- •Оқу бағдарламасы beeb 5304 «Банктердегі есеп және есеп беру»
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2013
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша пайдаланатын әдебиеттер тізімі
- •6. Дәрістер кешені
- •Тақырып 3. Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бюджеттік лимиттері мен шығыс есебі
- •Тақырып 4. Бюджеттік мекемелердін активтерің есебі
- •Тақырып 5. Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттарының есебі
- •Тақырып 6. Бюджеттік мекемелердің есеп айырысу есебі
- •Тақырып 7. Өндірістегі шығыс есебі
- •Тақырып 8. Бюджеттік мекемелерде түсуі бойынша кассалық орындалуы
- •Тақырып 9. Бюджеттік мекемелердегі шығыс бойынша кассалық орындалу
- •7. Практикалық сабақтардың жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстары
- •9. Типтік есептелеулер, есептеу-графиқалық, зертханалық жұмыстар, курстық жобаларды (жұмыс) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Тәжірибелерді (оқу, өндерістік және диплом алды) өтеу бойынша әдістемелік нұсқалар, құжаттардың есеп түрі
- •12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
- •13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
Тақырып 6. Бюджеттік мекемелердің есеп айырысу есебі
Сабақтың мақсаты:
Негізгі ұғымдар:
15 "Орындаған жұмыстары және көрсеткен қызметтерi үшiн жеткiзушiлермен, мердiгерлермен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" шоты. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар"; 151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер"; 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар"; 153 "Атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар"; 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу"; 155 "Гранаттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар"; 157 "Жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар"; 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдермен және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу"; 159 "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар".
150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында күрделi қаржыға арналып қаржыландырылған қаражаттар есебiнен алынған құрылыс материалдары, конструкциялар детальдар, қондырғыларға арналған жабдықтар және т.б. үшiн жеткiзушілермен есеп айырысулар және құрылыс салу мен монтаждауға арнап және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны үшiн оларға берiлген конструкциялар мен детальдар бойынша мердiгерлермен есеп айырысулар ескерiледi.
150 қосалқы шотының дебетiнде жеткiзушiлермен есеп айырысулар бойынша құрылыс материалдары, конструкциялар мен детальдар үшiн төленген шоттардың сомалары жазылады, бұл ретте 093, 103 немесе 111 қосалқы шот несиеленедi. Қоймаға жеткiзушiлерден алынған құндылықтардың құнына 040, 041 немесе 150 қосалқы шоты дебеттеледi, егер құндылықтар мердiгерге қоймаға түспей берiлген болса 150 қосалқы шотында несиеленедi.
150 қосалқы шотының дебетiне мердiгермен есеп айырысу бойынша орындалған құрылыс монтаж жұмыстары үшiн сомалар және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн мердiгерге берілген конструкциялар мен детальдар, құрылыс материалдары жазылады, бұл ретте 040, 041, 093, 103, 111 қосалқы шоттарында кредиттеледi. Мердiгердiң атқарған құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасына 203 қосалқы шотының дебетінде немесе 150 қосалқы шотының кредитiне жазба жазылады.
Н. 292-а карточкасында (н. 262 кiтабында) әрбiр жеткiзушi мен мердiгер бойынша талдау есебi жүргiзiледi.
151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арнап келісім (шарт) жасасқан жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.
151 қосалқы шот дебеті бойынша мердігермен (жеткізушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар үшін аударылған сомалар көрініс табады, бұл ретте 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында кредиттеледі. Мердігер (жеткізуші) орындаған жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) сомаларына 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шот дебетіне және 151 қосалқы шот кредитіне жазба жасалады.
Материалдық құндылықтардың сатып алынған активтерінің құны тиісті материалдық құндылық активтері дебеті және 151 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 204 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жасалады.
151 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а талдау есебінің карточкаларында әр жеткізуші және мердігер бойынша жүргізіледі.
152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсіпорындармен және ұйымдармен олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми зерттеулерге, ғылыми-техникалық жұмыстарға және бюджет қаражатының есебінен басқаларға арналған тапсырмаларды орындауы жөніндегі есеп айырысулары ескеріледі.
152 қосалқы шотының дебетіне бюджет шотынан ғылыми әзірлемелерге аударылған сома жазылады, бұл ретте 090 қосалқы шоты кредиттеледі. Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер жөніндегі жұмыстардың сомасына 201 қосалқы шоты дебеттеледі және 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі. Осы қосалқы шот бойынша талдамалы есеп әрбір мемлекеттік мекеме бойынша 292 н-а карточкаларында жүргізіледі.
153 "Бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсiптiк-техникалық училищелерде олар үшiн атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн және дайын бұйымдарды сатқаны үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар, сондай-ақ өндiрiстiк оқу процесiнде оқушылардың орындаған жұмыстары үшiн кәсiпорындармен және ұйымдармен есеп айырысулар ескерiледi.
153 қосалқы шотының дебетiнде көрсетiлген қызметтердiң, оқушылардың ұйымдарда атқарған жұмыстары үшiн оқу орындарының оларға сыйақы сомаларын төлеуге жататын, оқу-өндiрiстiк шеберханаларда жасалған, сатылған даяр бұйымдардың құны және оқу базасын кеңейтуге, оқушыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге және т.б. арналып бағытталған сомалар жазылады, бұл ретте тиiстi 189, 280, 400 қосалқы шоттарға кредиттеледi.
153 қосалқы шот кредитiне ұйымның тапсырыс берушiсiнен түскен сомалар жазылады, бұл ретте 111 қосалқы шот дебеттеледi.
153 қосалқы шоты бойынша талдау есебi н. 283 монографтық карточкасына ұйымдардың әрбiр тапсырыс берушiсi бойынша жазылады.
154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу ескерiледi. Егер берушi мемлекеттiк мекемеге алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн құжаттар ұсынса, бiрақ берушiге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаса, онда 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитiне және тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне жазба жүргiзiледi. Өткен жылдың сметадан тыс сатып алынған тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша мемлекеттiк мекемеде 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайда болған берешек 154-қосалқы шотқа ауысуы тиiс.
