Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД бюжет - май 2014 каз очное.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
755 Кб
Скачать
☆

Тақырып 8. Бюджеттік мекемелерде түсуі бойынша кассалық орындалуы

Сабақтың мақсаты:

Негізгі ұғымдар:

23 "Қаржыландыру" шоты . шотын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қолданады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 230 "Ұйымдардың шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру"; 231 "Күрделi қаржыларды бюджеттен қаржыландыру"; 232 "Басқа бюджеттердiң есебiнен қаржыландыру"; 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру"; 238 "Ұйымдарды ұстауға арналған басқа да қаражаттар"; 239 "Сыртқы заемдардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру".

230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттен алынған қаржыландыруы көрсетіледі. 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шотында басқа бюджеттерден алынған қаржыландыру көрсетіледі.

230-232 қосалқы шоттардың кредитіне алынған міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың немесе алынған қаражаттардың сомасы, анықталған артық материалдардың және қайтарымсыз алынған материалдардың сомасы жазылады.

230-232 қосалқы шоттардың дебетіне жылдық есептердің негізінде жыл аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын шығыстардың сомасы; есептен шығарылған кемшін материалдардың және алатын сенім жоқ борыштардың сомасы жазылады.

230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 283 нысанның көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.

231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" және 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шоттары бойынша есеп N 292-а-нысанның карточкаларда (292-нысанның кітабында) жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі. Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және тиісінше 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.

238 "Ұйымды ұстауға арналған басқа да қаржылар" қосалқы шотында басқа көздерден қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алынған қаржыландыру есепке алынады.

238 қосалқы шот түскен қаржылардың сомасына кредиттеледi.

Жыл аяғында 238 қосалқы шотының дебетiне бюджет бойынша нақтылы шығыстар (200 қосалқы шоты) есептен шығарылады. Бұл қосалқы шоты бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларында (н. 292 кiтапта) жүргiзiледi.

213.1. 239 "Сыртқы заемдардың және байланысты гранттардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотында сыртқы заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыру ескеріледі. Қаржы жылы аяқталған бойда сыртқы заемдардың және байланысты гранттардың есебінен шығыстардың қорытынды айналымдарын есептен шығару 239 қосалқы шот дебеті, 099 "Сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша шығыстарға арналған ашық лимиттер" қосалқы шоты бойынша бухгалтерлік жазба жазылады. 239 қосалқы шот бойынша талдау есебі бағдарламалар, ішкі бағдарламалар және н.292-а талдау есебінің карточкасында шығыстардың есебі бойынша жүргізіледі.

234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төмен тұрған бюджеттерге арналған трансферттер бойынша алынған қаржыландыруды ескереді. 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне алынған рұқсаттардың сомасы жазылады.

234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебетіне жыл аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын шығыстардың сомасы жазылады.Жылдың аяғында жүргізілген шығыстарды есептен шығару 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен жүзеге асырылады. 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу карточкаларда N 292-а нысаны бойынша (кітапта N 292 нысаны бойынша) жүргізіледі.

24 "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" шоты . 24 "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 240 "Материалдық ынталандыру қоры"; 245 "Гранттар"; 246 "Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қоры"; 247 "Iшкi несиелендiру"; 248 "Банк кредиттерi"; 249 "Сыртқы заемдар".

240 "Материалдық ынталандыру қоры" қосалқы шотында маңызды тапсырмаларды орындағаны және қызметкерлерге бiр жолғы көмек көрсеткенi үшiн министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және басқа атқарушы органдардың қорына түскен қаржылар есептелiнедi. Қорды құруға түскен сомалар 240 қосалқы шотының кредитi және 110 қосалқы шотының дебетi бойынша жазылады. 240 қосалқы шоты бойынша талдау есебi қаржыларының түсу көздерi бойынша және оларды н. 283 көп бағанды карточкаларында пайдалану бағыты бойынша жүргiзiледi.

245 "Гранттар" қосалқы шотында байланысы бар гранттардың сомасы ескеріледі. Алынған байланысы бар гранттардың сомасы 245 қосалқы шотының кредиті бойынша және 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Ағымдағы қаржы жылы байланысы бар гранттарды игеру барысында жүргізілген шығыстардың сомасы жыл аяғында 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.

Жұмсалған айланысы бар гранттардың сомасы қаржы жылы аяқталғаннан кейін 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.

Гранттардың байланысы бар түрлері бойынша 245 қосалқы шоты жөніндегі талдамалық есепке алу N 283 нысанының көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.

