- •Аминоқышқылдардың жіктелуі
- •Пептидтер
- •Пептид немесе протеин молекуласындағы аминоқышқылдар арасындағы химиялық байланыстар түрлері.
- •І. Пептидтік байланыс
- •Ковалентсіз байланыстар
- •Іі. Пептидтердің аталуы және жіктелуі
- •Пептидтердің жалпы сипаттамасы.
- •Пептидтердің биологиялық ролі.
- •Ііі. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері.
- •Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы.
- •Протеиндегі құрылымдық ұйымдасулар Төртінші реттік құрылым.
- •Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері. Протеиндердің суда ерігіштігі.
- •Ерітіндідегі протеинді тұрақтандырушы факторлар.
- •Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар
- •Физикалық факторлар.
- •Химиялық факторлар.
- •Денатурацияның қайтымдылығы
- •Протеиндердің жіктелуі.
- •Күрделі протеиндер:
- •Протеиндердің қызметтері.
Протеиндердің жіктелуі.
Протеиндердің универсальды жіктелуі әлі жоқ. Қазіргі кездесетін жіктеулер – кей жағдайларда бір-біріне қарама қарсы және шектеулі. Протеиндерді олардың ерігіштік, конформациялық, химиялық құрылысы, қызметтері тәріздес қасиеттеріне негізделген жіктеу жүйелері кездеседі.
Ерігіштігі бойынша 1907-08 ж. енгізілген, қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. Бұл жіктелу бойынша протеиндер суда еритіндерге (альбуминдер), тұзда еритіндерге (глобулин), спиртте еритіндерге (проламин), ерімейтіндерге (склеропротеин) бөлінеді. Бірақ протеиндер топтарының арасында қатаң қойылған шекара болмайды.
Конформациялық құрылымы бойынша фибриллалық, глобулалық және мембранамен байланысқандарға бөлінеді. Мембранамен байланысқан протеиндердің мысалына калий, натрий АТФ-аза жатқызылады.
Химиялық құрамы бойынша жай протеиндер немесе протеиндер – олар тек аминоқышқылдардан тұрады және күрделі протеиндер немесе протеидтер – олардың құрамында аминоқышқылдармен бірге протеинсыз бөліктер (көмірсулар, липидтер, металдар, нуклеин қышқылдары) кездеседі.
Жай протеиндерге альбуминдер, глобулиндер, гистон, протаминдер, склеропротеиндер және т,б. жатқызылады.
Альбуминдер қан плазмасының протеиндерының көп бөлігін құрайды. Құрамында дикарбондық АҚ-дың көп мөлшерде болуына байланысты альбуминдер катиондарды ұстап қалады және коллоидтық-осмостық қысымның сақтауында үлкен роль атқарады. Альбуминдер кейбір гидрофобтық метаболиттер мен дәрілік заттардың тасымалдаушысы болып табылады.
Глобулиндер – үлкен молекулалық массасы бар протеиндік молекулалардың гетерогендік күрделі қоспасы. Тасымалдаушылық, қорғаныстық және басқа да қызметтерді атқарады. Глобулиндердің құрамында жиі түрде көмірсулық бөліктер болады.
Гистондар – құрамында аргинин және лизиннің жоғары мөлшері болатын кіші молекулалы протеиндер. Хроматиндердің құрамына кіреді.
Проламиндер – бұл құрамында аргинин өте көп мөлшерде болатын протеиндер. ДНҚ-лар мен комплекс түзеді және реттеуші немесе репрессорлы протеиндер ретінде қызмет атқарады.
Склеропротеиндер (коллагендар) – фибриллалық протеиндер. Коллагеннің пептидтік тізбегінің құрамында 1000-ға жуық АҚ қалдықтар болады, олардың әрбір үшінші АҚ – глицин, 20%-ы пролин және гидросипролин, 10%-ы аланин, 40%-ы басқа АҚ. Негізгі қызметі – құрылымдық протеин.
Күрделі протеиндер:
1. Нуклеопротеидтер – простетикалық тобы – нуклеин қышқылдары. Нуклеопротеидтердің көптеген класының ішінде біршама жақсы зерттелгені РНҚ молекуласынан және рибосомалық протеиндердан тұратын рибосомалар мен ДНҚ-мен құрылым түзуші протеин – гистондардан тұратын эукориоттық торшалардың негізгі нуклеопротеидтері хромотин болып табылады;
2. Гемопротеид – бұл протеиндердің протеинсыз компоненті – гем, үш пирролдық сақинадан және онымен байланысқан екі валентті темір ионынан (азот атомы арқылы) құралған. Бұл протеиндерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар жатқызылады. Бұл кластағы протеиндерді хромопротеидтер деп те атайды, себебі, гем боялған қосылыс болғандықтан. Гемоглобиннің қызметі – оттекті қорға жинау. Цитохромдардың (ферменттер) қызметі – тотығып-тотықсыздану реакцияларының катализі және тыныс алу тізбегіндегі электрондарды тасымалдау;
3. Металлопротеидтер – простетикалық тобы металдардан тұрады. Мысалы, цитохром А құрамында мыс болады;
4. Липопротеидтер – құрамында липидтер болады (триацилглицерид, фосфолипид, холестерол);
5. Фосфопротеид – құрамында фосфор қышқылының қалдығы болады;
6. Гликопротеид – құрамында қанттар (бейтарап қанттар, аминоқанттар, моносахаридтердің қышқылдық туындылары);
