Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД бюжет - май 2014 каз очное.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
755 Кб
Скачать
☆

Тақырып 9. Бюджеттік мекемелердегі шығыс бойынша кассалық орындалу

Сабақтың мақсаты:

Негізгі ұғымдар:

"Шығыстар" бөлiмде смета бойынша көзделген шараларға арналған ұйымдардың жұмсалған нақтылы шығындары, сондай-ақ басқа бюджеттерден алынған шығындар есепке алынады.

Нақтылы шығындар деп, тиiстi құжаттар мен ресiмделген ұйымдардың iс жүзiндегi шығындары, оның iшiнде есептелген жалақы және шәкiртақы бойынша кредиторлардың төленбеген шоттары жөнiндегi шығыстары саналады.

Бюджет бойынша шығыстарды есепке алу мекеме, бағдарлама, iшкi бағдарлама және бюджеттiк сыныптау ерекшелiгi бойынша жүргiзiледi. Нақты шығыстарды есепке алу 20 "Бюджет бойынша шығыстар" және 21 "Басқа да шығыстар" шоттарында жүргiзiледi.

20 "Бюджет бойынша шығыстар" шоты . Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 200 "Ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға арналған бекiтiлген сметаның шегiнде бюджет бойынша шығыстар"; 201 "Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар"; 202 "Басқа бюджеттер есебiнен шығыстар"; 203 "Күрделi қаржыларға арналған бюджеттер бойынша шығыстар"; 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар қосалқы шотында"; 205 "Трансферттер бойынша шығыстар"; 208 "Бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар"; 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар.

200 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспарының шегiнде бекiтiлген шығыстар сметасының шегiнде ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотында бекiтiлген шығыстар сметасының шегiнде ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға жұмсалатын нақтылы шығыстар есепке алынады.

Бұдан басқа, осы қосалқы шотта бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгi есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар ескерiледi. Өздерiне бөлiнген рұқсаттар шегiнде бюджеттік қаражаттарды жұмсауға рұқсат алған бюджеттік ұйымдар оларды бекiтiлген шығыстар сметасында көзделген мөлшерде және арнаулы мақсаттарға сәйкес жұмсауға мiндеттi. Қайтару негiзiнде (iшкi несиелендiру бойынша) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөлген жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 200-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде өтеусіз негізде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне білім беруге немесе жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген ақшалай қаражатты аударған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептен шығыстарды шығаруды 200-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090, 100-қосалқы шоттардың кредиті бойынша жүргізеді.

Жыл аяқталғаннан кейiн лимиттерге басты иелiк етушiлердiң 200 қосалқы шоты 230 қосалқы шотының дебетiне жыл бойы жұмсалған шығындарын есептен шығару арқылы жабылады. Мемлекеттік мекемелер шығыстарын 140 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығарады. Егер ұйымдар сметасында тек бюджеттен ғана емес, сондай-ақ басқа да көздерден қаржы бөлу ескерiлмесе, онда шығыстар ең алдымен басқа көздерден алынған қаржылар есебiнен, ал қалған сома - бюджеттiк қаражаттар есебiнен есептен шығарылады. Бюджеттік ұйымдарда нақтылы шығыстардың талдау есебi н. 294 кiтапта жүргізiледi.

201 "Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми зерттеулерге, ғылыми-техникалық жұмыстарға және бюджет қаражатының есебінен басқаларға арналған шығыстары ескеріледі.

Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер жөніндегі жұмыстардың сомасына 201 қосалқы шоты дебеттеледі және 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.

Бір жылдың ішінде ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері бойынша шығындар 201 қосалқы шотында есептеледі. Жылдың аяғында бұл шығындар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде 230 қосалқы шотының немесе мемлекеттік мекемелерде 140 қосалқы шотының дебетіне есептен алынады.

Қабылдау актілерінің негізінде ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері 01 немесе 07 шотының тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 250 немесе 260 қосалқы шотының кредиті бойынша жазылады.

Аяқталмаған және аяқталған, бірақ ғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша қабылданбаған шығындар 201 қосалқы шоты бойынша келесі жылдың балансына өтеді.

201 қосалқы шоты бойынша шығыстарды талдамалы есепке алу 294 н. кітабында жүргізіледі.

