- •Оқу бағдарламасы beeb 5304 «Банктердегі есеп және есеп беру»
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2013
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша пайдаланатын әдебиеттер тізімі
- •6. Дәрістер кешені
- •Тақырып 3. Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бюджеттік лимиттері мен шығыс есебі
- •Тақырып 4. Бюджеттік мекемелердін активтерің есебі
- •Тақырып 5. Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттарының есебі
- •Тақырып 6. Бюджеттік мекемелердің есеп айырысу есебі
- •Тақырып 7. Өндірістегі шығыс есебі
- •Тақырып 8. Бюджеттік мекемелерде түсуі бойынша кассалық орындалуы
- •Тақырып 9. Бюджеттік мекемелердегі шығыс бойынша кассалық орындалу
- •7. Практикалық сабақтардың жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстары
- •9. Типтік есептелеулер, есептеу-графиқалық, зертханалық жұмыстар, курстық жобаларды (жұмыс) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Тәжірибелерді (оқу, өндерістік және диплом алды) өтеу бойынша әдістемелік нұсқалар, құжаттардың есеп түрі
- •12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
- •13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
Тақырып 3. Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бюджеттік лимиттері мен шығыс есебі
Сабақтың мақсаты:
Негізгі ұғымдар:
09 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді: 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
099 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар"
Осы қосалқы шоттардың дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомалары, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сомалар, ал кредитте Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес нысаналы мақсат бойынша жұмсалған қаражаттар көрсетіледі.
Міндеттемелердің қабылдауға жоспарлы тағайындауларындағы сомаларына 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 099 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" және қосалқы шоттарының дебетіне және 23 "Қаржыландыру" немесе 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шотының кредитіне жазбалар жүргізіледі. Кассалық шығыстарды қалпына келтіруге түскен сомалар 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының дебетіне және 120 "Касса", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады. Чектер және төлеуге берілетін шоттар бойынша сомалар 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының кредитіне және 06 "Материалдар мен тамақ өнімдері", 12 "Касса", 15 "Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілермен, мердігерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады.
090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары мемлекеттік мекеменің қызметін ұстауға және басқа да іс-шараларға арналған сомалары ескеріледі.
093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 420 "Негізгі капиталды құру" ішкі сыныбы бойынша бюджеттен бөлінетін күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар ескеріледі.
095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар ескеріледі, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді. Трансферттерді міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларға сәйкес алу кезінде 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері аударған нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы дамуға трнасферттерінің сомасына төлеуге берілген шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Төмен тұрған бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен аударылған жалпы сипаттағы трансферттердің сомасына 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы ескеріледі.
Басқа бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде 096 қосалқы шоттың дебеті бойынша және 232 "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Аударылған нысаналы трансферттердің сомасына жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ақы төлеуге шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Жалпы сипаттағы алынған трансферттер тиісті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жеткізіледі, бұл ретте 202 "Басқа бюджеттердің есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Жылдың аяғында жүргізілген шығыстарды есептен шығару 232 қосалқы шотының дебеті және 202 қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен жүзеге асырылады.
098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдер есебінен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомалары ескерiледi.
Мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар рұқсаттың негiзiнде республикалық бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша сомалар 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару тиiсінше 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.
099 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебiнен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебiнен жобалар бойынша қаржыландыруға міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы ескеріледі. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасында лимиттерге иелiк етушiлер 099 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебiнен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебетiне және 239 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргiзедi, қаржылық жыл аяқталғаннан кейiн берілген міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларды пайдалану 239 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 099 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебiнен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотында жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары ескеріледі.
10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатқа сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражаттар көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарын жұмсауына бақылауды қамтамасыз ету үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 "Мерзімді міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін, 4-12 "Орындалмаған міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін және 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысан есебін қалыптастырады.
10 шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсан сайын жұмыстың екі күні ішінде ай аяқталғаннан кейін айдың бірінші күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен салыстыру жүргізеді.
Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттар қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (2-мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында жүргізіледі.
"Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны және 5-15 "Мемлекеттік мекеме бойынша төлемдердің тізімдемесі" нысаны есептерінің және оған қосымша құжаттар негізінде жазбалар жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылғы төлемдерді қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы және 5-17 "Қалыптастыру және ауыстыру тізімдемесі" нысан есебі болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал өткен жылдардың дебиторлық берешек сомаларын қайтару жергілікті бюджеттің кірісіне аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшелердің төлем тапсырмасы болып табылады.
Орталықтандырылған бухгалтерияларда кассалық шығыстардың талдамалы есебі ерекшеліктер бойынша шығыстарды көрсете отырып, әрбір бағдарлама, ішкі бағдарлама бойынша 294-б-нысанның кассалық шығыстардың талдамалы есебінің карточкаларында жүргізіледі.
Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджеттік сыныптаманың бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның кітабында жүргізіледі. Жазба бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі.
10-шот мынадай қосымша шоттарға бөлінеді:
100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары";
103 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
108 "Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар".
Ұйымдардың шоттарына қаржылар түскен кезде 100, 103 тиісті қосалқы шоттардың дебетіне және тиісінше 230 немесе 140 қосалқы шоттардың кредитіне жазулар жазылады.
Қаржылар пайдаланылған кезде бастапқы құжаттардың негізінде 10 - шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне және 06, 12 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазба жазылады.
Кассалық шығыстарды қалпына келтіру үшін бюджеттік шоттарға қаржылар түскен кезде 10-шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және 12, 16, 17 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жазылады.
100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменінің қызметін ұстауға міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары ескеріледі.
103 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында бюджеттен шығыстарды экономикалық сыныптаудың 420 "Негізгі капиталды құру" сыныпшасы бойынша бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі қаражаттың қозғалысы есептеледі.
108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы ескерiледi.
Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.
Негізгі сұрақтар:
Ашық лимиттердің есебі
Баланстағы лимит есебінің жүргізу
Бюджеттік мекемелердегі шығыс есебі
Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы
Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.16-33), қосымша әдебиеттер: 7 (с.131-151)