246 "Өндiрiстiк және әлеуметтік даму қоры" қосалқы шотында қолданылып жүрген заңда айқындалған жұмсалған шығындарды қаржыландыруға бөлiнген арнаулы мақсаттағы қаржылар есепке алынады.

Ғылыми-зерттеу ұйымдарында бұл қосалқы шотында шаруашылық келiсiм-шарты бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнiндегi шығыстардан кiрiстердiң асып түсу сомаларынан, осы ұйымда орындалатын жаңалық ашу үшiн лицензияларды сатудан түсетін қаржылардың қозғалысы есепке алынады.

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 246 қосалқы шотында материалдық-техникалық базаны кеңейтуге және орнықтыруға арналған белгiленген тәртiпте түсетiн қаржылардың қозғалысы есепке алынады.

Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорына түсетiн сомалар тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне және 246 қосалқы шотының кредитiне жазылады.

Ұйымның өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорының қаржылары есебiнен жаңа құрылыс, өңдеу және жабдықтарды сатып алуға арналып жұмсалған шығындары 212 қосалқы шотында есепке алынады. Жыл аяғында аяқталған және пайдалануға берiлген құрылыс объектiлерi бойынша шығындар 246 қосалқы шотының дебетiне жазылады.

Қордың пайдаланылмаған қалдықтары келесi жылға өтедi.

246 қосалқы шоты бойынша талдау есебi қаржыларының түсу (пайда болу) көздерi бойынша және оларды көп бағанды н. 283 карточкаларда қолдану бағыты бойынша жүргiзiледi.

247 "Iшкi несиелендiру" қосалқы шотында қайтарымды негiзде республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген (iшкi несиелер бойынша) несиелер ескерiледi. 247-қосалқы шоттың несиесi бойынша берiлген несиелер бойынша (iшкi несиелендiру бойынша) берешек сомасы көрсетiледi. Несиенiң қайтарылуын растайтын төлем құжаттарының негiзiнде несиенi өтеу жүргiзiледi, бұл ретте 247-шот дебеттеледi және 199-қосалқы шот кредиттеледi. 247-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 283-нысан көп бағанды карточкаларында жүргiзiледi.

248 "Кредиттерi" қосалқы шотында материалдық-техникалық базаны ұйымдастыруға және тереңдетуге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мақсаттарға алынған өтелмеген кредиттер есепке алынады.

Банктердiң кредитiнен алынған сомалар 248 қосалқы шотының кредитi және 111 қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi. Материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру және кеңейту бойынша банк кредиттерiнiң есебiнен алынған шығындар 111 қосалқы шотының кредитi және 150, 178 тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша көрсетiледi. Банк кредиттерiн өтеу кезiнде 248 қосалқы шоты дебеттеледi және 111 қосалқы шоты кредиттеледi. Бұдан басқа, бұл шотта шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн жергiлiктi бюджеттерден жергiлiктi атқарушы органдарға берiлетiн сомалар көрсетiледi, берiлген кредиттердiң сомалары 248 қосалқы шотының кредитi және "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотының дебетi бойынша есепке алынады. Қаражаттар берiлген қарыз ақшаларды өтеуге түскен кезде 175 қосалқы шот кредиттеледi және 100 қосалқы шот дебеттеледi, бiр мезгiлде 148 қосалқы шоттың дебетi және 100 қосалқы шоттың кредитi бойынша екiншi жазба жасалады. 248 қосалқы шоты бойынша талдау есебi кредиттер түрлерi бойынша н. 283 көп бағанды карточкаларда жүргiзiледi.

249 "Сыртқы заемдар" қосалқы шотында Заем туралы келiсiмге сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн алынған заем сомасы ескеріледi. Алынған заемдар сомасы 249-қосалқы шотының кредитi бойынша және 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi. Ағымдағы жылы сыртқы үкiметтiк заемдарды игеру барысында жүргiзiлген шығыстар сомасы жылдың аяғында 204-қосалқы шоттың кредитiнен 249-қосалқы шоттың дебетiне көшiрiледi. Ағымдағы қаржы жылы сыртқы үкiметтiк заемдарды қамту барысында жүргiзiлген шығыстардың сомасы жылдың аяғында 204-қосалқы шоттың кредитiнен 249-қосалқы шоттың дебетiне көшiріледi.