202 "Басқа да бюджеттер есебiнен шығыстар" қосалқы шотында осы ұйымның сметасында ескерiлмеген шараларды орындауға арналған басқа бюджеттерден алынған қаражаттардың есебiнен жұмсалған шығыстар есепке алынады.

Жыл аяқталғаннан кейiн 202 "Басқа бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шоттан шығыстар 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру", 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша шығыстар" қосалқы шоттарының дебетiне есептен шығарылады. Шығыстардың талдау есебi әрбiр шара және шығыстар ерекшелiгi бойынша н. 294 кiтапта жүргiзiледi.

203 "Күрделi қаржыларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасында 420 "Негiзгi капиталды құру" iшкi сыныбы бойынша бюджеттен бөлiнетiн, құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргiзу әдiсiне қарамастан бюджет қаражаттары есебiнен жаңа құрылысқа және үйлер мен ғимараттарды қайта салуға жұмсалатын ұлттық және шетел валюталарындағы шығындар есепке алынады. Егер құрылыс шаруашылық әдiспен жүргiзiлсе, жұмсалған шығындардың сомасы 203 қосалқы шотында дебеттеледі және тиiсiнше ақшалай қаражаттардың, есеп айырысулардың, құрылыс материалдарының және қондыруға арналған жабдықтардың, жеткiзушiлермен және мердiгерлермен жасасқан есеп айырысулар қосалқы шоттарында кредиттеледi. Егер құрылыс мердiгерлiк әдiспен жүргiзiлсе, орындалған жұмыстардың шоттарын төлеуге қабылданған сома мөлшерiнде мердiгермен есеп айырысқан жағдайда 203 қосалқы шот дебеттеледi, бұл ретте 150 қосалқы шоты кредиттеледi.

Аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлер бойынша шығындар жыл бойында 203 қосалқы шотында есептеледi. Жыл аяғында бұл шығындар лимиттердiң негiзгi иелiк етушiлерiнiң 231 қосалқы шотының немесе лимиттердiң төмен тұрған иеленушiлерінің 143 қосалқы шотының дебетiнде есептен шығарылады.

Аяқталған және пайдаланылуға берiлген құрылыс объектілерi қабылдау актiлерiнiң негiзiнде 01 шотының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi және 250 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазылады. Аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берiлмеген құрылыс және қайта салынған объектiлер бойынша шығындар 203 қосалқы шоты бойынша келесi жылдың балансына көшiрiледi. Шаруашылық әдiсiмен жүзеге асырылатын құрылыстың 203 қосалқы шоты бойынша шығындардың талдау есебi н. 294 кiтапта жүргiзiледi. Құрылыс жұмыстары есепке алу және монтаждау бойынша жұмыстарды есепке алу бөлек жүргiзiледi.

204 "Сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шотында сыртқы заемдар есебiнен жобаларды iске асыру барысында жүргiзiлген шығыстар ескерiледi. Заем қаражаттары Заем туралы келісімде көзделген нысаналы мақсаттарға сәйкес қатаң жұмсалады. Жалақы төлеу және консультант қызметкерлерге қосымша ақы төлеу сыртқы заем қаражаттарынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 204 қосалқы шот дебетіне жазба жасалады. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті жарналарға есептелген сомалар 159, 171, 198 тиісті қосалқы шоттардың кредиті және 204 қосалқы шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың) белгіленген тәртіпте ұсталған сомалары 183 қосалқы шот дебеті және 120 "Касса", 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоттарының кредиті және 17 "Түрлі дебиторлар мен кредиторлармен есептесулер" шотының тиісті шоттарында көрсетіледі.

Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты операцияларының банктік қызметтеріне төлем жасау 204 қосалқы шот дебеті және 113 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады.

Үкіметтік сырты қарыздар есебінен пайдалануға тапсырылған жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылындағы қарыздарды игеру барысында жүзеге асырылатын шығыстар жылдың соңында есептен шығарып тасталынады, бұл ретте жазба "Сыртқы қарыздар" 249-қосалқы шотының дебеті бойынша және 204-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.

Үкіметтік сырты қарыздар есебінен пайдалануға тапсырылмаған жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылындағы қарыздарды игеру барысында жүзеге асырылатын шығыстар 204-қосалқы шот бойынша келесі жылдың теңгеріміне өтеді.

