Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод указ практика Каржы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆
  1. Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы

2.5. параграфта көрсетілгендей, тәжірибе бағдарламасы үш модулден тұрады:

- жалпы;

- арнайы;

- мамандандырылған.

Жалпы модуль студенттердің тәжірибе базасы – ұйыммен жалпы танысуын қарастырады. Бұл кезең барысында студент төмендегілермен танысуы қажет:

- нарықтағы ұйымның жағдайымен, ұйымның қызмет саласымен;

- ұйымның тарихымен;

- өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) номенклатурасымен және өндіріс технологиясымен;

- табыстарының негізгі көздерімен және қаражаттардың жұмсалу бағыттарымен;

- ішкі ұйымдастырушылық құрылыммен;

- басқару жүйесімен және ұйымның даму перспективасымен.

Бірінші кезеңнің нәтижесі болып тәжірибе бойынша сәйкес бөлім жазу табылады.

Арнайы модуль мамандықтың ұйымдастырушылық құрылымдағы және кәсіпорынның (ұйымның) қызметіндегі рөлі мен орнын, нақты мамандық қызметкерлерінің қызметтік (функционалдық) міндеттемелерін немесе олардың жасалуын талдауды, жеке тапсырмаларды орындауды, қажетті ақпаратты жинау және тапсырманың есептеу және аналитикалық бөлімін орындауды қарастырады. Екінші кезеңнің нәтижесі болып тәжірибе бойынша сәйкес бөлім жазу табылады.

Мамандандырылған модуль тәжірибе, жүргізілген есептеулер мне талдаулар нәтижелері бойынша жұмыстарды қарастырады.

Ұсынылған нұсқаулар диплом жұмысының тәжірибелік бөлімінде бейнеленуі тиіс. Бұл кезеңнің нәтижесі болып жалпы және арнайы модуль материалдарын қолданып тәжірибе бойынша есеп беруді аяқтау табылады.

    1. «Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы

«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған. Бұл меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдардың қаржыларын басқару үрдісінің құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарын зерттеуді білдіреді.

Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық түрдегі ұйымдар табылады.

Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылады. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар көрсетілуі керек.

Бірінші жалпы модуль бойынша есеп беруге келесідей бөлімдер енгізіледі.

  1. Ұйым туралы жалпы мәліметтер

Ұйымның атауы, ұйымның даму тарихы. Ұйымның сипаттамасы (қысқаша бейнеленуі). Басқару құрылымы мен органдары. Өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Табыстардың негізгі көздері және қаражаттардың жұмсалу бағыттары. Саладағы кәсіпорынның алатын орны. Компанияның стратегиялық даму жоспарын, оның миссиясы мен міндеттерін (бар болса) бейнелеу. Сыртқы ортамен қаржылық қатынастарын бағалау (банктермен, бас және/немесе еншілес компаниялармен).

Компанияның қаржы нарығынан капитал тарту мүмкіндігін бағалау.

2. Қаржылық менеджментті және экономикалық қызметтердің өзарақатынасын ұйымдастыру.

Ұйымдағы қаржыны және қаржылық бақылауды басқарудың ұйымдастырушылық сызбасы. Қаржылық қызмет бөлімшелерінің мақсаты мен міндеттері.

Қызметкерлердің негізгі функциялары мен қызметтік міндеттемелері. Қаржылық жауапкершілік орталықтарының жүйесі, басқаруды ұйымдастырудағы оның рөлі.

Қаржылық жауапкершілік орталықтарының шешкші көрсеткіштері.

3. Ұйымның қаржылық саясаты.

Ұйымда қолданылатын қаржылық саясат элементтері. Есеп саясаты және оның қаржылық көрсеткіштерге әсерін талдау. Дивидендтік саясат және акциялар курсы (акционерлік қоғамдар үшін). Бюджеттік басқаруды және қаржылық бюджеттер жүйесін ұйымдастыру. Несие саясаты, есептесулер жүйесі облысындағы саясат. Қаржылық саясаттың тиімділігін бағалау және оның ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

4. Ұйымдағы аналитикалық жұмыстың жағдайы.