Бекiтілген сметадан тыс мiндеттеме қабылдауға жол берген лауазымдық тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Несие берушiлермен бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс есеп айырысу есебi 292-нысан кiтабында (292-а нысан карточкаларында) жүргiзiледi.
155 "Гранттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызметтерді) орындауға шарттар (келісім-шарттар) жасасқан берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.
155 қосалқы шотының дебеті бойынша мердігермен (берушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін аударылған сома көрсетіледі, бұл ретте 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоты кредиттеледі. Мердігер (беруші) орындаған жұмыстардың (қызметтердің) сомасына 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар жөніндегі шығыстар" қосалқы шотының дебетіне және 155 қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
Сатып алынған активтердің, материалдық құндылықтардың құны активтердің, материалдық құндылықтардың тиісті шоттарының дебеті және 155 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 209 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қор" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
155 қосалқы шоты бойынша талдамалық есепке алу N 292-а нысанының талдамалық есепке алу карточкаларында әрбір беруші және мердігер бойынша жүргізіледі.
157 "Жұмыс және қызметтер көрсеткенi үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында шарт бойынша бюджеттiк ұйымдардың атқарған жұмыстары мен қызмет көрсетулерi есебiнен ұйымдардан алған аванстары ескерiледi. Тапсырыс берушiден түскен қаражаттар 111 қосалқы шот дебетi және 157 қосалқы шот кредитi бойынша көрiнiс табады. Жыл iшiнде жасалған шығыстарды есептен шығару 400 қосалқы шот дебетi және 211 қосалқы шот кредитi бойынша жүргiзiледi.
Талдау есебi н. 292-а карточкасында (н. 292 кiтабында) жүргiзiледi.
158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдермен және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiне байланысты операциялар бойынша есеп айырысулары ескерiледi.
Мемлекеттiк мекемелер активтердiң, арзан құнды және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың түсуiн тиiстi 01, 04, 06, 07-қосалқы шоттардың дебетi бойынша және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша ескередi. Бiр уақытта түскен активтердiң және арзан құнды және тез тозатын заттардың құнына 200 "Бюджет бойынша мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 250 "Активтердегi қорлар", 260 "Арзан құнды және тез тозатын заттардағы қорлар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Кадрларды оқыту, жабдықтарды жөндеу және жұмыстар мен мемлекеттiк мекемеге көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерi бойынша шығыстар 200-қосалқы шоттың дебетi және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
158-қосалқы шот бойынша есеп айырысулардың талдамалық есебi әрбiр операция бойынша 292-а нысан карточкаларында (292 нысан кiтабында) жүргiзiледi.
159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер жүргізетін әлеуметтік салықты есептеу және бюджетке төлеу жөніндегі операциялар ескеріледі.
Әлеуметтік салықты есептеу 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті және шығыстар шоттарының тиісті қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Әлеуметтік салықты бюджетке төлеген кезде 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және ақша қаражаты шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп 292-а нысанының карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргізіледі.
16 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" шоты . 160 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет ақшасының есебінен есеп айырысулар қосалқы шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкiн емес шығыстарды төлеуге арналған оларға берiлетiн аванстар бойынша есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар ескерiледi.
Есептiк аванстар тек осы бюджеттiк ұйымда ғана жұмыс iстейтiн адамдарға басшының өкiмi бойынша берiледi. Есептiк сомаларды беру кезiнде бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беретiн адамның берешегi жоқтығы туралы белгi соғады.
Берiлген есептiк ақшалар оны беру кезiнде көзделген мақсатқа ғана жұмсалуы мүмкiн. Аванстық сомалардың жұмсалуы туралы есеп беретiн адам жұмсалған шығындарды қуаттайтын құжаттарды қосып, есептi ұсынады. Аванстық есепке қоса берiлiп отырған құжаттарды есеп беретiн адам олардың есептегi жазылу тәртiбiнде нөмiрлейдi.
Карт-шоттан корпоративтік төлем карточкасы бойынша ақша пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар сауда чектерін, слиптер мен корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып аванстық есеп береді.
Бухгалтерлiк қызметтегi аванстық есептер арифметикалық тексерiледi, сондай-ақ құжаттардың толтырылуының және мақсаты бойынша қаражаттардың жұмсалуының дұрыстығы тексерiледi. Тексерілген аванстық есептердi бюджеттiк ұйымдардың жетекшiлерi бекiтедi.
Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есеп беретiн адамға аванстық есептi тапсырғаннан кейiн үш күннен кейiн қайтарылуы керек. Есеп беретiн адамға жаңа аванстарды беру бұрын берiлген авансты өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Есептiк сомаларды жұмсағаны туралы аванстық есептi белгiленген мерзiмде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванстардың қалдықтарын қайтармаған жағдайда бюджеттiк ұйым Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленген талаптарды сақтай отырып, авансты алған адамдардың жалақыларынан бұл берешектердi ұстауды жүргiзуге құқылы.
Есеп беретiн адамдарға берiлген сомалар 160 қосалқы шотына дебеттеледi және 09-12 шоттардың тиiстi қосалқы шотына кредиттеледi.
Аванстың жұмсалған сомаларына және қайтарылған есептiк сомалардың қалдықтарына 160 қосалқы шоттың несиесiне және 06, 07, 12, 18, 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне жазу жазылады.
Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванстың қалдығын қайтаруы теңгемен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылады, тиындармен сомада есеп беретін тұлға қайтармаған қалдық есепке соманы кейіннен беру кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шығу сәтінде немесе есепті жылдың аяғында қайтармаған, 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша ескерілетін тиындармен есеп беретін соманың қалдығы оның жалақысынан ұсталады, бұл ретте 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 160-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің есеп беретін тұлғаның алдындағы тиындармен борыш сомасы жұмыстан шығу сәтінде 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады, бұл ретте 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Есеп беретiн адамдармен есеп айырысудың талдау есебi н. 386 (8 мемориалды ордер) есеп беретiн адамдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомоста жүргiзiледi. Бұл ведомостағы есеп позициялық тәсiлмен жүргiзiледi. Әр жол бойынша есеп беретiн адамның тегi, берiлген аванстың сомасы және жасалған шығындардың сомалары, пайдаланылмаған аванстың сомалары жазылады. Ай аяқталғаннан кейiн қорытындысы "160 қосалқы шот есеп-несиесi бойынша шығыстардың сомалары бекiтiлген" бағаны бойынша және "Қосалқы шоттардың дебеттерi" және "Екiншi жазба" бағандары бойынша "Журнал-бастысы" кiтабына жазылады.
