- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Қозғалыстық бұзылыстар
Қозғалыс бұзылыстары психотикалық жағдайларда жиі кездеседі. Қозғалыстың және толықтай жүріс-тұрыстың бұзылысы қоршаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі ретінде дұрыс қабылданады. Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде бөлінеді - гипо-, гипер- және дискинетикалық – яғни қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді.
Қимылдық мелшиіп қалу
Қимылдық қозғалыстың күрт азаюымен немесе толық қозғалыстың тоқтауымен мелшиіп қалу ступордың клиникалық суреттемесін береді. Органикалық гипо- және акенезиядан ступордың айырмашылығы - моторлы зонаның тежелуінен туындаған қайтымды жағдай. Ступор терең жалпы қатып қалу түрінде толық және қозғалыс сферасын толық қамтымайтын, тұрақсыз, толық емес болып бөлінеді. Толық ступор кезінде науқас бір қалыпта қозғалыссыз, кейде ыңғайсыз позада жатады. Қоршаған ортаға ешқандай реакциясы жоқ, өзін күтпейді, ұқыпсыз болады, табиғи қажеттіліктерін төсекке жібереді. Науқастың өзінің тамақтануы мүмкін емес. Тамақты аузына салғанда шайнамайды және жұта алмайды; тек зондпен тамақтандыру және күтім көрсетілген. Терең ступор жағдайында науқаспен сөздік қатынас мүмкін емес; науқастар сөйлеспейді және жауап қатпайды. Ступормен науқастардағы сөйлемеу мутизм деп аталады. Бұл кезде айналадағы адамдардың сөздерін және болып жатқан жайттарды түсінеді; ступор жағдайынан шыққан науқастар кейде қатып қалу жағдайында неге куә болғанын анық айтып бере алады.
Егер қимылдық мелшию бірден дамымай, біртіндеп дамитын болса, онда әртүрлі субступорлық жағдайды байқауға болады. Науқас бұл кезде біртіндеп тежеле түседі, жай дауыспен сөйлейді немесе қысқа уақытқа жүріп келе жатып аяғын көтеріп тұрып қалады, тамақ ішіп жатқанда кейде қасықты аузына тақап тұрып қалады. Науқасты дауыстап, сыртқы тітіркендіргіш әсерімен кейде қозғалыстық мелшию жағдайынан шығарып алуға болады, бірақ біраз уақыттан кейін ол қайта қайталанады. Толық емес ступор жағдайында науқастар кейбір инструкцияларды орындауы мүмкін, берілген тамақты өзі ішіп, дәретханаға бара алады. Толық емес ступор кейде мутизм дамуымен шектеледі. Науқастар сөйлемейді, бірақ бұрынғы белсенділігі сақталады, ымдау немесе хат арқылы түсіндіруге тырысады. Толық емес ступордың клиникалық көрінісінде патологияның нозологиялық формасына сәйкес басқа симптомдар да болуы мүмкін. Өзінің табиғатына байланысты ступор кататониялық, депрессиялық, психогенді, истериялық болуы мүмкін.
Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
Кататониялық ступор суреттемесі кататониялық синдромға арналған бөлімінде көрсетіледі. Депрессиялық ступор депрессивті науқасқа тән сөздік- қозғалыстық тежелудің соңғы дәрежесі болып табылады. Мелшиіп қалу айқындығы депрессиялық аффекттің ауырлығына тікелей сәйкес. Бұл жағдайда науқаспен сөйлесу мүмкін емес, бірақ оның ауыр күйзелістері жөнінде жалынышты, мұңды көзқарасынан немесе бет кескінінен, терең күрсінуінен, бір нәрсе айтуға әлсіз талпынысынан білуге болады. Айқын қозғалыстық тежелу суцидальды ойларды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Қайғы-мұң күші бұрынғысынша сақталып, қимылдық тежелу қайтып, симптомдар кері дамығанда науқастың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қаупі жоғарылайды. Депрессия кезінде толық ступор сирек кездеседі. Әдетте дәрігер әлсіз тежелу жағдайындағы науқастарды бақылауы керек. Психиатриялық ауруханаларда мұндай ауруларды бет-әлпеттеріне қарап бірден айыруға болады. Олар көбіне жатады немесе шуы және қозғалысы аз жерде оқшауланып отырады. Бүгілен фигура, зарыққан кескін, қайғылы бет әлпеті ауыр күйзелісті дәлелдейді; дауысы жай, көз жанары солғын, мимикасы қатып қалған, бет терісі бозғылт немесе сұрғылт-топырақ түсті, көздерінің астында күңгірт шеңбер, ерін бұрыштары салбырап төмен түскен, қыртыс және әжімдері терең. Науқастар қарт тәрізді және қушиған кейіпте болады.
Психогенді ступор жедел аффективті-шокты реакциялардың клиникалық көрінісінде бақыланады. Мұндай реакциялар адамда күшті жан тербелісін тудыратын психожарақаттаушы оқиғаларға жауап ретінде болады. Мұндай оқиғалар, апаттар, табиғат апаттары, жақын адамының кенеттен қаза табуы және т.б. болуы мүмкін. Психогенді әсер кенеттен орын алғанда индивидуальды, тұлғалық реакция көрініс беріп үлгермейді, бұл жағдай тек адамдарға емес, жануарларға да ортақ - орнында тұрып қалу немесе қозу реакциясы, гиперкинетикалық реакция. Ступор толық немесе жартылай болуы мүмкін, оның ұзақтығы - минут, сағат, күндер. Дертті жағдайдың тереңдігі, ұзақтығы, динамикасы психогениямен, оның сипатымен анықталады. Толық психогенді ступор кезінде адамның мелшиген бет-әлпеті психогения басталуына себеп болған аффективті күй – қорқыныш, шошу, абдырау күйін бейнелейді. Вегетативті симптомдар кең көрініс береді: жүрек қағуы, тершеңдік, вазомоторлар ойыны, асқазан-ішектік бұзылыстар (құсу, іш өту). Сана аффективті тарылған (аффективті қарауыту), ступордан шығар кезде жартылай немесе толық амнезия бақыланады. Әсіресе аффективті-шокты реакция балаларда жеңіл пайда болады. Оларда тежеу жағдайы қоршаған ортада ступор тудырған психотравмалық ситуацияны еске түсіретін жайт пайда болғанда қайталанады. Ересек адамдарда ступор психогенияға жеке реакция түрінде болуы мүмкін, немесе, жиі - реактивті психоздың даму сатысы болуы мүмкін.