Ұйымның шаруашылық қызметінің жүйелі талдауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің болуы. Олардың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Ұйымдағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасы. Ұйымның құжаттарын, есеп беруін және ішкі нормативтік базасын зерттеу. Ұйымда қолданылатын негізгі қаржылық көрсеткіштердің жүйесі. Ұйымның қаржылық жағдайын экспресс-бағалау.

Екінші арнайы модуль бойынша есеп беру келесідей бөлімдерден тұруы мүмкін (есеп берудегі бөлімдер диплом жұмысының таңдап алынған тақырыбына, сондай-ақ ұйымның жұмысының мамандануына байланысты).

1. Кәсіпорынның (ұйымның) табыстары мен шығыстары және оларды жоспарлау.

Сатудан түскен түсімді қалыптастыру мен қолдану. Оның шамасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар. Басқалай түсімдер. Ұйымның өткізуден тыс және операциялық табыстары. Түсімнің қалыптасу және қолданылуының жалпы сызбасы. Есептесулер жүйесінің әсері. Ұйымның табыстарының салық есебінде және есеп беруде бейнелеу спецификасы.

Ұйымдағы және корпорациялардағы түсімді жоспарлау. Берілген рентабельдікті ескеріп, сатудан түскен түсімді есептеу әдісіндегі критикалық нүктелерді анықтау. Табыстарды жоспарлау кезіндегі инфляциялық өзгерістер есебі.

Ұйымның шығыстары мен сатудың өзіндік құнын қалыптастыру. Шығын элементтері. Өткізуден тыс және операциялық шығыстар. Ұйымның шығыстарының салық есебінде және есеп беруде бейнелеу спецификасы. Ұйымдағы шығыстарды жоспарлау және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Смета түсінігі және көрсеткіштерді есептеу, шығындарды бюджеттендіру жүйесі. Негізгі және қосалқы шығындардың құрамы мен құрылымы. Өзіндік құнды төмендетудің мүмкін жолдары.

Ұйымдағы басқарушылық (өндірістік) есептің жағдайы.

Мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің болуы. Олардың міндеттері мен функциялары. Өзгермелі және тұрақты шығындар: құрамы, құрылымы мен динамикасы, бухгалтерлік есепте бейнелеу әдістері.

Есеп саясатының ұйымның табыстары мен шығыстарын қалыптастырудағы рөлі.

2. Пайданы қалыптастыру, оны жоспарлау мен қолдану.

Ұйымның шығынсыздығын қамтамасыз ету.

Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесін (пайданы) бейнелейтін көрсеткіштер. Қаржылық есептілікте қалыптасатын пайданың көрсеткіштерінің мазмұны мен есептеу әдістемесі. Сатудан түсетін пайданың, салық салуға дейінгі және таза пайданың шамасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар.

Сатудан түсетін пайданы жоспарлау. Ұйымда қолданылатын пайданы жоспарлау әдістері.Ұйымның шығынсыздығын, критикалық нүктелерді, шығынсыздық графигін бағалау. Ұйымның шығынсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін түсімнің ең төменгі мөлшерін жоспарлау.

Пайдаға салық салу және ұйымның қаржылық есептеулер жүйесіндегі оның рөлі. Ұйымдағы салық есебін ұйымдастыру және жоспарлау. Салық есебін жүргізетін бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары. Салық базасының шамасын анықтайтын факторларды талдау: өндірістік факторлар, өндірістен тыс факторлар. Қаржылық және салықтық есептің өзара байланысы. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен салықтық міндеттемелердің есептелінуі (егер ұйымда мұндай есептеу жүргізілмесе–себебін көрсетіңіз).

Ұйымның таза пайдасының динамикасын есептеу. Таза пайданың бөлінуі мен қолданылуы: негізгі бағыттар (сызба бойынша), қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды ескергендегі оңтайландырудың мүмкін нұсқалары, пайданы жедел, ағымдағы және перспективті қолдану. Дивидендтік саясат және дивидендтік төлемдерді талдау. Ұйымның және корпорацияның пайдасын қалыптастыру мен пайдалануды бақылау, қаржылық талдаудың мүмкіндіктерін қолдану.