25 "Активтердегi қор" шоты . 250 қосалқы шотында тiкелей бюджеттік ұйымның қарамағында тұрған активтер қорына түсетiн салымдар (тозуды ескере отырып) есепке алынады. Жаңа құрылыс объектiлерi, жерге орналастыру және орманға орналастыру iсiне кiрiскен кезде 250 қосалқы шотының кредитiне және 01 шотының тиiстi қосалқы шоттарының дебетiне жазба жүргiзiледi. Активтердi сатып алу 250 қосалқы шотының кредитiне және 20 және 21 тиiстi қосалқы шотының дебетiне жазылады. Активтердi қайтарусыз алған кезде 250 және 020, 021 тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне және 01 шотының тиiстi қосалқы шотының дебетiне жазба жүргiзiледi. Активтердi қайтарусыз беруден шығу, тарату кезiнде 250 және 020, 021 қосалқы шоты дебеттеледi (тозу сомасына) және 01 шотының тиiстi қосалқы шоты кредиттеледi. 250 қосалқы шотында үлгiлiк жобалау бойынша құжаттаманың құны көрсетiледi, сондай-ақ бiр уақытта шығындарды шығыстарға жатқызып 019 қосалқы шотының дебетiне және 250 қосалқы шотының кредитiне жазба жасалады. Бұл құжаттаманы есептен шығарған кезде 250 қосалқы шоты дебеттеледi және 019 қосалқы шоты кредиттеледi. 250 қосалқы шоты бойынша талдау есебi активтердiң түсуi және шығуы бойынша көрсеткiш бөлiгiнде н. 283 көп бағанды карточкаларда жүргізіледі.

26 "Арзан бағалы және тез тозатын заттардағы қор" шоты . 260 "Арзан бағалы және тез тозатын заттардағы қор" қосалқы шотында тiкелей ұйымның қарамағында тұрған арзан бағалы және тез тозатын заттардың құны есепке алынады. Алынған арзан бағалы және тез тозатын заттардың, iш киiмдердiң, төсек-орын жабдықтарының, киiмдердiң және яқ-киiмдердiң құны 260 қосалқы шотының кредитiне және 20, 21 шоттарының тиiстi қосалқы шотының дебетiне жазылады. Пайдаланудан шыққан арзан бағалы және тез тозатын заттардың, iш киiмдердiң, төсек-орын жабдықтарының, киiмдердiң және аяқ-киiмдердiң сомасына 260 қосалқы шотының дебетiне және 071, 073 қосалқы шотының редитiне жазба жасалады. 260 қосалқы шоты бойынша қалдық 070, 071, 072, 073 қосалқы шоттары бойынша қалдық сомасына теңестiрiлуi керек. 260 қосалқы шоты бойынша есеп н. 308 кiтапта жүргiзiледi.

27 "Қаржылық қаражаттардың қорлары" шоты. 27 шот "Қаржылық қаражаттардың қорлары" мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 272 "Басқа қорлар"; 273 "Шетел валютасындағы қаражат қоры"; 274 "Бағалы қағаздардағы қор".

272 "Басқа қорлар" қосалқы шотында министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және белгiленген тәртiпте тағайындалған өзге өкiлетті және атқарушы органдар қорлары қаражаттарының есебiн жүргiзедi. Қорлардың түскен қаражаттары 112 және 115 қосалқы шот дебетi және 272 қосалқы шот кредитi бойынша көрiнiс табады. Жыл аяқталғаннан кейiн 215 қосалқы шот 272 қосалқы шот дебетiне жыл iшiнде жасалған шығыстарын есептен шығару жолымен жабылады. Аяқталған және тапсырылған объектiлер бойынша шығындар 272 қосалқы шот дебетiне есептен шығарылады. 272 қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 283 монографтық карточкаларда түскен қаражаттардың түрлерi бойынша жүргiзiледi.

273 "Шетел валютасындағы қаражат қоры" қосалқы шотында валюталық қор қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Жыл аяғында жасалған шығыстар сомасы 273 қосалқы шот дебетi және 220 қосалқы шот кредитi бойынша есептен шығарылады.

274 "Бағалы қағаздар қоры" қосалқы шотында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi тұлғасында мемлекетке жататын мемлекеттік пакет акциялары құны сомасының қозғалысы есепке алынады. Есепте мемлекеттiк пакет акцияларының құны 274 қосалқы шотының кредитi және 132 "Ақша құжаттары" қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi.

Негізгі сұрақтар:

  1. Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы

  2. Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі

  3. Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі

Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.223-245), 2 (с.25-36), қосымша әдебиеттер: 2 (с.45-66)