Есеп беретiн адамдарының саны аз бюджеттiк ұйымдарда есеп айырысулардың талдау есебi н. 292-а карточкасына (н. 292 кiтабына) әрбiр есеп беретiн адам бойынша жүргiзiледi.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджет қаражатын нысаналы пайдаланудың талдамалы есебі кітапта 453-нысан бойынша жүргізіледі.
17 "Түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" шоты 17-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 170 "Кем шығушылық бойынша есептемелер"; 171 "Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы бойынша есеп айырысулар"; 172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептемелер"; 173 "Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша есептемелер"; 174 "Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу"; 175 "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар"; 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық, көмектердiң сақтандыру төлемiнiң есебiнен шығыстарға алынған қаражат бойынша есеп айырысулар"; 177 "Депоненттермен жасалатын есептемелер"; 178 "Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер"; 179 "Аванстық төлемдер тәртiбiндегi есеп айырысулар".
"Кем шығушылық бойынша есептемелер" 170 қосалқы шотында ақша қаражаттары мен құндылықтардың кем шығуының ұрлануының сомалары, кiнәлi адамдар есебiне жатқызылған материалдық құндылықтар бүлiнуiнен болған сомалардың шығыны және белгiленген тәртiпте ұстауға жататын басқа сомалар.
Кем шығу мен ұрлаудан келтiрiлген залалдың көлемiн айқындау кезiнде зиян анықталған күнгi материалдық байлықтардың құнынан шығу керек.
Анықталған кем шығулар мен ұрлықтар кiнәлi адамдарға кем шығулар мен ұрлықтар белгiленген күннен кейiн 5 күн iшiнде, тексеру немесе ревизия актiсiнде көрсетiлген сомада жатқызылады, материалдар азаматтық iздеу үшiн тергеу органдарына берiлуi керек. Сот шешiмiн алған кезде кiнәлi адамға жатқызылған сомалар сот органының атқарушы парағына сәйкес нақтылануы керек.
170 қосалқы шотының дебетiне анықталған кем шығулардың, ұрлықтардың, шығындардың және т.б. сомалары, ақша қаражаттарының немесе материалдық байлықтардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiмен корреспонденцияларына жатады. 170 қосалқы шот кредитiне ұйымға келтiрiлген зиянды қайтаруға арналып ұйымның бюджет шотына немесе кассаға түскен сома жазылады.
Бұл қосалқы шоттар бойынша талдау есебi тегi, аты және әкесiнiң аты, қызметi, берешек пен кем есептелген сома пайда болған күнi көрсетiлiп әрбiр кiнәлi адам бойынша н. 292-а карточкасында (н. 292 кiтабында) жүргiзiледi.
162. "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" 171-қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысуларды есепке алады.
Есептелген уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың сомалары "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" 171-қосалқы шотының дебеті және "Жұмысшылар мен қызметшілермен есеп айырысулар" 180-қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу сомасына жазба "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159-қосалқы шотының дебеті және 171-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
171-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 283-н. монографиялық карточкаларда жүргізіледі.
172 "Арнайы төлем түрлері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелерге тиесілі асханалар ұсынатын тамақ үшін мектептер және мектеп-интернаттар оқушыларының тамағы үшін, мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың болғаны үшін есеп айырысулар және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін ақшасы иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің басқа да есеп айырысулары, сондай-ақ нысанды киім үшін есеп айырысулар ескеріледі.
Есептелген сомасына 172 қосалқы шотының дебетіне және 400 қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі. Түскен төлемнің сомасына 172 қосалқы шоты кредиттеледі және 111, 120 қосалқы шоттары дебеттеледі.
172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептемелер" қосалқы шотында жетiм балалар қатарынан шыққан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының және кәсiптiк-техникалық мектептердiң студенттерi мен оқушыларының киiмдерi, аяқ киiмдерi, төсек-орындары және тамағы үшiн ақшалай өтемақылар бойынша есептемелер ескерiледi. Жетiм балалар қатарынан шыққан оқушылар мен студенттерге өтемақы қаражаттары бойынша шығыстарды есептеу тәртiбiн Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып айқындайды.
173 "Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында:
- жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша;
- кiнәлi адамдарға жатқызылған және бюджет кiрiсiне тапсыруға жататын, анықталған материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының кем шығуының;
- қолданылып жүрген тәртiптерге сәйкес бюджет кiрiсiне тапсыруға жататын активтер мен басқа материалдық байлықтарды сатудан түскен сомалардың;
- өткен қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектердi қайтару сомалары бойынша;
- бұрынғы іздеудің мерзiмi бойынша кредиторлық және депоненттік берешектердiң талап етілмеген сомалардың;
- жаңа қаржы жылында бюджеттiк шотқа бюджеттiк ұйымдардың қайтаратын, өткен қаржы жылы үшiн пайдаланылмаған бюджеттiк қаражаттардың сомалары бойынша;
- басқа да түсiмдердiң бюджетпен есеп айырысулары ескерiледi.
Бюджетпен есеп айырысу бойынша пайда болған сомалар 173 қосалқы шотының кредитіне, ал бюджет кiрiсiне тиiстi сомалардың аударылуы бойынша - осы қосалқы шоттың дебетіне жазылады.
Талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) есеп айырысудың әр түрi бойынша жеке жүргiзiледi.
174 "Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға түскен сомалары ескеріледі.
174 қосалқы шотының кредитiне ұйымдардың уақытша қарауына түскен сомалар жазылады, бұл ретте 112 немесе 120 қосалқы шоттарында дебеттеледi, ал осы қосалқы шоттың дебетiне мақсат бойынша шоттан берiлген немесе аударылған сомалар жазылады.