Ұйым жұмысының тиімділігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері. Рентабельдік көрсеткіштерін бағалау. Рентабельдіктің факторлық үлгілері. Ұйымның өсу қарқынын қаржылық модельдеу.

3. Ұйымның капиталын басқару.

Ұйымның капиталының жалпы сипаттамасы.

Меншікті капитал, оның құрамы, құрылымы мен динамикасы. Жарғылық және қосымша капитал. Ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық түріне байланысты жарғылық капиталды қалыптастыру көздері мен жағдайлары.

Акционерлік капиталдың номиналдық және нарықтық бағасы. АҚ жарғылық капиталын арттыру әдістері: жағдайлары мен жүргізу нәтижелері. Жарғылық капиталды басқаруда қаржылық технологияларды қолдану (акция сатып алу, шоғырландыру, бөлу): мақсаты мен жүргізу нәтижелері. Ұйымның қосымша және резервтік капиталы. Қалыптастыру көздері мен қолданылу бағыттарын талдау. Ұйымның таза активтерінің шамасы және оларды жарғылық капиталдың жағдайы мен қаржылық қызметті бағалауда қолдану.

Ұйымның қарыз капиталы. оның құрамы, құрылымы мен динамикасы. Қызметті қаржыландыру үшін банктік несиелеуді қолдану. Ұйымдағы негізгі несиелердің сипаттамасы: мақсаты, мерзімі, ставкасы және басқа шарттары. Ұйымның облигациялық займдарын шығару. Эмиссия проспектін талдау, орналастыру тиімділігін бағалау.

Ұйымның капиталының құрылымын оңтайландыру критерийлері. Капиталдың құрылымын рентабельдік тұрғысынан бағалау. Қаржылық тұтқаның европалық үлгісі. Капиталдың құрылымын пайда көрсеткішінің жай акцияларға қатынасы тұрғысынан бағалау. Қаржылық тұтқаның американдық үлгісі. Капиталдың құрылымын өндірістік және қаржылық тәуекел (жалпы леверидж үлгісі) тұрғысынан оңтайландыру.

4. Ұйымның қаржылық циклін басқару.

Ұйымның қаржылық циклінің ұзақтығы мен кезеңдерін есептеу.

Қаржылық циклдің ұзақтығын анықтайтын факторларды талдау. Ұйымның айналым қаражаттарын орналастыруды талдау. Айналым қаражаттарының жағдайын, олардың өтімділігін басқару мен бақылаудың жалпы міндеттері. Айналым қаражаттарындағы меншікті капиталды анықтау.

Айналым қаражаттарына қажеттілік шамасын жоспарлау жүйесін бағалау. Айналым қаражаттарының жекелеген элементтерін жоспарлау. Өндірістік қорлар мен ақша қаражаттарының қалдықтарын оңтайландыру үлгілерін қолдану.

Ұйымдағы дебиторлық бережақты басқару. Аналитикалық есеп мәліметтерін қолдану, дебиторлардың реестрлерін құрастыру және де басқа басқарудың әдістері. Дебиторлық бережақты төмендетудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану: факторинг, форфейтинг, цессия және басқа, олардың салықтық зардаптары.

Ұйымның айналым қаражаттарын қолданудың тиімділігін талдау. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату резервтері. Ұйымның кредиторлық бережақтарының жағдайы. Кредиторлық бережақтарының құрамы, құрылымы мен динамикасы. Уақыты өткен бережақтардың болуы және оның қаржылық зардаптары. Ұйымның несие саясаты. Жеңілдіктер, бонустар мен айыппұл санкциялары жүйесі, олардың қаржылық нәтижеге әсерін бағалау.

5. Кәсіпорынның ақша айналымы. Ақша ағымдарын басқару.

Ұйымның ақша айналымы. Оның құрамы мен жіктелінуі, ақша қаражаттарының көлемі мен бағыттарына әсер ететін факторлар. Ақша ағымдарының қазіргі уақыттағы үлгілері. Таза, еркін және ішкі ақша ағымдарын есептеу. Бюджеттендіру жүйесіндегі ұйымның ақша ағымдарын жоспарлау және болжамдау.

