- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Басқа аспаптық зерттеу әдістері
Эхоэнцефалография – эхолокация феноменіне негізделген, миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Мидың орталық құрылымынан шығатын ультрадыбысты сигнал ұсталады: мидың алдынғы бөлімінде мөлдір аралықтан, ортаңғы бөлімінде - III қарыншадан, артқы бөлімінде - эпифизден ұсталады. Зерттеу екі жақтан бір мезгілде жүргізіледі. Ісіктерде, қан құйылуда, іріңдікте, мидың медиальды бөлігі жарты шардың сау жағына қарай ығысады, ал ми атрофиясында жарты шардың зақымдалған жағына қарай ығысады. Бірінші жағдайда ультрадыбыс жолы зақымдалған жағында көбірек ұсталады және осцилоскоппен бейнеленген сигналдын тіркелу уақыты да өседі, ал екінші жағдайда ультрадыбыс зақымдалмаған жақпен салыстырғанда аздау болады. Аралық құрылымның ығысу шамасы ультрадыбыс сигналының арақашықтығымен анықталады, қалыпты жағдайда ығысу 1 – 2 мм – ден аспауы керек. Бұл әдіс мидың органикалық ауруларын зерттеу және диагностикасы үшін қажет.
Миды рентгенографиялық зерттеу әдісіне краниография, пневмоэнцефалография, ангиография және компьютерлі томография кіреді.
Краниографияда бастың рентген суретін контрасты заттарды жібермей – ақ алуға болады. Рентген суретінде бас сүйегі, ондағы өзгерістер мен қалыңдаулар және жарақаттан кейінгі ми қабығындағы әктенуді, бөгде денелерді көруге болады. Бас сүйегінің өсіп келе жатқан ісікпен жанасуының нәтижесінде бас қысымының өсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне “басылған саусақ белгісін” түсіреді.
Бас ішілік қысым көтерілгенде, веналық қан ағыс төмендейді де, ми тамырларының суреті күшейеді. Бұл әдіс мидың органикалық зақымдалуын анықтауға мүмкіндік береді.
Пнемоэнцефалография - бұл жұлын сұйықтығының бір бөлігін ауа немесе оттегімен толтырғаннан кейін миды рентгенографиялық зерттеу әдісі болып табылады. Ми қарыншалары және субарахноидальды кеңістік пневматизациясы қабынулық және спайкалық үрдістер, ісіктер, туа біткен ауытқулар кезіндегі патологияны, олардың орналасу аймағын анықтауға мүмкіндік береді.
Ангиография – қантамыр жүйесіне контрастылы немесе радиоактивті затты енгізу арқылы жүргізілетін мидың рентгенографиялық әдісі. Бұл әдіс ми тамырларының зақымдалуын, әртүрлі жаңа түзілістер – ми қанайналысын бұзатын ісіктерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ – мидың барлық бөліктеріне қатысты патологиялық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін қабатты, рентгенографиялық, рентгеноскопиялық зерттеу.
ЭВМ көмегімен бір уақытта алынған мәліметтерді өңдеу өлшем нәтижелерін бірден алуға мүмкіндік береді. Ми ісіктері, киста, гуммалары, селдіреуі және бас миының семуі диагностикаланады.
Лабораториялық зерттеулер
Психикалық ауруларды зерттегенде міндетті түрде зәр мен қанның жалпы және клиникалық анализдері болуы керек.
Бұдан кейін, осындай зерттеулерді аурудың жағдайына байланысты жүйелі және кезеңді түрде жүргізіп отырады. Бұл тек аурудың фонды соматикалық жағдайын бағалау ғана емес, сонымен қатар психикалық аурулардың белсенді терапиясы үрдісінде соматикалық күйді бағалауға қажет. Бұдан өзге анализдерде психикалық патологияны көрсететін оны сипаттайтын өзгерістер болады.
Соматогенді, инфекциялық, интоксикациялық психозда жиі лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі, нейтрофилия, қан формуласының солға ығысуы, ал аллергиялық реакцияларда эозинофилдер көбеюі, созылмалы қабыну үрдістерінде лимфоцитоз байқалады. Үдемелі салдануға эозинопения тән. Шизофрениямен науқастар қанында лейкоциттер 4500 – 3000 дейін төмендейді. Емдеу мақсатында сульфозинді бұлшықетке жібергенде әлсіз лейкоцитарлы реакция пайда болады, бұл организм реактивтілігінің төмендеуімен байланысты. Аса жедел жағдайларда – фебриальды кататония кезінде науқас ағзасының сусыздануы әсерінен зәрдің тығыздығы жоғарылайды, қанда - эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылайды, лейкоцитоз, нейтрофилдердің улы түйіршіктелуі көрінеді. Маниакальды – депрессивті психоздың маниакальды фазасында зәр тығыздығының азаюы мен полиурия байқалады, ал депрессияда зәр бөлінуі азайып, оның тығыздығы 1030 – ға дейін көтеріледі. Эпилепсиямен ауыратын науқаста эпилепсия ұстамасынан кейін қанның лейкоцитарлы реакциясын, зәрде белок пен қантты көруге болады.
