- •Аминоқышқылдардың жіктелуі
- •Пептидтер
- •Пептид немесе протеин молекуласындағы аминоқышқылдар арасындағы химиялық байланыстар түрлері.
- •І. Пептидтік байланыс
- •Ковалентсіз байланыстар
- •Іі. Пептидтердің аталуы және жіктелуі
- •Пептидтердің жалпы сипаттамасы.
- •Пептидтердің биологиялық ролі.
- •Ііі. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері.
- •Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы.
- •Протеиндегі құрылымдық ұйымдасулар Төртінші реттік құрылым.
- •Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері. Протеиндердің суда ерігіштігі.
- •Ерітіндідегі протеинді тұрақтандырушы факторлар.
- •Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар
- •Физикалық факторлар.
- •Химиялық факторлар.
- •Денатурацияның қайтымдылығы
- •Протеиндердің жіктелуі.
- •Күрделі протеиндер:
- •Протеиндердің қызметтері.
Протеиндердің қызметтері.
1. Құрылымдық (пластикалық) қызмет – протеиндер арқылы жасушаның көптеген компоненттері түзіледі, ал липидтермен комплекс түрінде олар жасуша мембранасының құрамына кіреді. Құрылымдық проетиндер ұлпалар мен жасушалардың формасы мен тұрақтылығын ұамтамассыз етеді. Мысалы, коллаген молекуласы 1500000*300 нм өлшемі бойынша бір кітаптың 3 бетін алатын еді. Хроматинде ДНҚ ұйымын ықшамдауға қатысатын құрылымдық протеин гистондар болып табылады. Хроматинннің құрылымдық бірлігі нуклеосома гистондардың октамерлік комплексінен тұрады, оған ДНҚ молекулалары тығындалған.
2. Каталиттік қызмет – барлық биологиялық катализаторлардың қызметті атқарушылар – ферменттер өздерінің химиялық табиғаты бойынша протеиндер болып табылады. Олардың ең аз молекулалық массасының өзі 10-15 КДа. Мысалы, алкогольдегидрогеназаның М.м – 100-200 КДа. Глутаминсинтетазаның М.м. – 500 КДа. Кейбір РНҚ-дың да каталиттік активтілігі анықталды. Оларды РНҚ-зималар немесе рибозималар деп атайды;
3. Тасымалдаушылық қызмет – гемоглобин протеині оттекті тасымалдайды, преальбумин – тироксин мен трийодтиронинді, басқа протеиндер липидтерді, билирубинді, май қышқылдарын тасымалдайды. Трансферрин темірді тасымалдайды. Иондық канал протеиндері және интегралдық протеиндер биомембраналар арқылы иондар мен метаболиттерді тасымалдайды.
4. Механохимиялық (немесе жиырылдырушылық) қызмет – бұлшықет жұмысы және басқа да ағзадағы қозғалушылық қызметі макроэнергиялық байланыстарды пайдаланатын жиырылдырушы протеиндердің тікелей қатысуымен өтеді (мысалы, актин, миозин);
5. Реттеушілік қызмет. Жасуша деңгейінде: протеин-репрессорлар және протеин-транскрипцияның активаторлары. Кейбір протеиндер ренцепторлық қызметі бойынша реттеушілік қызметке қатысады. Ағзалық деңгейлерде: кейбір протеин – гормондар. Мысалы, инсулин – ұйқы безінің гормоны, самототропин - өсу гормоны;
6. Қорғаныстық қызмет – ағзаны жұқпалы аурулардан иммундық жүйе протеиндері – иммуноглобулиндер – қорғайды. Қорғаныстық қызметті атқарады: - интерферондар, иммуноглобулиндер, фибриндер;
7. Тіректік қызмет – сіңірлер, сүйектердің бетінің буындарының құрамына негізгі бөлігі протеиндердан құралған, мысалы, коллаген, эластин;
8. Энергетикалық қызмет – протеиндердің АҚ-дары ағзаны энергиямен қамтамасыз ететін гликолиз жолына түсе алады;
9. Рецепторлық қызмет – көптеген протеиндер таңдап білу процесіне (рецепсия) қатысады;
10. Энергияны трансформациялау қызметі. Көз торшасының родопсині және ретинені жарық энергиясын электрлік энергияға трансформациялайды;
Изоқызметті протеиндер – бұл бірдей немесе ұқсас қызметті атқаратын протеиндер жиыны. Олардың құрылымында аздаған өзгешеліктер болады. Мысалы, адам гемоглобиндері. Гемоглобин А – тетрамер: (22). Ересек адам эритроциттері гемоглобинінің 98%құрайды. Гемоглобин А2 – тетрамер: (22). Ересек адамда 2%. Гемоглобин Ғ – тетрамер: (22) – 6 айға дейін ұрықтың гемоглобині болып ауысады. Барлық гемоглобинде альфа-тізбек қалпында, бәрі де оттек тасымалдаушы қызмет атқарады. Бірақ, оттекке байланысушылық қабілеті әртүрлі болады. Мысалы, гемоглобин Ғ-тің оттекке байланысушылығы жоғары, сондықтан анасы қанындағы гемоглобин А-дан оттекті өзіне байланыстырып ұрықты оттекпен қамтамассыз етеді.
Изопротеиндер – ағзаның бір түрінде болатын протеиннің көптүрлі формасы, мысалы, коллагендер.
Биомедициналық маңызы. Протеиндер жасушалардың тіршілігінде өте үлкен, маңызды рольді атқарады. Қанның құрамындағы белгілі протеиндердің анализі диагностикалық мақсатта пайдаланылады. Кейбір протеиндер емдеу мақсаттарында қолданылады (инсулин, интерферон).
Ағзаның протеиндік құрамының өзгерісі. Ағзаның дамуы барысында протеиндік құрам көп өзгереді. Мамандандыорылған ұлпаларда арнайы протеиндер пайда болады, мысалы, эритроциттерде гемоглобин, көз торында родопсин және т.б.. ересек адам ағзасындағы протеиндік құрам салыстыралы түрде түрақты. Жекеленген протеиндердің вариациясы тағам құрамы, қоректену режимі, физиологиялық активтілігіне байланысты болады.
Әртүрлі аурулар кезінде ұлпалардағы протеиндік құрам өзгерісі өтеді. Бұл өзгерістерді – протеинопатия деп атайды. Протеинопатия тұқымқуалаушы және жүре пайда болған болып бөлінеді. Мысалы,тұқымқуалаушы протеинопатия – гемоглобинопатия болып табылады. Ағза тіршілігінде ақаулы протеиннің қызметіне байланысты протеинопатия қандай да бір ауру немесе өлімге әкелуі мүмкін. Тұқымқұаулаушы проотеинопатияларда протеиннің бірінші реттік құрылымы бұзылады.
Жүре пайдаа болған протеинопатия аурулар нәтижесінде дамиды. Протеин құрамында келесі өзгерістер өтеді: -1.заұымдалған мүшеде протеиндік құрамның мөлшерлік өзгеруі; -2.нативті конформациясы өзгергендіктен протеиннің биологиялық активтілігі өзгереді: - рН өзгерісі (қышқылдық немесе сілтілікке ауысады); - кіші молекулалар протеиндерге байланысады, мысалы, қант диабетінде қан протеиндеріне глюкоза қосылады.
Қаннның және несептің протеиндік құрамының өзгерісі көптеген аурулардың диагнозы үшін қолданылады.
