- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру
- •2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру
- •Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру
- •Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру
- •2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
- •1 Кезең. Дайындық
- •2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
- •3Кезең. Ақырғы.
- •Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы
- •«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
- •4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •Дипломалды тәжірибеден өту есебі
- •Мінездеме
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) __________ қаржы бөлімінің бастығы қолы
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнделігі
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) ____________ қаржылық бөлім бастығы қолы
- •2010–13 Жылдардағы * «Айдана» жшс берілген несиелердің динамикасы мен құрылымы
4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасына сәйкес құрылуы тиіс.
Есеп беру келесідей элементтерден тұруы қажет:
- бірінші жалпы модуль бойынша есеп беруге: ұйымның атауы, ұйымның даму тарихы, ұйымның сипаттамасы (қысқаша бейнеленуі), басқару құрылымы мен органдары, өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, табыстардың негізгі көздері және қаражаттардың жұмсалу бағыттары, саладағы кәсіпорынның алатын орны және т.б.;
- екінші арнайы модуль бойынша есеп беруге: тәжірибеден өткен ұйымның құрылымдық бөлімшесінің қызметін сипаттау (ұйымдағы алатын орны, қызмет ету сферасы, жұмысының нәтижелері); ұйымның құжаттарын, мамандануына байланысты нормативтік базасын зерттеу; ұйымның қызметінің негізгі көрсеткіштерін зерттеу;
- тәжірибеден өткен ұйымның және оның құрылымдық бөлімшесінің қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жалпы талдау және мәліметтерінің сипаттамасы;
- үшінші мамандандырылған модуль бойынша есеп беруге: тәжірибенің бірінші және екінші кезеңдерінің аралық есептері; үшінші кезеңде жасалған нұсқаулар және олардың барлығын жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар бейнеленген біртұтас есеп беруге жинақтау; диплом жұмысының тақырыбына сәйкес ұйымның немесе жекелеген бөлімнің қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша студенттің жасаған қорытынды шешімдері, ұсыныстары мен нұсқаулары;
Есеп беруге тәжірибе кезеңінде студенттің тәжірибе орнында жинаған материалдарын қолданып дайындаған, тәжірибе орны -ұйымның немесе жекелеген бөлімнің қызметін талдау үшін пайдаланылған және нақты немесе ұқсас көрсеткіштермен толтырылған құжаттардың, есептеулер мен кестелердің макеттері салынады.
Өз мазмұны бойынша есеп беру диплом жұмысының тақырыбына сәйкестендірілуі қажет.
Тәжірибе бойынша есеп берудің рәсімделуіне қойылатын талаптар:
- есеп беру көлемі - қосымшаларды есептемегендегі компьютерлік мәтіндегі 20–30 бет;
- мәтін «Times New Roman» шрифтімен, бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.;
- А4 форматты ақ қағаз, ашық орындар (поля): жоғары жағынан - 2см, төменгі жағынан – 2,5 см, оң жағынан - 1 см, сол жағынан - 3 см;
- есеп беру папкаға тігіледі;
- титульдық бет әдістемелік нұсқауларға арналған 2 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
Есе берудің басында (титульдық беттен кейін) мінездеме, күнтізбелік жоспар, өндірістік тәжірибеден өту бойынша күнделік, одан кейін тәжірибе мазмұны, сосын есеп беру мен қосымшалар.
Мінездеме, күнтізбелік жоспар және күнделік кәсіпорынның (банктің, салық департаментінің және т.б.) жетекшісінің қолымен расталып, мөр қойылуы керек.
Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз 4 беттен бастап қойылады.
4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Тәжірибе аяқталған соң студентке ұйымнан берілетін мінездемеде тәжірибеден өту нәтижесі қорытындыланып, оның жұмысын, іскери және жеке бас қасиеттерін бағалаудан тұрады.
Мінездеме келесілерден тұруы тиіс:
– тәжірибе орнын ұсынған ұйымның толық атауы;
– практиканттың тәжірибеден өту кезеңі;
– практикант тәжірибеден өткен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тізімі;
– студенттің кәсіби құзіреттілігінің сипаттамасы (теориялық білімін көрсете білуі, білімінің тереңдігі, іс жүзінде қолдана алуы, кәсіби сферада алған практикалық машықтарын қолдана білуі);
– жетекшінің тапсырмасымен студенттің жүргізген жұмыстарының мазмұны мен сипаттамасын бейнелеу, оның ішінде мамандық пен мамандану аумағында;
– орындалатын жұмысқа студенттің жауапкершілігі, тапсырманы орындау деңгейі, жекелеген тапсырмаларды өз бетінше орындауға студенттің дайындық деңгейі және жұмыс сапасының деңгейі;
– тәжірибе кезіндегі студенттің тәртібі және іскери қасиеттері; клиенттермен, ұйымның басшылығы мен қызметкерлерімен тіл табыса білуі;
– анықталған мәселелерге студенттің жүргізген зерттеулерінің, болашақтағы кәсіби қызметінің сферасында оларды шешу бойынша жасаған қорытынды шешімдері, ұсыныстары мен нұсқаулары негізінде тәжірибеден өтуді бағалау, практикалық құндылығы;
– мінездеменің жазылған күні, ұйымның мөрімен куәландырылған тәжірибе жетекшісінің қолы (А.Ж.Т., қызмет дәрежесі, құрылымдық бөлімшесі, байланыс телефоны көрсетілген).
Студентке мінездеме берген ұйым тәжірибеден өту бойынша студенттерді бөлу туралы бұйрықтағы тәжірибе орнына сәйкес болуы тиіс. Сәйкес келмеген жағдайда (егер студент мінездеме мен есеп беруді бұйрық бойынша бекітілген ұйымнан әкелмесе), тәжірибеден өту саналмайды.
Мінездеменің үлгісі 3 қосымшада келтірілген.
Қосымша 1
Қатынасты рәсімдеу үлгісі
Тәжірибе орнын ұсынған ұйымның бланкісінде рәсімделеді
Шығ. № ___ «_____»___________20__ж.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры
Ректору ЗКГУ им. М.Утемисова
кафедра «Есеп және қаржы»
Қатынас қағазы
Осы арқылы «Айдана» ЖШС ________________ ден _____________ 20__ ж. «Қаржы» мамандығының 09410 топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаға өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өту үшін орын бере алатын мүмкіндігі бар екендігін және есеп беруді орындау үшін қажетті жағдайлар жасап, құжаттарды ұсынатындығын хабарлайды.
Бас директор А.Амирханян _____________
қолы
М.О.
Қосымша 2
Дипломалды тәжірибеден өту есебінің титулдық бетін рәсімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Есеп және қаржы» кафедрасы
