- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру
- •2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру
- •Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру
- •Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру
- •2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
- •1 Кезең. Дайындық
- •2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
- •3Кезең. Ақырғы.
- •Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы
- •«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
- •4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •Дипломалды тәжірибеден өту есебі
- •Мінездеме
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) __________ қаржы бөлімінің бастығы қолы
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнделігі
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) ____________ қаржылық бөлім бастығы қолы
- •2010–13 Жылдардағы * «Айдана» жшс берілген несиелердің динамикасы мен құрылымы
«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің салық салуды басқару сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған. Бұл Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеуді жүзеге асырудың құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарын зерттеуді білдіреді.
Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып салық органдары, меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық түрдегі ұйымдар табылады.
Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылады. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар көрсетілуі керек.
Жалпы модуль бойынша есеп беру келесідей бөлімдерден тұрады:
салық органдарында тәжірибеден өту кезінде:
- Қазақстан Республикасындағы салық салуды басқару жүйесі туралы мәліметтер (ҚР салықтық бақылауды жүзеге асыратын органдардың құрылымы, салық органдарының жұмысы негізделетін нормативтік базаның сипатталуы, олардың құқықтары мен міндеттемелері, салықтық табыстар туралы мәліметтер);
- тәжірибеден өту орны болып табылатын салық органы туралы жалпы мәліметтер (салық органының атауы, оның ұйымдастырушылық құрылымы, администрацияланатын салықтық табыстар, жұмыс жүргізілетін салықтөлеушілердің категориялары, салықтөлеушілермен жұмыс жүргізу қағидалары, ақпараттық база, нормативті-құқықтық база, салық органы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тиімділігінің жүйесі);
Ұйымнан тәжірибеден өту кезінде:
- ұйым туралы жалпы мәліметтер: ұйымның атауы, ұйымның даму тарихы, ұйымның сипаттамасы (қысқаша бейнеленуі), басқару құрылымы мен органдары, өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, табыстардың негізгі көздері және қаражаттардың жұмсалу бағыттары, саладағы кәсіпорынның алатын орны, компанияның стратегиялық даму жоспарын, оның миссиясы мен міндеттерін (бар болса) бейнелеу, сыртқы ортамен қаржылық қатынастарын бағалау (банктермен, бас және/немесе еншілес компаниялармен), ұйымның есептелінетін және төленетін салықтарының тізімін;
- ұйымдағы салық салуды басқару және экономикалық қызметтердің өзара әрекеті. Ұйымдағы ішкі салықтық бақылау және салық салуды басқарудың ұйымдастырушылық сызбасы. Ұйымда салық салуға, салықтық жоспарлауға жүйелі түрде талдау жасап отыратын құрылымдық бөлімшелердің болуы. Олардың негізгі міндеттері мен қызметтері. Ұйымдағы салық салуды басқарудың ақпараттық базасы.
Арнайы модуль бойынша тәжірибеден өту бағдарламасын орындау кезінде студентке төмендегілер қажет:
А) салық органдарында тәжірибеден өту кезінде:
1) студент дипломалды тәжірибеден өткен салық органының құрылымдық бөлімшесінің қызметін зерттеу және талдау келесілерді қарастыруды білдіреді:
- аталмыш ұйымның маңызы мен қызметтерін анықтау;
- аталмыш ұйымның мамандарының лауазымдық (функционалдық) міндеттемелерінің қысқаша сипаттамасын құрастыру;
- бөлімдегі жұмыстың ұйымдастырылуын сипаттау;
- бөлім қызметкерлерінің жұмыстарының нәтижелерін бағалау жүйесінің сипаттамасы;
2) бөлім қызметкерлерінің өз жұмыстары барысында жетекшілікке алатын нормативті құқықтық актілердің тізімін құрастыру және танысу; ұйымның құжаттарын, есеп берулерін және ішкі нормативтік базасын зерттеу;
3) диплом жұмысының тақырыбына сәйкес бөлім мамандарының салықтық бақылаудың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін бағалау мен талдау жүргізу (салықтық табыстарды шоғырландыру бойынша тапсырмаларды орындау, салықтық төлемдер бойынша бережақтың төмендеуі және т.б.);
4) ҚР салық жүйесін қайта қалыптастыруға байланысты, аталмыш ұйымның қызметінің перспективті бағыттарын сипаттау.
Б) ұйымда тәжірибеден өту кезінде:
1) студент дипломалды тәжірибеден өткен ұйымның құрылымдық бөлімшесінің қызметін зерттеу және талдау келесілерді қарастыруды білдіреді:
- аталмыш ұйымның маңызы мен қызметтерін анықтау;
- аталмыш ұйымның мамандарының лауазымдық (функционалдық) міндеттемелерінің қысқаша сипаттамасын құрастыру;
- бөлімдегі жұмыстың ұйымдастырылуын сипаттау;
- бөлім қызметкерлерінің жұмыстарының нәтижелерін бағалау жүйесінің сипаттамасы;
2) бөлім қызметкерлерінің өз жұмыстары барысында жетекшілікке алатын нормативті құқықтық актілердің тізімін құрастыру және танысу; ұйымның құжаттарын, есеп берулерін және ішкі нормативтік базасын зерттеу;
3) ұйымдағы салық салуға талдау жасау (ұйымның есептелінетін және төленетін салықтарының тізімі, қолданылатын жеңілдіктердің тізімі мен негізделуі);
4) ұйымның салық саясатына, оның элементтеріне сипаттама беру;
5) ұйымдағы салық салуға келісім шарттық саясаттың әсерін анықтау, ұйымның қаржылық қызметіне салық саясатының әсерін талдау;
6) салық саясатының тиімділігін бағалау және ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
7) салықтық ауырпалықтың шамасын есептеу;
8) ұйымда жүргізілетін есеп саясатының бөлігі ретінде салық саясатын зерттеу.