Бұдан басқа, 174-қосалқы шотта сотталғандар мен тергеуге алынып сотталған тұлғалардан алынған сомасы мен жеке ақшалары ескеріледі, 174-қосалқы шоттың дебетіне атқару парағы бойынша сотталғандардың жалақыдан ұсталған сомасы, зейнетақылары, жәрдемақылары және өзге де табыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген сотталғандар пайдаланған шығыстарға арналған қаражат жазылады, бұл ретте 17, 18-шоттардың тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 174-қосалқы шоттың кредитіне сотталғандар мен тіркеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шотына есептелген жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар жазылады, бұл ретте 189-қосалқы шот дебеттеледі.
Депозиттiк сомалардың талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) әр алушы бойынша жүргiзiледi.
"Шағым және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотында жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) шағын және орта бизнесті несиелендіруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қарыз ақшалар бойынша есеп айырысулары көрсетiледi. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражаттардың сомалары осы қосалқы шоттың дебетi және 248 қосалқы шоттың кредитi бойынша есепке алынады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қаражаттарды қайтаруы 175 қосалқы шоттың кредитi және 100 дебетi бойынша жазбамен көрсетiледi, бiр мезгiлде 248 қосалқы шот дебетi және 100 қосалқы шот кредитi бойынша жазба жасалады.
175 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында (292-н. кiтабында) әрбiр субъект бойынша жүргiзiледi.
176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында демеушілiк және қайырымдылық көмек түрінде түскен және қатаң түрде мақсатқа сай пайдаланылатын ақша бойынша есеп айырысулар ескерiледi.
Мақсатқа сай жұмсау үшін демеушілік және қайырымдылық көмек есебіне түскен сома 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті мен 110 "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
Қаржы жылы аяқталғанда жыл iшiнде жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы 213 "Демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетiне көшiрiледi.
Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң жекелеген түрлерi бойынша есеп айырысулардың талдамалы есебi 292-а нысан карточкаларында (кітапта N 292 нысан бойынша) жүргiзiледi.
177 "Депоненттермен есеп айырысулар" қосалқы шотында белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы төлемдерi мен шәкiртақылардың сомалары ескерiледi.
Белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы төлемдерi, мен шәкiртақылардың сомалары 177 қосалқы шотының кредитiне және 180 немесе 181 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Жалақының депонентiнен берiлген сомаға 177-қосалқы шот дебеттеледi және 120-қосалқы шот кредиттеледi. Тиiстi бюджетке төлеуге жататын қуыну мерзiмi өткен депоненттiк берешек сомасы 177-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 173-қосалқы шоттың кредитi бойынша ескерiледi. Жалақы төлемдерi бойынша депонирленген сомалардың есебi депонирленген жалақы төлемдерi мен шәкiртақылардың талдау есебi н. 441 кiтабында жүргізiледi. Бұл кiтаптағы жазба әр депонент бойынша жүргiзiледi. "Талаптың көнелік мерзімі өткеннен кейін депоненттік берешектің талап етілмеген сомасы есептерді түгендеу актісінің, актіге анықтаманың, Комиссияның түгендеу хаттамасының негізінде тиісті бюджетке аударуға жатады және есепте 177-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Айдың соңында н. 441 кiтабында "Кредит" және "Дебет" бағандары бойынша қорытындысы есептеледi және келесi айдың басына арналып кредиттiк қалдық шығарылады.
Депозитке салынған соманы қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, тиындармен төленбеген соманың қалдығы 180-қосалқы шотқа қайтарылады және жалақы төлеу кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады.
175 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотында бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, сондай-ақ банктерде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чектері бойынша қолма-қол ақша алу үшін аударылған сома ескеріледі.
Одан басқа 178 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотында "Автокөлiк құралдарының иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктерiн мiндеттi сақтандыруға арналған жарналары" 125 және "Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті дербес сақтандыруға арналған жарналар" 126 ерекшелiктерi бойынша "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде" бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде шығыстардың есебi көрiнiс табады.
Банкте қолма-қол ақша алу үшін қаражат аудару кезінде 178 қосалқы шотының дебеті және 090, 100, 110, 111, 112 қосалқы шоттарының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жүргізіледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чектері бойынша қолма-қол алу кезінде 178 қосалқы шоты кредиттеледі және 120 қосалқы шоты дебеттеледі.
Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдау есебi н. 408 жинақтаушы ведомоста (6 мемориалдық ордерi) ұстанымдық тәсілмен жүргiзiледi. Олардағы жазбалар әр құжат бойынша мынадай тәртiпте жүргiзiледi. Әр айдың басында жинақтаушы ведомостан өткен ай үшiн әр ұстаным (жол) бойынша 2-6 бағандарға материалдық құндылықтар алынбаған жеткiзушiлердiң шоттарының деректерi жазылады. Жеткiзушiлердiң төленген шоттарының түсуi бойынша 2-4, 7-11 бағандарына әр ұстаным (жол) бойынша жазба жазылады. Алынған материалдық құндылықтардың сомасына 178 қосалқы шотының кредитіне берешек көрсетiлген жол бойынша 15 бағанға және тиiстi қосалқы шоттар дебеттерiнiң 16-23 бағандарына жазба жазылады, ал екiншi жазба 24-26 бағандар бойынша көрiнiс табады. Ай аяқталғаннан кейiн қорытындысы саналады және 15-26 бағандардың деректерi "Бас журнал" кiтабына жазылады. Егер жүзеге асырылмаған шоттар бойынша жеткiзушiлер қаражаттарды ұйымдардың немесе орталықтандырылған бухгалтериялардың бюджеттiк шоттарына аударылса "Бас журнал" кiтабына жазылатын жазба бұл сомаларды есепке алмай жүргiзiледi. 27-28-бағандарда әр ұстаным (жол) бойынша ай соңындағы қалдықтар енгiзiледi.
Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жүргiзiлуi мүмкiн, студенттер мен оқушылардың жатақхананы пайдаланғаны үшiн есеп айырысу есебi н. 285-а айналым ведомостында жүргiзiледi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтарған кезде "090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары"; 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың дебиторлық берешегін қайтару "090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары"; 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бюджеттiк ұйымдар тапсырыс төлемдерiн (үш банктiк күн толса) уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазынашылық органдары өткен қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектердi қайтару сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге мемориалдық ордер толтырады.
