата-ана құқықтарын айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.
Егер әкімшілік-аумақтық бірлікте кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаған болса, онда оның соттауына жататын істерді аудандық сот қарастыра алады.
Арнайы субъектілер арасында туындаған даулар бойынша істерді шешу үшін мамандандырылған қаржылық сот құрылған. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса және басқа да азаматтық істерді қарайды.
21Қалалық халық соттары (1990 жылдардың басына дейін осылай аталған) аудандық бөлінісі болмаған облыс орталықтарында қызмет еткен. Бұл соттарда қылмыстық және азаматтық істер қарастырылатын, ал соттың өз ішінде судьялардың нақты мамандандырылған бөлінісі болмаған. Көпшілік жағдайларда сот төрағалары барынша тиімді сот құрамын өздері қалыптастыратын, себебі ол азаматтық және қылмыстық істерді қарауға маманданған судьялардың жүктемесін реттеу үшін қажет еді.
22Кейіннен таратылған арбитраждардың қызметі Қазақ ССР-нің Азаматтық іс жүргізу кодексімен реттелмейтін, ал олар қарастыратын шаруашылық дауларды шешу процедурасы жалпы юрисдикциялық соттарда іс жүргізу тәртібінен ерекше болатын.
23«Алматы және Қарағанды қалаларында ауданаралық мамандандырылған соттар құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығы // САПП РК. № 1-2. – Ст.1.