Көптеген психикалық ауруларға қан мен зәрдің биохимиялық өзгерістері тән. Оның сипаты және қарқындылығы нозологиялық форманың ерекшелігіне ғана емес, сонымен қатар оның синдромальды көрінісіне, психикалық бұзылыстардың жеделділік дәрежесіне, науқас қозған немесе тежелген жағдайда ма, ауру үрдісіне мүшелер мен жүйелердің қатыстылығы дәрежесіне де байланысты.
Қимылдық қозу жағдайындағы әрбір науқаста нозологиялық формаға тәуелсіз гипергликемия пайда болады. Сонымен бірге, қанда кортикостероидтар мен катехоламиндер де көбейеді. Анық аффективті бұзылыстарда гипергликемия мен глюкозурия кездеседі. Маниакальды – депрессивті психоздың бастапқы ұстамасы негізгі зат алмасудың жоғарылауымен сипатталады, ал ұстамаға дейінгі аралық кезеңде негізгі зат алмасу төмендейді де, қанда диабетке тән өзгерістер болады. Бұрыннан, жайсыз ағымда келе жатқан шизофрения үрдісінде сәйкес алмасу бұзылыстарымен эндокринді ауытқулар байқалады; глюкозаға толеранттылығы азаяды. Алкоголизмде бауырлық сынамалар өзгерген, церебральды атеросклерозда қанда холестериннің мөлшері көбейеді, триглицерид көрсеткіші жоғарылайды. Қан мен зәрдің биохимиялық өзгерісі соматогения, инфекциялық, интоксикациялық психозбен сәйкес келеді.
Зат алмасудың туа пайда болған ауыр бұзылыстары олигофренияның кейбір түрінде анықталады: фенилкетонурияда, лейцинозда, клен шырыны ауруында және т.б.
Белсенді емдеудің кейбір түрлерінде бағытталған биохимиялық зерттеулер жүргізу міндетті болып табылады. Инсулинокоматозды терапия жүргізгенде глюкозаға толеранттылық зерттеледі, ал литиймен емдеу жүргізгенде оның мезгіл – мезгіл қандағы мөлшері анықталып отырады. Литий тұздары қанда 0,8 – 1,0 ммоль/л көп болған жағдайда асқынулар мен жағымсыз әсерлер туады, ол дәрінің артық мөлшерде берілуімен байланысты. Қанды серологиялық зерттеу әдістері негізінен мерезге реакция - Вассерман (RW), Закс – Витебский, Кан болып табылады. Кейбір жағдайларда органикалық қабынулық церебральды ауруларда сәйкес антигенмен токсоплазмоз реакциясы жүргізіледі.
Жұлын сұйықтығын зерттеу. Мида органикалық патологияның бар екеніне күдіктенгенде жұлын сұйықтығына зерттеу жүргіземіз.
Жұлын сұйықтығын қауіпсіз алу мақсатында люмбальды пункция қолданылады, жұлынның төменгі жағының аяқталуы аймағынан III және IV немесе IV және V бел омыртқасының арасынан алынады. Бұл жерде ми қабығы жұлын сұйықтығына толған қалташа құрайды. Манипуляцияға байланысты науқастың жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Сондықтан пункцияны тағам қабылдамай тұрып жасау керек, болған соң басы ауырмас үшін 3 – 4 сағат жастықсыз төсекке жатқызу керек, жату режимінің ұзақтығы 2 – 3 күн. Пункция кезінде науқас столға еңкейіп отыруы керек немесе аяғын бүгіп бір жақ бүйірімен жатуы керек.
Қалыпты жағдайда жұлын сұйықтығы мөлдір, түссіз, жиі тамшылап ағады. Бас іші қысымы көтерілгенде сұйық жылдам ағады, ал төмендегенде сирек тамшылайды. Отырған науқаста оның қысымы 240 – 300 мм .с.б. тең, ал жатқан науқастағы қысым 120 – 200 мм.с.б. тең. Жұлын сұйықтығына қан араласқан кезде ликвордың түсі қоңыр қызыл және тұндырған кезде өзгермейді. Қан араласудың себебі тері қантамырларын тескен кезде зақымдалғанның белгісі. Сұйықтықтың қанмен боялу қанықтылығы келесі порцияларда азаяды, тұндырғанда, центрифугирлау кезінде эритроциттер тұнбаға түседі де сұйықтықтың мөлдірлігі қайта қалпына келеді, мұндай жағдай мидан қан кеткен кезде болмайды. Менингитте, ми ісігінде, киста жарылған кезде жұлын сұйықтығы лайланған болады.