176. "Аванстық төлемдер тәртiбiндегi есеп айырысулар" 179 қосалқы шотында есеп айырысулар әр жеке мәмiле (тиеу, тауарды жiберу немесе қызмет көрсету) бойынша емес, алдын-ала келiсiлген тараптармен қаражаттарды мерзiмiнде және толық көлемде дүркiн-дүркiн аудару жолымен жүзеге асырылған жоспарлы төлемдер тәртiбiнде жеткiзушiлермен есеп айырысулар ескерiледi.
Жеткiзушi мен сатып алушы ай сайын нақтылы алынған материалдық құндылықтар немесе қызмет көрсетулер негiзiнде өздерiнiң есеп айырысуларының жағдайын нақтылайды шартта немесе келiсiмде көрсетiлген тәртiпте қайта есептеу жүргiзедi және тиiстi төлем жасайды.
179 қосалқы шоты бойынша есеп айырысулардың аналитикалық есебi, тамақ өнiмдерi үшiн есеп айырысулардан басқалары, ай iшiнде жасалған операцияларды көрсету үшiн әр жеткiзушіге қажеттi жол саны бөлiнетiн н. 408 жинақтаушы ведомосы (7 мемориалды ордер) жүргiзiледі. Жинақтаушы ведомостағы жазбалар операциялардың жасалғанына орай әр құжат (тапсырыстық төлем есеп) бойынша жүргiзiледi. Айдың қорытындысы "Бас журнал" кiтабына жазылады.
Егер жеткiзушiлер аванстық төлемдi ұйымдардың коды немесе орталықтанған бухгалтерияларға қайтарған жағдайда "Бас журнал" кiтабындағы жазбалар бұл сомаларды есепке алмай жүргiзiледi.
Жеткiзушiлермен аванстық төлем тәртібiндегi есеп айырысулардың есебi н. 292-а карточкада (н. 292 кiтапта) жүргізiлуi мүмкiн.
179-қосалқы шотта сол сияқты түзету мекемелері сотталғандарының көрсеткен қызмет үшін шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған есептер ескеріледі. Депозиттік қаражаты жөніндегі шотқа орындалған жұмыстар, қызметтер үшін түзету мекемелері сотталғандарының жалақысы түскен кезде қызметтер 112 дебеттеледі және 179 кредиттеледі. Түзету мекемелері сотталғандары жалақысының, зейнатақыларының, жәрдемақыларының және өзге де табыстарының сомасы 189-қосалқы шоттың кредитіне жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі.
18 "Жұмысшылармен және қызметшілермен және стипендиаттармен есеп айырысулар" шоты Бұл шотта жалақы төлемдерi бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен, шәкiртақылар бойынша студенттермен, аспиранттармен және оқушылармен және басқа есептермен есеп айырысулар ескерiледi.
18 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен және стипендиаттармен есеп айырысулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар"; 181 "Стипендиаттармен есеп айырысулар"; 182 "Несиеге сатылған тауарлар үшiн жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар"; 183 "Банктердегi салымдар бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар"; 184 "Сақтандыру шарттары бойынша жарналарды қолма-қол ақшасыз аудару бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар"; 185 "Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарының сомаларын қолма-қол ақшасыз аудару бойынша кәсiподақ мүшелерiмен есеп айырысулар"; 186 "Банктiң қарыз ақшалары бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар"; 187 "Атқарушы құжаттар мен басқа ұстанымдар бойынша есеп айырысулар"; 188 Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу; 189 "Атқарылған жұмыстар үшiн басқа есеп айырысулар".
180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiмен жасалатын есеп айырысулар ескерiледi.
Жалақы төлемдерiн есептеу айына бiр рет жүргiзiледi және айдың соңғы күнгi есебiнде көрiнiс табады.
Жалақы төлемдерiн есептеу үшiн: штаттық кесте мен жалақы төлемдерiнiң сәйкес бекiтiлген қызметкерлердi жұмысқа қабылдау жұмыстан босату, орын алмастыру туралы бюджеттiк ұйым бойынша бұйрық, жұмыс уақытын пайдалану табелi және жұмыс уақытын пайдалану және еңбекақыны есептеу табелi 421-н., Жұмысқа арналған өңдеу есебiнiң картасы 423-н., Нарядтар мен басқа да құжаттар 424-н. бойынша басқалар негiзгi құжат болып табылады.
Табелдердi бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған адам белгiленген үлгi бойынша жүргiзедi. Айдың соңында табель бойынша атқарылған күндердiң, сондай-ақ жұмыс жасалған сағаттардың жалпы саны айқындалады. Тиiстi қол қойылып толтырылған табель мен басқа құжаттар белгiленген мерзiмде жалақы төлемдерiн есептеу үшiн бухгалтерлiк қызметке тапсырылады.
Қызметкерлерге айдың бiрiншi жартысы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте ұстауға жататын салық сомаларын шегерiп, айлық жалақы төлемдерiнiң 50 % көлемiнде аванс берiледi.
Ай үшiн жалақы төлемдерiн есептеу және айдың екiншi жартысы үшiн төлем жасау, әдеттегiдей, н. 49 есептiк-төлем ведомості бойынша жүргiзiледi. Есептiк-төлем ведомостысына табелдердiң нөмiрлерi, қызметкерлердiң тектерi инициалдары, есептелген жалақы төлемдердiң сомалары және жәрдемақылар, берiлген аванс, ұсталған салықтар және басқа сомалар жазылады.
Есептiк-төлем және төлем ведомостарына бұл ведомостарды әзiрлеген және тексерген адам қол қояды. Жалақы төлемдерiн төлеу үшiн рұқсатқа ұйымның жетекшiсi және бас бухгалтер қол қояды.