Үшінші мамандандырылған модуль бойынша есеп беру ұйымның(жекелеген бөлімнің) немесе салық органының қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша студенттің жасаған қорытынды шешімдері, ұсыныстары мен нұсқауларынан тұруы қажет, атап айтсақ:
А) салық органдарында тәжірибеден өту кезінде:
- бөлімнің (салық органының) қызметінің тиімділігін арттыру әдістері;
- салықтық төлемдер бойынша салық төлеушілердің бережақтарын төмендетуге бағытталған шаралар жүйесін жасауға нұсқаулар;
- салықтық бақылау және басқаларыны арттыру бойынша ұсыныстар.
Б) ұйымдарда тәжірибеден өту кезінде:
- ұйымдағы салық салуды оңтайландыру бойынша ұсыныстар;
- салықтық ауырпалықты төмендету әдістері;
- салу салуды басқарудың тиімдірек жүйесін құру мүмкіндігі (салықтық жоспарлаудың, талдаудың, ішкі салықтық бақылаудың жүйелері); ішкі құжатайналымы жүйесін жетілдіру бағыттары.
Есеп беруге тәжірибе кезеңінде студенттің тәжірибе орнында жинаған материалдарын қолданып дайындаған, тәжірибе орны –ұйымның (жекелеген бөлімнің) немесе салық органының (оның бөлімінің) қызметін талдау үшін пайдаланылған және нақты немесе ұқсас көрсеткіштермен толтырылған құжаттардың, есептеулер мен кестелердің көшірмелері салынады.
Cтуденттерге келесідей бөлімдерден өту қажет:
Жергілікті салықтар бөлімі:
салық төлеушілерді тіркеу;
салық төлеушілерге хабарлама хат (уведомление) жіберу;
меншікке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі (жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салығы);
өкілетті органдармен жұмыс (жол полициясы басқармасы, жер комитеті, мүлікті бағалау бойынша комитет).
Салықтық есептілікті қабылдау мен өңдеу орталығы:
салықтық декларацияларды қабылдау әдістері мен тәсілдерін зерттеу;
салықтық декларацияларды электронды тасымалдауыштарда тапсыруға кілт беру тәртібі;
салықтық декларацияларды электронды тасымалдауыштарда тапсыратын салық төлеушілердің үлес салмағын анықтау.
Ұйымдастыру бөлімі:
БҚО бойынша салық департаментінің, қала және аудан бойынша салық басқармаларының құрылымымен танысу;
қызмет барысында салық органдары пайдаланатын негізгі заңнамалық құжаттарды зерттеу;
БҚО, қала және аудан бойынша салық департаменті туралы Ережемен танысу;
жекелеген басқармалардың және бөлімдердің қызметі туралы Ережемен танысу;
басқарма, бөлім басшылары мен қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен танысу;
Есеп және талдау бөлімі:
есеп беру және 1- Н бюджетке салықтар мен басқалай төлемдердің түсуінің есебі үлгісін құрастыру тәртібімен танысу (корпоративті табыс салығы, ЖТС, әлеуметтік салық, ҚҚСС, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерінің, мүлікке салынатын салық) және оны талдау;
2- Н «Бақылау-экономикалық жұмыс туралы есеп»;
Ф-ОКЭД есебі «Кәсіпорындар, шағын кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар түрлері бойынша экономикалық қызмет қимасында бюджетке төленетін салықтар мен басқалай міндетті төлемдер сомасы туралы есебі»;
салық органдарындағы бюджетке төленетін салықтар мен басқалай міндетті төлемдер есебін жүргізу ережелеріне сәйкес есеп шоттарды жүргізу тәртібі;
түрлері бойынша салықтар мен төлемдер түсімінің факторлық талдауын жүргізумен танысу;
соңғы үш жылдық динамикадағы ақпаратты жинау;
салық салынатын база бойынша ақпарат жинау;
- салық комитеттері қызметін рейтингілік бағалауды зерттеу.
Тіркеу бөлімі:
- салық төлеушілерді тіркеу тәртібін зерттеу (салық төлеушілердің мемлекеттік реестрін жүргізу тәртібі, тіркеу куәлігін беру).
Салықтық бережақты өндіріп алу бөлімі:
«Банкроттық туралы» ҚР Заңының әрекет ету тәртібін зерттеу;
Салықтық бережақты өндіріп алу тәсідері мен қолданылатын шараларды зерттеу;
Төлемқабілетсіз борышқорлармен жұмыс бойынша департаментке кәсіпорынды беру тәртібімен танысу.
Қажет жағдайда дипломдық жұмысқа салық есебінің көрсетілген формаларын, соңғы 3 жыл ішіндегі ҚР салық қызметінің басқару құрылымын төменнен жоғарыға қарай графикалық бейнелеу және мәтінде міндетті түрде сілтеме жасау қажет.
Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің арту немесе кему жағдайларының, соңғы 3 жылдағы динамикада салықтық бережақтың сомасын және салықтөлеушілердің санының факторлық талдауын құрастыру қажет.