Сыртқы заемдар есебінен жасалған нақтылы шығындардың талдау есебі н.294-а карточкасында жүргізіледі.

205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотында төмен тұрған бюджеттерге трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізген шығыстар ескеріледі.

Жыл аяқталғаннан кейін 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотынан шығыстар 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.

Шығыстарды талдамалы есепке алу N 294 нысан бойынша кітапта бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар және шығыстардың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.

208 "Бекiтiлген сметадан тыс мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа iс-шараларға арналған шығыстар" қосалқы шотында қарызға алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiге қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң бекітілген шығыстар сметасынан тыс iс жүзiндегi шығыстар ескерiледi. Егер мемлекеттiк мекемеде бекiтiлген сметадан тыс 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүргiзiлген iс жүзiндегi шығыстар бар болса, онда олар 200-қосалқы шоттан 208-қосалқы шотқа ауыстырылуы тиiс.

Iс жүзiндегi шығыстардың талдамалы есебi 294-нысандағы кiтапта жүргiзiледi.

154 "Бекітілген қаржыландыру жоспарынан тыс кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша кредиторлық берешекті өтеуге есепті жылы ақшалай қаражат бөлінген жағдайда жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген шығыстарды 230, 140-қосалқы шоттардың дебетіне есептен шығару жолымен 208-қосалқы шот жабылады.

209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шотында байланысы бар гранттар есебінен жобаларды іске асыру барысында жүргізілген шығыстар ескеріледі. Заем қаражаттары гранттар туралы келісімде көзделген мақсатты тағайындауға қатаң сәйкес жұмсалады.

Еңбекақы төлеу және консультант-қызметкерлердің қосымша ақысы байланысы бар гранаттардың қаражатынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі. Қолданыстағы заңнамада белгіленген міндетті жарналардың есептелген сомасы 159, 171, 198 тиісті қосалқы шоттарының кредиті және 209 қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың), белгіленген тәртіппен жүргізілген ұсталымдардың сомасы 180 қосалқы шотының дебеті және 120 "Касса", 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шоттарының және 17 "Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты бойынша операциялар жөніндегі банк қызметтеріне ақы төлеу 209 қосалқы шотының дебеті және 116 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Есеп беретін тұлғалар жұмсаған аванс сомасын есептен шығаруға 160 "Есеп беретін адамдармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.

Байланысты гранттар есебінен пайдалануға тапсырылған жобалар бойынша игеру ағымдағы қаржы жылында аяқталған шығыстар жылдың соңында есептен шығарып тасталынады, бұл ретте жазба "Гранттар" 245-қосалқы шотының дебеті бойынша және 209-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.

Байланысты гранттар есебінен пайдалануға тапсырылмаған жобалар бойынша игеру ағымдағы қаржы жылында аяқталған шығыстар 209-қосалқы шот бойынша келесі жылдың теңгеріміне өтеді.

Байланысы бар гранттар есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстарды талдамалық есепке алу N 294-а нысанының карточкасында жүргізіледі.

21 "Басқа да шығыстар" шоты. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 210 "Бөлiске арналған шығыстар"; 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар"; 212 "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар"; 213 "Демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар"; 215 "Басқа қорлар есебiнен шығыстар"; 216 "Күрделi қаржыларға арналған басқа қорлардың есебiнен шығыстар"; 217 "Өндiрiстiк қызмет қаражаттары есебiнен шығыстар"; 220 "Шетел валютасындағы қаражат есебiнен шығыстар".

210 "Бөлiске арналған шығыстар" қосалқы шотында өзi пайда болған сәтте жұмыстардың (объектiлердiң) белгiлi бiр түрiне немесе бұйымдардың белгiлi бiр түрiнiң немесе бiрнеше түрi өндiрiлген жағдайда өнiмдердiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға болмайтын шығындар есепке алынады.

Ай бойында бөлiске арналған шығыстар 210 қосалқы шотының дебетiне және тиiстi қосалқы шоттардың кредитiне жазылады. Айдың аяғында бұл шығыстар белгiленген тәртiппен бөлiнедi. Қосалқы ауыл және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарындағы қосымша шығыстарды бөлу жыл аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Қосымша шығыстар нақты жағдайларға байланысты өндiрiстiк жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердiң және т.б. жалақысына немесе жұмсалған материалдарға немесе тiкелей шығыстардың жиынтығы мөлшерiне сәйкес бөлiнедi.