Есептiк-төлем және төлем ведомостарын төлем мерзiмi бiткен бойда жалақы төлемдерi алынбай қалған адамдардың тегінiң тұсына кассир штамп соғуға немесе "Депонирленген" деп қолмен белгi соғуға және депонирленген сомалардың реестрiн жасауға мiндеттi. Ведомостың соңында кассир нақтылы төленген сома туралы және жалақы төлемдерiнiң алынбаған сомасы туралы жазба жазуға, бұл сомаларды есептiк-төлем және төлем ведомостары бойынша жалпы жиынымен салыстыруы және жазбаны өзiнiң қолымен қуаттауы керек. Егер ақшаны кассир емес басқа адам берген болса, онда ведомостқа "Ведомост бойынша ақшаны бердi-қызметi, қолы, қолының шифрленгенi" деген қосымша жазба жазылады. Есептік-төлем және төлем ведомостарына кассир жасаған белгiнi мұқият тексергеннен және берiлген және депонирленген сомаларды қайта есептегеннен кейiн жалақы төлемдерiнiң берiлген сомасына белгiленген тәртiпте толтырылатын және кiрiс және шығыс құжаттар тiркелетiн журналға тiркелiп шығыс кассалық ордер толтырылады. Төлем және есеп-төлем ведомостарына касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргiзiлген шығыс кассалық ордерiнiң күнi мен нөмiрi қойылады.
Қызметкердiң өткен кезең үшiн жалақы төлемi туралы мәлiметтi алу үшiн түрлер бойынша жалақы төлемiнiң сомасы көрініс табатын қызметкер туралы жалпы мәлiметтен басқа н. 417 карточка-анықтамалық жүргiзiледi.
Есептелген жалақы төлемiнiң сомаларына 180 қосалқы шот кредитiне және 08, 20, 21, 17 шоттардың тиiстi дебетiне жазба жазылады.
Төленген жалақы төлемдерiнiң және жәрдемақылардың, белгiленген тәртiпте ұсталған сомалары 180 қосалқы шот дебетiне және 090, 100, 111, 120, 160 қосалқы шоттардың кредитiне және 17 және 18 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына жазба жазылады.
Есептiк-төлем ведомостары негiзiнде 5 мемориалдық ордер әзiрленедi.
Аурухана парақтары (еңбекке жарамсыздық парағы) жеке папкаға тiгiледi және жыл басынан бастап хронологиялық тәртiпте нөмiрленедi. Есепке қосып есептеу үшiн оның әр парағына есептiк-төлем ведомостарының нөмiрi қойылады.
Қызметкерге жалақының тиындармен төленбеген сомасы өтпелі қалдықпен (оң немесе теріс) 180-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады.
182. "Стипендиаттармен есеп айырысулар" қосалқы шотында жоғары оқу орындарының студенттерiмен және аспиранттарымен стипендиялар, ғылыми-зерттеу ұйымдармен және мектептердiң, колледждердiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларымен, курстардың тыңдаушыларымен және т.б. бойынша есептер ескерiледi.
Стипендияларды есептеу мен төлеу есептiк-төлем ведомостарында оқу орындары жетекшiлерiнiң бұйрығы негiзiнде айына бiр рет жүргiзiледi. Стипендия төлеу осы Нұсқаулықтың 180-тармағына сәйкес жүргізіледі. Есептелген стипендиялардың сомаларына 181 қосалқы шот кредитiне, ал осы шот дебетіне берiлген стипендиялардан ұсталған сома жазылады.
Стипендияның оны алушыға төленбеген тиындармен сомасы өтпелі қалдықпен 181-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады. Стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың сомасы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады.
182 "Несиеге сатылған тауарлар үшiн жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында саудамен айналысатын ұйымдардың несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң тапсырыстық мiндеттемелерi бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi.
Несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомаларға 182 қосалқы шот кредитiне және 180 қосалқы шот дебетiне жазба жазылады. Саудамен айналысатын ұйымдардың бюджеттiк шоттан, Ақылы қызметтер ҚБШ, Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ аударған сомалары 182 қосалқы шот дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына жазылады.
Несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар бойынша есеп айырысулардың талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жүргiзiледi. Әр қызметкер бойынша ұсталған сомалардың есебi тапсырыстық-мiндеттемелерде ал бiр ұйымның өзiнен несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшiлердiң саны айтарлықтай басым болған жағдайда, несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған тiркелiмiне (н. 407) жазылады. Айдың соңында 292-а үлгiсiндегi карточкалардағы (н. 292 кiтаптағы) жазба тiркелiмiне немесе тапсырыстық мiндеттемелермен салыстырылады.
183 "Банктердегi салымдар бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында банктiк шотқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жалақы төлемдерiн аударуға ниет бiлдiрген әрбiр қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сома ескерiледi.
Банктiк шотқа аудару үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомаға 183 қосалқы шоты кредиттеледi және 180 қосалқы шоты дебеттеледi. 183 қосалқы шот дебетiне жұмысшылар мен қызметшiлердiң салымдары бойынша банктердегi шоттарға аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, 10, 11 шоттардың тиiстi шоттары кредиттеледi.
Бұл қосалқы шоттар бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жеке-жеке әр банк бойынша жүргізiледi. Салымшылардың саны айтарлықтай болған жағдайда әр адам және банктiң н. 285 айналым ведомосты бойынша жүргiзiледi.
184 "Сақтандыру шарттары бойынша жарналарды қолма-қол ақшасыз аудару бойынша жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотында сақтандыру органдарымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне жұмысшылар мен қызметшiлердiң тапсырыстары бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi.
184 қосалқы шот кредитiне жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар жазылады, бұл ретте 180 қосалқы шотында дебеттеледi.
Бюджет шотынан сақтандыру органының шотына аударылған сомалар 184 қосалқы шот дебетiне және 09, 10 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады.
184 қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) сақтандырудың әр органы бойынша жүргiзіледi.
186. 185 "Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарының сомаларын қолма-қол ақшасыз аудару бойынша кәсiподақ мүшелерiмен есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсiподақ ұйымдарымен есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз жүйесi кезiнде кәсіподақтардың мүшелiк жарналарын жалақы төлемдерiнен ұстау ескерiледi.
Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын ұстау кәсiподақ мүшелерiнiң олардан кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын қолма-қол ақшасыз қабылдау туралы жазбаша өтiнiш бiлдiрген жағдайда жүргізiледi.
Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар 185 қосалқы шотының кредитiне және 180 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Мемлекеттік мекеменің коды, Ақылы қызметтердің, демеушіліктің ҚБШ, аударылған сомаларға 185 қосалқы шотының дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жазылады.
185 қосалқы шот бойынша талдау шоты н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) әр кәсiподақ ұйымдары бойынша жүргiзiледi.
186 "Банктiң қарыз ақшалары бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте банктен алынған қарыз ақшаны өтеу үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi. 186 қосалқы шот кредитiне қарыз ақшаны өтеу үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар жазылады, бұл ретте 180 қосалқы шоты дебеттеледi. Бюджеттiк шоттан, Ақылы қызметтер ҚБШ, Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ аударылған сомаларға 185 қосалқы шотының дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жазылады.
Жұмысшылар мен қызметшiлермен талдау шоты 185 қосалқы шот бойынша н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар бойынша жүргiзiледi, қарыз берген банктiң олардың әр қайсысынан ұстау үшiн оларға жеке шот ашылады.
187 "Атқарушы құжаттар мен басқа ұстанымдар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жалақы төлемдерiнен, стипендиялардан, атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша ұсталған сомалар ескерiледi.
Атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар 187 қосалқы шотының кредитiне және 180, 181 қосалқы шоттардың дебетiне жазылады. 187 қосалқы шот дебетiне бюджеттiк шоттан, Ақылы қызметтер ҚБШ, Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, 10, 11 қосалқы шоттарын кредиттеледi.
Атқару қағаздары және басқа құжаттар бойынша жалақыдан ұсталған сома мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы теңгемен қолма-қол ақшамен берілуі мүмкін. Оны алушыға төленбеген тиындармен сома өтпелі қалдықпен 187-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
Атқару қағазының немесе басқа құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады
Атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша талдау есебi әр алушы бойынша тегi немесе ұйымның атауы, атқарушы парақтар мен басқа құжаттардың нөмiрi, күнi және әрекет ету мерзiмi, н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) ұсталған сомасы (процентпен) көрсетiлiп жүргiзiледi.
Мемлекеттiк мекемеге түсетін атқарушы парақтарды және алименттердi өндiрiп алу туралы басқа да құжаттарды тiркеу және есепке алу, сондай-ақ ұстап қалу мөлшерін есепке алу үшiн Алименттердi өндiрiп алу туралы атқарушы парақтардың есеп кiтабы 437-н. жүргiзiледi.
188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотында қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу себебі бойынша қызметкер жұмыстан босатылған, стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған, атқару қағазының немесе басқа да құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда төленбеген немесе артық төленген тиындардың сомалары көрсетіледі. Жалақының, стипендиялардың, атқару парағы бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомаларының төленбеген қалдығы 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша және 160, 180, 181, 187-қосалқы шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
Жылдың аяғында соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеу арифметикалық әдісін қабылдау нәтижесінде жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша жалақының, стипендияның төленбеген сомаларының, атқару парақтары бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомалардың және артық төленген тиындар сомаларының төленбеген қалдықтары арасындағы айырмашылық түрінде пайда болған 188 қосалқы шоттың кредиті бойынша қалдық бюджетке есепке алуға жатады, бұл ретте 188 қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі, оны бюджетке аудару кезінде 173-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүзеге асырылады. 188-қосалқы шоттың дебеті бойынша қалдық келесі жылға ауысады.
189 "Атқарылған жұмыстар үшiн басқа есеп айырысулар" қосалқы шотында жұмыс үшiн және бiржолғы тапсырыстарға шарттар бойынша жарияланымдарға төленетiн сыйақы сомалары бойынша есеп айырысулар ескерiледi.
189 қосалқы шот кредитiне есептелген сыйақы сомалары жазылады, бұл ретте 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына дебеттеледi. 189 қосалқы шот дебетiне белгiленген тәртiпте ұсталған салықтар мен сыйақының төленген сомалары жазылады.
Бұдан басқа, 189-қосалқы шотта жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де табыстар бойынша түзету мекемелерінің сотталғандарымен есеп айырысулар ескеріледі. 189-қосалқы шоттың кредитіне есептелген жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де табыстардың сомасы жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі. Сотталғандар мен тергеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шоттарына жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар есептелген кезде 189-қосалқы шот дебеттеледі және 174-қосалқы шот кредиттеледі.
Әр алушы бойынша төленген сыйақы сомалары туралы мәлiметтердi алу қажет болған жағдайда н. 417 карточка-анықтама жүргiзiлуi мүмкiн.
19 "Зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз . 190. Осы шотта жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, зейнетақылар төлеу бойынша, жеке тұлғаларға трансферттер бойынша, сондай-ақ нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі.
19 "Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтiк қорғау бойынша есеп айырысулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 191 "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi есеп айырысулар"; 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар"; 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар"; 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу"; 195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу"; 198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар"; 199 "Сыртқы несиелендiру бойынша есеп айырысулар".
"Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттардың қозғалысы есепке алынады. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа аударылған қаражаттарды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотының дебетi және "Ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға аудару үшiн және басқа шараларға ұйымдардың шығыстарына арналған ашық лимиттер" 090 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады.
Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi iс жүзінде жүргiзiлген шығыстар Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық ұсынған iс жүзінде төленген зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы есептiң негiзiнде "Ұйымдарды ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" 200 қосалқы шотының дебетi және 191 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады.
191 қосалқы шот бойынша талдама есеп 283-н. көп бағанды карточкаларда жүргiзiледi.
192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттерінің (басқармаларының), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін қоса алғандағы кезең үшін есептелген, республикалық бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлеуге арналған шығыстарын өтеуді қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрсетіледі.
Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 46 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктері бойынша борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 311 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаларға берілетін трансферттер ерекшелігі бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қаржыландыру көзделген. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне түскен жағдайда 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша лимиттер бөлініп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.
Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу сомасының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған, қаражат төлеу туралы есептемесінің негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шоттың дебеті және 140 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі. Жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеу шығыстарын өтеудің қаржыландыруға арналған сомасына облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері республикалық бюджеттің қаражатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу ережесіне сәйкес төлем тапсырмасымен мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарына немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп шотына ұсынылған соңғы есептемелері негізінде аударады және 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. Бір мезгілде 192 қосалқы шотының кредиті және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 095 қосалқы шоттың дебеті және 205 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Жұмыс берушілердің шоттарына аударылған соманың талдама есебінен 283 монографтық карточкаларда әрбір жұмыс беруші бойынша жүргізіледі.
193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар:
әлеуметтiк төлемдер және әлеуметтiк көмектер бойынша,
қызметкерлер мен қызметшiлерге еңбекте алған жарақат, не болмаса заңнамаға сәйкес олардың еңбектегi мiндеттерiн орындауға байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын толтыру,
қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша,
әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының шұғыл-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды төлеу үшін берілетін ақшалай өтемақы бойынша,
жеке тұлғаларға басқа да трансферттер бойынша.
Жоғарыда көрсетілген 332 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" ерекшелігі бойынша көзделген бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасын мемлекеттік мекемелер заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы.
Заңдарда белгіленген мөлшерде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақыны алуға құқығы бар лауазымдық тұлғалардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік мекемелер өтемақы сомасын есептеуді жүргізеді. Есеп айырысу-төлем тізімі бойынша есептелген өтемақының сомасына 200 "Мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа да шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Төленген өтемақының сомасы 193, 178, 120 қосалқы шоттарының дебеті бойынша 090, 178, 120 қосалқы шотының кредитінің корреспонденциясында көрсетіледі.
Әскери қызметкерлерге тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет бойынша шығыстарды өтеуге ақшалай жәрдемақыны есептеудiң және төлеудiң талдамалы есебi, әрбiр жәрдемақы алушы бойынша 292-а нысан карточкаларында немесе 292-нысан кiтабында жүргiзіледi. Әскери қызметкерлерге тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай жәрдемақының синтетикалық есебi N 405 нысан бойынша N 5 "Жалақы және стипендия бойынша есеп айырысу тiзiмдемелерiнiң жиынтығы" мемориалдық ордерiнде жүргiзiледi.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер бойынша шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қаңтардағы N 80 қаулысымен бекітілген Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді жүзеге асырудың тәртібіне сәйкес іске асырылады.
Қаржыландыруға түскен жағдайда 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазу жазады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражатқа, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражатқа деген олар ұсынған қажеттілік негізінде (қажеттілік азаматтардың өтініштері және азаматтардың құжаттары бойынша жасалған тізім негізінде айқындалады) лимиттерді таратады және 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер сомаларының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған қаражат төлеу туралы есептеме негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражаттың, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражаттың сомасына 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) республикалық бюджет қаражатын қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілер ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының дербес шоттарына (олар таңдаған банктегі дербес шоттың реквизиттері көрсетілген, азаматтардың өтініштері негізінде) аударады және төлемді ұйымдастыру бойынша банктік қызмет көрсетулеріне төлем төлеуді жүзеге асырады. Аударым сомасы 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бір мезгілде азаматтардың дербес шоттарына қаражатты аудару жөніндегі төлем тапсырмасы негізінде 193 қосалқы шотының кредиті бойынша және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті және және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдердің талдама есебі н. 292-а карточкасында немесе н. 292 кітабында аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы Жарлығы шыққан сәттен бастап бұрын бөлшек көлемі бар сомаларда, яғни тиындармен тағайындалған әлеуметтік төлемдер бойынша берешек тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дөңгелектеуге жатады. Бұл ретте дөңгелектеуге байланысты есептелгенге дейінгі сомаға 200-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 193-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлген нысаналы ағымдағы трансферттер және нысаналы даму трансферттері бойынша есеп айырысу ескеріледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аударған нысаналы трансферттердің сомасына ақы төлеуге шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Игерілген немесе жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтарылған нысаналы трансферттердің сомасына 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 194 қосалқы шотының кредиті бойынша N 2 Тиісті жергілікті атқарушы органдар ұсынған қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы есеп немесе осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруды растайтын ақы төлеуге шоттың көшірмелері негізінде жазба жүргізіледі.
194 қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу 292-а нысананың карточкаларында (292 нысан кітабында) жүргізіледі.
195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелер жүргізетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарын есептеу және аудару жөніндегі операциялар ескеріледі.".
Есептелген міндетті әлеуметтік есептеулер сомасына өткізбе "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік есептеулер бойынша есеп айырысулар" 195-қосалқы шотының кредиті бойынша және "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159-қосалқы шоттың дебеті бойынша жасалады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде 195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және ақша қаражаты шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу 292-а нысананың карточкаларында (292 нысан кітабында) жүргізіледі.
198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысуларды ескереді. Әрбір жеке тұлғадан міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 198-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде 198-қосалқы шот дебеттеледі және 09, 10, 11-ақшалай қаражат шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Жеке тұлғаның (қызметкердiң) жарнаны аударғандығы туралы толық ақпаратты алу үшiн бюджеттiк ұйым жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының есеп карточкаларын көшірмесін жылына бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) беретін 451-н. толтырады.
199 "Iшкi несиелендiру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттiк мекеме қайтару негiзiнде iшкi несиелендiру мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуларды ескередi.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден iшкi несиелендiруге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаражат сомасы осы қосалқы шоттың тиiстi дебетi бойынша және 090, 100-қосалқы шоттардың кредитi бойынша көрсетіледi. Бiр мезгiлде 200-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзіледi. Iшкi несиелендiру бойынша қаражатты қайтару 247-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 199-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбада көрсетiледi. 199-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 292-а нысан карточкаларында (292-нысан кiтаптарында) жүргiзiледi.
Негізгі сұрақтар:
Қаржыландыру бойынша ведомство ішілік есеп айырысулар.
Бюджет төлемдері бойынша есеп айырысу.
Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.111-139), қосымша әдебиеттер: 1 (с.3-15), 7 (5-19), 5 (6-17)