Ұйымның ақша қалдықтарының динамикасын талдау. Ақша қаражаттарының қалдықтарын басқару үлгілерін қолдану. Ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің маусымдық, кезеңдік және кездейсоқ тербелістерін тегістеу әдістері. Ұйымдағы кассалық айырмашылықтарды жабу әдістері.

Ұйымдар мен корпорациялардың несие жүйесімен өзара қарым-қатынасы.

Банк таңдау, негізгі критерийлер. Ұйымның несиеге қабілеттілігін бағалау. Ұйымда қолданылатын қысқамерзімді банктік қарыздардың түрлері.

6. Ұйымның инвестициялық қызметі

Ұйымның нақты инвестициялық қоржынының құрамы мен құрылымы.

Негізгі қорларға күрделі салымдардың қаржыландырылу көздерін талдау. Негізгі құралдарды жөндеуді қаржыландыру облысындағы саясат.

Ұйымның инвестициялық жобаларының тиімділігін бағалау. Күрделі салымдардың қаржыландырылу көздерінің тиімді қолданылуын қаржылық бақылау.

Материалдық емес активтер, қаржыландыру объектісі ретінде: құрамы, құрылымы мен динамикасы, өзіндік құнға жатқызудың ұйымда қолданылатын тәртібі.

Ұйымның қаржылық инвестициялық қоржыны. Бағалы қағаздарды басқаруда қолданылатын тәсілдер. Қоржындық инвестициялармен байланысты тәуекелдерді бағалау, оларды азайту тәсілдері.

7. Ұйымдағы қаржылық жоспарлау

Ұйымдағы қаржылық жоспарлау жүйесі: жедел, ағымдағы және перспективті. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімінің мазмұны – негізгі көрсеткіштер мен жоспарлық құжаттар. Жоспарлық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі. Бизнес-жоспардың орындалуын бақылау.

Бюджеттендіру, ағымдағы қаржылық жоспарлаудың тәсілі ретінде. Ұйымда қолданылатын бюджеттер мен сметалар түрлері. Қаржылық бюджеттер жүйесі, негізгі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі. Бюджеттер мен бюджеттік регламенттер жасау әдістемесі. Бюджеттердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Ұйымдағы салықтық жоспарлау. Өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын салықтардың түрлері, және оларды жоспарлау. Қаржылық нәтижеге жатқызылатын салықтар, және оларды жоспарлау. Жанама салықтар және оларды жоспарлау. Салықтарды төмендетудің заңдастырылған әдістері, ұйымда оларды қолдану мүмкіндігі. Салықтық ауыртпалықты есептеу.

8. Сыртқыэкономикалық қызмет ұйымдағы қаржылық басқару объектісі ретінде (ұйым сыртқыэкономикалық қызметті жүзеге асыратын жағдайда)

Валюталық шоттар, олардың қызмет ету режимі. Валюталық шоттардағы қалдықтардың динамикасын талдау. Валюталық түсімді уақытында міндетті сатуды және оның мақсатты қолданылуын бақылауды ұйымдастыру.

Ұйымның валюталық заңнаманы бұзу зардаптарын талдау.

Ұйымның экспорт-импорттық операцияларын кедендік рәсімдеу. Кедендік төлемдердің құрамы мен құрылымын талдау. Кедендік төлемдердің түсімдегі үлесі. Ұйымның кедендік заңнаманы бұзу зардаптарын талдау.

9. Банкроттық және қаржылық сауықтыру

Ұйымның балансының құрылымын бағалау мен талдау. Банкроттыққа әкелетін төлемқабілетсіздік пен қаржылық тұрақсыздық белгілерін анықтау. Ұйымның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру шараларын жасау.

Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің бар болуы. Ұйымдағы дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы қаржылық операциялар және олардың тиімділігін бағалау.