Люмбальды пункция кезіндегі жұлын сұйықтығының қалыпты жағдайдағы негізгі көрсеткіштері: тығыздығы 1,005 – 1,008, реакциясы - әлсіз сілтілі, pH – 7,4 – 7,8. Цитоз 0 – 5 клетка 1 мкл. Қант мөлшері 2,22 – 3,33 ммоль/л. Белок – 0,16 – 0,3 г/л. Альбумин мен глобулиннің арақатынасы 1:1. Тұнба глобулинді реакция Нонне – Апельта аммония сульфатымен теріс(-). Белокқа сезімтал. Панди реакциясы карбол қышқылымен теріс ( - ) немесе әлсіз оң (+) сулемамен Вейхбродт белокты реакциясы теріс ( - ). Вассерман реакциясы теріс( - ). Ланге реакциясында коллоидты алтынмен жұлын сұйықтығын қосқанда ерітіндінің алқызыл түсі өзгермейді.
Ликворды зерттегендегі көрсеткіштер өзгеруінің диагностикалық маңызы зор. Гидроцефалиямен науқастарда сұйықтықтың салыстырмалы тығыздығы азаяды, ал мидың және оның қабықтарының қабынулық ауруларында цитоз көбейеді. Лимфоцитарлы реакциямен әлсіз цитоз (1 мкл 10 – 100 клетка) арахноидиттің созылмалы түрі мен нейромерезге тән. Жедел іріңді менингитте 1 мкл-ға шаққанда полинуклеарлар 150 – ден бірнеше мыңға дейін жиналады. Кейде сұйықтықта ауру қоздырғыш стафилококк, стрептококк, менингококк, пневмококк, бозғылт спирохеталар кездеседі. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар ликворында ісік жасушалары болуы мүмкін.
Жұлын сұйықтығында қант мөлшерінің азаюы ми қабығындағы қабыну процесінің күшеюін көрсетеді. Белок санының көбеюі мен глобулиндердің пайда болуы, табиғи әртүрлі церебральды органикалық патологияда, ісіктерде, энцефалитте, менингитте, арахноидитте, сифилис ауруларында кездеседі. Бұл жағдайда белоктың тұну реакциясы оң болады. Ланге реакциясының патологиялық өзгерістерде дифференциалды диагностикалық маңызы зор. Реакцияны 10, 20, 40, 80 ретке және одан да көп сұйылтылған жұлын сұйықтығын 16 пробиркаға құяды. Әрбір түтікшеге 5 мл коллоидты алтын қосады. Сұйықтық түсінінің өзгерісін санмен белгілейді: 1 – қызыл, 2 – қызғылт - күлгін, 3 – күлгін, 4 – көк-күлгін, 5 - көк, 6- көгілдір, 7 – түссіз. Ми мерезіне түстің аздап өзгеруі тән, 2 – 5 түтікшеде айқындау болады. Ланге реакциясы бұл жағдайда шамамен мынадай: 3355542211... Бұл көрсеткіштерді графика түрінде көрсетуге болады. Бұл типтегі айқын емес өзгерістер “мерездік тісше“ тәрізді болады, мысалы: 11232111... Үдемелі салдануда түстің өзгеруі алдыңғы 5 – 7 түтікшеге дейін түссізденеді, содан соң жылдам қайтадан бастапқы қызыл түске енеді. Ланге реакциясы шамамен мынаған тен: 777776432111... Графикте “салдану қисығын“ көруге болады. (сурет – 4). Жедел менингитте “ менингиттік қисық“ түрінде өзгереді, түсі 2 – 3 түтікшеден 6 – 7 түтікшеге дейін өзгереді, содан кейін сұйықтықтың түсі қайта қалпына келеді: 1134566311...
Вассерман реакциясы үдемелі салдануда күрт оң (4+); басқа да серологиялық реакциялар (Закс, Витебский, Кан) оң болады. Ми мерезімен науқастардың қан мен жұлын сұйықтығының серологиялық реакциясы анық нәтиже бере алады. Полиомиелитте, безгекте және басқа ауруларда Вассерман реакциясы оң мәнді болуы мүмкін. Күмәнді жағдайда күрделі реакция қолданылады: иммунофлюоресценциялық (ИФР) – бозғылт трепонеманы иммобилизациялау реакциясы (БТИР). Ми мерезінде ИФР 95 – 100 % оң нәтиже, ал БТИР 98 – 100% оң нәтиже береді.
