- •Аминоқышқылдардың жіктелуі
- •Пептидтер
- •Пептид немесе протеин молекуласындағы аминоқышқылдар арасындағы химиялық байланыстар түрлері.
- •І. Пептидтік байланыс
- •Ковалентсіз байланыстар
- •Іі. Пептидтердің аталуы және жіктелуі
- •Пептидтердің жалпы сипаттамасы.
- •Пептидтердің биологиялық ролі.
- •Ііі. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері.
- •Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы.
- •Протеиндегі құрылымдық ұйымдасулар Төртінші реттік құрылым.
- •Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері. Протеиндердің суда ерігіштігі.
- •Ерітіндідегі протеинді тұрақтандырушы факторлар.
- •Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар
- •Физикалық факторлар.
- •Химиялық факторлар.
- •Денатурацияның қайтымдылығы
- •Протеиндердің жіктелуі.
- •Күрделі протеиндер:
- •Протеиндердің қызметтері.
Пептидтер
Пептидтік байланыс. Пептидтер мен протеиндердің негізгі құрылымдық бірлігі аминоқышқылдар қалдықтары болып табылады. Олар бір аминоқышқылдағы α-NН2 және екінші аминоқышқылдағы α-СООН тобы арасында туындайтын карбоксамидтік пептидтік байланыспен (ковалентті байланыс) байланысқан.
Пептид немесе протеин молекуласындағы аминоқышқылдар арасындағы химиялық байланыстар түрлері.
Олар әсерлесу түрлеріне байланысты 2 топқа бөлінеді:
1. Ковалентті байланыстар типі – қалыпты, мықты химиялық байланыстарға жатқызылады:
- а) пептидтік байланыс; - б) дисульфидтік байланыс;
2. Ковалентсіз (әлсіз) байланыстар типі: - а) сутектік байланыс; - б) иондық байланыс; - в) гидрофобтық әсерлесу;
І. Пептидтік байланыс
Бір АҚ-ғы α-СООН тобымен екінші көршілес АҚ-ғы α-NH2 топтарының әсерлесуі арқылы қалыптасады. Пептидтердің аталуында олардың құрамындағы «С»-соңындағы барлық АҚ-дың атаулары «ил» жалғауына өзгертіліп құрастыру арқылы қалыптасады. Мысалы, тетрапептид: валил-аспарагил-лизил-серин.
пептидтік байланыс
Сур.2. Пептидтік байланыстың типтері
Пептидтік байланыс бүкіл молекула фрагментінде АҚ-дағы тек альфа-аминотоп пен көршілес қышқылдағы альфа-СООН топ арасында қалыптасады. Егер карбоксилдік және аминотоптар радикалдар құрамында болса, онда олар протеин молекуласындағы пептидтік байланыстардың қалыптасуына ешқашан қатыспайды.
Сур.3. Тетрапептидтің құрылысы
Пептидтік байланыстың өзі лактим-лактамдық таутомерияның әсерінен жартылай қос байланысты болады. Пептидтік байланыстағы: лактам – бұл енолдық форма, лактим – бұл кетондық формасы. Сондықтан, оның бойында айналыс болуы мүмкін емес, ал ол жай
ковалентті байланыстан біржарым есе мықты болады.
Пептид
немесе протеин молекуласы тұлғасындағы
әрбір үш ковалентті байланыстың екеуі
жай ковалентті болады деп есептеледі,
сондықтан тізбек тұлғасы кеңістікте
иіле алады.
Протеин
молекуласындағы коваленттік байланысқа
тек қана пептидтік емес, сонымен қатар,
дисульфидтік байланыс та жатқызылады.
Енол
формасы
Кетон
формасы
Ковалентсіз байланыстар
Ковалентті байланыстармен салыстырғанда он есе әлсіз. Әлсіз байланыстар – бұл кеңістіктік физико-химиялық әсерлесу болып табылады. Сондықтан, олар қоршаған ортаның өзгерістеріне (температураға, ортаның рН мәніне, ерітіндінің иондық күшіне, т.б.) өте сезімтал болады.
Иондық байланыс – оң және теріс зарядталған топтар арасында (қосымша карбоксилдік және аминотоп) қалыптасады. Олар лизин, аргинин, гистидин, аспарагин және глутамин қышқылдарының радикалдарында кездеседі.
Биомедициналық маңызы. АҚ протеиндер мен пептидтердің құрылымдық блоктары болып табылады. АҚ-дың метаболизмі нәтижесінде, биологиялық активтілікке қабілетті қосылыстар (биогендік аминдер) түзіледі. Кейбір аурулар АҚ-дың бұзылуының нәтижесінде дамиды.