Бөлiске арналған шығыстар 210 қосалқы шотының кредитiнен 08, 20, 21 тиiстi қосалқы шоттардың дебетiнде есептен шығарылады. Осы қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 283 көп бағаналы карточкаларда жүргiзiледi.

211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары бойынша шығыстар ескеріледі.

Жұмсалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа шығыстардың сомасына 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті мен "Материалдық қорлар", "Ақша қаражаттары", "Есеп айырысулар" шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі. Жыл аяқталғаннан кейiн жыл iшiнде жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 400 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен кірістер" қосалқы шотының дебетiне есептен шығарылады.

Шығыстардың талдамалы есебi N 297-б-нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алу кітабында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері бойынша жүргiзiледi. Шығыстардың есебi көп бағанды карточкаларда N 283 нысан бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

212. "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар" қосалқы шотында күрделі салымдарға ақылы қызметтерді, демеушілік және қайырымдылық көмекті, байланысы бар гранттарды іске асырудан алынатын қаражат есебінен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығыстар ескеріледі:

шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарының (жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алу, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды және қосалқы шаруашылықтарды кеңейту жөнiндегi күрделi жұмсалымдар). Өнiмнiң өзiндiк құнына енетiн өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл шаруашылықтарының шығындары 08 шоттың тиiстi қосалқы шоттарында есепке алынады;

спорт алаңдарын салуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тосқауылдар салуға арналған шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын шығындар есепке алынады.

Жыл соңында аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлер бойынша шығындар, сондай-ақ шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын басқа да шығындар 212 қосалқы шоттың кредитiнен 400, 246 қосалқы шоттардың дебетiне есептен шығарылады. Аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектiлерi бойынша шығындар 212 қосалқы шот бойынша баланста қалады. Осы шот бойынша талдама есеп 294-н. кiтабында жүргiзiледi.

213 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражат және өзге де қаражаттың есебiнен шығыстар" қосалқы шотында демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражат және өзге де қаражат есебiнен шығыстар ескерiледi. Жұмсалған материалдардың, ақшалай қаражаттың және басқа да шығыстардың сомасына 213-қосалқы шоттың дебетiне және "Материалдық қорлар", "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" , "Есеп айырысу" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жүргiзіледi. Жыл аяқталғаннан кейiн 213-қосалқы шот ағымдағы жылы 176-қосалқы шоттың дебетiне жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару жолымен жабылады. Шығыстардың талдамалы есебi 283-нысандағы көп бағанды карточкаларда жекелеген ұйымдар (тапсырыс берушілер) және iс-шаралар бойынша жүргiзiледi.

215 "Басқа қорлар есебiнен шығыстар" қосалқы шотында министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да өкiлеттi және атқарушы органдарының белгiленген тәртiптегi жинақталған басқа қорлар есебiнен жасалатын шығыстары ескерiледi. Жыл аяқталғанда 215 қосалқы шоты 272 "Басқа қорлар" қосалқы шот дебетiне жыл iшiнде жасаған шығыстарын есептен шығару жолымен жабады.

215 қосалқы шот бойынша талдау есебi 294 нысанды кiтапта жүргiзiледi.

216 "Күрделi қаржыларға арналған басқа қорлар есебiнен шығыстар" қосалқы шотында күрделi қаржыға министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да өкiлетті және атқарушы органдарының белгiленген тәртiптегi жинақталған басқа қорлар есебiнен жасалатын шығыстары ескерiледi. Пайдалануға берiлген объектілердiң аяқталғаны және қабылданғаны бойынша шығыстар жыл аяқталғанда 216 қосалқы шот кредитiнен 272 қосалқы шот дебетiне есептен шығарылады.

Құрылысқа арналған шығыстардың талдау есебi 294-нысандағы кiтапта әр объект бойынша жүргiзiледi. Құрылыс жұмыстарының есебi мен монтаждау бойынша жұмыстар жеке-жеке жүргiзiледi.