Банкрот болу ықтималдылығын болжамдау. Ұйымның банкрот болу ықтималдылығын болжау үшін отандық және шетелдік математикалық және статистикалық үлгілерді қолдану. Заңмен қарастырылған банкроттық процедураларын жүзеге асыру шараларының тиімділігі.

10. Бизнес құны: бағалау және басқару

Ұйымдағы қаржылық менеджменттің тиімділігінің негізгі критерийі ретіндегі бизнес құны. Бизнес құнын шет бағалаушылардың анықтау себептері. Ұйымның капиталдандырылуының ішкі мониторингін ұйымдастыру.

Бизнестің құнын бағалаудың қазіргі уақыттағы тәсілдерін қолдану және олардың нақты салалардағы ерекшеліктері. Қазақстандық жағдайда ұқсас компанияларды таңдау мәселесі.

Капиталдандыруды арттыру тәсілдерін қолдану: қосылу, бөліну, бірігу, қйымның менеджментті сатып алуы және т.б.

Жүргізілген шаралардың тиімділігін бағалау.

11. Қаржылық басқарудың салалық ерекшелігі

Инфрақұрылым салаларының қаржыларының ерекшелігі (көлік, байланыс).

Шығындар мен қаржылық нәтижені қалыптастыру ерекшеліктері. Тарифтер мен баға белгілеу. Активтер құрылымы мен ақша ағымдарын қалыптастыру және қаржылық жоспарлау ерекшелігі, салық салу ерекшелігі.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржыларының ерекшелігі. Табиғи фактордың қаржылық циклға, шығындар қалыптастыруға және ақша ағымдарының қаржылық нәтижесіне әсері. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік түрлері, салық салу ерекшелігі.

Құрылыс ұйымдарының қаржыларының ерекшелігі. Шығындар мен қаржылық нәтижені қалыптастыру ерекшеліктері. Құрылыс өніміне баға белгілеу. Активтер, капитал құрылымы, дебиторлық және кредиторлық бережақ ерекшелігі. Салық салу ерекшелігі.

Бөлшек және көтерме сауда ұйымдарының қаржыларының ерекшелігі.

Баланстың активтері мен пассивтері құрылымы. Айналым шығындарын жоспарлау ерекшелігі. Бөлшек және көтерме бағалар және қаржылық нәтижені қалыптастыру. Салық салу ерекшелігі. Комиссия келісім шарттары бойынша мәмілелердің салықтық зардаптары. Сауда ұйымдарының қызметін қаржылық реттеу мен бақылау.

Коммерциялық еме ұйымдардың қаржыларының ерекшелігі: Қаржылық ресурстар көздері, мақсаттық қаржыландыру, қаржылық ресурстардың жұмсалу бағыттары, салық салу ерекшелігі.

Үшінші мамандандырылған модуль бойынша есеп беру диплом жұмысының тақырыбына сәйкес ұйымның немесе жекелеген бөлімнің қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша студенттің жасаған қорытынды шешімдері, ұсыныстары мен нұсқауларынан тұруы қажет, атап айтсақ:

1) ұйымның табыстарын арттыру және шығыстарын төмендету бойынша ұсыныстар;

2) ұйымның пайдасын арттыру резервтерін бағалау;

3) капиталдың құрылымын оңтайландыру бойынша нұсқаулар;

4) компанияның операциондық және қаржылық циклін жеделдету резервтерін бағалау;

5) таза айналым капиталын арттыру әдістері;

6) ұйымның инвестициялық жобаларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;

7) қаржыны басқарудың тиімдірек жүйесін құру мүмкіндіктері (қаржылық жоспарлау, талдау, қаржылық жоспарларды орындау, қаржылық бақылау, дағдарысқа қарсы басқару жүйелері); ішкі құжатайналымы жүйесін жетілдіру бағыттары.

Есеп беруге тәжірибе кезеңінде студенттің тәжірибе орнында жинаған материалдарын қолданып дайындаған, тәжірибе орны -ұйымның немесе жекелеген бөлімнің қызметін талдау үшін пайдаланылған және нақты немесе ұқсас көрсеткіштермен толтырылған құжаттардың, есептеулер мен кестелердің макеттері салынады.