Истериялық ступор классикалық вариантта мінездің белгілі бір истериялық сипатымен жандарда дамитын психогенді реакция болып табылады. Мұндай жағдайларда сөз жоғарғы жүйке қызметінің әлсіздігі (туа немесе жүре пайда болған) жөнінде, әсіресе екінші сигналды жүйе реакциясы жөнінде болып отыр. Осының нәтижесінде шартсыз рефлекторлы және бірінші сигналды жауап беру басымдылық танытады, тұлғаның негізгі қасиеттері балалық, психикалық инфантильділік, аса эмоцианальды қозу, күшейген қиял ойыны және өзін-өзі сендіру, жоғары жүйкелік тежелгіштік. Мұндай тұлғалар объективті мәні бар психожарақаттаушы оқилар орын алғанда ғана емес, болмашы – көршісімен жанжалдасу, жқмыс орнындағы ескертулерге де тежелумен жауап беруі мүмкін. Қолайсыз ситуацияда науқастар талып барып, сұраққа жауап бермейді, әлсіз, босаңсынған күйге түседі, позасы дәрменсіздікті, мимикасы – қайғыруды бейнелейді. Сананың терең бұзылыстары болмайды, науқастар ситуацияны басқаруға қабілетті. Құлап бара жатып науқастар өзіне зақым келтіруден сақтанады. Соматикалық және вегативті симтомдар анық көрінеді: пульс және тыныс жиілігі, бетінің қызаруы немесе көгеруі, тершеңдік көзқарашығы реактивтілігінің күшеюі.
Истериялық ступорды көне авторлар жалған өлім деп атаған. Басқа истериялық жағдайлар сияқты бұзылыстың өзі пайда болған қиындықтардан «құтылудың» бір түрі ретінде қаралған. Бір жағдайда осы жолмен қол жеткізілген артықшылықтар осы реакцияның мақсаттылығын көрсетеді, оны шартты-қалаулы етеді. Сондықтан истериялық бұзылыстар, соның ішінде тежелу құбылыстары қайталанады. Тежелу құбылысы мелшию реакциясының генерализацияланған деңгейіне жетпеуі мүмкін, тек жеке қозғалу актілеріне қатысты болуы мүмкін. Бұған истериялық парездер және салданулар, астазия-абазия, сөйлеудің истериялық бұзылысы және басқа да функциональды өзгерістерді жатқызуға болады.
Истериялық парездер мен салданулардың органикалық негіздері жоқ, ауру бұл бұзылыстарды өзіне қалай елестетсе, солай көрінеді. Ауру бірденеден қорықса қолы не аяғы жұмыс істемей қалатыны анықталды (аяғы мақта сияқты, өзіне бағынбайды, бір күні тіптен қызмет жасамай қалады). Дәрігерге бір аяғы не қолы зақымдалған немесе екі аяғы мен қолдары да зақымдалған, жиі бет нервісінің қатысуынсыз гемиплегиямен науқастар келеді. Салданудан аяқтарда активті қозғалыс жоқ, бірақ қорғаныстық қозғалыс, әсіресе аурудың назарын басқаға аударған кезде бақылануы мүмкін; моторика ұйықтағанда немесе гипноздық жағдайда қалпына келеді. Неврологиялық зерттеуде иннервация зонасына сәйкес келмейтін сезімталдық бұзылысы болады: шұлық, қолғап түріндегі анестезия. Рефлекстер өзгермеген, патологиялық белгілерді, тонус бұзылысы, тофикалық бұзылыстарды анықтай алмаймыз. Бұлшықет электрлі қозғыштығының өзгерісі болмайды. Истериялық парездер және салданулар кейде ұзақ және нәтижесіз емделеді, ал кейін кенеттен қандай-да бір сыртқы әсердің әсерінен оңай жоғалады. Аяқтың истериялық салдануында астазия-абазия байқалады, ауру тұра алмайда, отыра алмайды, жүре алмайды, бірақ тынышталып, жатқан кезде аяғын еркін қозғалтады.
Истериялық сөйлеу бұзылысы толық мылқаулықпен, афониямен, кекештенумен, сөздерді дұрыс айтудың өзгеруімен және т.б. көрінеді. Мылқаулық кезінде жазу және басқа сөздерді түсіну бұзылмайды, ауру мимикамен айналадағылармен қатыса алады. Афония кезінде сөз дыбыстығы жоғалады, науқас дауысын жоғалтуына байланысты сыбырмен сөйлейді. Ол қатты жөтеле алады, ол дауыс байламдарының өзгерісі жоқтығын көрсетеді. Бір науқаста мылқаулық афониямен, кейін кекештену немесе артикуляция бұзылысымен алмаса алады, бұл бір патологияның әр түрлі деңгейі тәрізді көрінеді. Осы құбылыстардың барлығы тек сырттай ұқсас, ол ауру түсінігінде ғана біріктіріледі.