202 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотында шетел валютасындағы қаражаттың есебінен іс жүзіндегі шығыстардың есебі жүргізіледі.Жабдықтар және тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі, шетелдік іссапарлар жөніндегі шығыстар және басқа да іс жүзіндегі шығыстар 220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотында теңгемен ескеріледі. 220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетіне бір жылдың ішінде валюта операцияларына жұмсалған сома жазылады, бұл ретте 250 "Активтердегі қор", 260 "Арзан және тез тозатын заттардағы қор", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу" қосалқы шоттары және басқалар кредиттеледі.

Жылдың аяғында жүргізілген шығыстардың сомасы 220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитінен 273 "Шетел валютасындағы қаражат қоры" қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.

Негізгі сұрақтар:

  1. Шығынға лимиттік бюджеттік бөлінген ақшаның ашылу реті мен аударылуы

  2. Бюджеттік мекемелердің есеп шотына ақша қаражатының түсуі

  3. Бюджеттік мекемелердің шығыстарының есебі

Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.222-245), 2 (с.25-36), қосымша әдебиеттер: 2 (с.25-36)

Тақырып 10. Кірістердің есебі және қаржы нәтижесін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Негізгі ұғымдар:

40 "Кiрiстер" шоты . Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 400 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кiрiстер";

400 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кiрiстер" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын және бюджет бойынша бөлiнген қаражаттардан басқа белгiлi бiр мақсаттарға жұмсалатын ақылы қызметтерден түскен кірістер ескеріледі.

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн кiрiстер қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы түсуi, сондай-ақ Ақылы қызметтер ҚБШ кейiнiрек есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелердiң кассасына немесе банктердiң филиалдарына (бөлiмшелерiне) енгiзiлуi мүмкiн.

Қолма-қол ақшаларды мемлекеттiк мекемелердiң кассасына қабылдау кассалық кiрiс ордерi немесе белгiленген тәртiпте ресiмделген квитанциялар бойынша жүргiзiледi.

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн кiрiстердi сол сияқты бұл мемлекеттiк мекеме бойынша бұйрықпен жүктелген тұлға қабылдай алады. Мұндай жағдайда қолма-қол ақшаларды қабылдау квитанциялары 10-н. бойынша жүргiзiледi. Қабылданған ақшалар оларды қабылдау күнiнен бастап үш банктiк күннен кешiктiрiлмей Ақылы қызметтер ҚБШ тапсырылуы керек. Бұл қаражаттарды оларды тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа алдын-ала тапсырмай жұмсауға рұқсат етiлмейдi.

400 қосалқы шоттың кредитiне тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн кiрiстердiң сомалары жазылады, бұл ретте 17 шотының тиiстi қосалқы шоттары немесе 111, 120-қосалқы шоттары дебеттеледi.

Бұдан басқа, 400 қосалқы шоттың кредитiне оқу-өндiрiстiк шеберханалардың қызметiнен түскен кiрiстердiң сомалары мен оқушылардың өндiрiстiк практикасынан түскен қаражаттар жазылады, бұл орайда 280 немесе 153 қосалқы шот дебеттеледi.

080, 081 қосалқы шоттар қолданылмайтын қосалқы шаруашылықтарда 400 қосалқы шоттың кредитiне дайындалған бұйымдар мен өнiмдердiң құны жазылады, бұл орайда 03, 031 қосалқы шоттар дебеттеледi.

400 қосалқы шоттың дебетiне: қызмет көрсетудi сатудан алынған қаражаттар бойынша жыл iшiнде жұмсалған шығыстар (211 қосалқы шоттың кредитiнен); бюджет кiрiсiне аударылған сомалар (111 қосалқы шоттың кредитiнен); мемлекеттiк мекеменiң есебiнен қабылданған үмiтсiз борыштар мен жетiспеушiлiктердiң сомалары жазылады. Бұл ретте материалдар мен есеп айырысулардың тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi.

Кiрiстердi есептеу жөнiндегi операциялардың есебi жинақтаушы ведомоста 409-н. (14 мемориалдық ордер) жүргiзiледi. Кiрiстердiң талдама есебi қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттардың әрбiр түрi бойынша 297-б-н. кiтабында жүргiзiледi, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда есеп әрбiр қызмет етiлетiн мемлекеттiк мекеме бойынша жүргiзiледi. Кiрiстердiң есебi көп бағанды карточкаларда 283-н. жүзеге асырылуы мүмкiн.

