Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод указ практика Каржы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆
  1. Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру

2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру

Студенттердің дипломалды тәжірибесі мамандық бойынша қажет білімдерді алғаннан кейін жүргізіледі. Тәжірибеден өту ұзақтығы 15 апта: 4 апта – 3 курста өндірістік тәжірибе; 11 апта – 4 курста өндірістік (дипломалды) тәжірибе.

«Есеп және қаржы» кафедрасының студенттерінің тәжірибесіне тікелей оқу-әдістемелік және ұйымдастырылған жетекшілікті кафедра меңгерушісі жүргізеді.

Тәжірибені ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерді шоғырландыру «Есеп және қаржы» кафедрасындағы тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге жауаптыларға жүктеледі.

Кафедрадан тәжірибенің жетекшісі (оқытушы) студенттің тәжірибе бойынша жеке тапсырмасын орындауды қамтамасыз етеді.

    1. Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру

Экономика және басқару факультетінің деканы факультетте тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге тікелей жетекшілік жүргізеді.

Студенттердің тәжірибесіне жетекшілік жүргізу оқу жылының басында (қыркүйек) деканның өткізетін бекіту жиналысымен басталады.

Бекіту жиналысы қыркүйекте студенттерді таныстыру мақсатымен өткізіледі:

– тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері, оны өткізу кезеңдері;

– тәжірибені өткізу мазмұны мен процедурасы;

– олардың құқықтары мен міндеттемелері;

– ұйымдар мен мекемелер тарапынан студенттерге қойылатын негізгі талаптар;

– студенттерге кафедрадан жетекшілер тағайындау реті.

Желтоқсанда декан төмендегідей мақсатпен бақылау жиналысын өткізеді:

- студенттерге тәжірибе орындарын анықтау мен бөлу;

- тәжірибенің негізгі (жұмыс) кезеңін қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау.

Студенттер тәжірибеге шыққан күні төмендегідей мақсатпен қорытынды жиналыс өткізіледі:

- тәжірибе орындары бойынша студенттерді ақырғы бөлу;

- студенттердің қажетті құжаттармен қамтамасыз етілуін бақылау.

Қорытынды жиналыстан кейін студенттерге тәжірибеден өту туралы Бұйрық шығарылады. Бұйрық студенттерді тәжірибеден өту орындары бойынша бөлу мен оларға кафедрадан жетекші-оқытушыларды бекіту жөніндегі ақпараттан тұрады.

Студенттердің тәжірибеден өту кезеңінде жеткен ғылыми және практикалық жетістіктерін бейнелеу мақсатында кафедрада конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Егер студенттің тәжірибе бойынша академиялық қарызы болса, онда студенттің әрі қарай оқуы туралы мәселе келесідей түрде қарастырылады:

1) себепті жағдаймен тәжірибе бағдарламасын орындамаған жағдайда туындаған қарыз мәселесін университет ректораты шешеді;

2) тәжірибеден өтпеген және бекітілген мерзімде есеп беруді себепсіз көрсетпеген студенттер, немесе тәжірибеден қанағаттанарлықсыз баға алғандар академиялық қарызы бар деп есептелініп, қорытынды аттестациялауға (оның ішінде мемлекеттік емтихандарды тапсыруға және диплом жұмысын қорғауға) жіберілмейді және кейін университеттен шығарылады.

    1. Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру

«Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі кафедрада тәжірибеге тікелей ұйымдастырылған жетекшілік жүргізеді.

Кафедра меңгерушісі төмендегілерді тағайындайды:

- кафедра оқытушыларының арасынан тәжірибе жетекшілерін;

- кафедрада тәжірибені ұйымдастыруға және өткізуге жауаптыны.

Тәжірибе жетекшілері және тәжірибені өткізуге жауаптылар кафедра студенттерімен тікелей жұмыс жүргізеді.

Кафедрада тәжірибені ұйымдастыруға және өткізуге жауапты:

- студенттерге тәжірибе орындары туралы, тәжірибенің мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптар, тәжірибенің құрылымы мен оны қорғаудың тәртібі туралы мәліметті жеткізеді;

- студенттерді тәжірибе бойынша қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді (тәжірибеге жолдама);

- құжаттарды толтыру тәртібін түсіндіреді.

Тәжірибе жетекшілері студенттердің тәжірибесіне тікелей жетекшілік жүргізеді, соның ішінде:

- студентке таңдап алынған дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес тәжірибеден өту бөлімін ұсынады;

- ұйымның қызметінің профилін ескеріп тапсырманы бекітеді;

- тәжірибеден өтуге бақылау жүргізіледі;

- көрсетілген есеп беру негізінде тәжірибе нәтижелерін бағалап, студенттерді аттестациялайды;

- график бойынша тәжірибедегі туындаған мәселелерге міндетті кеңес берулер, модуль аумағында жиналған материалды өңдеу, оны есеп беруде және диплом жұмысында қолдану жүргізіледі. Кеңес берудің мақсаты болып тәжірибеден өтуге бақылау жасау және оның аралық модульдік нәтижелер табылады;

- кафедрадағы тәжірибеге жауаптыларға студенттердің тәжірибесіне қатысты барлық өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады (тәжірибе орнын ауыстыру, ұйымнан жетекшінің өзгеруі, форс-мажорлық жағдайлар);

- студенттен тәжірибе бойынша бекітілген мерзімде есеп алады;

- ұсынылған есеп берулер негізінде тәжірибе нәтижелерін бағалап, студенттерді аттестациялайды.