41 "Кiрiстер мен шығындар" шоты . Осы шотта шығарылған өнiмдi, бұйымды және көрсетiлген қызметті сатудан алынған нәтижелер есепке алынады. Жылдық есеп беру бекiтiлген соң қаржылық нәтижелер белгiленген тәртiпте есептен шығарылады.

Баланстан тысқары шоттар . Баланстан тысқары шоттарда ұйымда уақытша орналасқан және оған жатпайтын (жауапты сақтауға немесе қайта өңдеуге қабылданған жалданған активтер, материалдық құндылықтар) құндылықтар, сондай-ақ қатаң есеп берiлетiн бланктер, демалыс үйлерiне жолдамалар және т.б. есепке алынады. Баланстан тысқары шоттардағы есеп қарапайым жүйе бойынша жүргiзiледi.

Барлық тауар-материалдық құндылықтар, сондай-ақ баланстан тысқары шоттарда есепке алынған жалданған активтер баланста есепке алынатын құндылықтар үшiн белгiленген тәртiпте және мерзiмде түгенделедi.

Көрсетiлген құндылықтарды есептеу үшiн мынадай баланстан кейiнгi шоттар қолданылады:

01 "Жалданған активтер". Бұл шотта келiсiм-шарт бойынша бөгде ұйымнан жалға беруге, жалға беру үшiн келiсiм-шартта көрсетiлген құнға қабылданған активтер есепке алынады.

Жалға берiлген активтерге талдау есебi н. 296-а карточкаларда активтердiң әр объектісi жөнiнде (жалға берушiнiң жеке нөмiрлерi бойынша) жалға берушiлер бойынша жүргiзiледi.

02 "Жауапты сақталуға қабылданған тауар-материалдық құндылықтар". Бұл шотта келiсiм-шарт бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшiн алынған арнаулы жабдықтарды қоса, ұйым жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтары есепке алынады.

Жауапты сақтауға қабылданған тауар-материалдық құндылықтардың талдама есебi келiсiм-шарт бағасы және сатып алу бағасы бойынша түрлерi, сорттары және сақтау орындары жөнiнде иелiк етушi ұйым бойынша жүргізіледі.

Бұл шотта, сондай-ақ келiсiм-шартта көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикiзаттар мен материалдар есепке алынады. Аналитикалық есеп тапсырыс-берушiлер, түрлерi, материалдардың сорттары және орналасқан жерлерi бойынша жүргiзiледi.

02 шот бойынша есеп н.296-а карточкаларда жүргiзiледi.

04 "Мұқият есептеме бланкiсi". Бұл шотта сақтауда тұрған және есеп жүргiзуге берiлетiн мұқият есептеме бланкiлерi-министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер бекiткен тiзбелерге сәйкес ақшалай чек және есеп айырысу үшiн чек кiтапшалары, квитанция кiтапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлiк бланкiлерi және т.с.с. есепке алынады.

Мұқият есептеме бланкілерiнiң талдау есебi бланктердiң әр түрлерi және оларды сақтау орны бойынша н. 448 мұқият есептеме бланкiсiнiң есеп кiтапшасында жүргiзiледi.

Бұдан басқа, 04 "Қатаң есептілік бланкілері" теңгерімделген шотта мерзімді басылым ведомстволық жазылу бойынша абонементтер ескеріледі. Абонементтің сомасын азайту іс жүзінде алынған мерзімді басылымдардың сомасына жүргізіледі. Талдамалы есеп N 296-а нысан бойынша карточкаларда мерзімді басылымның әрбір түрі бойынша жүргізіледі.

05 "Төлем қабiлетi жоқ дебиторлардың берешегiн есептен шығару". Бұл шотта қарыз берушiнiң мүлiктiк жағдайы өзгерген жағдайда оны төлеттiрiп алу мүмкiндiгiне бақылау үшiн оны есептен шығару мерзiмiнен бастап үш жыл iшiнде төлем қабiлетiнiң жоқ дебиторлардың берешегi есепке алынады. Бұл берешектердi өтеуге алынған сомалар бұл шоттан шығарылады және тиiстi бюджеттiң кiрiсiне тапсыруға жатады.

Талдау есебi берешек адамның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлiп н.292-а карточкаларда жүргiзiледi.

06 "Бiр орталықтан жабдықтау бойынша төленген материалдық құндылықтар". Бұл шотта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі төлеген және басқа бюджеттерде тұратын өз жүйесiнiң ұйымдарына жiберiлген тауарлы-материалдық құндылықтар есепке алынады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүк алушының ұйымынан көрсетiлген бағалар есепте берiлгендiгiн растайтын құжат алғаннан кейiн, олардың құны бұл шоттан шығарылады. Орталықтандырылған тәртiпте төленген материалдық құндылықтардың талдау есебi жүк алушының әр ұйымы бойынша н.322 журналда жүргiзiледi.

07 "Қайтарылмаған материалдық құндылықтары үшiн оқушылар мен студенттердiң берешегi". Бұл шотта оқушылар мен студенттердiң олар қайтармаған киiм-кешектерi, iш киiмдерi, құрал-саймандары және басқа да құндылықтары үшiн берешегi есепке алынады.

Оқушылар мен студенттердiң есебiндегi материалдық құндылықтарды оқу орнының балансынан шығару оларды шегеру туралы бұйрықтың негiзiнде жүргiзiледi. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тысқары есепке қабылданады және оларға Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте талап қойылады.

07 қосалқы шоты бойынша талдау есебi н.292-а карточкаларда әр оқушы мен студент бойынша жүргiзіледi.

08 "Ауыспалы спорттық сыйлықтар мен кубоктар". Бұл шотта әр ұйым белгiлеген және олардан алынатын жеңiмпаз командаларды марапаттау үшiн ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар есепке алынады. Сыйлықтар, тулар, кубоктар осы бюджеттiк ұйымда тұрған барлық кезеңнiң iшiнде есепке алынады.

Талдау есебi әр зат және оның н.296-а карточкалардағы құны бойынша жүргiзiледi.

09 "Жолдамалар". Бұл шотта қоғамдық, кәсiподақ және басқа ұйымдардан қайтарусыз алынған жолдамалар есепке алынады. Жолдамалар ақша құжаттарымен бiрге кассада сақталуы керек.

Талдау есебi н.296-а карточкаларда жолдамалардың түрлерi, олардың саны және ең төменгi құны бойынша жүргiзiледi.

10 "Зейнетақылар және жәрдемақылар туралы заңды, шоттық қателердi дұрыс қолданбаудың әсерiнен зейнетақылар мен жәрдемақылардың артық төленуi". Бұл шотта халықты әлеуметтiк қорғау органдарында тексерiс, тексеру актiлерi және басқа құжаттар бойынша анықталған зейнетақылар және жәрдемақылар туралы заңды, шоттық қателердi дұрыс қолданбаудың әсерiнен туындаған зейнетақылар мен жәрдемақылардың артық төленген сомасы есепке алынады.

11 "Әскери техниканың оқу құралдары". Бұл шотта тирлерде, спорттық оқ ататын алаңдарда, оқу орындарының әскери тәртiп кабинеттерiнде және т.с.с. орналасқан жабдықтар мен заттардың барлық түрлерi есепке алынады.

Заттардың талдау есебi н.296-а карточкаларда атаулары, олардың орналасқан жерлерi және материалдық-жауапты тұлғалар бойынша жүргiзiледi.

12 "Міндеттемелер". Осы шотта мемлекеттік мекемелер алған міндеттемелер есепке алынады.

Талдамалық есепке алу "Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомосте" жүргізіледі, мынадай деректерді көрсете отырып: әкімші, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік; бір жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, жылдың басынан бастап міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспары; жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы; жыл басынан бастап төленген міндеттемелер; ағымдағы айға; төленбеген міндеттемелер; түгел төленбеген міндеттемелер; міндеттемелер бойынша, төлемдер бойынша жоспарлардан қалған қаражаттарының қалдықтары..

Негізгі сұрақтар:

  1. Кірістің аналитикалық есебі

  2. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы

Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.246-245), 2 (с.25-36), қосымша әдебиеттер:2 (с.45-66)